негізгі ұғым, ақыл – ой қорытындысын, негізгі білім, дағдыларын, іс – әрекет тәсілдерін (ойлау және практикалық) қайталауға бағытталған үй тапсырмасын тексеру. Алдыңғы сабақта, келер қайталауғак сәйкес үй тапсырмасын іріктеу;
Сабақты ұйымдастыру. Бұл жерде тыныш, іскер жағдай туғызу керек. Мұғалім тексеру және бақылау жұмысымен баланың келесі тапсырманы түсіну дайындығын тексереді;
сабақ мақсатын қою. Мұғалім оқушыларға қандай мәліметтерді тексереді немесе бақылайтынын хабарлайды. Балалардан сәйкес ережелерді еске түсірулерін және жұмыста пайдануларын сұрайды. Оқушылар міндетті түрде өз жұмыстарын тексе,ріп отыруын ескертеді;
бақылау немесе тексеру жұмыстарының (мысал есеп, амалдарды орындау, диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауап т.б.) мағынасын айту. Тапсырманың мөлшері немесе қиындық дәрежесі әр оқушының шамасына қарай және бағдарламаға сәйкес болуы керек;
сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын таңдап алып, басқа жұмыстарында жіберген қателерді талдайды және қатемен жұмыс ұйымдастырады (оған келесі сабақ арналады);
білім және біліктерінде жиі кездесетін қателерін және кемшіліктерін анықтау, сонымен қатар білім, дағдыларын дамыту жолдарын іздестіру.
Білім, білік және дағдыны қолдану сабағының құрылымы:
сабақты ұйымдастыру (жақсы психологиялық ахуал туғызу);