«Самұрық-Энерго» АҚ құрылымы Активтер


Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,74 Mb.
#5499
1   2   3   4   5   6

Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау 

жөніндегі комитеті 

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет Директорлар 

кеңесінің консультативтік-кеңесу органы болып табылады. Ко-

митет Қоғам қызметінің стратегиялық бағыттарының мәселелері 

бойынша ұсынымдарды әзірлеп, саралап үшін құрылған. 

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің мүшелері:

•  Сатқалиев Алмасадам Майданұлы – Директорлар кеңесінің 

Төрағасы, Комитет Төрағасы

•  Дәукеев Құмарбек Жүсіпбекұлы – тәуелсіз директор, Коми-

тет мүшесі

•  Нұров Қанат Ильич – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі 

•  Сатаев Рақымжан Кайыргелдіұлы – «Самұрық-Қазына» 

АҚ Корпоративтік басқару және стратегиялық даму 

департаментінің бас менеджері, дауыс беру құқығы жоқ 

Комитет сарапшысы.

Комитет 2011 жылдың 22 желтоқсанында құрылғандықтан  

(№ 54 хаттама), 2011 жылы Комитет отырыстары өткізілмеді. 

Басқарма 

Қоғамның А лқа лы атқарушы органы болып, Қоғам 

Басқармасының Төрағасы басқаратын Басқарма табылады. 

Қоғам Басқармасының мүшелерін Қоғамның Директорлар кеңесі 

тағайындайды.  

Басқарма мүшелерінің санын Қоғам Басқармасы Төрағасының 

ұсынысымен Қоғамның Директолар кеңесі айқындайды. 

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының сандық құрамы Қоғам 

Басқармасы Төрағасының ұсынысымен алты адам болып 

белгіленді.



Қоғам Басқармасының Төрағасы 

Ағымдағы қызметті жалғыз және атқарушы орган – Қоғам 

Басқармасының Төрағасы басқарады. 

Қоғам Басқармасы Төрағасының құзырына Акционерлердің 

жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің және Қоғам 

Басқармасының құзырына жатқызылған мәселелерді 

қоспағанда, Қоғамның ағымдағы қызметінің басқарылуына 

қатысты барлық мәселелер жатады.



Қоғам Басқармасының құрамы: 

Үпүшев Е.Е. – Басқарма Төрағасы;

Тұрғанов Д.н. – Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары;

Мақсұтов К.Б. – Экономика және қаржы жөніндегі Басқарма 

Төрағасының орынбасары;



Әбітаев Е.А. – Өндірістік-техникалық мәселелер жөніндегі 

Басқарушы директор;



ли А.И. – Перспективалы даму жөніндегі Басқарушы директор;

Тазабеков С.К. – Құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы 

директор.

Корпоративтік басқару


жылдық есеп. 

2011

2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қоғам Басқармасының құрамы:  

ҮпҮшЕв Е.Е. 

Басқарма Төрағасы



ӘБІТАЕв Е.А.

Өндірістік-техникалық

мәселелер жөніндегі 

Басқарушы директор



ТұрғАнов Д.н.

Басқарма Төрағасының

бірінші орынбасары

лИ А.И.

Перспективалы даму 

жөніндегі Басқарушы директор

МАҚСұТов К.Б.

Экономика және қаржы 

жөніндегі Басқарма Төрағасының 

орынбасары



ТАзАБЕКов С.К.

Құқықтық мәселелер

жөніндегі Басқарушы директор

Корпоративтік басқару

2011 жылы Қоғам Басқармасының 31 отырысы өткізіліп, 123 

мәселе қарастырылды. Олардың ішінде Қоғам Басқармасы 2011 

жылы қабылдаған анағұрлым маңызды шешімдер: 

•  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тобына 

кіретін ұйымдар арасында мәмілелердің, соның ішінде 

Алматы қ. электр желілерінің перспективалы даму Жоспа-

рын орындау және Алматы ЖЭО тоқтамай жұмыс істеуін 

қамтамасыз ету мақсатында еншілес ұйымдарға қаржылай 

көмек беру мәселелері бойынша жасалуы туралы;

•  «Ақтөбе ЖЭО» АҚ акциялар пакетін «Самұрық-Энерго» 

АҚ пайдасына беруде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 

активтерін қаржылық сауықтыру және қайта құрылымдау 

шаралары; 

•  Қоғам бақылайтын ұйымның ұзақ мерзімді сатып 

алуларының келісілуі; 

•  демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету

•  Қоғамның мүдделі тұлғаларымен арадағы қарым-

қатынасты басқару мақсатында бизнесті басқарудың 

халықаралық тәжірибесіне сәйкес Мүдделі тараптар (стейк-

холдерлер) картасын әзірлеп, бекіту;

•  Алматы облысы Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт күн 

электр станциясының құрылыс жобасын әзірлеу туралы;

•  «Самұрық-Энерго» АҚ ертеректе «Қазақстанның Даму 

Банкі» АҚ алдында қабылдаған «ҚазҚуат» АҚ-ның 

міндеттемелерін құқықтық мұрагерлікке алуы туралы;

•  «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ 

алдындағы міндеттемелерді өтеуі туралы;

•  «Мойнақ ГЭС» АҚ қайтарылатын уақытша қаржылай көмек 

көрсетуі туралы;

•  «Алматы электр станциялары» АҚ «Самұрық-Энерго»  

АҚ-нан 14.06.2010 ж.  № ФП-56 Шарты бойынша 2011 

жылдың 01 шілдесіне дейін алған қаржылай көмектің 

қайтарылу мерзімін ұзарту туралы;

•  «Самұрық-Энерго» АҚ «Екібастұз Энергоорталық» АҚ 

банк шотына салық берешегін толығымен өтеу үшін және 

«Екібастұз Энергоорталық» АҚ тарату процедурасын аяқтау 

үшін ақшалай қаражат аударуы туралы; 

•  «Самұрық-Энерго» АҚ «Шардара ГЭС» АҚ акцияларының 

100% тапсыру бойынша мәміле жасасу туралы;

•  «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ несие желісі бойынша 

міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуде кепілдік 

шарттарына өзгерістердің енгізілуі туралы.



жылдық есеп. 

2011

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесі мен басқармаға 

Қоғамның стратегияық мақсаттарға қол жеткізудегі міндеттерін 

орындауға жәрдемдеседі. 

Ішкі аудит қызметінің негізгі мақсаты – тәуекелдерді басқару 

жүйелерін, ішкі бақылауды және  корпоративтік басқаруды 

жетілдіру ісінде жүйелі тәсім қолдану жолымен Директорлар 

кеңесіне Қоғамның тиімді басқарылуын қамтамасыз ету үшін 

тәуелсіз әрі объективті ақпарат ұсыну. 

Ішкі аудит қызметінің құрамы үш адамнан құралған. Ішкі аудит 

қызметінің басшысы мен жұмыскерлерін Директорлар кеңесі 

тағайындайды. Ішкі аудит қызметінің жұмысын Қоғамның Ди-

ректорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті үйлестіреді. 

Ішкі аудит қызметінің жұмысына Ильясова А.Б. басшылық етіп 

келді. 

Директорлар кеңесі бекіткен 2011 жылға арналған жылдық 



аудиторлық жоспарға сәйкес Ішкі аудит қызметі еншілес/тәуелді 

ұйымдарға кешенді тексеру, Қоғамның жоспарлау циклына  

аудит жүргізді. Аудиторлық тапсырмаларды орындау нәтижесі 

бойынша Ішкі аудит қызметі компанияға ішкі бақылау жүйесінің 

тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған 26 ұсыным 

берді. Ішкі аудит қызметі тоқсан сайын тексеру қорытындысы 

бойынша ұсынымдардың орындалуына, сондай-ақ Қоғам мен 

оның еншілес (тәуелді) ұйымдарының шоғырландырылған 

қаржы есептілігінің аудит қорытындысы бойынша сыртқы 

аудитордың ұсынымдарына мониторинг жүргізеді. 

Аудит жөніндегі комитеттің мүшелерімен бірге жұмысының 

әлсіз тұстарын талқылап, тексеру қорытындысы бойынша 

берілген ұсынымдарды орындау мақсатында жекелеген еншілес/

тәуелді ұйымдардың басшылығымен кездесулер өткізілді. ІАҚ 

жұмыскерлері мен басшыларының Аудит жөніндегі комитеттің 

мүшелерімен арадағы ІАҚ қызметінің мәселелері бойынша кез-

десу жүйелі түрде өткізіліп тұрады.   

Есеп беру кезеңінде Ішкі аудит қызметі: KPMG халықаралық 

компаниясымен бірлесіп, «Самұрық-Қазына» АҚ өткізген 

Қоғамның корпоративтік басқарылуын жетілдіру және диаг-

ностикалау жобасына; тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ), 

басқару есептілігінің жүйесін (БЕЖ) және т.б. енгізу аясында 

әзірленетін Қоғам мен ЕТҰ ішкі құжаттарының жобаларының 

келісілуіне; тәуекелдерді басқару жүйесін, ықпалдасқан ме-

неджмент жүйесін енгізу және Қоғамның қызметіне баға беру 

мәселелері бойынша Қоғамның сыртқы кеңес берушілермен 

арадағы жұмысына қатысты.


жылдық есеп. 

2011

Елеулі 


корпоративтік 

оқиғалар


Елеулі корпоративтік оқиғалар

05 сәуір


«КМГ-Энерго» АҚ ерікті түрде тарату процедурасының жүргізілуіне байланысты ҚР Әділет министрлігі Алматы қ. 

Әділет департаменті «Самұрық-Энерго Строй Сервис» ЖШС мемлекеттік қайта тіркеу жүргізді.  

Нәтижесінде, «Самұрық-Энерго Строй Сервис» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100% «Самұрық-

Энерго» АҚ меншігіне өтті. 

19 мамыр

«Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының «Қазақстан электр 

энергетикасының жағдайы мен даму келешегі» тақырыбындағы дөңгелек үстеліне қатысты. 

18 мамыр


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ арасында сенімді басқару шарты жасалып, «Екібастұз  

ГРЭС-1» ЖШС жарғылық капиталының қатысу үлесінің 50% «Самұрық-Энерго» АҚ сенімді басқаруына тапсырылды. 

27 мамыр 

Алматы қ. өткен ТМД елдерінің Электр энергетикалық Кеңесінің 39-отырысының жұмысына қатысты. 

13 маусым

«Самұрық-Энерго» АҚ мен Қытайдың Экспорттау-Импорттау Банкі жалпы сомасы 500 миллион АҚШ  долларға 

электр станциялардың, тарату желілерінің құрылыс жобаларын және басқа да перспективалы жобаларды іске 

асыруда қаржылық ынтымақтастық туралы шекті келісімге қол қойды. 

15 маусым

«Самұрық-Қазына» АҚ (№ 26/11 хаттама) Басқармасы Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасы Құлыбаев 

Тимур Асқарұлы мен Директорлар кеңесінің мүшелері Әбілғазин Данияр Рүстемұлы мен Тұрғанов Дүйсенбай 

Нұрбайұлының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. 

Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасы болып, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры Сатқалиев 

Алмасадам Майданұлы, Директорлар кеңесінің мүшесі болып, Огай Алексей Владимирович сайланды.

20 маусым

«АлматыЭнергоСбыт»  ЖШС мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді. Нәтижесінде, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 

жарғылық капиталына қатысу үлесінің  100% «Самұрық-Энерго» АҚ меншігіне тапсырылды. 

04 шілде


Телекөпір өткізу барысында «Бай-қуатты Қазақстанды бірге жасаймыз!» атты индустриалдық-инновациялық фо-

рум аясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «онлайн» режимде қуаты 630 МВт «№ 3 ст. энергия блокты қондыру арқылы 

Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру» жобасының осы сәттен бастап, іске асырылатынын хабарлады.   

25 тамыз


«Балқаш ЖЭС құрылыс» жобасын дамыту, қаржыландыру, жобалау, құрылысы, пайдаланылуы және техникалық 

қызмет көрсету саласында ҚР Үкіметі мен Корея Республикасы Үкіметі арасында келісімге қол қойылды. 

05 қазан

«Самұрық-Энерго» АҚ БҰҰ Жаһандық шартына кірді.

21 қазан  

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығына (ҚЭЭҚ) кірді. 

24 қазан 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен (хаттама  № 44/11) Нұров Қанат Ильич тәуелсіз директор, 

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

1-3 қараша 

«PowerKazakstan 2011» халықаралық конференция-көрмеге қатысты.   

17 қараша 

Ресей ФСФР қолдауымен «Бағалы қағаздар нарығы» (Ресей) журналы мен Инвестор.ру әлеуметтік желісі 

ұйымдастырған жыл сайын өткізілетін XIV Жылдық есептер байқауының қорытындысы бойынша «Самұрық-

Энерго» АҚ жылдық есебі «Шетелдік компанияның үздік жылдық есебі» номинациясында 3-орынды иеленді. 

24 қараша 

Алматы қ. әкімдігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бірлесіп ұйымдастырған «Госзаказ-2012»  акциясына қатысты. 

01 желтоқсан

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өткізген «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлер құрамының тартылуын сараптау» 

қорытындысы бойынша Қоғамдағы қанағаттану индекстері 88,9%, адалдық – 84,6% және бастамаларға қолдау 

көрсетілу – 82,4% құрады.

06 желтоқсан

«Самұрық-Энерго» АҚ (хаттама № 53) Директорлар кеңесі Қоғамның  2011–2020 жж. арналған Даму стратегиясын 

бекіту туралы шешім қабылдады.

09 желтоқсан 

Индустрияландыру күнін атап өту және «Алтын сапа» мен «Парыз»  президенттік сыйлықтарымен марапаттау 

салтанаты аясында өткізілген «Бай-қуатты Қазақстанды бірге жасаймыз! Алға, Қазақстан!» индустрияландыру 

жобаларын іске қосу бойынша жалпыұлттық телекөпір барысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директоры 

Әбітаев Е.А., Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевқа «Мойнақ ГЭС Құрылысы» жобасының іске 

асырылу барысы туралы хабарлады.

09 желтоқсан 

Қоғам Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ұйымдастырған «Бос орындар жәрмеңкесі» қатысты.

16 желтоқсан  

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы 

жұмыскерлерінің сіңірген еңбегі мемлекеттік наградалармен атап өтілді. Үш жұмыскер «Құрмет» орденімен, бесеуі 

«Ерең еңбегі үшін» төс белгісімен, екі адам ҚР Құрмет  грамотасымен марапатталды. 

20 желтоқсан 

«Самұрық-Энерго» АҚ сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сай 

келетіндігін растайтын халықаралық сертификат берілді.


жылдық есеп. 

2011

«Самұрық-Энерго» 

АҚ құрылымы

«Самұрық-Энерго» АҚ құрылымы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

(94,7931 %  акций)



БАСҚАрМА ТӨрАғАСы

Тағайындаулар және 

сыйақылар жөніндегі комитет

Стратегиялық жоспарлау 

комитеті

 Басқарма Төрағасының қаржы  

және экономика жөніндегі 

орынбасары

Басқарма 

Төрағасының 

кеңесшілері

Өндірістік-

техникалық 

мәселелер 

жөніндегі 

Басқарушы 

директор

Басқарушы 

директор

Перспективалы 

даму жөніндегі 

Басқарушы 

директор

Стратегия және 

Корпоративтік 

басқару  

департамент

Көмір активтерін 

басқару 

департаменті

Адам ресур-

старын басқару 

және әкімшілік 

мәселелер 

жөніндегі де-

партамент

Құқық 

мәселелері 



жөніндегі 

Басқарушы  

директор 

Құқық 


департаменті

Қауіпсіздік және 

еңбекті қорғау 

департаменті

Экономикалық 

сараптау және 

жоспарлау 

департаменті

 Қаржылық есеп 

департаменті

Басқарушы 

директор


Инвестициялық 

жобалар 


департаменті

Корпоративтік 

қаржыландыру 

департаменті

Тәуекелдерді 

басқару 


департаменті

Ақпараттық 

технологиялар 

және ТПАБЖ 

департаменті

Бизнес пен 

инновация-

ларды дамыту 

департаменті 

Күрделі құрылыс 

департаменті

Мониторинг 

және сатып алу 

департаменті

Өндірістік-

техникалық 

департамент

 Директорлар кеңесі 

Басқарма

Өкілдік


Корпоративтік хатшы

Директорлар кеңесінің 

хатшылығы 

Басқарма Төрағасының 

бірінші орынбасары

Ішкі аудит қызметі

Аудит жөніндегі 

комитет


 «ҚазТрансГаз» АҚ

(5,2069 %  акций)



«Самұрық-Энерго» АҚ құрылымы

«Самұрық-Энерго» АҚ 

Басқармасының 

2011 жылғы 6 желтоқсандағы

шешімімен бекітілген

№ 28 хаттама 



жылдық есеп. 

2011

Активтер


Активтер

Жарғылық капитал

 «Самұрық-Энерго» АҚ жарғылық капиталы 120 294 884 мың теңгені құрайды. Қоғамның жарияланған 

акцияларының саны – 5 602 187 жай акция, орналастырылған акциялар саны – 4 646 315 жай акция.

31.12.2011 ж. жағдай бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ активтерінің құрылымы 

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – 50% (сенімді басқару)

«Forum Muider B.V.» Компаниясы – 50%

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – 50%

 «Богатырь Көмір» ЖШС – 100%

«Өскемен ГЭС» АҚ – 89,99%

«Маңғыстау РЭК» АҚ – 75% +1 акция

«Шульба ГЭС» АҚ – 92,14%

«Самұрық-Энерго Строй Сервис» ЖШС – 100%

«Бұқтырма ГЭС» АҚ – 90%

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС – 100%

«Шардара ГЭС» АҚ – 100%

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – 100%

62,623%


«Алматы электр станция-

лары» – 37,377%

«Ақтөбе» ЖЭО» 

АҚ – 100%

«Мойнақ ГЭС» АҚ – 51%

«ҚазҚуат» АҚ – 100%

таратылу үстінде

«Т.И. Батуров ат. Жамбыл ГРЭС» АҚ – 50%

«КМГ-Энерго» АҚ – 100%

таратылу үстінде

«Балқаш ЖЭС» АҚ – 100%

«Самұрық-Энерго» АҚ


жылдық есеп. 

2011

«Богатырь Көмір» ЖшС

«Богатырь Көмір» ЖШС – көмірді ашық әдіспен 

қазатын қарқынды дамып келе жатқан ірі компа-

ния. Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін бүкіл 

көмірдің 70% Компанияның үлесіне тиесілі. 

Қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС өндіріс 

қуаты жылына 42 млн тонна көмірді, оның ішінде 

«Богатырь» қазындығы бойынша 32 млн тоннаны, 

«Северный» қазындығы бойынша 10 млн тоннаны 

құрайды.  

«Богатырь» қазындығындағы көмірді орташалан-

дырып, көмір өндірісін автомобилдік-конвейерлік 

технологияға көшірілуімен өндірісті жандан-

дыру бағдарламасының 2017 жылға дейін іске 

асырылуының ескерілуімен және тұрақты ішкі 

үйіндінің ұйымдастырылуымен кәсіпорынның 

«Богатырь» қазындығы бойынша өндіріс қуаты 

40 млн тоннаны құрап, 2020 жылға дейін «Север-

ный» қазындығындағы өндіріс қуаты 10 млн тонна 

деңгейінде қалады. 

Станцияның белгіленген энергия қуаты 1 000 МВт. 

2011 жылы шығарылған электр энергия 5 917,6 млн 

кВт/сағ құрады.

Электр энергия өткізілетін нарық: Қазақстанның 

Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік аймақтары 

және Ақтөбе облысы.

«№ 3 энергия блокты қондыру арқылы Екібастұз 

ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру» жобасы бой-

ынша 2011 жылдың маусым айында станция 

алдыңғы кезектегі құрылыс жұмыстарына кірісті. 

2011 жылдың желтоқсан айында бас корпустың 

(қазандық және турбина тұратын орын) негізгі және 

қосалқы жабдықтарын дайындап, жеткізу шартына 

қол қойылды. Жабдықтар дайындап, жеткізу және 

құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу 2012 

жылға жоспарлануда.



«Екібастұз грЭС-2 станциясы» АҚ

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

«АЖК» АҚ негізгі қызметі – арада жасалған 

шарттарға сәйкес Алматы қ. мен Алматы 

облысының тұтынушыларына электр энергиясын 

тарату және үлестіру қызметін көрсету. 

2011 жылы «АЖК» АҚ желілері бойынша тараты-

лып, үлестірілген электр қуатының жалпы көлемі  

5 261,853 млн кВт/сағ құрады. 

2011 жылы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 

инвестициялық бағдарламасының шеңберінде 

Алматы қ. метрополитенін электр қуатымен 

жарақтауға арналған: Отырар және Алатау под-

станцияларына қуат көзі берілді. 

Іске қосылған жаңа трансформаторлық қуат  

206 МВА құрады. 

ЭТЖ 220 кВ сақинасын құруға арналған 

Кеңсай ПС құрылысы жалғастырылды. Транс-

форматорлық қуаты 500 МВА құрайтын Кеңсай 

ПС құрылысын 2012 жылы аяқтау жоспарлануда.

«Алматы электр станциялары» АҚ құрамына кіретін 

нысандар:

•  Алматы ЖЭО-1

•  АлматыЖЭО-2 

•  Алматы ЖЭО-3

•  Қапшағай ГЭС

•  Батыс жылу кешені 

•  Алматы ГЭС каскады 

•  Энергожөндеу

•  Отын қабылдау және түсіру орталығы 

«АлЭС» АҚ белгіленген қуаты 1 238,9 МВт и 

 

3 922,2 Гкал/сағ құрайды. 2011 жылы «АлЭС» АҚ 



кәсіпорындары 5 438,5 млн кВт/сағ электр энергия 

мен 5 748,7 мың Гкал жылу энергиясын өндірген. 

2011–2015 жылдарға арналған қайта құру және жан-

дыру жоспарлары:

•  ЖЭО-1 жылумен қамту аймағына жылу қуатын 

(250–460 Гкал/сағ) беретін ЖЭО-2 бойлер 

жайының құрылысы;

•  ЖЭО-2 № 8 қазан агрегатының құрылысы;

•  ЖЭО -1 бу- га з қондыр ғысының (БГҚ ) 

құрылысы;

•  Контр реттеуіш Кербұлақ ГЭС құрылысы.

«Алматы электр станциялары» АҚ

Қоғамның ЕТҰ туралы ақпарат 



жылдық есеп. 

2011

 «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «Алатау Жарық Ком-

паниясы» АҚ («АЖК» АҚ) желісі әрекет ететін 

аймақта Алматы қ. мен Алматы облысының 

тұтынушыларын энергия қуатымен қамтамасыз 

етеді. 


2011 жылы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жасалған 

келісімшарттарға сәйкес 5331,15 млн кВт/сағ 

көлемінде электр қуатын сатып алды. Бұл 2010 

жылмен салыстырғанда 26% (337,46 млн кВт/сағ) 

артық.

2011 Жылы САтып АлынғАн Электр Энергия құрылымы:

Жеткізуші

Көлемі, млн кВт/сағ

Үлесі, %


«Алматы электр станциялар» АҚ

3 271,68


61,36

«Т.И. Батуров ат. Жамбыл ГРЭС» АҚ

203,455

3,82


«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

1 358,354

25,48

«Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ



325,100

6,1


«АЭС Шульба ГЭС» ЖШС

7,729


0,14

Орталық Азияның энергия көздері

164,832

3,1


Барлығы:

5 331,15

100

гЭС ертіс каскады

ГЭС Ертіс каскадының құрамына үш ГЭС кіреді:

•  Бұқтырма

•  Өскемен

•  Шульба 

2011 жылы 5,485 млрд кВт/сағ электр қуаты 

өндірілді.

1.Бұқтырма ГЭС

Бұқтырма ГЭС – белгіленген қуаты 675 МВт 

(әрқайсысы 75 МВт 9 агрегат) құрайтын каскадтың 

жоғарғы сатысы.

Көлемі 49,6 млрд куб. м көпжылдық реттелімі 

бар суқойма ГЭС энергетикалық режимде жұмыс 

істеуін қамтамасыз етеді.

2011 жылы өндірілген  электр энергияның жиынтық 

көлемі 2,542 млрд кВт/сағ құрады.

2. Өскемен ГЭС

Өскемен ГЭС – белгіленген қуаты 331,2 МВт 

(әрқайсысы 82,8 МВт төрт агрегат) каскадтың 

ортаңғы сатысы. 

Көлемі 0,65 млрд куб. м тәуліктік реттелімі бар 

суқойма.  

2011 жылы өндірілген электр энергияның жиынтық 

көлемі 1,497 млрд кВт/сағ құрады. 

3. Шульба ГЭС

Шульба ГЭС – белгіленген қуаты 702 МВт 

(әрқайсысы 117 МВт 6 агрегат) каскадтың төменгі 

сатысы.


Көлемі 0,92 млрд куб. м тәуліктік реттелімі бар 

суқойма.  

2011 жылы өндірілген электр энергияның жиынтық 

көлемі 1,446 млрд кВт/сағ құрады. 

Қоғамның ЕТҰ туралы ақпарат 


жылдық есеп. 

2011

 «Ақтөбе ЖЭо» АҚ

 «Ақтөбе ЖЭО» АҚ Актөбе қ. электр қуатымен 

және ж ы лум е н қ а мта м асыз етіп отыр. 

Белгіленген қуаты:

•  жылу – 1 139 Гкал/ч,

•  электр – 102 МВт.

2011 жылы станция 677 млн кВт/сағ электр энергия 

және 1 918 мың Гкал жылу энергиясын өндірді.

Ақтөбе ЖЭО жандандырылуы № 3 турбо-

агрегатының ауыстырылуын көздейді. Аталмыш 

жоба шеңберінде 2011 жылдың желтоқсан айын-

да негізгі жабдықты дайындап, жеткізу туралы 

шарт жасалды. ҚМЖ жабдықтардың жеткізілу 

дерегі бойынша 2013 жылдың басында бастала-

тын болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет