«Қазақстан Тұтынушылар Одағы агробизнес және экономика колледжі» мекемесі Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқытушының сабақ жоспары
Ұйымдастыру кезең 1.Сәлемдесу
2. Білім алушыларды түгендеу
3. Студенттердің сабаққа дайындығын бақылау
ІІ 15 мин
Үй тапсырмасын сұрау (ауызша )
1. Эмбриондарды жуу дегеніміз не?
2. Суперовуляция дегеніміз не?
3. Донорларды қалай ұрықтандырамыз?
ІІІ 40 мин
Жаңа сабақ Жоспар: 1.Сабақтың тақырыбын айту
2.Топқа сабақтың мақсатын хабарлау.
Буаздылық /graviditas/ - аналық малдың буаз болған мерзіміндегі, организмнің физиологиялық жағдайы. Ол ұрықтану уақытынан басталады да, туу мен аяқталады. Мал шаруашылық тәжирибесінде, аналық малдың ұрықтанғаннаң кейінгі соңғы күнін буаздылықтын басталуы деп санайды.
Буаздылық - физиологиялық процесс болып саналады, бірақта ол аналық малдың организмінде бірнеше патологиялық процесстермен шектелетін өзгерістерді қамтамасыз етеді, кейде ерекше ауруларды тұғызады.
Буаздылық уақытында қайшылық ұрықтың өзінде, анасының ішінде ұрықпен анасында, анасының және сыртқы ауа аралықтарында туады.
Егерде жатыр мүйізінде сәйкес біреу немесе екі ұрық дамыса, онда буаздылық бір немесе көп ұрықтылық болады. Буаздылық дамуы жағынан екі түрге бөлінеді. Бірінші - аналық малдың өмірінде бірінші рет буаздылық пайда болса және қайталану - егерде буаздылық аналық малда қайталанса.
Даму жағынан буаздылық екі түрге бөлінеді:
1/ физиологиялық буаздылық - анасының және ұрықтың организмдерінің әдеттегі қарым-қатынасымен сипатталады.
2/ патологиялық буаздылық - бұл жағдайда анасының немесе өсіп жатқан ұрықтың, организмінде физиологиялық процесстердің бұзылуымен өтеді.
Буаздылықты анықтайтын тәсілдер екі топқа бөлінеді:
1. Буаздылықты клиникалық тәсілдер арқылы анықтау:
1. Рефлексологиялық әдіс.
2. Сыртқы зерттеу.
3. Ішкі зерттеулер: а/ тік ішек арқылы. б/ қынап арқылы.
2. Буаздылықты зертханалық тәсілдер арқылы анықтау.
1. Қынаптан бөлініп шыққан шырышты зерттеу.
2. Қанды зерттеу.
3. Несепті /зәрді/ зерттеу.
4. Сүтті зерттеу.
5. Гормондарды табу.
6. Басқа зертханалық әдістерді жүргізу.
ІV 20 мин
Сабақты бекіту
1. Зигота дегеніміз не?
2. Мегежіннің зиготасы мен іштөлінің дамуын сипаттап беріңіз?
3. Плацента қандай қызмет атқарады?
V 7 мин
Сабақты қорытындылау Сабақ бойы қатынасуын ескере отырып,тапсырманы дұрыс орындағандар «90-95%», жартылай «70-89%» дұрыс орындамаған оқушыға сұрақ-жауаптарын ескере отырып бағалау. Жаңа тақырып бойынша қысқаша түйіндеме жасау,студенттердің біліміне қарай,сабақ барысындағы белсенділігіне қарай сәйкес бағалау.
VІ
Рефлексия Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат-
Қиындық тудырған 2 аспект-
Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ-
VІІ
Үй тапсырмасы: жаңа тақырып бойынша оқып мазмұндау, тақырып бойынша презентация, видео материал дайындау, сұрақ жауап.