Салбырова макпал токтарбеккызы


  Ақпараттық-коммуникациялық



Pdf көрінісі
бет19/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
DISSER

1.3. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
мектептегі 
география пәнінде қолданудың дидактикалық шарттары 
Білім беру парадигмасы бұрын пәнге бағытталған түрде жүргізілсе, қазір 
жеке тұлғаға бағытталған болып табылады. Қазіргі білім беру саласы тұрақты 
болашаққа негізделген динамикалық әлеуметтік ортада ӛзін-ӛзі табысты 
жүзеге асыру үшін ойын дамытуға ықпал ететін, білім алушылардан терең 
теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар шығармашылықты да талап 
етеді. Ол қоғамның барлық салаларындағы ӛзгерістерді түбегейлі қамтиды 
және мектептің алдына білім берудің «білімге бағдарланған» тәсілінен 
«тұлғаға бағдарланған» тәсіліне кӛшу [100].
Бұрынғы оқыту технологиялары білім алушылардың жалпы оқуға деген 
ұмтылыстары мен біліктіктерін қалыптастыру болатын. Онда оқытылатын 
пәннің ӛзі оқыту мақсаты сияқты білім алушы-соған жету құралы болып 
саналатын. Заман ағымына сай, педагогикалық ғылымның ерекшелігі – ол 
баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа білім беру 
технологияларын дамыту. Білім берудің мазмұны жаңа процедуралық 
дағдылармен, ғылым мәселелеріне шығармашылық шешіммен, білім беру 
бағдарламаларын жекелендіруде, ақпарат пен нарықтық тәжірибені 
пайдалану қабілеттерін дамыту болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық 
технологиялар білім алушылардың педагогикасын және дидактикасын 
жетілдірудің маңызды құралдарының бірі болуда. Оқыту әдісін дұрыс таңдау 
мұғалім үшін ең басты мәселе. Ол жаңа педагогикалық технологиялар білім 
алушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының 
дамуында басты рӛл атқарады. Жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру 
мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де 
басқа да кӛптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізе отырып 
ӛзін – ӛзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісіне ықпал етеді [101]. 
Қазіргі білім берудің басты мақсаты – жан-жақты дамыған, рухани бай 
жеке тұлға, бәсекеге қабілетті маман дайындау. Сондықтан заман талабына 
сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға 
қалыптастыру 
мәселесі 
бойынша 
білім 
алушыларға 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды сабақта кӛптеп қолдану тиімділігі артып 
отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа 
технологияларын меңгеру сипатталады. Аса қажетті технологиялардың бірі – 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
география 
пәнінде 
пайдалану мәселелері болып табылады [102]. 
Ғылыми-техникалық 
прогресс 
заманында 
да 
білім 
беруді 
демократияландыру мен ізгілендірудің басты факторлар - ақпараттандыру 
үрдісі болып табылады. Компьютерлік оқыту интерактивті электронды 
оқытудың бір бӛлігі болып табылады және ол техникалық құралдардың бірі 
ретінде компьютерді пайдалануды қамтиды. Компьютердің географияны 
оқытудағы негізгі үш дидактикалық қызметі: 


32 
- география сабақтарында электрондық тақтаны
мультимедиа-
проекторды пайдалану; 
- үлгілеу; 
- зерттеу жүргізу, бұл кезде білім алушы ұсынылған нұсқаулардың 
ішінен ӛзінің шешімін дәлелдей отырып таңдайды; 
Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау тӛмендегі мүмкіндіктерді 
қарастырады: 

білім алушының шығармашылық бағытта ӛз бетімен жұмыс істеуіне; 

білім алушылардың ӛзін-ӛзі бақылауына және ӛз жұмыс әрекетіне ӛзі 
түзету енгізе білуіне үйретеді; 

басқа пәндерден алған білімдерін бекітуге кӛмектеседі; 

жалпы танымдық қабілетінің дамуына әсер етеді; 

материалды тез меңгеруге; 

табиғи жағдайда кӛзге кӛрінбейтін кейбір құбылыстарды экранда
кӛре білуге. 
Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану оқыту үрдісін 
толық ӛзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған үлгісін жүзеге асыруға 
мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары әртүрлі оқыту формаларын 
жетілдіруге мүмкіндік береді және білім алушылардың ӛзіндік жұмыстарын 
орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмысының маңызы 
ӛте зор.
Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер 
мен орталарды кең қолдану кезінде оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдері, 
сондай-ақ, білім беру үрдістерінің мазмұны да маңызды ӛзгерістерге 
ұшырайды. Сондықтан, мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге 
асыруға 
бағытталған 
оқыту 
тиімділігін 
арттыруға 
компьютерлік 
технологияны қолдану, оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін 
тигізеді: 

білім алушылардың ӛзіндік жұмысын арттыру; 

ақпараттың түрлі кӛздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру; 

ақпаратты беру, ӛңдеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне 
білім алушыларды үйрету; 

олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту; 

ӛмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын 
қалыптастыру [54, б.140].
Қазіргі дидактика бойынша «шарт» оқу ісіндегі жетістікті қамтамасыз 
ететін оқу үрдісінің факторлары мен компоненттерінің жиынтығы ретінде 
тұжырымдалады. «Шарт» ұғымының негізгі ерекшеліктері мен белгілері 
әртүрлі аспектіде қарастырып, талдаймыз. Сӛздіктерде «шарт» ұғымы бір 
құбылыстың жағдайға тәуелділігі, іс-әркет пен ӛмірдің бір саласында бекіген 
ережелер деп түсіндіріледі [103]. «Шарт» түсінігіне әр түрлі әдебиеттерде әр 
түрлі анықтама береді.


33 
А.Я. Найн «шарт» - бұл «басқалармен тығыз байланыста болатынның 
барлығы» деп жазады [104]. Е.И. Машбиц «шарт - бұл әдіспен ӛз ара тығыз 
байланыста болатын және оның салыстырмалы нәтижесіне әсер ететін 
түрлендіруге болмайтын кӛп нұсқалы факторлардың жиынтығы» деген 
анықтама берді [105].
«Дидактикалық жағдай» оқыту үрдісінің барлық элементтерін
қамтиды. В.И. Андреевтің пікірі бойынша дидактикалық шарт – бұл белгілі 
бір дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге бағытталған оқытуды 
ұйымдастыру формаларын, әдістері мен мазмұнының элементтерін іріктеу,
конструкциялау және оны іс жүзінде пайдалану нәтижесіненде туындайтын 
оқыту үрдісінің жағдайы [106].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет