59
Жаратылыстану бағыттағы білім
алушылар оқыту процесінде
компьютерлік технологияны қолдану арқылы білім беру ақпараттарының
сапасын жақсартады, оқу процесін тиімдірек және нәтижелі етеді, теориялық
және практикалық білім алуға ынтасын арттырады.
С.Р. Маркулис ӛзіндік ақпараттық қызметтің ақпараттық құзіреттілікті
қалыптастырудағы ерекше рӛлін атап ӛтеді. Бұл қызмет компьютерлік
технологиямен ұсынылған оқу материалының мазмұнын, ішкі логикасы мен
құрылымын меңгеруді қамтамасыз етуді қамтиды [135].
Зерттеушілер В.А. Трейнев пен И.В. Трайнин атап ӛткендей,
компьютерлік технологияны енгізу және одан әрі дамыту білім сапасын
арттыруға айтарлықтай әсер етеді, бұл ӛз кезегінде білім беру, ғылыми және
техникалық орталықтардан алыс мамандарды даярлау және біліктілігін
арттыру мәселелерін шешуге кӛмектеседі [136]. Компьютерлік технология
1946 жылдың 13 ақпанында Пентагон (АҚШ)
алғашқы цифрлық
компьютердің жасалғаны туралы жариялады. Сонымен бірге сабақта
бағдарламалау элементтерін қолдану идеясы да АҚШ-қа тиесілі (1952 ж.),
бұл кезде америкалық психологы Скиннер бағдарламалық оқыту арқылы оқу
үрдісін басқару тиімділігін жоғарылатуды кӛздеді. Ол бағдарламалы
оқытудың келесі қағидаларын тұжырымдады:
- ақпаратты шағын бӛліктермен беру;
- ақпараттың әр бӛлігінің игерілуін басқару үшін тексеру тапсырмасын
белгілеу;
- ӛзін-ӛзі бақылау үшін жауап беру;
- дұрыс жауапқа қарай нұсқамалар беру.
Білім
алушылар
арасындағы
функционалды
сауаттылықтың
қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің
қабілеттілігіне, ӛзін-ӛзі анықтауға бағытталған қабілет, ӛзін-ӛзі дамытуға
және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде,
қоғамға функционалды
сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге
қабілетті тұлға қажет.
- бiлiмнiң сапасын жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы
кӛтеру;
- бiлiм беру мазмұнын жаңа ақпараттық - коммуникациялық технология-
ларды енгiзу арқылы жаңарту;
- білім алушылардың мамандыққа баулу механизмiн жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану саласы бойынша құру;
- жедел елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық
ресурстарға ену;
- мультимедиялық, электронды оқыту құралдары, виртуальдық
лабораториялар
мен
бақылау
программаларын
жасақтау;
- бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;
Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың дамуы
болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Мектеп
мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптардың бірі болып
60
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-
әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің қалыптасуы.
Географияны пәнін оқытуда ақпараттық - коммуникациялық
технологиялар-ды пайдаланудың тиімділігіне:
- білім алушының ӛз бетімен жұмысы;
- уақытты үнемдеу;
- тест тапсырмалары арқылы білім-білік дағдыларын тексеру;
- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- экономикалық тиімділігі;
- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып
үйрену жатады;
- қарапайым кӛзбен кӛріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі
тәжірибе нәтижелерін кӛріп, сезіну мүмкіндігі жатады.
Қазіргі компьютердің негізгі әлеуеті бұл - біріншіден, Internet ғаламдық
желісінің орасан зор мүмкіндіктері
және екіншіден, Microsoft Office
топтамасына кіретін қолданбалы бағдарламалық жасақтама болып табылады.
Internet-тің қасиеттері:
1. Ақпараттық ӛрісті кеңейтуге әрекеттесетін саналуан түрдегі ақпарат
(білім) кӛзі. Ол ӛз бетінше білім алуға және жаңа ақпаратты иемденуге
мүмкіндік береді.
2. Электрондық пошта арқылы ақпаратпен жылдам әрі сапалы алмасу
мүмкіндігі.
Microsoft Office қолданбалы бағдарламаның функциялары:
1. Microsoft Word – бұл кез-келген мәтінді басып шығаруға және
редакциялауға арналған бағдарлама. Word не береді? Біріншіден, үлестірме
материалын дайындау (бақылау, ӛзіндік жұмыстар, тестілер және т.б.), яғни
жеке тапсырма білім алушылардың тапсырманы қабылдаулары мен
түсінулерін арттырады,
екіншіден, бұл шығармашылық жұмыстарды сапасы
рәсімдеу мүмкіндігі (есептер, жобалар, рефераттар және т.б.).
2. Microsoft Excel – бұл бағдарлама ақпаратты кесте түрінде
ұсынатындардың ең жақсы кӛмекшісі болып табылады.
3. Microsoft Access – деректер базасын қалыптастыруға арналған
бағдарлама.
4. Microsoft Publisher – құрмет грамотасын, таныстырғыны (визитка),
шақыру қағаздарын, күнтізбелерді және т.б. дайындауға арналған
бағдарлама.
5. Paint – сурет салуға арналған бағдарлама.
6. Microsoft
PowerPoint
– алғашқы таныстыру (презентация)
бағдарламасы.
Осылайша, білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды
қолданудың екі негізгі аспектісі бар: компьютер оқып білу пәні ретінде және
компьютер оқыту құралы ретінде. Осы аспектілер оқыту үрдісінде бір-
61
бірімен
тығыз байланысқан, себебі компьютермен кез-келген жұмыс жасау
екеуін де кӛздейді. Компьютер технологиясын қолдану тиімді болған кезде
ғана оны қолданған орынды, яғни ол: білім беру үрдісіндегі субъектілердің
бірдей шығын жұмсай отырып одан жоғары білім нәтижесін алуына немесе
білім беру үрдісіндегі субъектілердің аз шығын жұмсай отырып бірдей
нәтиже алуына мүмкіндік береді.
Америкалық
психолог
Скиннердің
сабақтарда
бағдарламалау
элементтерін қолданудың алғашқы қадамдарынан кейін 25 жыл ӛткен соң
КСРО-да географияны оқытудың ӛте қарқынды экрандық құралдары
қолданыла бастады (1970-ші – 1980-ші жж. екінші жартысы).
География
мұғалімдері оқу диафильмдері, диапозитивтер, кинофильмдер және кино
үзінділері, графопроекторға арналған транспаранттар тәрізді жаңа құралдар
алды. Осы қадамда оқыту құралдарының жүйелерін әзірлеу және қолданудың
теориялық негіздері жасалынды (9-сұлба).
Сұлба 9 - Географияны оқытуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану
Достарыңызбен бөлісу: