Сабақтың түрі : аралас сабақ Мақсаты, міндеттері: б ала тәрбиесіндегі халық ауыз әдебиетінің



бет2/4
Дата05.04.2023
өлшемі29,38 Kb.
#79704
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
План урока халық ауыз әдебиеті

Сабақтың ортасы

Халық ауыз әдебиеті.
Кез келген халықтың ауыз әдебиеті бар. Ауыз әдебиеті ғылымда «фольклор» деп аталады. Фольклор – ағылшын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «халық шығармасы», «халықтың ауызша шығарған көркем сөздер» деген мағынаны білдіреді. Ол «халық даналығы» деген ұғымды білдіреді. Шығармалар ауыздан-ауызға тарап, біздің заманымызға дейін жеткен. Фольклор жазба әдебиетінен бұрын туған. Фольклор дүниежүзі халықтарының бәрінде бар. Халық ауыз әдебиетін зерттейтінғылымды фольклористика деп атайды. «Фольклор» термині қолданысқа алғаш рет 1846 жылы ағылшын ғалымы У. Томс енгізген.
Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне: ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, эпостық жырлар (батырлар жыры), лиро-эпостық жырлар (ғашықтар дастандар), айтыс өлеңдер, аңыз әңгімелер, тарихи жырлар, тұрмыс-салт жырлары.
Граммтикалық тақырып.

Етістік шақтары (Времена глаголов):


Ж.Ж. – Жіктік жалғау
Т.Ж. – Тәуелдік жалғау
Осы шақ (настоящее время)
- нақ о.ш (Түбір + а, е, й, ып, іп, п + жатыр/отыр/жүр/тұр) + Ж.Ж.
Мысалы: оқып жатырмын, бара жатыр.
- ауыспалы о.ш. (Түбір + а, е, й) + Ж.Ж.
Мысалы: отырамын.

  • Келер шақ (будущее время)

- болжалды к.ш. (Түбір + ар, ер, р) + Ж.Ж.
Мысалы: барармын.
- мақсатты к.ш.(Түбір + мақ/мек, бақ/бек, пақ/пек + шы/ші) + Ж.Ж.
Мысалы: көрмекшімін.
- ауыспалы к.ш. (Түбір + а, е, й) + Ж.Ж.
Мысалы: орындаймыз.

  • Өткен шақ (прошедшее время)

- жедел ө.ш (Түбір + ды/ді, ты/ті) + Ж.Ж.
Мысалы: жақсы көрдім.
- бұрынғы ө.ш (Түбір + ған/ген, қан/кен, ып, іп, п) + Ж.Ж.
Мысалы: барған.
- ауыспалы ө.ш (Түбір + атын, етін, йтын, йтін) + Ж.Ж.

Мысалы: келетін.
Етістік райлары (Наклонения глаголов):




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет