Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет18/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Байланысты:
DISSER

Ғалымдар
Анықтамасы
Нұрмұхамедов 
Г.М. 
(2012 ж.) 
Білім беру материалдарын жасау, ӛңдеу, беру және сақтау, 
телекоммуникациялар арқылы, атап айтқанда электрондық жергілікті, 
аймақтық және жаһандық (интернет) желілер мен тиісті қызметтер 
арқылы білім беру үдерісін ұйымдастыруға және қолдауға арналған 
технологияларды түсінеді. 
Муковиз А.П. 
(2010 ж.) 
Психологиялық-педагогикалық процедуралардың жүйелік кешені 
болып табылады, оның ішінде дидактикалық пішіндерді, әдістерді, 
құралдарды, әдістемелерді, компьютерлік технологияларды қолдануға 
негізделген оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау үшін арнайы іріктеу 
және орналастыру. 
Роберт И.В. 
(1994 ж.) 
Информатиканың ғылыми саласының практикалық бӛлігі болып 
табылады, белгілі бір, анық күтілетін нәтиже алу үшін ақпаратты 
автоматтандырылған жинау, ӛңдеу, сақтау, беру, 
пайдалану 
құралдарын, әдістерін айқындайды. 
Захарова И.Г. 
(2005 ж.) 
Білім беру, білімді қабылдау үшін жаңа мүмкіндіктер жасау және білім 
алушының жеке тұлғаның толыққанды дамуы үшін ақпараттық 
технологияларды қолдану ретінде түсіну керек екеніне назар аударады. 
Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар білім беру 
жүйесінің терең мақсаттарын іске асыруға, оның мазмұнына айтарлықтай 
әсер етеді, түбегейлі жаңа білім беру әдістерін дамытуға, іргелі 
педагогикалық қағидаларды іске асыруға мүмкіндік береді [92]. 
Қазіргі заманғы АКТ әмбебаптығымен ерекшеленеді: олар ақпараттық 
алмасумен байланысты кез-келген қызметті ұйымдастыруда, жалпы 
ақпараттық кеңістік құрудың негізі бола алады. 
АКТ-ны білім беру жүйесіне жатқызу шарттары («АКТ оқытуда»): 
- АКТ-ны педагогикалық технологиялардың негізгі қағидаларымен 
қанағаттандыру (алдын-ала жобалау, қайталануы, мақсаттарды қою, 
тұтастық); 
- классикалық дидактика шеңберінде бұрын шешілмейтін мәселелерді 
шешеді; 
- білім алушыға ақпаратты беру құралы компьютерлік техника және 
телекоммуникациялық технологиялар болып табылады [93-99] ғылыми және 
оқу әдебиеттерінің талдауы білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық 
технологияларлар кемінде жеті негізгі дидактикалық функциялармен 
сипатталады: оқыту, дамыту, тәрбиелеу, когнитивтік, ынталандырушы, 
ұйымдастырушылық және басқару функциялары кӛрсетілген (3-сурет). 
оқытушы 
танымдық 
дамытушы 
тәрбиелеуші
уәждік 
ұйымдастырушы
басқарушы 
Қазіргі АКТ-ның 
атқаратын 
қызметтері 


30 
Сурет 3 - Білім берудегі қазіргі ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың функциялары 
АКТ-ның оқытушы функциясы әртүрлі әлеуметтік және мәдениет 
жағдайында жаңа материалды, зертханалық жұмыстар мен практикум 
жүргізу, жаңа материал ұсынуды сипаттау, ӛзін-ӛзі дамыту, дара және оқу-
зерттеушілік пен бекітуге негізделген. 
АКТ-ның дамытушы функциясы – анализдің, синтездің, абстракция-
лаушылықтың және т.б. ақыл-ой операцияларының дамуын; ақыл-ойдың 
ізденушілік сипаттағы қызметтің тәсілдерінің дамуы; шығармашылық 
қасиеттерін және т.б. дамыту;
Тәрбиелеуші функциясы – білім алушының әртүрлі тұлғалық қасиеттерін 
(тұлғаның моральдық қасиеттері, әдемілікті сезіну және т.б.) тәрбиелеуге 
бағытталған. 
Мотивациялаушы функция – АКТ-ның қызығушылық, еліктеушілік, 
қызықтылығы арқылы кӛрінеді және де білім алушының оқуға деген 
мотивациясын дамыту үшін белгілі бір теориялық материалдың пайдасы мен 
қажеттілігін түсіндіру арқылы жүзеге асады.
АКТ-ның танымдық функциясы – белгілі бір талданып отырған 
мәселеге қатысты студенттерді әртүрлі кӛзқарастармен таныстыру, басқа 
адамдармен бірге жұмыс жасаудың мүмкіндіктері, коммуникациялық 
байланыс орнату, ақпарат алу және т.б.
АКТ-ның ұйымдастырушылық функциясы – білім алушы мен
мұғалім арасында кері байланысты, таңдалған тақырып бойынша 
аудиторияда және аудиториядан оқыту қызметінің траекториясының 
даралануын, оқыту курсының тапсырмаларын орындауға кететін уақытты 
оңтайландыруды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың 
функционалдық 
ерекшеліктері білім беру үрдісіне беретін артықшылықтары мен 
мүмкіндіктерін атап ӛтуге мүмкіндік берді; 
- білім беру қызметінің тізімін кеңейтуді білім беру қолжетімділігімен 
арттыруымен қатар кеңейту, білім алу формасының қолжетімділігін арттыру;
- табиғаты әртүрлі ақпаратты пайдалану және жинау, сақтау, тарату, 
түрлендіру, анализдеу мүмкіндіктерін кеңейту; 
- сабақты ӛткізуде және адамдардың қозғалуы нәтижесінде уақыт 
үнемдеудің арқасында білім беру үрдісі мен қосалқы технологиялық 
үрдістердің ресурс сиымдылығын тӛмендету; 
- виртуалды ортаға жеке бӛлімшелер немесе технологиялық үрдістерді 
алып келудің арқасында білім беру үрдісінің ұйымдастырушылық 
мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді біршама кеңейту; 
- білім беру үрдісінің бағдарламалық, әдістемелік, ақпараттық 
қамсыздандырылуын 
жетілдіруді 
жылдамдату. 
Бағдарламалық 
инструментарийдің әртүрлілігін арттыру, мысалы: іздеу, оқыту, үлгідеу және 
т.б. бағдарламалар. 


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет