Сабақтың түрі: Практикалық Мақсаты



бет3/8
Дата22.05.2023
өлшемі50,24 Kb.
#95870
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
f63e5c978d0cce0

V­- «Бі­ле­мін»

-«Мен­ үшін тү­сі­нік­сіз»

+­«Мен ­үшін жаңа ­ақ­па­рат»?­

­-«Ме­ні­­ таң­ғады­ра­ды»













«Жал­ғыз»­ поэмасы
Жәркеннің қырық қыры бар ақын,
мен оның бір ғана қырын аша алдым.
Ол – туған жерге деген сағыныш.
Темірхан Медетбек
Ақын­ не­лік­тен­ өзін­ жал­ғыз­ се­зі­не­ді?
«Жалғыз» поэмасы – Жәркен Бөдешұлының шоқтығы биік шығармаларының бірі. Ол сюжетсіз лирикалық поэма түріне жатады. Себебі мұнда шығарманың дамуы, байланысы, шарықтау шегі, кейіпкерлер тартысы сияқты сюжеттің кезеңдері жоқ.
Бұл жалған да кім жалғыз?!
Ақ борықтай Ай жалғыз, Айдан нұрлы Күн жалғыз.
Жарқырап тұрған Шолпан да жалғызды ғын сезінер,
Таң алдында көзілер...
Жыр боп мәңгі жасарға, Абай жалғыз қашанда,
Абай жалғыз болғасын, екеу емес Мағжан да.
Бірақ шығармада мазмұны бір арнада тоғысқан динамикалық даму бар. Қазақ әдебиетін де С.Торайғыров поэмалары сюжетсіз поэманың алғашқы негізін қалайды. Мұнда оқиға біртіндеп дамымайды. Бұл жанрдың ерекшелігі – басты оқиғаның бірден басталып, бірден баурап әкетуінде. Сондай-ақ бұған тіл көркемдігі, айшықты суреттеулер, логика тұтастығы, сыршыл эмоция тән. Ж.Бөдешұлының ақындық фантазиясы мен философиясы да айқын көрінеді.
Жалғыз арқар.
Жалғыз оқ.
Жалғыз құздың басында –
Селт етпейді боранға,
Селк етпейді жасынға.
Мұңлы қоңыр жанары бір жанады, бір өшіп,
Ажалына сүйеніп, қатып қалған сіресіп.
Қос өкпесі деміксе - жусан исі бұрқырап,
Таңғажайып тағдырға тау тағысы тұр шыдап.
Жапанда жалғыз бәйтерек, айнала дауыл боратқан.
Жапырағын желге ол тонатқан.
Өз діңіне сүйеніп,
Шайқалса да жарықтық құламайды құрдымға –
Тамыры шынжыр болаттан.
Батыр Баян бабамыз ақ найзаға сүйеніп,
Ел қорғаған қасқайып,
Көкірегін кекті жас шайып.
Киелі қара шаңырақ, сүйеніп қызыл уыққа, уыққа емес рухқа.
Ана тіл ақ боз биедей оқыранып, жер тарпып,
Талқандап тұсау, кісенді ілінбеген құрыққа.
Ақ бесікке сүйеніп,
Әлди-әлди әндетіп анамыз бөбек тербеткен.
Әкем қырдың басында ақ таяққа сүйеніп,
Ақтылы қой төлдеткен.


I-бөлім
Жоңғар құмын омбылап, Сары-Арқаға жеткенше –
Қияметтей жол жүрдім.
Өкпемді қарып ыстыққа, жүректі аяз, тоңға ұрдым.
Адамша ерлік жасадым, бұралқы иттей болдырдым.
Өмір сүрдім дегенім - тырағай тірлік, тірі егес.
Тек өлген соң боламын құбылмалы құр елес.
Алабөтен тағдырым
Такламакан шөліндей жазы ыстық, қысы аяз.
Қабірімнің басына сексеуіл өсер, гүл емес ...
Жалғыздыққа сүйенген, Мен де жалғыз арқармын.
Жалғыз өлең дарыса, жүректегі тарқар мұң.
Жырдың уы бойыма жайылғанда өлермін,
Өзі айтады үкімін келер ұрпақ, келер күн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет