Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата31.12.2016
өлшемі1,45 Mb.
#829
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

7. ТАУ МЕН ҚАҢБАҚ

Бір қаңбақты жел айдап үлкен таудың етегіне әкеп тастап 

кетті. Мұны биіктен көріп тұрған тау:

—Е, қаңбағым, қайдан жүрсің, неғып келдің мұнда?—деді. 

Қаңбақ тұрып: 

—Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат жер 

астынан шығып алып деген атағыңды есітіп, алысу үшін әдейі 

сені іздеп келдім,—дейді.

Тау бұған жымиып күлді. Сол кезде құйын соғып, қаңбақты 

дедектеткен бойы аспанға алып шықты. Аспаннан қайта жерге 

әкеліп, ары-бері аунатты. Ойға-қырға домалатты. Ақыр аяғы 

өлдім-талдым дегенде таудың бетіне өскен бір шоқ тобылғының 

басына іліп тастап, жайына жүріп кетті. Қалы қашып, қабағы 

түскен қаңбақтың қасына бір бүркіт келді. Ол:

—Е, қаңбағым, неғып жатырсың?—деді.

Қаңбақ:


Алты батпан ауырды арқалаған едім. Жеті қабат жер асты-

нан шығып, алып деген атағын естіп, астымда жатқан таумен 

әдейілеп келіп алысып едім, алты күн алысып, жеті күн дегенде 

әрең деп жығып, желкесінен басып жатырмын,—дейді. 

—Болса болар!—деді бүркіт,—одан басқа қолайлы жер бол-

маған соң тобылғысынан ұстап жатқаным ғой.

Сол кезде құйын соғып, қаңбақты тағы да дедектете жөнелді. 

Бүркіт тұрып:

—Е, батыр, қайда барасың тауды тастап, тұрып кетпей ме ол 

енді орнынан?—деді.

—Уақа емес, бүркітім. Алдымда алысатын әлі де көп алып-

тар бар еді. Соларға жетуге асығып барамын!—деуге ғана шама-

сы келді қаңбақтың. Құйынмен бірге құлдырап ұшып, кете 

барды. Артында күліп бүркіт пен тау қалды.



328

329


МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР

8. ТҮЛКІ МЕН ҚЫРҒАУЫЛ

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып ағаштың ба сын-

да отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:

—Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай?—дейді. Қыр-

ғауыл:

—Жақсы, өзің қалай тұрасың?—дейді. Түлкі:



—Жерге түсіп, сөйлесеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші 

еді,—дейді. Қырғауыл:

—Жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді 

жеп қоюы мүмкін,—дейді. Түлкі:

—Әй, достым, биылғы заман, бұрынғы заман емес, жаңа 

ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, 

қой мен қасқыр бірге жүрсін, қырғауыл мен түлкі бірге жүр-

сін,—дейді. Қырғауыл:

—Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет, достым! Мына жақ-

тан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айты ңыз, 

естісін,—дейді. Ит деген сөзді есіткен соң, түлкі алды-ар ты на 

қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл:

—Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе?—

дейді. Түлкі:

—Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар,—дейді мің-

гірлеп.


9. КӨБЕЛЕК ПЕН МАСА

Бір күні елпелектей ұшып жүрген көбелек қораның төбе-

сіне келіп қонады. Мұны жақтаудың қуысында жатқан ма-

саның көзі шалып қалыпты. Масаның бұған ызасы келеді. 

Сонан соң шыдай алмай, көбелектің қасына жетіп барады да 

сес көрсетеді:

—Сен бұл араға неге келдің? Бұл жер менің мекенім,—деп 

әкіреңдейді. 



330

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Бұған көбелек саспайды:

—Бұл қораның үсті ғой, қоға емес!

—Тақылдама, мойныңды үзіп аламын!—дейді маса ызың-

дап.


Бұған көбелек сықылдай кеп күледі:

—Күшің жетсе.

—Мен саған көресіңді көрсетемін,—дейді маса тызалақ-

тап.—Мына ұзын тұмсықты қалың теріңе сұғып жіберіп, қа-

ныңды сорып аламын!

—Мұныңа сенбеймін,—дейді көбелек әдейі қарсыласып.

Маса ыза боп, қоқандайды:

—Сенбесең, көзіңмен көр!

—Қане, көрсетші.

—Қара да тұр!

Осыны айтады да маса ұшып барып байлаулы тұрған өгіздің 

құлағына қонады. Сонан соң тұмсығын сұға бастайды. Сол 

кезде өгіз артқы аяғымен құлағын қасиды. Маса теріге сұққан 

тұмсығын қайта шығарып үлгергенше, тұяқ тиіп, мылжаланып 

қалады. 

10. ТАПҚЫР ҚОЯН

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан 

суды қайнаттырып қойып:

—Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін,—деген 

шарт қойыпты. Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе 

де, қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты. Ең соңында 

қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да: 

—Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін!—деп жан-жағына 

қарайды.

—Ендеше іше ғой,—дейді аңдар аңтарылып. Қоян ұзыннан 

ұзақ, қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:

—Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен кө-

ріңдер,—деп, бас-басына көрсетіп шығады.


330

331


МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР

Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шық-

қанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына 

бірақ көтеріп, сіміріп алады. Шошынған аңдар ауыздарын 

ашып, көздерін жұмысады. Ал алданған арыстан патша қоянға 

көп сыйлықтар бергізіп:

—Міне, нағыз ер!—деп мақтапты.

11. АДАМ, ИТ, МЫСЫҚ ЖӘНЕ ҚАРШЫҒА

Ертеде адам, ит, мысық және қаршыға төртеуі ант ішіп, 

серттесіп, адал дос болыпты. Олар бір жерде жатып, бір қазаннан 

тамақ жеп, ауыртпалықты бірге көтермек болыпты. Сонымен 

бір күні олар аң аулауға шығыпты. Олар жүре-жүре шаршаған 

соң бір өзеннің жағасына отырып дем алыпты. Осы кезде орман 

арасынан бір аю тұйықсыз ақырып шыққан екен, әлгілер жан-

жаққа қашыпты. Тек ит қана аюмен алысыпты, адам үйіне, 

мысық далаға, қаршыға аспанға зытыпты. Иттің үш досы ішкен 

ант, берген серттен тайып оны жау қолына беріпті.



12. ШОРТАН

  Бір күні аң біткен жиналып шортан үстінен арыз айтыпты. 

Шортан елге күн көрсетпейді, басқаларға тісін батырады де-

ген сияқты айыптар тағылыпты. Түлкі арызды қабылдап сот 

ашуды белгілепті. Бұдан хабар тапқан шортан аралықта түлкі-

ге қылғытып та жіберген екен, ел арасында сөз жата ма, түлкі 

үстінен өсек, сыбыр да тарапты. Кесулі күні сот ашылыпты, 

соттың шешімі бойынша шортанды дарға асып өлтіретін 

болыпты, осы кезде түлкі тұрып:

—Бұл өте жеңіл жара, жараның ең ауыры, қаталы—суға 

тұншықтырып өлтіру, бұл жауызды тастаңдар суға,—деген 

екен қатал үнмен.



332

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР



13. ҚАРТАЙҒАН АРЫСТАН

Бір мезгіл ел сұрап дәурендеген арыстанға кәрілік те жетіпті. 

Бетіне түзу қарамайтын, айбатынан ел қорқатын уақыттары да 

өтіп, келмеске кетіпті. Аяқтан дәрмен, бойда қуат қалмаған, тісі 

түсіп, тырнақ мұқалған күйге түсіпті. Сонымен өзі кезінде тісін 

батырған аңдар одан өшін ала бастапты. Ат тауып, сиыр сойып, 

қасқыр қауып, тырна жұлып. Ол бәріне көніпті. Өлер шағына 

таяғанда есек те оны көргелі келіпті. Арыстанның күйін көрген 

ол да тепкісі келіпті. Мұны сезген арыстан:

—Ия, құдірет, кезінде аң баласы бетіме түзу қарай алмау-

шы еді. Қазір солардың тепкісінде қалдым, анау ат, мен түгіл 

қамыстан қорқатын, өгіз, қасқыр дегендер мені көрсе зәресі 

ұшатын, дариға-ай, сол заман өтті ғой. Кәрілік жетіп, төрімнен 

көрім жақын тұр, басқасын қойшы, ана есек аяқта төсек болып 

жатушы еді. Ол кезде оны кім адам қатарына алған, кімде күнә 

жоқ дейсің, жанымды алсаң да, сол жаманның тұяғын тигізбей 

ал, қорлық қой оның аяғы тисе,—деп жалбарыныпты.

