Салбырова макпал токтарбеккызы


Жұмыстың теориялық маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет11/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Байланысты:
DISSER

Жұмыстың теориялық маңыздылығы: білім беруді цифрландыру 
жағдайында оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-
ды пайдалану мәселелеріне теориялық тұрғыда талдау жасалып, ақпараттық-
коммуникациялық құзыреттердің теориялық, практикалық және аксиоло-
гиялық компоненттері, деңгейлері және олардың қалыптасуының ӛлшемдері 
анықталды.
Жұмыстың практикалық құндылығы: мектептегі география пәнінің 
жаңартылған мазмұнына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технология-
ларды қолданудың әдістемелік жүйесі дайындалды. Зерттеу жұмысының 
нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары кәсіптік 
білім беру мекемелерінде, педагог кадрларды даярлау және олардың 
біліктілігін арттыру жүйесінде кеңінен пайдалануға болады.  
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: диссертацияның 
теориялық, ғылыми әдістемелік міндеттеріне сай орындалуымен, зерттеу 
мазмұнының ғылыми ақпаратқа сәйкестілігімен, зерттеу пәніне сай тиімді 
әдіс-тәсілдерді пайдалануымен, тәжірибелік эксперимент жұмысының 
жоспарлылығымен, алынған нәтижелердің нақтылығымен және тиімділігімен 
қамтамасыз етілді. 
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар 

географиясын оқыту үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолданудың теориялық-әдістемелік аспектлері; 
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды мектеп география-
сында қолданудың әдістемелік жүйесі бір-бірімен ӛзара байланысқан іс-
әрекеттік, мазмұндық, ұйымдастыру-техникалық, нәтижелік, бағалау
компоненттерінен тұратын біртұтас кешенді қамтиды; 
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды география пәнін 
оқыту үдерісіндегі әдістемесінің тиiмдiлiгiн экcпepимeнт жүзiндe 
дәлелдерінің қорытындысы мен нәтижелері қорғауға ұсынылатын 
қағидаларын дұрыстығын растайды. 
Диссертациялық зерттеудің базасы. Эксперимент жұмысы Алматы 
қаласының №33 мектеп-лицейі мен №19 орта мектепте және Алматы облысы 
Жамбыл ауданы, Қызыләскер ауылындағы Ә. Мәмиев атындағы орта 
мектепте ұйымдастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет