Қозғалмайтын зарядтардың электр өрісі ... деп аталады.
А) магнит өрісі;
В) өріс кернеулігі;
С) электростатикалық өріс;
Д) электромагниттік өріс;
Е) бір текті өріс;
№
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
Дұрыс жауап
|
С
|
В
|
Д
|
А
|
В
|
А
|
Д
|
С
|
Д
|
В
|
В
|
А
|
В
|
В
|
С
|
С
|
А
|
Д
|
В
|
С
|
ІІ кезең- « Кім жүйрік»
Тест тапсырмаларына үздік жауап берген 6 студент арасынан, жартылай-финалға өтетін 4 студентті анықтау. Сұрақтар арнайы пәндерден қойылады. Ең бірінші қолын көтерген студенттен жауап алынады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
Электрлік тораптар деген не?
Әуе желісі мен кабель желісінің айырмашылығы?
Генератор дегеніміз не?
Ток трансформаторы қандай режимде жұмыс атқарады?
Кернеу трансформаторы қандай режимде жұмыс атқарады?
1000 В дейінгі коммутациялық құрылғыларды ата?
1000 В жоғары коммутациялық құрылғыларды ата?
Тұтынушылар категорияларын ата?
Кабель қандай шамаға байланысты таңдалады?
Элект доғасы деген не?
Реле түрлерін ата?
Жарықтандыру шамдарының түрлерін ата?
Электр қондарғыларына қойылатын негізгі 3 талапты ата?
Диод дегеніміз не?
ЖЗК ұғымы нені білдіреді?
Бағана түрлерін ата?
3 фазалы жүйе мен 1 фазалы жүйе айырмашылығы?
Жерлендіру дегеніміз не?
ІІІ кезең- «Көкпар»
Жартылай - финалға өткен 4 студент арасынан 2 үздік студент анықталып финалға өтеді. «Электрлік жарықтандыру», « Қосалқы станцияның электр қондырғылары», «Релелік қорғаныс», «Электрмен қамтамасыздандыру» пәндер арасынан бір бағанадағы ұяшықтарды таңдау арқылы, студент сұрақтарға жауап береді. Ұпай саны таңдалған ұяшықтарға байланысты беріледі.
Қосалқы станцияның электр қондырғылары:
Трансформаторлар (Трансформатор (лат. transformo – түрлендіремін) – кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы.)
Ажыратқыштар (Ажыратқыш – тізбекті кез келген режимде ажырататын коммутациялық аппарат. Жоғарғы кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі эдлектр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай–ақ қысқа тұйықталу кзінде ажыратуға арналған.)
Айырғыштар (Көзбен көру мүмкіндігін тудыратын коммутациялық аппарат)
Сақтандырғыштар (Сақтандырғыш — электр тізбектерін ток күшінің рұқсат етілген мөлшерден асып кетуінен қорғауға арналған тетік. Сақтандырғыш тізбекті ток көзінен арнайы жасалынған токөткерме бөліктерінің шамадан артық токтың жылулық әрекеті әсерінен балқып үзілуі арқылы ажыратады.)
Электрлік жарықтандыру:
Жарықтандыру қалай жүргізіледі?( Монтаждау жұмысы арқылы жүргізіледі.)
Қарапайым тізбек үшін қандай элементтер қажет?( Қорек көзі, тұтынушы шам, кабельдер.)
Бір бөлмелі пәтерді жарықтандыру үшін қандай жабдықтар қажет?( Қимасына қарай таңдалған кабельдер,тарату қорабы, шамдар монтаждау схемасы.)
Монтаждау кезіндегі қандай техника қауіпсіздігін білесіз?( Жұмыс орнын таза, ұқыпты ұстау,оқытушының рұқсатынсыз қорек көзіне қоспау,қолданылатын құрал жабдықтар оқшауланған болуы тиіс.)
Релелік қорғаныс
Уақыт релесі
Ток релесі
Кернеу релесі
Жылу релесі
Электрмен қамтамасыздандыру:
Тарату құрылғылары (Тарату құрылғысы деп электрэнергиясын қабылдау және тарату үшін және коммутациялық аппараттардан, жиналмалы және қосылмалы шиналардан, көмекші құрылғылардан (компрессорлық, аккумуляторлық және басқа) тұратын, сондай-ақ қорғау құрылғысы, автоматика және өлшеу приборларына қызмет ететін электрқондырғыны айтады.)
Толық қуат формуласын жаз
Майлы ажыратқыштар (Біріншіден, ажырату кезінде түйіпелер аралығында пайда болатын электр доғасын өшіруге, сондай ақ тоқ жүретін бөліктерді бір бірінен және жерге қосылған бактан оқшаулауға пайдаланылады. )
Кабель түрлерін ата ( Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді.)
ІV кезең- «Іске сәт»
Финалға өткен 2 студент арасынан «Жас электрик» анықталады. Бұл кезеңде студеттер тәжірибе барысында берілген қарапайым тізбекті жинақтайды.
Ұпайы аз 1 студентпен қоштасамыз.
Бүгінгі білімділер сайысы өз мәресіне жетті.
Білім – теңіз, колледжді кеме дейміз
Білім мен тәрбиені егіз дейміз
Әдемі мен тәлімі үндесетін
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткіземе мұратың
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын – дей келе жеңімпазды және ойынға қатысушы сайыскерлерімізді құттықтау үшін сөзді қонақтарымызға береміз.
Бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше қош сау болыңыздар!!!
Достарыңызбен бөлісу: |