14. АЛА ҚОЙЛАР

Арыстан бүкіл аң баласына патша болып тұрған кезде, әділ 

билік жүргізіп, елдің құрметіне бөленуді ойлапты әрі солай да 

істепті. Бір күні арыстан бір төбеге шығып отырып, жайылып 

жүрген көп ала қойды көріп көңілі бұзылыпты. Сонымен аю 

мен түлкіні шақырып ала қойларды қалай бір жайлы етуді 

ақылдасыпты. Сонда аю тұрып: 

—Тақсыр, қойды кім адам қатарына алады, олардың көзін 

құртып қана тастаған жөн,—дейді төтесінен. Мұны естіген 

арыстан қабағын түйіп:

—Өлтіру оңай, өз жұртымды өзім қырсам, жалмауыз патша 

атанып, жаман атқа қаламын ғой,—дейді.

Сонда түлкі:


332

333


МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР

—Тақсыр, айтқаныңыз жөн, жаман атқа қалмаңыз, менше, 

осы қойларға бір сайды беріңіз де, жақсы бір қойшы қойыңыз,—

дейді. Арыстан аз ойланып:

—Сенше кім жақсы бағады,—дейді.

Түлкі:


—Қасқырға жететін қойшы жоқ,—дейді жымия. Сонымен 

арыстан қасқырға табанда қойларды жақсы бағу туралы бұйрық 

түсіреді. Ала қойлар да аз уақытта арыстанның көзінен ғайып 

болады.      

 

15. ҚАСҚЫР МЕН ТЫШҚАН 

Бір күні бір қасқыр біреудің қорасына түсіп, бір қойды 

тамақтап апанына алып барып, сылқия тойған соң ыңыранып 

жатып қалады. Бір тышқан еттің иісін сезіп, жорғалап келіп 

бір түйір етті ініне суырып алып кіріп кетеді. Мұны сезген 

қасқыр «үйіме ұры түсті, көргендерің болса, ұстаңдар» деп 

бүкіл тоғайды дүрліктіріп айғайлаған екен. 

16. ТҮЛКІНІҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ

Бір мерген бір құсты атып алыпты. Оның үш балапаны 

ұясында жетім қалыпты. Олардың шырылдаған дауысын 

естіген түлкі ағаш түбіне келіпті де, жаны ашыған бейнеде:

—Ей, сорлы жетімдер-ай, сендер қайтып күн көрер 

екенсіңдер,—деп бір тұрыпты да, онан соң басқа аң-құстарды 

оларға жем тастауға шақырыпты.  Көкекті мамық жүнін беру-

ге, бозторғайға тамақ іздеуге, сары мойынды олардың қасын-

да болуға, қарлығашты маса, шыбын әкелуге, сандуғашты 

ән шырқап олардың көңілін көтеруге бұйырыпты. Түлкінің 

бұл жақсы көңіліне аң-құстың бәрінің көңілі босапты. Сөйтіп 

тұрғанда аштыққа шыдамаған үш балапан ағаш басынан жерге 

қона қалыпты. Сонда жетімдерді аяп сауаптық іс істегелі тұрған 


334

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

әлгі түлкі үш балапанды лып еткізіп қылғи салыпты да, зытып 

беріпті.


17. МАСА МЕН АРЫСТАН

Бір күні маса арыстанның жанына келіп, оған:

—Сіз күштімін деп мақтанбаңыз, тісіңізбен жұлып, 

тырнағыңызды батырғаныңыз мықтылық емес. Мықты бол-

саңыз, менімен айқасуға шығыңыз,—деп арыстанды жек-

пе-жекке шақырыпты. Сонымен маса арыстанның бет-аузын 

түйірлеп шағып түк қалдырмапты. Арыстан өз бетін өзі ша-

палақтап қып-қызыл қанға бояпты. Ақыры арыстан жеңіліп, 

маса жеңіп шығыпты. Бұған мәз болған маса алақайлап ұшып 

бара жатқанда өрмекшінің торына түсіпті де, өрмекшіге жем 

болыпты. Ажал алқымына жеткенде, маса:

—Құдіретті де айбатты арыстанды жеңген басым өрмекшіге 

жем болдым ғой,—деп жан үзген екен.

18. БҰЛАҚ

Сарылдап ағып жатқан бір бұлақтың қасына бір қойшы 

келіпті де зарын айтыпты. 

—Саған не болды,—депті бұлақ қойшыға жаны ашып.

—Өзен менің бір қозымды ағызып кетті, қозым оған не 

қылып еді, соған қайғырамын,—депті қойшы шағым айта.

Бұған қатты ашуланған бұлақ өзенді жеріне жете сөгіпті. 

Өзінің елге жақсылық істейтінін айтыпты. Сонымен бір 

күні күн күркіреп аяқ астынан нөсер жайыпты. Сол-ақ екен 

әлгі бұлақ бұқан-талқан болып, арнасынан аса жөңкіліп ма-

ңайындағы тіршілікті түгел ағызып жоғалтыпты. Кешегі өзі 

аяған қойшыны үйімен, малымен бір-ақ құрдымға кетіріпті.



334

335


МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР

19. МАҚТАНШАҚ БҰҒЫ

Ыстық күндердің бірінде әсем мүйізді бұғы бұлақтан су 

ішеді. Су бетінен өзінің дидарын көріп, көңілі тасып:

—Япыр-ай, мына мүйіз не деген әсем! Өз басыма да жақсы 

жарасады екен. Торпайсыз тоқал мүйіз хайуандар қалай 

күндейді екен мені көргенде. Мұндай сымбатты мүйіз жер 

бетінде тағы бар ма екен, сірә!—дейді мақтанып. Кенеттен 

дабырлаған дауыстар, иттің үргені естіледі.

Тазы ерткен үш аңшы орманнан сау етіп шыға келеді. Бұғы 

да зыта жөнеледі. Бірақ біраз қашқан соң күтпеген жерде 

мүйізі ағаштың бұтағына ілініп қалады. Ары жұлқынып, бері 

жұлқыныпғ босана алмаған бұғыны қуып жеткен иттер тарпа 

бас салып алып ұрады.

20. ТЫШҚАНДАР МӘЖІЛІСІ

Едендер астын мекендеген тышқандар мәжіліс ашыпты. Көр 

тышқан сөз бастапты:

—Қадірлі достар! Өміріміз мысықтан қорлық көрумен өту-

де. Тіпті тастай қараңғы түннің өзінде асханаға емін-еркін кі-

ріп, қалаған тамақтарымызды жеуден қалдық. Мысық түнімен 

көз ілмей, бізді аңдумен болады. Тіршілігімізді қайткенде 

қауіпсіздендіре аламыз, осы мәселе туралы кеңесейікші!—

депті.

Жиналған тышқандар қалың ойда қалған шақта, ты ныш-



тықты бала тышқан бұзады:

—Алақай, сүйінші! Оның жолын мен таптым. Мысықтың 

мойнына қоңырау тағып қоялық, мысық қозғалған кезде 

қоңырау шырылдайды да, бізге белгі береді. Сонда қоңыраудың 

үнін ести сала, тығылып қаламыз. Жас тышқанның тапқыр-

лығы мәжіліске қатысып отырғандарға өте ұнайды. Тек кәрі 

тышқан біраз ойланып, тағы да сөз алады:


336

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

—Ұсыныс өте жақсы, орынды. Алайда сол қоңырауды 

мысыққа батылы барып кім байлайды, соны білгім келеді,—

депті ол.

21. ТҮЛКІ 

Жолда келе жатқан бір түлкі шақай тауып алады. Бір 

шаруаның үйіне келіп:

—Түнеуге рұқсат па?—дейді.

—Орын жоқ қой, түлкі,—деп жауап береді шаруа.

—Маған көп орын керек емес, өзім сәкіге жатсам, құй ры-

ғымды астына салам,—дейді.

Шаруа түлкіні түнеуге кіргізеді.

—Менің шақайымды тауықтарыңыздың жанына қоя са лы-

ңызшы,—деп өтінеді түлкі. 

Шаруа шақайды тауық қораға тастайды, түлкі болса, оны 

қорадан түнде лақтырып жібереді. Күн шыға түлкі шақайын 

сұрайды. 

Шаруа:


—Түлкіжан, шақайың орнында жоқ.

—Олай болса, ол үшін бір тауығыңды бер.

Амалсыздан шаруа түлкіге бір тауығын береді. Түлкі келесі 

бір үйге келеді. 

—Түнеуге кіргізіңіздерші, тауығымды үйректеріңізге қоса 

салсаңыз,—деп өтінеді түлкі.

Түнде тауығын жеп қойған түлкі таңертең оның орнына бір 

үйректі алады. Түлкі үшінші бір үйге келеді де:

—Түнеуге кіргізіңіздерші, үйрегімді қойларыңызға қоса 

салыңыз,—деп өтінеді.

Түнде түлкі үйрегін жеп қояды да, таңертең орнына бір қой 

алады.


336

337


МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР

22. ТЫШҚАН МЕН ЖЫЛАН

Бір тышқан тамақ тауып жеп, ініне қайтып келсе, онда бір 

жылан жатыр екен. Тышқан одан қорқып, қауіп шығаруға 

батпай, ақыл сұрай өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне 

барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңес 

айтыпты:


—Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жыланның сенің інің-

ді тартып алғаны әділдік емес. Бірақ оған қылар еш айла жоқ, 

оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, сені жеп қояды. 

Оған ештеңе қыла алмайсың,—депті.

  Тышқан бейшара қайғырса да, үндемей қойыпты. Бірақ 

қалай кегін алуды ойлап жүріпті.

Бір күні сейілдеп келе жатса, інінің аузында жылан ның 

күншуақта жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі 

ұйықтап жатыр екен. Тышқан барып оның мұрнын тістеп 

алыпты да, жыланға қарай тұра қашыпты.

Кісі оянып тұра қуып, алдында жатқан жыланды көріпті. 

Тышқаннан мұның зияны көбірек болған соң, кісі жыланды 

өлтіруге алданып қалыпты да, тышқанды қоя беріпті.

Жыланды өлтіріп, әлгі кісі кетіп қалыпты, тышқан жылан-

нан осылайша құтылып, өз ініне келіп қайта орналасыпты.

23. ТҮЛКІ МЕН БӨДЕНЕ

Бір күні түлкі жортып келе жатса, бір бөдене жорғалап 

барады екен, түлкі шап беріп бөденені ұстап алады.

Түлкі бөденеге:

—Балапандарыңды тауып берсең, өзіңді қоя берейін,—дейді.

Бөдене:


—Балапандарым анау қалың шөптің арасында еді, сол араға 

барып, мен болып шақырсаң, балапандарым келеді,—дейді.

—Жарайды,—деп бөденеге тиіспей, түлкі қалың шөпке 

келеді.


22-0184

338

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

—Балапандарыңды не деп шақырайын?—дейді түлкі.

—«Маңғыт» деп қатты дауыстап шақыр,—дейді бөдене.

Түлкі:

—Маңғыт!—дегенде, бөдене:



—Аузыңа саңғыт!—деп ұша жөнеліпті.

Арада ай өтіпті, жыл өтіпті. Түлкінің бөденеге өшпенділі-

гі арта түсіпті. Бір күні жортып келе жатып, бөденеге және 

кезігіпті. Бөдене қорыққанынан ағаштың басына шығып, қо-

нып отырыпты.

Түлкі:


—Ау, бөдене досым, не естіп, не білдің? «Барлық жан-

жануарлар бір-біріне қастық қылмасын» деген жарлық келді. 

Енді біреуге біреу тимейді, барлық жан-жануарлар мәңгі 

достасып өтеді. Енді сен жерге түс, достық әңгімеде болайық,—

дейді.

Сонда ағаш басында отырған бөдене мойнын созып, алысқа 



бойлап-бойлап қарайды, жерде тұрған түлкі:

—Е, бөдене досым, нені көріп қарадың?—дейді.

—Анық байқай алмадым, алыстан бір жануар келе жатыр. 

Бұта-бүргенің басынан бір-ақ ырғиды екен. Жүні сіздікінен 

тақыр, денесі зор әрі ұзын, жарғақ құлақ, мойнында қарғы 

бауы бар көрінеді,—дейді.

Түлкі:

—Ойбай, ол тазы шығар?



Бөдене және қарап:

—Болса болар,—дейді.

Түлкі:

—Ойбай, ендеше мен қашайын.



Бөдене:

—Е, досым түлкі, енді барлық жан-жануарлар бір-біріне 

тимейді, мәңгі достасып өтеді деп өзің айттың ғой, неге қор-

қасың? Мен де ағаштан түсейін, сен де бері жазыққа шық, тазы 

да келсін, үш дос әңгіме  дүкенін құрайық,—дейді.

Түлкі:


—Ойбай, кім біледі? Әлде ол жарлықты ести қоймаған 

шығар,—дейді. Бөдене:



338

339


МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР

—Естімеген болса, өз аузыңмен айт, жарлықты құлағына 

құй,—дейді.

Түлкі сонда:

—Маған жан керек емес пе?—деп қаша жөнеледі.

24. ҚОЗЫ МЕН ҚАСҚЫР

Баяғыда бір кішкене қозы жазықтағы жайылымға барған 

екен, қарсы алдынан қасқыр ұшыраса кетеді.

—Қайырлы күн!—дейді қасқыр.

—Аманбысың,—деп жауап қатады қозы.

—Қайда тарттың?—деп сұрайды қасқыр.

—Жазықтағы жайылымға.

—Ал мен сені дәл қазір қылғыта салам ба екен деп ойлап 

тұрмын,—дейді қасқыр.

—Ой, тоқта, бірден бассалмақшымысың? Мені жейді 

екенсің, әуелі жуынып, шайынып келмеймісің.

—Қайда барып жуынбақпын?—дейді қасқыр.

—Қам жеме, жуынатын  жерге өзім ертіп барамын.

Кішкене қозы қудың қуы екен. Ол қасқырды құрулы 

қақпанға ертіп келіп:

—Мына темір тегешке қолыңды сала ғой, әп-сәтте өзі-ақ 

жуындырады,—дейді. Қасқыр қолын қозы көрсеткен тұсқа 

сала бергенде, қақпан сарт етіп қысады да қалады. Қасқыр 

сирағын ары тартады, бері тартады, сөйтсе де темір «тегеш» 

табанда босатар емес. Сөйтіп, қасқыр, ауыл адамдары келіп оны 

оңдырмай «жуындырғанша», қақпанда тұра беріпті.  

   


25. ҚАЗ

Түлкі бір күні қазды ұстап алып, алдыңғы екі аяғымен ба-

сып тұрып, мазақ қыла мұртынан күліп:

—А, қаз, сенің қолыңа мен түссем, сен не қылар едің?—дейді.



340

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

Қаз сәл ойланып тұрып:

—Не қылар едім? Белгілі емес пе, сені тісіммен тістеп 

тұрып, екі аяғымды кеудеме қойып, көзімді жұмып: «А, Құдай, 

бергеніңе мың шүкір!» дер едім де, сені жеп қояр едім,—дейді.

Түлкі:

—Мынауың дұрыс екен, мен сені өзің айтқандай ғып 



жейін,—депті де, қазды тістеп, өзі шоқиып отырып, алдыңғы 

екі аяғын кеудесіне қойып, көзін жұмып «А, Құдай» дей бер-

генде, қаз қанатын қағып қалып, қаңқылдап ұшып кете беріпті. 

Түлкі «А, Құдай» деген күйінде аузын аңқита ашып, шоңқиып 

қала беріпті.

26. БҮРКІТ ПЕН ҚҰЗҒЫН

Бір күні бүркіт құзғынға кезігіп:

—Құзғын, екеуміздің де тегіміз құс. Бірақ сендер жуас 

құссыңдар, не болса соны жеп, үш жүз жылға дейін өмір 

сүресіңдер. Ал біз болсақ отыз жастан әрең асып жығыламыз, 

бұл қалай?—деп сұрапты. Сонда құзғын:

—Сендер ылғи жемтікті тірідей жеп қанын ішесіңдер, біз 

болсақ тек өлекселермен ғана күн көреміз,—депті.

Содан кейін бүркіт пен құзғын екеуі жемтік іздеуге шығады. 

Ұшып келе жатып, айдалада жатқан бір жылқының өлексесін 

көздері шалады.

Іздеген жемі табылған құзғын өлексені құшырлана шоқи 

бастайды, ұзақ өмір сүруге себепші болар ма екен деген оймен 

бүркіт те дәм татуға кіріседі. Жемтікті шоқи берген бүркіт кілт 

шегіншектейді.

—Құрсын, иістеніп кетіпті, өте дәмсіз екен. Жүрегімді 

айнытты. Мұндайды жеп үш жүз жыл өмір сүргенше, ата-баба 

салтынан айнымай, отыз-ақ жыл өмір сүргенімнің өзі артық 

екен,—деп ұша жөнеліпті.


340

341


МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР

27. КЕПТЕР МЕН ҚАРҒА

Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың 

көк жапырақтардың арасында бейқам отырғанда, ентіге жал-

пылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа мұнтық қара қарға келіп 

қонады да, мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін 

қырнай қарқылдай бастайды.

Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы 

зеңіп, мазасы кетеді. Сонда да өзі білер деп үндемей шыдап 

бағады. Бірақ қара қарға қарқылдауын тоқтатпайды. Денесі 

түршігіп, берекесі қашқан кептер:

—Ой, қарға, таң атқалы балапандарыма жем тасып әбден 

шаршап, мына қайыңның саясында аздап демалайын деп отыр 

едім. Мүмкін болса, біраз қоя тұршы, мазаны алмай,—деп 

өтінеді.


Өзінің әнін түсінбегеніне қарғаның қабағы түсіп кетеді. 

Тұмсығы сорайып, кілмие қарайды:

—Ей, осылайша шаршап отырғанда, көңіліңді көтерейін деп 

әдейі сайрап отырған жоқпын ба?!—дейді.

Кептер өз өтінішін ұқпаған қарғаға таңдана қарайды да, ары 

ұшып кетеді.



28. АТ ПЕН ӨГІЗ

Ат пен өгіз көгалда бірге жайылып жүрген екен. Бір кезде ат 

өгізге жиіркене қарапты да:

—Ей, сорлы жер жыртушы! Менімен бірге қалайша жайы-

лып жүрсің, өгіз? Аулақ ары! Жөнел арман!—депті.

Өгіз бұған қатты ашуланғанымен, кек көрмей:

—Бауырым, өзіңді сонша зор санап, мені сонша қор тұтқа-

ның қалай?—деп сұрапты.

—Қалай сен өзің немене, менің үстіме жұрттың алтын, күміс, 

асыл тастарымен әшекейленген әдемі тұрман таққандығын, 

шынымен-ақ, көрмей жүрмісің?—депті ат екіленіп,—үстіме 


342

ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР

патшаның өзі мініп, жалымды тарап, мадақтап, мәпеледі. 

Сондай бір жүйрік, пайдалы жануармын өзім! Ал сен несің? 

Патшаның саған тіпті қарағысы келсе не дейсің?

—Осыңның бәрі де рас!—деп міңгірлеп қойыпты өгіз,—

әйтсе де, сенен көрі мен пайдалырақпын. Жүйрік бол 

ма-


ғаныммен оның есесіне мен мықтымын! Егер мен жер жырт-

пасам, құдықтан су тасып, егінді суармасам, қырмандағы 

ас тықты бастырып, астық тиеген арбаны қалаға жеткізбесем, 

диірменнің тасын айналдырып ұн тартпасам, сен түгіл сенің 

үстіңдегі асыл текті патшаң да аштыққа қалған болар еді. 

Мен өзімнің адал еңбегіммен күллі әлемді күйіндіріп, асырап-

сақтап жүрмін!

—Ой, арсыз неме!—деп даурығыпты ат,—тантыма беталды! 

Әйтпесе, ішке бір теуіп қампайған қарныңды жара саламын!

Өгізде қарап қалмай, аттың қияңқылығына қияңқылық-

пен жауап қайтарыпты. Енді кішкене кешіксе, сойқанның 

болатыны сөзсіз еді. Бірақ жақын жерде піл жүр екен. Ол 

керілдескендердің қасына келіп, даудың мән-жайын біліп 

алған соң:

—Ей, мисыздар-ай! Бекерге таласасыңдар, екеулерің де 

өз-өздеріңше пайдалысыңдар. Жылқы бауырым, сен бір қара! 

Сенің істегеніңді өгіздің істей алмайтыны секілді, сен де оның 

орнын баса алмайсың. Сен адамға қызмет етсең, өгіз де оған 

аянбай еңбек сіңірді. Сол сықылды, өзге үй жануарлары да 

пайдасын тигізеді. Ал, енді сенің мақтанғаның барып тұрған 

бос сөз, керісті қойыңдар! Барыңдар да, әрқайсың өз істеріңді 

біліңдер!—депті.

Осы сөзді естісімен-ақ ол екеуі пілдің айтқандарының 

дұрыс екенін ұғынып, қатты ойлапты. Еңбек еткен әркімнің 

адамға өзінше пайда келтіретінін ұғыныпты да, ат содан кейін 

еш уақытта мақтанбайтын, ешкімді өзінен кем көрмейтін 

болыпты.

  


342

343


МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет