Сабақтың тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері


Ортасы Негізгі бөлім



бет176/361
Дата19.01.2023
өлшемі26,72 Mb.
#61994
түріСабақ
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   361
Ортасы

Негізгі бөлім
Видио көрсетіп Қазақстан аумағын экономикалық аудандастыруын ажырату.
а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады
ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады
Экономика
Экономикалық жүйе
кономикалық география б)Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады
I топ. Физикалық география нені зерттейді?
II топ. Экономикалық география нені зерттейді?
III топ. Қазақстанның экономикалық географиясы не туралы оқытады?
Экономикалық география – қоғамдық географиялық ғылым. Эконом-географ Н.Н.Баранскийдің айтуынша бұл «қай жерлерде қалалар салуды, қандай зауыттардың бой көтеретінін, жолдардың қайда апаратынын болжайтын ғылым».
Алғашқы эконом-географиялық еңбек 1567 жылы итальн көпесі, ғалым Л.Гвиччардинидің «Нидерландының сипаттамасы» атты кітабы болып саналады. Арадан екі жүз жыл өткен соң М.В.Ломоносов бұл ғылымға экономикалық география деген атау берді.
Экономикалық география экономиканы (шаруашылықты) зерттейді. Бірақ экономика өз бетінше өмір сүрмейді. Ол тек адамзаттың арқасында ғана қалыптасады. Сондықтан Адамзат мәселелері – оның өмір сүру және жан-жақты даму жағдайлары, яғни әлеуметтік мәселелері географтарды толғандырмай қоймайды, сөйтіп ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында әлеуметтік география қалыптасты.
«Экономика» және «Әлеуметтік» ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйтіп бұл ұғымдар бір ғылымның – экономикалық және әлеуметтік географияның аумағына бірікті.
Экономикалық-әлеуметтік география – халық пен шарушылықтың орналасуын, яғни қоғам өмірінің аумақтық ұйымдасуын зеттейді. Шаруашылықты халықпен және табиғи ортамен біріктіре зерттей отырып, ол қоғамды тиімді аумақтық ұйымдастырудың принциптерін ғылыми түрде негіздейді. Оның мақсаты – еңбек өнімділігінің артуына, табиғи байлықтарды қорғау мен көбейтуге, қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ықпал ету.
Экономикалық-әлеуметтік географияның екі негізгі саласы бар. Олар, экономикалық география және әлеуметтік география. Бұл салалардың әрқайсысына әртүрлі ғылымдар жатады. Негізгі екі салаға тоқтала кетсек. Қазақстанның экономикалық географиясы шаруашылықты, оның дамуын, орналасуын, қоршаған ортаға әсерін өндіріс географиясы, көлік географиясы және ауыл шаруашылық географиясы ғылымдары зерттейді.
Әлеуметтік география халықты, адамдардың әлеуметтік өмір сүру жағдайларын: олардың еңбек етуін, дем алуын, мәдени-тұрмыстық қызметпен қамтамасыз етілуін халықтар географиясы, қызмет көрсету географиясы және демалыс географиясы зерттейді.
Пәнаралық байланыстар. Экономикалық-әлеуметтік география көптеген ғылымдардың дерегіне сүйенеді. Ең алдымен оған табиғатқа қатысты ғылымдар – физикалық география, химия, биология жатады. Химия пәнінен алынған білім көптеген өндіріс кәсіпорындарының орналасу жағдайларын түсіндіруге мүмкіндік береді. Ал биология өсімдік географиясын оқып үйренуде мәліметтер қажет. Мысалы, өсімдіктердің топырақ, температура, ылғалдылық, жарық жағдайларына қажеттілігін биология түсіндіреді. Халық пен шаруашылық туралы сандық мәліметтерді статистика береді. Еліміздің қазіргі ерекшеліктерін түсіну үшін тарихтан алатын білімнің маңызы зор.

Экономикалық – әлеуметтік географияның салаларын және оған жататын ғылымдарды, сонымен қатар қандай пәнаралық байланыстарды сызба – тірек арқылы көрсету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   361




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет