Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет21/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
енгізілуі тиіс. Тек сонда ғана компьютерлік технология оқыту үрдісінің 
тиімділігін арттыратын қуатты фактор бола алады [110];
Бірақ бұл жұмысты жүзеге асыру үшін екінші дидактикалық шарт 
қолданылатын бағдарламалық-әдістемелік кешендер оқытылатын оқу 
пәнінің мазмұны мен логикасына сәйкес келуіне бағытталуын сақтау 
қажет. Сонда ғана таным құралы ретіндегі компьютердің дидактикалық рӛлі 
іс жүзінде жүзеге асады.
«Роботландия» кәсіпорыны шығарған «Маляр» бағдарламасымен жұмыс 
істеу барысында мұғалімнің де ӛз бетімен балаларға арналған «суретші» 
графиктік 
редакторының 
кӛмегімен 
жасалатын 
сурет-тапсырмалар 
топтамасын қалыптастыру мүмкіндігі қолданылады [111]. Бағдарламаның 
негізгі қызметі түстерді түрлендіру барысында қарапайым іскерлік-
дағдыларын қалыптастыру. Компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың 
тиімді ерекшеліктеріне тӛменде аталғандар жатады: 
- техникалық дағдыларды қалыптастырғанда тапсырмаларды орындауға 
жұмсалатын уақыттың үнемділігі;
- білім алушының жұмыс жылдамдығын арттыруды оңтайландыруға қол 
жеткізу; 
- оқу әрекетінің қажеттілігін арттыру; 
- білім алушылар оқудың субъектісі болады немесе бағдарлама олардан 
белсенді әрекетті талап етеді. 


35 
Ғалымдардың тұжырымдарына негізделіп компьютерлік технология іс 
жүзінде тӛменде кӛрсетілген үш нұсқада жүзеге асырылады деген қорытынды 
шығаруға болады:
а) «енетін» технология ретінде (компьютерді жеке тақырыптарды ӛту 
барысында жеке дидактикалық міндеттерді шешу үшін қолданатын); 
ә) негізгі қолданылатын технология ретінде; 
б) оқытуды сонымен қатар, болжаудың, мониторингтің барлық түрлерін 
қамтитын оқу үрдісін басқару компьютердің кӛмегімен жүзеге асырылатын
ал бағдарламалық қамтамасыз етілу ақпараттарды ұсыну, оқыту барысын 
басқару, жаттығу тапсырмаларын орындау, оқу үрдісінің дамуы тағыда басқа 
деректер мен мәліметтерді жинақтау сиақты барлық дидактикалық 
міндеттерді шешуге мүмкіндік тудыратын монотехнология ретінде 
қарастырылады.
Сондықтан, 
үшінші 
дидактикалық 
шарт 
компьютерлік 
бағдарламаларды пайдалану сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес 
келіп оның құрылымына үйлесімді еніп қойылған міндеттерді тиімді шешуі 
тиіс 
Тӛртінші шартқа келер болсақ, ол компьютерлік технологиялар 
қолданылатын сабақтарды аталған жұмысты жүргізуге мүмкіндік беретін 
жеткілікті деңгейде білімі, іскерлік-дағдылары мен тәжірибесі бар мұғалім 
ӛткізуі тиіс. Себебі, мұғалім ӛз сабағында компьютерді пайдалану үшін 
жұмысқа белгілі бір дайындығы болуы қажет. Психология мен 
педагогикадағы дайындық оның әр түрлі астарына баса назар аудару 
белгілеріне қарай жіктеледі 
В.А. Сластенин мұғалімнің компьютерлік технологияларды пайдалануға 
кәсіби дайындығы астарын талдау негізінде «ерекше психологиялық жағдай 
ретінде субъектіде белгілі бір іс-әрекеттің құрылымдық үлгісі мен тұрақты 
түрде оны орындауға бағытталған «дайындық» деп қарастырған [112].
С.И. Исмаилова ӛз еңбектерінде «тәжірибелік дайындық» түсінігіне іс 
әрекеттің мазмұны мен жағдайына талап қоятын қажеттілікті, мазмұнды 
және технологиялық компоненттерді қамтитын бір тұтас кешен ретінде 
қарастырады [113].
Н.Н. Диканская мектепке дейінгі мекемелер мен мектептің бірінші 
деңгейі жағдайында жаңа компьютерлік технологияны пайдаланудың 
құрылымдық сатыларының тӛменде кӛрсетілген бірізділігін анықтады:

ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
пайдалануға 
дайындықтың іргесі болып табылатын бірнеше құрамдас бӛліктерді 
қамтитын жалпы психологиялық-педагогикалық дайындық, яғни оқыту мен 
тәрбиенің типтік бағларламасының, сонымен қатар, дамыта оқу 
бағдарламасының білімі, әр түрлі жағдайда балалармен қарым-қатынастың 
оңтайлы мақамын таңдай білу дағдыларының болуы, алуан түрлі 
педагогикалық тәсілдерді қолдану және оның тиімділігін бағалай білу 
қабілетінің болуы мен оқыудың жеке әдістемелерін білуі кіреді; 


36 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет