Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет22/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
- арнайы психологиялық-педагогикалық дайындық. Оларға баланың 
компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеуге дайындығын анықтау 
дағдыларының болуы, білімнің мазмұнын ескере отырып оқу ортасын 
дайындау дағдысының болуы, ақпараттық және дәстүрлі оқыту 
технологияларының оңтайлы үйлестіре білуі, оқыту мен дамытуда 
компьютерді пайдалану мүмкіндіктері мен компьютерді пайдаланудың
қазіргі заманғы тұғырнамасы жӛнінде білімнің болуы, балалардың 
компьютерде жүргізетін жұмысын ұйымдастыра білу дағдыларын меңгеруі, 
компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу барысындағы балалар тәртібінің 
ерекшелігін ескеру және бағалай білу дағдыларының болуы кіреді; 
- сараптау-талдау әрекетіне дайындығы: компьютерлік бағдарламаның 
сапасын сараптап бағалауды жүргізе білу, компьютерлік бағдарламаны 
қандай да бір нақтылы педагогикалық жағдайға пайдаланудың тиімділігін 
талдай білу, компьютерлік бағдарламалардың қоры мен деректер базасы 
арқылы сипаттамасы берілген компьютерлік бағдарлар тізбесінен оқу 
мақсатында 
қолданылатын 
компьютерлік 
бағдарламасын 
іздеуді 
ұйымдастыра білу, эксперименттік бағдарламалардың мазмұнын талдай және 
нақты жағдайда оқытудың мазмұнын жобалай білу дағдыларын қамтиды;
- техникалық және оқу бағдарламалық құралдарды қолдануға дайындық
болса, компьютерді оқыту барысында қолданғанда санитарлық-гигиеналық 
нормаларды сақтау, оқытудың бағдарламалық-әдістемелік құралдардың 
құрамы, атқаратын қызыметі мен негізгі сипаттамасын білу, жаңа 
компьютерлік технологияларды қолдана білу, редакторлар, желілік 
қамтамасыз ету, педагогикалық бағдарламалар сияқты жалпы қызмет 
атқаратын бағдарламалық құралдармен жұмыс істей білу дағдыларын 
қамтиды; 
- ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру мен жүргізуге дайындығы:
ақпараттану мәселелері бойынша кеңестер беріп, ағарту жұмыстарын жүргізе 
білу, ата-аналардың арасында ақпараттық мәдениеттін қалыптастыруға ықпал 
ете білу дағдыларын қамтиды;
- кәсіби біліктілікті жетілдіру мен ӛзін-ӛзі дамытуға дайындығы:
алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды талдай және оларды іс 
жүзінде пайдалана білу дағдыларының болуы, әдістемелік бірлестіктерде, 
секцияларда, семинарларда жұмыс істей білу дағлыларын қамтиды [114].
Бесінші жағдай болса – сабақ барысында білім алушыларының 
танымдық әрекетінде дербес компьютерді пайдалануға жағымды уәж 
қалыптастыруға мүмкіндік беретін жағдай тудыру.
Оқулықтың мазмұнын түбегейлі жетілдіру пәндердің оқытылатын 
мазмұнын шынайы талдау және оны жеңілдету, баланың білімді ӛз бетімен 
меңгеруіне жағдай жасап, жеке оқу ырғағын қамтамасыз ету, оқу 
субъектілерінің арасындағы жедел байланыстың болуын қамтамасыз ету 
және тағыда басқа талаптарды қамтиды.
Бірақ бұл талаптардың оқу үрдісіен компьютерлендіру жағдайындағы 
оқу үрдісіне іс жүзінде енгізу үшін сабақтарда қолданылатын компьютерлік 


37 
бағдарламалар 
технологиялық 
және 
операциялық 
тұрғыдан 
білім 
алушыларына қолжетімді болуы тиіс. Сонда ғана мұғалім қандайда бір 
бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс алгоритмін қайта-қайта түсіндіріп 
жатпайды және соның есебінен сабақтың қол жеткізуге тиісті белгілі бір
дидактикалық мақсатының нәтижесіне жұмсалатын уақыт қысқарады. 
Сонымен қатар, компьютерді пайдалану арқылы білім алушыларда оны 
қолданысқа енгізуге деген қажеттілікті қалыптастырып, танымын, басқа 
құралдарымен салыстырғандағы артықшылығын ашып кӛрсету қажет. 
Сондықтан 
алтыншы 
жағдай 
сабақтарда 
қолданылатын 
компьютерлік бағдарламалар технологиялық және операциялық тұрғыдан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет