Салбырова макпал токтарбеккызы


Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін



Pdf көрінісі
бет35/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Байланысты:
DISSER

Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін 
қалыптастыру үлгісі.
Цифрлы Қазақстан бағдарламасына сәйкес орта мектептің жаңартылған 
білім мазмұны мен жоғарғы оқу орындарында географиялық білім беруде 
оқытудың электронды технологияларын қолдануға деген сұраныс күннен 
күнге артуда. Бүгінгі таңда оқытудың ақпараттық коммуникациялық 
технологиялары (АКТ) білім беру саласында кеңінен қолданылып ақпаратты 
беру тиімділігі жетілдірілуде. Сондықтан болашақ география пәнінің 
мұғалімдерін дайындайтын оқу орындарының барлық студенттері қоғамда 
жоғары сұранысқа ие ақпараттық коммуникациялық технологияларды игеруі 
тиіс. 
Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттіліктерін 
қалыптастыру қажетті мәліметтерді іздеуді, жинауды, ӛңдеуді ұсынуды және 
оларды таратуды қамтамасыз ететін заманауи ақпараттық технологияларды 
қолдану арқылы білім алушылардың географиялық білімді терең меңгеруге, 
іс жүзінде қолдануға, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. 
Үлгінің күтілетін нәтижелерін жобалау барысында білім алушылардың 
ақпараттық - коммуникациялық құзіреттіліктерін қалыптасуының шекті, 
жоғарғы, өнімді деңгейлері  қарастырылды.


65 
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде біз білім алушылардың ақпараттық-
коммуникациялық құзіреттілігінің қалыптасуының құрылымдық-мазмұндық 
үлгісі құрылып оған сипаттама берілді (сұлба 10). 
Технологиялық бӛлігі білім алушылардың ӛз беттерімен білім алуын 
қамтамасыз ететін интербелсенді карталарда мен тапсырмаларды, шынайы 
уқыт жүйесінде жұмыс істейтін виртуалды приборларды, табиғатта жүретін 
үрдістер мен құбылыстардың түзілу заңдылықтарын ашатын қысқа оқу бейне 
кӛрістерін (фильмдерін) оқыту құралдарын қамтиды.
Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттіліктерін 
қалыптастыруды кӛздейтін «Macromedia Flash», «3ds max» және 
«Delphi» бағдарламаларымен құрылған 8 сыныпқа арналған «География» 
электроннды оқулығы мазмұндық, уәждік, технологиялық және бақылау 
бӛліктерін қамтиды. Электронды оқыту құралының мазмұндық бӛлігі білім 
алушылардың әр түрлі оқу әрекеттерінде ӛз беттерімен білім алуын 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет