51
-ынтымақтастық педагогикасы;
- гуманды-тұлғалық технология Ш.А. Амонашвили [129];
- кӛп деңгейлі оқыту;
- білімді толық игеру технологиясы;
- жобалардың әдістемесі;
- Дальтон - технологиясы;
- жеке тұлғаға бағытталған дамыта оқыту И.С. Якиманский [130]. Тиімді
білім берудің негізі жеке тұлғаға бағытталған дамыта оқыту болып табылады.
Әр баланың танымдық қабілеттерін дамыту, баланың жеке
(субъективті) тәжірибесін анықтау, бастау, пайдалану, дамыту, ӛзін-ӛзі тану
мен дамытуға кӛмектесу дамыта отырып оқытудың мақсаты.
Жеке тұлғаға бағытталған дамыта оқыту технологиясы баланың
нормативтік және дәйекті әрекеті ретінде түсіндірілетін оқытудың мазмұны,
және әдістері әр білім алушының тәжірибесін ашып, пайдалану үшін
интегралды білім беруді ұйымдастыру арқылы жеке танымдық тәсілдерді
қалыптастыруға кӛмектеседі. [131].
«Мұғалім-білім алушы» жеке тұлғаға бағытталған сабақ түрін
ӛзгертеді. Әлемдік тәжірибеде әрбір білім алушы белсенді танымдық
қызметіне тартуы кӛзделген, білім алушылардың ӛз бетінше қызметтерін
ұйымдастыру тәсілдеріне іздеулер жүргізуде [132]. Білім алушының
ұстанымы ұқыпты орындаудан белсенді шығармашылыққа ӛзгереді және
оның ойлауы нәтижеге бағытталған. Сабақта қалыптасатын қарым-
қатынастың сипаты да ӛзгереді. Ең бастысы, мұғалім тапсырмаларды ғана
беріп қана қоймай, сонымен қатар білім алушылардың жеке тұлғасын дамыту
үшін жағдайлар жасайды. Дәстүрлі сабақ пен тұлғаға бағытталған
сабақтардың айырмашылықтарын 3- кестеде топтастырдық.
Кесте 3 – Дәстүрлі және жеке тұлғаға бағытталған сабақтардың негізгі
айырмашылықтары.
Достарыңызбен бөлісу: