7. БҰЛБҰЛ МЕН ҚАРШЫҒА
Япырмай, кессем бе екен мен тілімді,
Үйрендім қайдан өнер, көп білімді?
Айтайын бұлбұл менен қаршығаны,
Тыңдаңдар, құлақ салып бұл сөзімді.
Жатпадым су түбінде сәдеп болып,
Бір күні шықпас па едім дәрге толып.
Байғыздай тас жастанып тауда жатпай,
Секілді болдым қарға ұшып-қонып.
Боп жүрмін өнерімді тауысқандай,
Мерт болдым айға шапқан арыстандай.
Сұңқардай биік шыңды мекен етпей,
Шықылықтап көзге түстім сауысқандай.
Сөйлеуден тыйылмай жүр қызыл тілім,
Өттің бе айқайлаумен, қайран күнім.
«Түлкінің қызылдығы өзіне сор»,
Сондай-ақ болды маған өлең-жырым.
Сыртым от, ішім жалын, қайнағаным,
Бұйырған, жұтқан күмән шайнағаным.
Жаныма тыныштық жоқ, өзіме қас,
Бұлбұлдай әрбір түнде сайрағаным.
Сайрауға дәрменім жоқ, жүрмін қажып,
Ұзын түн ұйқы көрмей жүрмін азып.
Фасһарту һафтуһу деп айтқан хадис,
Мен жүрмін құтыла алмай тілден жазып.
Айналдым бұлт болып биік тауға,
Іліндім шортан болып жібек ауға.
308
309
МЫСАЛ АЙТЫСТАР
Сөзі жоқ көп кісілер тыныш отыр ғой,
Қызыл тіл сен басымды салдың дауға.
Ақылды аузын жауып, тілін ашқан,
Бұл күнде ақыл, білім бізден қашқан.
Жеріне ақымақлықтан сыйғыза алмайды,
Алтынды пұлын білмей жерге шашқан.
Жатқанмен алтын жерде кір болмайды,
Жай тас пен дүрдің құны бір болмайды.
Жаңбыры Әб-рахматтың жауғанменен,
Сәдепке төгілмесе дүр болмайды.
Жаңбыры Әб-рахматтың нұр болады,
Жауғанмен басқа жайға қор болады,
Жыланға—у, араға—бал, тасқа—қына,
Жауғаны тақыр жерге сор болады.
Тікенге кетсе тамып, гүл болады,
Көзсізге көз, тілсізге тіл болады.
Жауғанмен тау мен тасқа пайдасы жоқ,
Сай-сайдан ағып дария сел болады.
Ғаламға Әб-рахмат суын шашар,
«Үстім су болады» деп адам қашар.
«Бір тамшы сонан маған тама ма?» деп,
Теңізде сәдеп жатып аузын ашар.
Бұлттай жауатынның менің өзім,
Азырақ сөйлейтұғын келді кезім.
Жаңбырдың Әб-рахмат тамшысындай,
Әр жерде тастай қылып айтқан сөзім.
Бораған қардай болып бұрқырадым,
Жалғаннан суып кеулім, тоқырадым.
310
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Бойыма алтынымды сақтай алмай,
Білмей жүр мұныменен һеш мұратым.
Қолында сырнайшының жез болыпты,
Білгенге жақсы-жаман сөз болыпты.
Гүл іздеп Гүлістанда жүрген бұлбұл,
Бір күні қаршығаға кез болыпты.
Сұрапты қаршығадан сонда бұлбұл:
—Жалғанда ынтызарым бір қызыл гүл.
Қаршыға-ау, сен де құссың, мен де құспын,
Ақылың бірақ сенің емес қой мол.
Бегленнің оң қолында тұрағыңыз,
Ерттеулі күнде жүйрік пырағыңыз.
Кекіліктің миы менен жүрегін жеп,
Табылған әрбір құстан мұратыңыз.
Жақсысын қымбат баға тағып қолға,
Шығасыз ұлықтармен жүріп жолға.
Жазым боп, жазатайым түссең торға,
Түсірмей алып кетер қолдан-қолға.
Өткіздім әрбір түнді сайрауменен,
Басымды тікенекке байлауменен.
Көрем деп қызыл гүлдің ашылғанын,
Өміріме зығырланам қайнауменен.
Қызыл гүл мен ұйықтамай ашылмайды,
Көзімше аузы ашылып, шашылмайды.
Оянсаң ұйықтап кетіп, ашылады,
Ғасіретім бір көре алмай басылмайды.
Зарлаймын ұзын түні «көремін» деп,
Көре алмай ашылғанын ғасіретім көп.
310
311
МЫСАЛ АЙТЫСТАР
Өмірімде бір ашылған уақытын көрмей,
Барамын бұл жалғаннан уайым жеп.
Қаршыға:
Қаршыға келді сонда жақындасып,
Бұлбұлмен сөйлесуге жауаптасып:
—Бұлбұл, сендей ақымақ құс көргенім жоқ,
Бір гүлге пайдасы жоқ болған ашық.
Сайрайсың ұзын түні ауыз жаппай,
Қонасың көлеңкелі бір бұтаққа-ай.
Жетпестен бір мұратқа мың сөйлейсің,
Сол үшін қалып тұрсың да мұрат таппай.
Аузыңды ақылың болса жабар едің,
Үндемей сабыр қылып бағар едің.
Тілі жоқ мен сияқты мылқау болсаң,
Бір күнде мың меруерт табар едің.
Боласың сен ақылды менен қайтіп,
Зарықтың бір гүл үшін жапа тартып.
Бұл күнде менің мұратым асыл боп жүр,
Адамға үндемеймін бірін айтып.
Бұлбұл:
Бұлбұл айтты:—Қаршыға-ау, сен бір ерсің,
Мұратын әр пенденің Тәңірім берсін.
Табарым мылқау болып мұрат болса,
Бітпеген асыл мұрат кете берсін.
Мұрныңды шошайтасың мақтағанға,
Жүруші ең «Ғалһәмәж» боп көп тойғанға.
312
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
....................................................
*
Мәз болып жүріпсің де сақтағанға.
Бермейді саған етті қаныменен,
Бір құстың тояттайсың саныменен.
Ертеден кешке дейін ашықтырар,
Алсын деп ұшқан құсты жаныменен.
Бір ұрттап қан ішесің, бір құс алсаң,
Сен—ақымақ тамақ үшін болған сарсаң.
Арбакеш сарттарға да қор болғанша,
Тоғайда жақсы емес пе, өліп қалсаң.
Жаратқан бір Тәңірге жетер датым,
Зарланған ұзын түнде мінәжатым.
Бітпеген асыл мұрат кетсе, барсын,
Адамға дастан болған бұлбұл атым.
Мұратым бітпесе де, көңілім тоқ,
Қаршыға, мен сендей қаңғып жемеймін боқ.
«Шіркіннің қаршығадай сайрауын-ай»,—
Деп айтқан бір адамды есіткем жоқ.
Құс болсаң, бозбалалар, бұлбұлдай бол,
Табылар іздегені бір қызыл гүл.
Әр жерде тамақ үшін торға түскен,
Тіл алсаң, бола көрме қаршыға сол.
8. ЖАСТЫҚ ПЕН КӘРІЛІК
Жастыққа қарай кәрілік сапар шекті,
Ойы боп қуып оны, алу кекті.
Жол көрген, жосық көрген кәрі немең
∗
Қолжазбада бір жол өшіріліп қалған.
312
313
МЫСАЛ АЙТЫСТАР
Жастықтың ордасына жетіп кепті.
Ойында зат жоқ, жастық жатыр еді,
Көрді де қу кәрілік шошып кетті.
Шошынып, ұясынан шығып көзі,
Елеулеп, қорыққандай болып өзі,
Сескеніп кәріліктің сипатынан,
Жастықтың сонда мынау айтқан сөзі:
Жастық:
—Мынау кім құп-қу болып, ұрты солған,
Ажырап өң-шырайдан түсі оңған?
Көрмеген тумысымда бір жан екен,
Бұл құрғыр қайдан келіп пайда болған?
Кәрілік:
—Қасқа, кәрің деген—мен боламын,
Не қылып басқа жаннан кем боламын?
Болса да сиқым төмен, осал емен,
Адамды меңіретуге ем боламын.
Жастық:
—Ежелден осылай ма көркің-сиқың,
Жағымсыз екен елге мінез-құлқың.
Адамда ақың бардай «міндетім» деп,
Апырай, бұзық екен іш пен сыртың.
Кәрілік:
—Жасымда сен сияқты көрікті едім,
Енуге ер қойнына ерікті едім.
Боларсың сен де мендей әлі-ақ бір күн,
314
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Тасығанын талай жастың көріп едім.
Табиғат заңы, ақымақ, әлемге ортақ,
Әйтпесе, мен зиянға жеріп пе едім.
Жастық:
—Мен сендей болсам түбі, өлгенім ғой,
Аз уақыт жана түсіп, сөнгенім ғой.
Жаһанға олай болса, келмес едім,
Ай, кәрілік, бүйтеріңді білмедім ғой.
Кәрілік:
—Абайла, мені мазақ етпе, шырақ,
Сағынып кеп тұрмын, зекпе, шырақ.
Көр дағы алдыңғыны, құйрықты қыс,
Солардан алып ғибрат ет те, шырақ.
Заңы айдап табиғаттың келіп тұрмын,
Саудасы жоқ сенде, менде текке, шырақ.
Біраздай сен де мұнда мекендедің,
Бабаңа орын босат, кет те, шырақ.
Жастық:
—Қапыда көрмес қартсың келіп қалған,
«Босат!» деп жылы орынды мазамды алған.
Қашаннан қара жүрек кәрілік едің,
Құр алдап «сағындым» деп айтпа жалған.
Кәрілік:
—Шамасы нанбайсың ғой, сағынсам да,
Аламын бұл орынды не қылсам да.
Жастығым, кетеріңнің келді кезі,
Жайым жоқ енді тыңдар жалынсаң да.
314
315
МЫСАЛ АЙТЫСТАР
Жастық:
—Өзіңдей етесің ғой жолдасыңды,
Білгемін ерте бастан оңбасыңды.
Заңына табиғаттың амалым жоқ,
Әйтпесе, мүжір едім қу басыңды.
Деді де қайран жастық тұра қашты,
Зымырап бір лезден белес асты.
Тұр екен жолын тосып бір қалқатай,
«Қанеки, қош келдің!» деп қойнын ашты.
Жастықтың босап қалған мекеніне,
Ұялмай еніп алды қарт албасты.
Енді де салды бүлік мекеніне,
Таппадым іздеп шара кетеріне.
Жастықтың жайнар жасыл мекеніне,
«Көр-жерді жатып алып толса» деді.
Әуелі әрі-бері тіресіп ек,
Ермесек болмайды енді жетегіне.
Бүтіндей алды орынды мекенденіп,
Табиғат барады оған икемденіп.
Болмастай қарсылыққа тұрды көріп,
Алдына тосып алып бүкеңдедік.
Өкіну керек емес өткен жасқа,
Амандық, шалт ұғымды бергей басқа.
Кәрілікті мойындауға сіздерге ерте,
Елу бес есептелер орта жасқа.
Ақ ниет сізге деген шалқысын да,
Әр кісінің аман етсін қалқасын да.
Өмірдің гүлденіп, өркендеуі
Шат тұрмыс, денсаулықтың арқасында.
316
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
9. ШАРУА МЕН ТАРЫНЫҢ
АЙТЫСЫ
Басыма тары ектім деп бір келмедің,
Қақсытып құлағымды тастап едің.
Шаруа:
—Қызталақ, сыйламадың сақалымды,
Қойып ем қарақшы қып шапанымды.
Бәрі де тары еккеннің қарық болды,
Ұрайын дәніңді алып тақалыңды.
Тары:
—Біте ме тастақ жерге тары деген,
Жабылып жау шымшықтың бәрі жеген.
Басыма тары ектім деп бір келмедің,
Ұрайын сақалыңды тары жеген.
Салады жүген-құрық қашағанға,
Қыласың неге уайым бас аманда?
Бәрі де реніштің естен шығар,
Тарыны майға қозғап асағанда.
10. АШУ МЕН АҚЫЛДЫҢ
АЙТЫСЫ
Ақыл:
—Жалмауыз әбжыландай ашу жаһіл,
Сақылдап иек пен тісің бара жатыр.
Ойпырмай түрің жаман түк қоймассың,
Айтып кет аты-жөніңді депті ақыл.
316
317
МЫСАЛ АЙТЫСТАР
Ашу:
—Айбатпен бара жатырмын жұбайыма,
Тіл десе азарына шыдайын ба?
Қалмады аузы-басым былғанбаған,
Өлтіріп оны бірден тынайын да.
Ақыл:
—Бармаңыз, тілімді алсаң, екеуіне,
Одан да менің жүрсей жетегімде.
Қайт енді пиғылыңнан, қақшаңдама,
Көпіріп өз бетіңмен кете берме!
Ашу:
Өлтіріп екеуін де досқа барам,
Алдында жүз грамды тастап алам.
Дүниеде опасыз дос керек емес,
Өлтіріп досымды да жастап алам.
Ақыл:
—Ақылға арашашы тоқтамады,
Алдында жүз грамды ұрттап алды.
Қасқырдай қапа жүрек, ашу—қақпас,
Кінәсіз жанын қиды үш адамның.
Ашудың, міне, осындай кесірлері,
Әдетті тастаңыздар есірмелі.
Досынан, жұбайынан, баласынан,
Айрылып неге соқты-ау шешімдері.
318
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
318
11. БАБАЙ МЕН ҚАСҚЫР
Бабай:
—Аузыңда түк, арқаңда жүн бар екен,
Кеудең сұлу, бөксеңде мін бар екен.
Талай малды жеп едің, бәлем, қасқыр,
Жететұғын саған да күн бар екен.
Қасқыр:
—Апырмай, қайдан таптың біздің ізді,
Мекен ғып жатыр едім жапан түзді.
Бөлтіріктерім кегімді алмай қоймас,
Қайтіп қырып тастайсың бәрімізді.
Бабай:
—Саған мені жеткізген Құдай Тағала,
Қурайды қылып жаттың несін пана.
Құдай оңдап осы қар ерімесе,
Талайыңды қыларман қызыл-ала.
Қасқыр:
—Сені маған жіберген Жаппар ием,
Ұрған сайын босайды жүйе-жүйем.
Бәрімізді қырамын деп жүргеніңде,
Құлын тастап жүрмесін буаз биең.
Бабай:
—Енді, қасқыр, Бабайдан жерсің таяқ,
Бітірмедің жылқыма құнан-саяқ.
Түбіме мұнан бұрын жетіп едің,
Қасқырым, к...ді қыс аямай-ақ.
318
319
МЫСАЛ АЙТЫСТАР
Қасқыр:
—Еліңде ғалым бар ма дінін күткен,
Неткен кісі ең, буаз биемен қуып жеткен.
Еліңнен елу бие жеп алғанмын,
Бабеке-ау, өлтірсең де, құным біткен.
Бабай:
—Елімде толып жатыр қажы, молда,
Кәрінің күйші болар қос қолы да.
Елімді мұнша неге зар жылаттың,
Қалатын жортушының басы жолда?
Қасқыр:
—Бабеке, тұлабойың амал екен,
Өзі буаз, кер биең шабан екен.
Баяғыдай көсіліп шаба алмадым,
Ел сілесін көп алған жаман екен.
Бабай:
—Талай малдың ішегін шұбатқансың,
Жығып беріп балаңды қуантқансың.
Солардың да обалы жіберсін бе,
Талай бие желінін суалтқансың.
Қасқыр:
—Сізді көріп балалар қашып еді,
Бірі—өзіме тартпаған жасық еді.
Жабағыңды менсінбей құр атыңды жеп,
Биылғы жыл мейманам тасып еді.
320
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Қуып жеттің сен мені неғып оңай,
Кіретұғын болмады қалың тоғай.
Бабеке, көрмегендей мақтанасың,
Былтырғы қайда кетті екі ноғай.
Бабай:
—Бір кірген неге шықтың тоғайыңнан,
Мені жеңем дейсің-ау оңайынан.
Ант ішіп елу кісі құтылғанбыз,
Былтырғы жала жапқан ноғайымнан.
Қасқыр:
—Еліңді мақтап, тіліңіз болған майда,
Кегімді балам алар келер айда.
Бабеке, көрмегендей мақтанасың,
Кешегі Жұматай мен Қодар қайда?
Бабай:
—Осы күнде жетеді саған әлім,
Бір елуге жетті ғой жеген малың.
Қайда қаңғып кеткенін кім біледі,
Ол дағы сен сықылды екен зәлім.
Қасқыр:
—Өзіме-өзім шаба алмай қайран қалдым,
Қуып жүріп жеуші едім талай малың.
Ұрғаныңнан барады сөзің өтіп,
Бүкішке ақ шекпенді қайран қалдым.
Бабай:
—Кеш боп кетті өлеңді қояйын да,
Сойылменен төбеңді ояйын да.
320
321
МЫСАЛ АЙТЫСТАР
Екі жолда жеп едің он жылқымды,
Теріңді мен тірідей сояйын да.
Қасқыр:
—Сылтауратып өлеңді қойғаның ба,
Сойылменен төбемді ойғаның ба?
Еліңді «ұры» дегенге намыстанып,
Үш теңге үшін терімді сойғаның ба?
Бабай:
—Қасқырым, іс көрдің бе мұнан қиын,
Жетсе арызың, Құдайға сен де сиын.
Сендей кәрі бір ісекті жүгіртпеске,
Бәске тігіп қойғанмын жеті тиын.
Қасқыр:
—Бабеке, бұл сөзіңде жоқ-дүр қата,
«Жол болсын» деп Байсары берген бата.
Мен дағы қашарымда сиынып ем,
Еш нәрсе қыла алмай тұр Сыңсыма ата.
Мал жыққанда жегенім қызыл қарта,
Қазынаға жарасар жібек мата.
Өз тойыңда төбелес қылушы едің,
Сен қайдан оңып едің майлы балта.
Мекен қып жатыр едім сайда деймін,
Еліңді ақтап, тіліңіз майда деймін.
Алып келіп барлығын маған жаптың,
Тумаңның көк биесі қайда деймін?
21-0184
322
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Бабай:
—Мына қар жауып қалды біздің баққа,
Сен жүйрік, жеткізбеуші ең арғымаққа.
Өзен, сай, қазған құдық толып жатыр,
Жығылып қалған шығар шұғанаққа.
12. КӨКҚҰТАН МЕН ШЫМШЫҚ
Бір шымшық және бір құс деген—ләйлек,
Ұқсатып үй салады ағаш таңдап.
Екеуі бір ағашты мекен етіп,
Дос болды өздерінің әлін аңдап.
Бір күні болмашыға араздасып,
Кінәні бір-біріне жатыр қамдап.
Шымшыққа ләйлек құсы деді:—Ей, надан!
Әліңді аңдамайсың неге барлап?
Көкқұтан:
—Менімен көптен бері бірге тұрдың,
Мен, сені «қоңсым ғой» деп қамың құрдым.
Өзіңнің жынысың—кішік, атың—шымшық,
Қарашы тұмсығыңа, титтей мұрның.
Жылан кеп шаға қойса, бірін аман
Қояр ма болса дағы балаң бір мың.
Әртүрлі осы арада дұшпандар көп,
Солардың бәрінен мен сақтап тұрмын!
Жарбиып жақсылықты жадыңа алмай,
Саласың көңіліме қалай кірбің?
Шымшық:
Шымшықтың сөзі мынау айтқан оған,
—Қоңсының қасиеті ғой—болу қоғам.
322
323
МЫСАЛ АЙТЫСТАР
Менің де бақадархал еңбегім бар,
Деп міндет ете берме «қамқор соғам».
Тұмсығың тым ұзындау болғандықтан,
Қаптаған құмырсқаға болмас тоған.
Шақса егер шидей болған сирағыңды,
Алатын арашалап осы жораң.
Құрымдай құмырсқаның қаншасынан
Құтқардым, қайда сенің қылған тобаң?
Сен, маған айтпа ондай ұнамсыз кеп,
Онан да бірігейік, болмайық шет!
Таптырмас татулықты қолдан беріп,
Қалмайық қапияда өкініш жеп.
Әлемге ой жіберіп қарап тұрсаң,
Бәрі де бір-біріне болған себеп.
Таманы тіршіліктің—біршілікпен,
Сондықтан лайығы—тұрмақ демеп.
Шымшықтың шымшып айтқан сөзін тыңдап,
Көкқұтан қайтты райдан: «Солай ма?» деп.
Әлсізді аяққа сап тебе бермей,
Ғибрат мұнан әркім алу керек!
Асауды арындаған үйретіп ап,
Болады жүруіңе жіп жетелеп.
Оқиға шақ болған соң ұзай алмай,
Доғарды Тұрмағамбет табан тіреп.
1. ҚУ ТҮЛКІ
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаң-
датып, тұмсығын жоғары көтеріп:
—Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге кел-
генмін,—дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір қарап, сенбей:
—Мүмкін емес,—дейді.
—Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аң-
дардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына тү-
сіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен
құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен інде-
рі не тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын
көтере түсіп:
—Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан
бар ма тірі?—деп мақтанады.
—Ия, сен шынында да айбарлы екенсің,—деп алданған жол-
барыс кетеді.
2. ҚЫРҒИ МЕН БӨКТЕРГІ
Қырғи мен бөктергі ойда жоқ жерде кездесе кетеді. Екі дос
өткен-кеткенді әңгімелеп, кездесу құрметіне кеш өткізуді ұй-
ІІІ. Мысал әңгімелер
325
МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР
ғарады. Кештің керегіне әзірлеу үшін жиырма торғай ұстап
әкелуге келіседі. Жиырма торғайдың жартысын ұстауды қырғи
міндетіне алады, қалған он торғай бөктергінің үлесіне тиеді.
Қырғи көп кешікпей он торғайды ұстап, төбе басында бөк-
тергіні күтіп отырады. Бөктергінің келетін мезгілі өтіп, ке ші-
геді. Ал бұлар кешті күн батпай бастауға уәде еткен. Ақыры,
шыдамы таусылған қырғи дерексіз кеткен бөктергіні іздеуге
шығады.
Қалың тоғай бойымен ұшып келе жатып, қырғи алыстан
бөктергіні байқайды. Ол бір торғайды қуып, ылдиға ығысты-
рып барады екен. Сол сәтте қырғи да бөктергінің соңынан ұшып
жетеді. Оның қауырсындары терге малшынып, аяғын тор ғай-
ды бүруге ілгері соза түсіпті. Бөктергінің шаршау кейпін көр-
ген қырғи тоғайда торғай қалдырмай қырған екен деп ойлайды.
Сөйтіп, ол бөктергіден асығыс:
—Ау, Бөке, қанша торғай ұстадыңыз?—деп сұрайды.
Сонда бөктергі алдында ұшып бара жатқан торғайды нұсқап:
—Осыны алсам, тоғыз торғай қалады,—депті.
3. ЕКІ БҰҒЫ
Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып
қалыпты.
—Мен жеймін мұны, мен бұрын көрдім,—депті бірі.
—Мен жеймін, мен бұрын келгенмін бұл жерге,—депті екін-
шісі.
Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне
түсіп сартылдата кеп мүйіздесе сүзісіпті. Аздан соң тіпті қы-
зық болыпты. Бұғының мүйізін, білесіңдер, талдың бұтағы
сияқты болады. Ілініскенше әбден сүзіскен көрінеді. Бір кезде
мүйіздері ілінісіп қалған бұғылар бірінен-бірі ажырай алмай
әрлі-берлі тартысыпты.
326
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Мұны өтіп бара жатқан аңшылар көріп қалыпты да қуанып,
дереу келіп бұғыларды арбасына салып үйлеріне қарай жөнеле
беріпті.
4. ТҮЛКІ МЕН ҚОЯН
Бір күні болдырып келе жатқан түлкі жортып жүрген
қоянды көріп, өтірік ауырған болып оның жолына сұлай кетіп-
ті де, қоянды шақырыпты.
—Қоянжан-ау, қоянжан, неге сонша жорытасың? Менен
неге қорқасың? Бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін бір
жескен, көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын, жақыны-
рақ келсеңші, қоштасайық,—депті.
Сонда қоян:
—Екі құлағым сөзіңде тұр, екі көзім өзіңде тұр. Сіз етті
жақсы көреді дейді жұрт, сол рас па?—депті.
—Рас болғанда қандай, тіпті ет жемесем басым ауырады!
—Міне, осыныңыз жаман ғой.
—Иә, соған өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бір тауық
жеп едім, соған жаным ашып жылап та жібердім. Өйткені ол да
тірі жүргісі келеді ғой. О, шіркін, тіршілік!—депті.
Қоян:
—Сіз оны өлтірмей тұрып ойлап көрдіңіз бе?—депті.
Сонда түлкі:
—Мен дәл сол жерін ойлауды ұмытыппын. Жаныма батып,
ауырып жатқаным да соның өкініші,—дейді.
—Ұмытшақ деген жаман ғой, мен де содан қорқамын, сон-
дықтан да жорытамын,—деп, тұра жөнеліпті қоян.
5. АРЫСТАН КҮШІГІН АСЫРАҒАН МЫСЫҚ
Бір мысық қаңғырып жүріп, өліп қалған арыстанның кү-
шігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы
326
327
МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР
жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір
күні ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемек болады.
Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып
кетеді. Сонда арыстан тұрып:
—О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған
анамдай ыстықсың. Бар қылығыңды үйреткенде, ағашқа өр-
мелеуді неге үйретпегенсің?—дейді.
—Қысылғанда керек болар дегенім еді,—депті сонда мысық.
6. АҚЫМАҚ ҚАСҚЫР
Бір аш қасқыр тамақ іздеп шығады. Жолда бір ешкіге кез-
деседі де:
—Мен сені жеуім керек,—дейді. Ешкі жалынады:
—Мені жегеннен саған пайда жоқ, көрмейсің бе, арықпын.
Үйде семіз лағым бар, соны алып келіп берейін.
Қасқыр келіседі. Ешкі жүгіріп кетіп қалады. Қасқыр кү-
тіп-күтіп, ешкі келмеген соң тағы жүріп келе жатып қойға кез-
деседі.
—Мен сені жеймін!
—Менен басқаны жеуге болмай ма? Мен атақты бишімін
ғой, мені өлтіргенің ұят болады.
Қасқыр таңданады:
—Жақсы, билейсің бе? Қане, маған билеп көрсетші.
—Қой билей бастайды да бірте-бірте алыстап, қашып кетеді.
Қасқыр ашуланып, тағы жол жүреді. Енді ат кездеседі.
—Ат, мен сені жеймін!
—Сен мені жей алар ма екенсің?!
—Қалайша жемеймін?—дейді қасқыр.
—Менің құйрығымның астында жазылған хат бар, соны
алып қара, сонда білесің.
Қасқыр аттың арт жағына шығып қарайын деп жатқанда, ат
маңдайға теуіп қалады. Қасқыр қаңқ етіп құлап түседі.
328
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Достарыңызбен бөлісу: |