Т үйрегіштің ұзындығы 3-4 см болады.Олар жіңішке тегіс болуы керек.
|
|
3)«Талап баста, талғаммен ақта» жұппен жұмыс
Тігіс атауы
|
Орындалу реті
|
Графикалық кескіні
|
1
|
2
|
3
|
Көктеу
|
Көлемдері бірдей екі бөлшекті беттестіріп қойып , қиық шетінен 0,9 см қалдырып , инешаншымдар жасап көктеңдер.
|
|
Бүгіп көктеу
|
Қиық шетін 1 см – дей етіп бүгіп, арасын 0,5см – ден түзу инешаншымдар жасап көктеңдер
|
|
Көктеп тігу
|
Кішкентау бөлшекті үлкен бөлшекке теріс жағымен қойып , қиық шетінен 0,5см қалдырып, түзу инешаншымдармен қосып көктеңдер
|
|
Тігімдегі сызықты көшірмелік инешан- шымдармен көшіру
|
Екі бөлшекті беттестіріп, қиықтарын теңестіріңдер. Содан кейін ілмектердің биіктігін 0,5 – 1см етіп қалдырып, белгіленген сызық бойымен онша тартпай, түзу инешаншымдар жасаңдар.Бөлшектерді инешаншым жіптері тартылып тұратындай етіп ұстап, жіпті бөлшектердің дәл ортасынан қиыңдар.
|
|
Жапсырып тігу
|
Түймелерді бұйым бөлшектері бетіне беткі жағымен қойып, қадап шығыңдар.
|
|
Постер қорғау:
I. Қайып түгу- постерге жұмыстың орындау реттіліген қорғау; Қайып тігу – киімнің иық, бүйір және басқа да қиықтарын өзара біріктіруде қолданылады. бүрмелер мен қатпарлар біріктірілетін екі бөлшектің үстінде орналасады. Бөлшектің оң жақтары ішке қаратылып беттестіріліп, қиылған шеттері теңестіріледі де қайып тігіледі. Тігістің ені - сетінегіш матадан 1, 5 см, ал сетінемейтін матада 1см болады.
II.Көктеп тігу- постерге жапсырып жұмыстың орындау реттілігін қорғау; Ежелден келе жатқан орындалуы тым қарапайым, тұрмыста жиі қолданылатын "қазақы тігіс" осы көктеу тігісі. Көктеу дегеніміз – бұйымды уақытша біріктіріп тұратын тігіс. Көктеп тігу – бөлшектердің шетін біріктіруге және матаның шеті сетінеп сөгілмеуі үшін тігіледі. Көктеу іс аяқталғанда сөгіліп тасталады.
III.Жапсырып тігу- постерге жапсырып жұмыстың орындау реттілігін қорғау; Жапсырып тігу – орындау барысында ашық қиықты және жасырын қиықты болып бөлінеді. Ашық қиықты жабыстыру. Киімнің төсемесін(прокладка) бір - біріне жалғастыруда қолданылады. ол үшін төсеменің екі шетін бір – біріне айқастырады да машинамен қайып тігеді. Айқаспа тігістің ені 0, 6 - 1 см, ал төсем шеті мен тігістің аралығы 0, 3 - 0, 5см. Жасырын қиықты жапсыру тігісі - фигуралы және тіке болып пішілген иінішті, жапсырма қалтаны негізгі бөлшекке біріктіруде қолданылады. Мұнда, бөлшектің жасырылатын (шетін) қиығын сәндік тігістің енінен 1 - 1, 5см артықтау алады да, оны екінші бөлшектің қиығының үстіне қайып орналастырады.
Сабақты бекіту. «Үлгісі көптің өрнегі көп, өнері көптің ермегі көп».
Бағалау. Сабаққа белсеніп қатысқан білімгерлерді бағалау
Қорытынды. Білімгерлермен қатысып отырған қонақтарға тілек тілеу.
«Талаптарыңыз таудай биік, көңілдеріңіз қардай кіршіксіз аппақ, өмірлеріңіз жаздай жайдары болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |