«Самұрық-Энерго» АҚ құрылымы Активтер



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,74 Mb.
#5499
1   2   3   4   5   6

2011

Қоғамда жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің са-

лауатты өмір салты ұсталып, кеңінен насихатталады. ЕТҰ 

кәсіподақтарымен бірлесе отырып, Қоғам жыл сайын спорт жа-

рыстары мен жұмыскерлердің белсенді демалуына арналған  іс-

шараларды өткізіп тұрады. 

Балаларға ерекше назар аударылады: демалыс үйлеріне, 

шипажайларға, балалар лагерлеріне жолдамалар бері-

леді, балабақшалар жұмыс істеп, жаңа жылдық шырша 

 мерекесі ұйымдастырылады, сыйлықтар тарту етіліп, бала-

лардың қолөнер туындылары мен суреттерінің көрмесі 

ұйымдастырылады. Бұл мақсаттарда 2011 жылы шығыстың 30% 

астамы әлеуметтік төлемдерге жұмсалды.

Қоғам өндірістік қызметпен қатар онкология мен радиоло-

гия ғылыми-зерттеу институтының балалар бөліміне қолдау 

көрсетуге бағытталған елеулі әлеуметтік жұмыстарды жүргізіп 

отырады,  энергетика саласының ардагерлеріне, мүгедектерге, 

балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға, ата-

анасының қамқорысыз қалған балаларға, жағдайы төмен отбасы 

балаларына, қоғамдық бірлестіктердің, білім беру, денсаулық 

қорғау, мәдениет мекемелеріне, спортшыларды қолдау қорына 

демеу көрсетеді, жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек 

көрсетеді. Демеушілік және қайырымдылық көмекке 2011 жылы  

барлығы 931 млн теңге жұмсалды. 

Әлеуметтік саясат кадрлық саясаттың құрамдас және ажыра-

мас бөлігі болып табылып, компаниядағы жұмыстан қанағаттану 

сезімінің қалыптастырылуына бағытталған. Мұндай сая-

сат барлық жұмыскерлер үшін әлеуметтік кепілдіктер мен 

өтемақылар арқылы іске асырылып келеді. 

Қызметкерлер құрамын басқару

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы қызметкерлер 

құрамын басқару саясаты халықаралық стандарттарға сай 

ашық корпоративтік басқару жүйесі, орнықты корпоративтік 

мәдениеті мен біртұтас корпоративтік құндылықтар жүйесі бар 

жоғары нәтиже көрсететін компанияның құрылуын қолдайды.

Қоғамның кадрлық саясаты адамдар ресурстарын стратегиялық 

дамытуға бағытталған. Қызметкерлер құрамымен жүргізілетін 

жұмыс қызметкерлердің сапасын жетілдіру арқылы бизнестің 

тиімділігін арттыруға бағытталған Қоғам менеджментінің басты 

функциясы болып табылады

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығының жұмыскерлер 

саны 80 адамды құрайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы қызметкерлердің 

жалпы саны –  13 799 адам, оның ішінде:

•  әкімшілік-басқару саласында – 1 328 адам,

•  өндіріс саласында – 12 451 адам.

Әлеуметтік саясат

Жұмыскерлердің орташа жасы – 41 жас. Қоғамда жас мөлшері 

жағынан айтарлықтай теңгерілген жұмыскерлер құрамы еңбек 

етуде. Бұл буын ұрпақтың ауысып, үлкеннің жаспен тәжірибе 

бөлісу мәселесінің шешілуіне септігін тигізеді.  

Кадрлық саясаттың басты көрсеткіштері:

•  Кадрлардың ағымдылығы – 7,6 %.

•  Қызметкерлердің қанағаттану дәрежесі – 81,5 %

«Самұрық-Энерго» АҚ әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамы 

жұмыскерлерінің жұмысқа тартылу деңгейін анықтау үшін 

тәуелсіз компания әлеуметтік зерттеу жүргізген болатын. 

Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша  «Самұрық-Энерго» 

АҚ жұмыскерлері жоғары деңгейдегі адалдықты – 84,6% 

көрсетті. 

Қызметкерлердің адалдығы – қызметкерлердің компанияға, 

ұжымға, басшылыққа деген эмоциялық көзқарасын сипаттайтын 

қызметкерлердің жұмысқа жұмылуының ең маңызды көрсеткіші. 

Адалдық – жұмысқа итермелеуші қуатты күш. Мұндай күш 

қызметкерлерді басқару ісіндегі аса маңызды құраушы. 

Қызметкерлердің білім беру деңгейі:

•  4 101 жұмыскердің жоғары кәсіби білімі;

•  4 183 жұмыскердің арнайы орташа білімі;

•  5 515 жұмыскердің орта білімі бар.

Қызметкерлерді оқытуға жұмсалған шығын 209 866 мың 

теңгені құрады. 1 жұмыскерді оқытуға жұмсалған қаражат  

26 622 теңгені құрады. Барлығы 7 883 жұмыскер оқытылды. 

Қоғам жанында жұмыскерлерді дайындайтын, қайта даярлай-

тын және біліктілігін арттыратын 3 оқу орталығы жұмыс істейді 

(«АЛЭС» АҚ, «СЭГРЭС-2» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС).

Қоғам тәжірибе алмасу және жаңа технологияларды зерттеу, 

сондай-ақ қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін 

арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей 

Федерациясының көптеген оқу орындары мен ғылыми-

техникалық кәсіпорындарымен өзара қарым-қатынас орнатады. 

Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне 

бағытталған қызметкерлерді итермелейтін күш мәселесіне 

ерекше мән беріледі. Қызметкерлерді итермелейтін күштің 

басымдықтары ашық еңбек ақы жүйесінен, әлеуметтік қолдау 

көрсету жүйесінен және жұмыскерлер жұмысының басты 

көрсеткіштері жүйесінен көрініс табады. 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 

Қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету, жұмыскерлердің 

денсаулығы мен өсірін сақтау Қоғамның басты міндеттерінің бірі 

болып табылады. Осы орайда, 2011 жылы Қоғам ішінде Дирек-

торлар кеңесінің шешімімен (2011жылғы 11 мамырдағы № 47 


жылдық есеп. 

2011

хаттама)  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 

саясат (бұдан әрі – Саясат) бекітілді. 

Саясаттың негізгі басымдықтары ретінде Қоғам төмендегілерді 

айқындап отыр:

•  жұмыскердің өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты 

өмірі мен денсаулығының басымдығы; 

•  қызметкерлердің жарақат алуы мен денсаулығының 

нашарлауының алдын алу;

•  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджменті 

жүйесін тұрақты түрде жақсарту және оның нәтижесін 

арттыру;


•  жабдықтар мен жеке және ұжымдық қорғаныс 

құралдарының заманауи түрлерін қолдану арқылы 

қауіпсіздік деңгейін үнемі арттырып отыру.  

Қоғам Саясат басымдықтарын іске асыру үшін төмендегілерді 

қамтамасыз етуге ниетті: 

•  Қоғамда бар тәуелдерді анықтау және оларды жою 

мақсатында іс-шаралар жоспарын әзірлеу жұмыстарының 

тұрақты жүргізілуін;  

•  қызметкерлер біліктілігінің тұрақты арттырылуын;

•  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерінің 

барлық қолданыстағы және қайта енгізілетін процестерге 

кіргізілуін;

•  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 

басшылар мен орындаушылардың жеке жауапкершілігінің 

белгіленуін; 

•  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджменті 

жүйесіне тартылуын арттыруға қызметкерлерді итермелеу;

•  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жетік 

білім мен тәжірибенің енгізілуін;

•  Қоғамның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 

саласындағы қызметі туралы елеулі деген ақпараттың 

барлық мүдделі тараптар үшін ашық болуын.

Осы мақсатта Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарында 

(ЕТҰ) төмендегідей әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырылу-

техникалық және емдеу-профилактикалық іс-шаралар 

жүргізіледі:

•  жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек әдістеріне үйрету;

•  қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау;

•  жұмыскерлерді арнайы киіммен және басқа да жеке 

қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

•  зиянды жұмыс жағдайындағы жұмыс үшін жеңілдіктер мен 

кепілдіктер белгілеу;

•  жыл сайын жүргізілетін медициналық тексерулер мен ауы-

сым алдындағы медициналық куәландырулар жүргізу;

•  ұйымның қауіпсіздік техникасы бөлмелерін жұмыскерлерді 

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға үйретуге қажетті 

құралдармен қамтамасыз ету;

•  жұмыскерлерді арнайы әдебиетпен және көрнекі 

құралдармен қамтамасыз ету;

Әлеуметтік саясат

•  ж ұм ы с  о р ы н д а р ы н  е ңб е к ті  қо р ғау  жө нін де гі 

нұсқаулықтармен жарақтау;

•  басқа да іс-шаралар. 

2011 жылы Қоғамның барлық ЕТҰ «Халық денсаулығы және 

денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 

Кодексіне сәйкес міндетті мерзімдік медициналық тексеру 

жүргізілді. Медициналық тексеру жүргізудегі басты мақсат – 

денсаулықты қалыптастырып, нығайтуға, ауруларды, соның 

ішінде кәсіптік аураларды, өндіріс орнында улану жағдайлары 

мен жазатайым жағдайларды анықтап, таралуын алдын алуға 

бағытталған медициналық тексерудің уақытылы жүргізілуін 

қамтамасыз ету. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс 

істейтін Қоғамның барлық ЕТҰ жұмыскерлеріне Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің 

қаражаты есебінен арнайы тағам (сүт) беріледі, қысқартылған 

жұмыс уақыты белгіленген, еңбекақы төлеу мөлшері көтеріліп, 

қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы белгіленген. 

Қазақстан Республикасының Еңбек  Кодексіне сәйкес 

Қоғамның ЕТҰ барлық қызметкерлері арнайы киіммен және 

жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Алай-

да жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім мен 

Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау 

Министрінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 169-қ бұйрығымен 

бекітілген өзге де ЖҚҚ берудің салалық нормаларында электр 

энергетика саласындағы бірқатар кәсіп атаулары ескерілмеді. 

Осыған байланысты «Алматы электр станциялары» АҚ еңбек 

қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары ҚР 

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық 

ғылыми-зерттеу институтымен бірігіп, республикалық салалық 

нормаларға толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізді. 

Жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек амалдарына үйрету – Қоғамның 

ЕТҰ ұйымдары өндірістік жарақатты азайту жолында 

жүргізетін шаралардағы маңызды құраушы. Қоғамның ЕТҰ 

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт 

қауіпсіздігі  мәселелеріне үйрету жұмыстары «Қауіпті өндіріс 

объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан 

Республикасының Заңына, «Өрт қауіпсіздігі туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңына және Еңбек қауіпсіздігі және 

еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыскерлерді оқыту, 

нұсқаулықтар беру және білімін тексеру ережесіне сәйкес 

жүргізіледі. Осылайша, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы 

электр станциялары» АҚ мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 

оқу-курсы комбинаттары, ал «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 

6 (алты) оқу-жаттығу полигон ашылған. Қоғамның қалған ЕТҰ 

жұмыскерлерді еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздік 

мәселелері бойынша оқыту үшін арнайы ұйымдармен шарттар 

жасалады.  

Мысал үшін 2011 жылы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Алма-

ты облысының Ново-Алексеевка ауылындағы оқу-жаттығу по-

лигонында облыстық электр таратқыш желілердің электр мон-



жылдық есеп. 

2011

тер бригадаларының сайысы өтті. Жеңімпаз атанған Қарасай 

ЭТЖ бригадасы Қарағанды қаласындағы «Қарағанды Жарық» 

АҚ электр желі компаниясының оқу-жаттығу полигонын-

да өтетін тарату желілерінің электр монтерлер бригадасының 

республикалық сайысына баратын болады. 

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ жабдықтарды жөндеу жөніндегі 

дәнекерлеушілер, автоматика құралдарын жөндеу және 

қызмет көрсету жөніндегі электр-газ дәнекерлеушілері, электр 

дәнекерлеушілер мен РЗА электр монтерлері, химиялық суды 

тазалау аппаратшылары арасында «Қазақстан Республикасының 

тәуелсіздік к үні» мен «Энергетик к үні» мерекесіне 

орайластырылған байқау ұйымдастырылып, «Өз кәсібінің 

үздігі-2011» атағының иегері анықталды. 

Өндірістік жарақатты азайту мақсатында Қоғамның ЕТҰ еңбек 

қорғау басқармалары, қызметтері мен бөлімдері құрылымдық 

бөлімшелердегі еңбектің қорғалу жағдайына, қауіпсіздік 

техникасының жағдайы мен энергетика жабдықтарының пай-

даланылу жағдайына ұдайы кешенді тексерулер жүргізіп, 

рұқсат нарядтары бойынша жұмыс істейтін бригадалардың 

жұмыс орындарын тексеріп отырады. Кешенді тексерулердің 

қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықты жою 

шараларының белгіленуімен алғышарт-актілер берілді. 

2011–2012 жж. ай сайын еңбектің қорғалу жағдайы мен 

қауіпсіздік техникасының жағдайын жақсартуға және энергия 

объектілеріндегі өрт қауіпсіздігінің арттырылуына бағытталған 

қорытынды бұйрықтар шығарылып, Қауіпсіздік техникасы 

күндері өткізілді. 

2011 жылы Қоғам еңбек жағдайларын жақсарту шараларының 

орындалуына барлығы 633 283 мың теңге жұмсады. 

Мақсаты өнеркәсіптік, қаржы және мемлекеттік секторларда  

халықаралық стандарттарды қолдану арқылы әлем экономика-

сына толыққанды қатысу болатын Қазақстан Республикасын-

да әзірленген 2010–2012 жж. арналған ұлттық бағдарламаға 

сәйкес Қоғам барлық ЕТҰ OHSAS 18 001:2007 халықаралық 

стандартының талаптарына сай келетін Кәсіби денсаулық пен 

еңбек қауіпсіздігінің менеджмент жүйесін енгізуге ниетті. 

Бүгінде «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ мен «Ақтөбе ЖЭО» 

АҚ ISO 9001:2008, ISO 14 001:2004, OHSAS 18 001:2007 

халықаралық стандарттарына сай келетін интеграцияланған 

менеджмент жүйесі (ИМЖ) енгізілді. «Богатырь Көмір» ЖШС 

сапа менеджменті жүйесі мен экологиялық менеджмент жүйесі 

енгізілген, кәсіби денсаулық пен еңбек қауіпсіздігі саласындағы 

Әлеуметтік саясат

менеджмент жүйесін енгізу жоспарлануда. «Алатау Жарық Ком-

паниясы» АҚ мен «Алматы электр станциялары» АҚ халықаралық 

стандарттардың талаптарына сәйкестікке сертификаттау 

жүргізу 2012 жылға белгіленіп отыр. ИСМ «Шардара ГЭС» АҚ 

енгізу жоспарда бар. 

Қоршаған ортаны қорғау 

Қоғамның негізгі мақсаты – экологиялық қауіпсіздік деңгейін 

арттыру, сенімді және экологиялық қауіпсіз өндірісті, энер-

гия тасымалы мен таратылымды, табиғи энергетика ресурста-

рын пайдалануға кешенді амал қолданылуын қамтамасыз ету 

есебінен Қоғам ЕТҰ капиталдандырылуын арттыру, 

Корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі мен Қоғамда 

қолданылатын қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің 

маңызды бөлігі болатын экологиялық менеджмент жүйесін 

енгізу жоспарлануда. 

Қоғам халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, 

ғылыми және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық қарым-

қатынастар орнатып отырады. 

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті 

қамтамасыз ету аясында Қоғам қызметінің негізгі бағыттары 

болып мыналар табылады:

•  қоршаған ортаны ластайтын тасталатын шығарындылардың 

көлемін азайту; 

•  өндіріс қалдықтарының түзілуін азайту және олардың 

қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, қалдықтарды 

қайта өңдеу шараларын жүргізу; 

•  ГЭС пайдалану кезінде су объектілерінің ластануына жол 

бермеу және биологиялық ресурстарды сақтау;

•  дәстүрлі емес және қалпына келтірілетін энергия көздерін 

дамыту;

•  технологиялық қайта жарақтау және ескірген жабдықтарды 



бірте-бірте пайдаланудан шығару, электр энергиясын 

өндірген, тасымалдаған және таратқан уақытта озық тех-

нологияларды пайдалану;

•  гидроэнергетикаға арналған су қойма ағындарын реттеу;

•  жылу электр станцияларына энергетикалық көмір жағатын 

ең жаңа технологияларды, күкірт және азот тазалау түтін-

газдарының заманауи әдістерін енгізу.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпыға ортақ нормалардың 

сақталуы қоршаған ортаға келтірілетін кері әсерді азайтуға 

мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет