«Самұрық–Энерго» АҚ біріктірілген жылдық есебі


G4-EN21. АТМОСФЕРАҒА ШЫҒАРЫЛАТЫН NO



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата30.03.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10597
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 
G4-EN21. АТМОСФЕРАҒА ШЫҒАРЫЛАТЫН NO
X
, SO
X
  ЖӘНЕ БАСҚА ДА 
МАҢЫЗДЫ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫҢ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ  
 
 
 
Атмосфераға шығарылатын NOₓ, SOₓ және басқа да маңызды ластағыш 
заттардың шығырындылары
 
 
 
  
  
2013 жыл 
2014 жыл 
2015 жыл 
NOₓ, тонна 
63 994,76 
63 127,2 
53 000 
SOₓ, тонна 
181 992,93 
143 993,7 
125 800 
Орнықты органикалық ластағыштар 
(СО3), тонна 
ш/ж 
0,00000004 

Ұшқыр органикалық қосылыстар 
(ҰОҚ) 
 
120,4262 
137 
Қауіпті ауа ластағыштар 
 
 
1,616 
Нүктелі және ұйымдаспаған 
көздерден шығатын шығарындылар 
188 928,42 
97 891,261 
8 639 

 
123 
 
Қатты бөліктер 
60 846,95 
39 766,595 
36 022 
Нормативтік актілерде 
пайдаланылатын атмосфераға 
шығарылатын шығарындылардың басқа 
стандартты санаттары 
45 740,4 
128 151,765 
57 498 
 
 
G4-EN23.  ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ  ТҮРЛЕРІ  МЕН  ПАЙДАЛАНУ  ӘДІСТЕРІ 
БОЙЫНША БӨЛГЕНДЕГІ ЖАЛПЫ САЛМАҒЫ 
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобының өндірістік қызметінің әсерінен шығатын 
әдеттегі  қалдықтар  қатарына  көмірден  түсетін  күл,  қож,    трансформаторлық  майлар, 
пайдаланылған сынапты шамдар мен аккумулятор батареялары жатады. Қазіргі кезде 
«Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобында  қалдықтарды  басқарудың  бірыңғай  тәсілі 
жоқ.  
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобы ЕТҰ-лары қалдықтарды басқару барысында  
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен Қалдықтарды дұрыс пайдалану 
нормативтерін  (ҚДПН)  басшылыққа  алады.  Қауіпті  қалдықтардың  төлқұжаттары 
әзірленді. Пайда болу түріне қарай қалдықтар өндірістік:  
G4-EN23.  ҚАЛДЫҚТАРДЫ  ТҮРЛЕРІ  МЕН  ПАЙДАЛАНУ  ӘДІСТЕРІ 
БОЙЫНША БӨЛГЕНДЕГІ ЖАЛПЫ САЛМАҒЫ 
«Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобының  өндірістік  қызметі  нәтижесіндегі 
әдеттегі  қалдықтар  қатарына  жанған  көмірден  қалған  күл,  қож,    трансформаторлық 
майлар, пайдаланылған сынапты шамдар мен аккумулятор батареялары жатады. Қазіргі 
кезде  «Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобында  қалдықтарды  басқарудың  бірыңғай 
тәсілі жоқ.  
Қауіптілік  деңгейі  бойынша  барлық  (өндірістік  және  коммуналдық)  қалдықтар  
екіге бөлінеді: 
 
o
 
Жасыл - G индексі (қауіпті емес); 
o
 
Янтарь түсті - А индексі (қауіпті);
 
o
 
Қызыл - R индексі (қауіпті).  
Құрамында  сынап  бар  қалдықтар  бәрінен  де  уытты  әрі  қауіпті  болып  саналады 
(пайдаланылған люминесцентті шамдар), олар қауіптіліктің (янтарь) деңгейіне жатады, 
бұл қалдықтар мамандандырылған кәсіпорындарға тапсырылады.  
«Самұрық-Энерго»  ЕТҰ-лары  қалдықтарды  басқару  барысында    Қазақстан 
Республикасының  Экологиялық  кодексі  мен  Қалдықтарды  дұрыс  пайдалану 
нормативтерін  (ҚДПН)  басшылыққа  алады.  Пайда  болу  түріне  қарай  қалдықтар 
өндірістік:  
-  «пайдаланылған  трансформатор  майлары»,  «майлық  шүберектер»,  «металл 
сынықтары»,  «құрамында  ПолиХлорДифинил  (ПХД)  бар  бұзылған  конденсаторлар», 
«құрамында сынап бар шамдар», «өндіріс және құрылыс қалдықтары» жән т.б.;  
-  коммуналдық:  «қатты  тұрмыстық  қалдықтар»  –  күнделікті  тіршілікте  пайда 
болатын қалдықтар деп бөлінеді.  

 
124 
 
Пайдаланылған 
сынапты 
шамдар, 
пайдаланылған 
аккумуляторлар 
мамандандырылған  ұйымдармен  жасалған  шарттарға  сәйкес  кәдеге  жарату  үшін 
жөнелтіледі.   
Пайдаланылған  майлар,  трансформатор  майлары  май  тазартатын  жабдықтарда 
жаңартылғаннан кейін кәсіпорында қайтадан пайдаланылады.  
Пайдаланылған  оқшаулағыштар,  электронды  сынықтар  мен  құрылыстан  қалған 
қоқыстарды мердігерлік ұйымдар қалдықтарды қабылдауға арналған талондар бойынша 
өнеркәсіптік полигондарға апарады.   
Түсті  және  қара  металл  сынықтары  тауарларды  сату  шарттары  бойынша 
тапсырылады.  
ҚТҚ  мердігерлік  ұйымдармен  жасалған  шарттар  бойынша  белгіленген  көлемге 
сәйкес полигондарға шығарылады.  
Құрамында  сынап  бар  қалдықтар  бәрінен  де  уытты  әрі  қауіпті  болып  саналады 
(пайдаланылған  люминесцентті  шамдар),  олар құрамындағы  сынабы  мен  қоспаларды 
алу үшін мамандандырылған кәсіпорындарға тапсырылады.  
 
G4-EN24. МАҢЫЗДЫ ТӨГІНДІЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ САНЫ МЕН КӨЛЕМІ 
 
«Самұрық-Энерго»  АҚ  компаниялар  тобы  бойынша  2015  жылы  тіркелген 
төгінділер жоқ. 
 
G4-EN25. 
БАЗЕЛЬ  КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ  I,  II,  III  ЖӘНЕ  VIII 
ҚОСЫМШАЛАРЫНА 
СӘЙКЕС 
«ҚАУІПТІ» 
ДЕП 
ЕСЕПТЕЛЕТІН 
ТАСЫМАЛДАНҒАН, ИМПОРТТАЛҒАН, ЭКСПОРТТАЛҒАН НЕМЕСЕ ҚАЙТА 
ӨҢДЕЛГЕН  ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ  САЛМАҒЫ,  СОНДАЙ-АҚ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ҚАЛДЫҚ ТАСЫМАЛДАУ ПАЙЫЗЫ.   
 
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша тасымалданған, импортталған, 
экспортталған немесе өңделген қалдықтар болған жоқ.   
 
G4-EN26.  ҰЙЫМНЫҢ  ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ  МЕН  ОНЫҢ  АУМАҒЫНАН 
КЕЛЕТІН 
ҮСТІҢГІ 
АҒЫС 
АЙТАРЛЫҚТАЙ 
ӘСЕР 
ЕТЕТІН 
СУ 
НЫСАНДАРЫНЫҢ  ЖӘНЕ  ОНЫМЕН  БАЙЛАНЫСТЫ  ТІРШІЛІК  ЕТУ 
ОРТАСЫНЫҢ  БИОӘРТҮРЛІЛІГІ  ТҰРҒЫСЫНАН  АЛҒАНДАҒЫ  ҚОРҒАЛУ 
ТИІСТІЛІГІ, МӨЛШЕРІ, МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҒЫ  
 
Экологиялық  қауіпсіздік  және  табиғи  ресурстарды,  оның  ішінде  су  ресурстарын 
тиімді пайдалану «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының жұмысында маңызды орын 
алады.  
Электр  станцияларының  қалыпты  жұмыс  істеуіне  қажетті  су  жинау  және  су 
төгінділерінің көлемін азайту Қазақстан Республикасының экожүйесіне шығарылатын 
су  төгіндісін  біртіндеп,  жүйелі  түрде  азайту  міндетін  шешу  үшін  кезек  күттірмейтін 
шара болып табылады. 
Жұмыс  істеп  тұрған  станциялардың  төгінділері  Қазақстан  Республикасының  су 
көздеріне түспестен бұрын ағын сулардағы ластаушы элементтердің шектеулі қалпынан 
асып кетпеуіне талдау жасалады. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, «Самұрық-

 
125 
 
Энерго»  компаниялар  тобын  кәсіпорындарының  барлық  шығарындылары    Қазақстан 
Республикасының Экологиялық заңнамаларының талаптарына сай келеді.  
 
G4-EN29. 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ЗАҢНАМАЛАР 
МЕН 
НОРМАТИВТІК 
ТАЛАПТАРДЫ 
САҚТАМАҒАНЫ 
ҮШІН 
САЛЫНАТЫН 
МАҢЫЗДЫ 
АЙЫППҰЛДАРДЫҢ  АҚШАЛАЙ  МӘНІ  ЖӘНЕ  ҚАРЖЫЛЫҚ  ЕМЕС 
САНКЦИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ  
 
«Самұрық-Энерго»  АҚ  компаниялар  тобы  бойынша  2015  жылы  экологиялық 
заңнамалар мен нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін маңызды айыппұлдар мен 
қаржылық емес санкциялар салынған жоқ. 
 
G4-EN30.  ҰЙЫМ  ҚЫЗМЕТІ  ҮШІН  ҚОЛДАНЫЛАТЫН  ӨНІМДЕРДІ, 
БАСҚА  ДА  ТАУАРЛАР  МЕН  МАТЕРИАЛДАРДЫ  ЖӘНЕ  ЖҰМЫС  КҮШІН 
ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕТІН ЕЛЕУЛІ ӘСЕРІ  
 «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының негізгі өнімдері мен көрсететін қызметі 
электр  және  жылу  энергиясын  өндіру,  электр  энергиясын  тарату  және  тасымалдау, 
көмір өндіру, электр энергетикалық кешен нысандарын қайта жаңарту және жаңғырту 
болып табылады. Өзекті мақсат – ұсынылатын қызмет түрлері мен өнімді қол жеткен 
деңгейде  ұстап  тұру,  сондай-ақ  электр  энергетикасы  мен  көмір  өндіру  саласындағы 
өнімдер мен қызмет түрлеріне қатысты батыс стандарттарын қолдана отырып, сапа мен 
басқа параметрлерді одан әрі жетілдіру. 
Жасалған  жұмыстардың  нәтижесі  ретінде  «Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобы 
Қазақстан  Республикасы  аумағында  ұсынылатын  тауарлар  мен  қызмет  түрлерінің 
сапасы мен параметрлеріне қойылатын барлық  талаптарды сақтайды. 
«Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобы  үшін  басым  бағыт  еншілес  тәуелді 
ұйымдардың  қызметі  нәтижесінде  пайда  болатын    парниктік  газдардың 
шығарындыларын барынша азайту болып табылады. Қызметкерлер мен отын тасу үшін 
қолданылатын  парниктік газдардың шығарындылары электр немесе жылу энергиясын 
өндіруден  алынған  шығарындылармен  салыстырғанда  болар-болмас  қана.  Электр 
энергиясын  тасымалдау  барысында  көп  жағдайда  атмосфераға  шығарылатын 
шығарындылар  мен  су  объектілеріне  зиянды  заттарды  төгуге  алып  келетін  үдерістер 
жоқ. 
Компанияның  ұйым  қызметі  үшін қолданылатын  өнімдер мен  басқа да  тауарлар 
мен  материалдарды  тасымалдаумен,  сондай-ақ  жұмыс  күшін  тасымалдаумен 
байланысты қоршаған ортаға тигізетін айтарлықтай әсері жоқ.  
 
4)
 
Түрлері  бойынша  бөлгендегі  қоршаған  ортаға  жұмсалатын  жалпы 
шығындар мен инвестициялар  
 
G4-EN31.  ТҮРЛЕРІ  БОЙЫНША  БӨЛГЕНДЕГІ  ҚОРШАҒАН  ОРТАҒА 
ЖҰМСАЛАТЫН ЖАЛПЫ ШЫҒЫНДАР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР  
«Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобы  бойынша  қоршаған  ортаға  жұмсалған 
жалпы шығындар мен инвестициялар 2015 жылы шамамен 1, 035 млрд теңгені құрады. 

 
126 
 
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобы энергия тиімділігін арттыруға ықпал етуге 
бар күшін салады. Бұл мәселедегі басымдықты шаралар ескірген электр қондырғыларын 
жақсартып,  жаңғырту,  электр  және  жылу  энергиясын  өндіру,  тасымалдау  мен  тарату 
бойынша  тиімділікті  арттыру,  халыққа  электр  және  жылу  энергиясын  ұқыпты 
пайдалана білу дағдысын қалыптастыру болып табылады. 
Осы  мақсатта  «Самұрық-Энерго»  АҚ  компаниялар  тобында  манадай  жұмыстар 
жүргізілді:  
1. «Екібастұз ГРЭС-1 станциясы» ЖШС»-да: 
- №2 және №1 энергия блоктарына жаңа буынды электр сүзгілерін орнату арқылы 
күл аулау жүйесін қайта құру; 
 -  №2  қазандық  агрегатында  эмиссиясы  төмен  оттықты  монтаждағаннан  кейін 
оттық режимін жөндеу. 
2. «Богатырь-Көмір» ЖШС-да: 
- Бұрғылау станоктарындағы аспирациялық жүйені жөндеу.  
Сонымен  қатар,  «Самұрық-Энерго»  АҚ-ның  табиғатты  пайдаланушы  еншілес 
тәуелді ұйымдары жыл сайын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын 
орындайды. Іс-шаралар жоспары мынадай аспектілерден тұрады: 
- атмосфералық ауаны қорғау; 
- күл үйіндісінің шаңын басуға арналған іс-шаралар; 
- су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану
- басқару және озық қауіпсіз технологиялар жүйелерін енгізу; 
- ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа жұмыстар; 
- экологиялық оқу және насихат. 
Жалпы  алғанда,  «Самұрық-Энерго»  АҚ  компаниялар  тобы  бойынша  қоршаған 
ортаның экологиялық жағдайын жақсарту үшін қажетті барлық іс-шаралар жүргізіледі. 
Жаңартылатын  энергия  көздерін,  атап  айтқанда,  жел  және  күн  электр  станцияларын 
салуға айырықша көңіл бөлінеді.   
Орнықты даму – Әлеуметтік факторлар 
«Орнықты даму» бөлімі 
 
1.
 
Персоналды басқару 
Орнықты  даму  мен  бизнестің  тиімділігі  –  бұл  ең  алдымен  компания 
қызметкерлерінің күн сайынғы еңбегі.  
Жоғары білікті және адал персонал тиімді бизнестің кепілі екенін сезіне отырып, 
Қоғам Даму стратегиясын және Трансформациялау бағдарламасын іске асыру аясында 
персоналды басқарудың тиімді жүйесін құруға ерекше назар аударады, үздік кадрларды 
тартуға,  оларға  жұмыс  жасауға  қолайлы  жағдай  туғызуға  және  жоғары  деңгейде 
әлеуметтік  қорғауды  қамтамасыз  етуге  тырысады,  сондай-ақ  қызметкерлердің  кәсіби 
деңгейін тұрақты түрде көтеруге ықпал етеді.  
Қоғам  жұмыс  барысында  қызметкерлердің  үздік  кәсіби  және  жеке  басының 
қасиеттерінің ашылуына барынша көп күш салады.  
Персоналды  басқару  саласындағы  саясат  қолданыстағы  Кадр  саясатында  және 
персоналды оқыту, іріктеу, бағалау және бейімдеу жөніндегі регламенттерде, сондай-ақ 

 
127 
 
Іскерлік этика кодексінде көрсетілді. Ол Қоғам қызметкерлері өз әрекеттерінің Қоғам 
миссиясына, корпоративтік басқару мен іскерлік этиканың қабылданған қағидаттарына 
сәйкестігінің  маңыздылығын  түсінуге,  сондай-ақ  үздік  іскерлік  мінез-құлық 
тәжірибесін қолдану арқылы мүдделі тұлғалармен өзара тиімді қатынасқа ықпал ететін 
Қоғамдағы корпоративтік мәдениетті дамытудың маңызды құралы болып табылады. 
 
2.
 
Персонал құрылымы 
2015 жылы Қоғам тобы қызметкерлерінің тізімдік саны 22 650 адамды құрады.  
2015 жылдың аяғында персонал санының құрамында әкімшілік қызметкерлердің 
үлесі  8,3%-ды құрады. Ерлер мен әйелдердің ара қатынасы мынадай: әйелдер–27% (6 
189 адам); ер адамдар – 73 % (16 461 адам).  
Қоғамның компаниялар тобы персоналының 2015 жылдың аяғындағы орташа жасы 
41 жасты құрады.  
30-ға толмаған жас қызметкерлердің үлесі 23,2%-ды (5 265 адам) құрады. 
Жоғары  білімі  бар  персонал  саны  Қоғамның  компаниялар  тобының  жалпы 
санының 34%-ын құрайды.  
Жоғарғы менеджменттің үлесі Қоғам тобы  персоналы жалпы санының   0,3%-ын 
пайызын құрады. 
Жоғарғы менеджменттің жасы: 30-ға толмағандар –  1,6%, 30-дан 50-ге дейінгілер 
– 56,5%, 50-ден асқандар – 41,9%. 
Қоғамның тобы бойынша  энергетика саласындағы орташа жұмыс өтілі 11,8 жылды 
құрайды. 
Қоғам  компанияларының  тобындағы  кадрлардың  жалпы  тұрақтамаушылығы 
(барлық себептер бойынша) 2015 жылы жалпы тізімдік санның 11,6%-ын құрады, бұл 
2014 жылдың көрсеткішінен 0,8%-ға (2014 жылы – 12,4%) төмен.  
Есепті  кезең  ішінде  Қоғамның  компаниялар  тобына  2 300  жаңа  қызметкер 
қабылданды.   
Персонал  сапасын  қамтамасыз  ету  үшін  Қоғамда    бос  орындарға  үміткерлерді 
конкурстық  іріктеу  рәсімдері  жүзеге  асырылады,  ол  ашықтық  пен  мөлдірлік 
қағидаттарына негізделген. 
Конкурстық  іріктеу  рәсімдері  үміткерлердің  қазақ  және  ағылшын  тілдерін  білу 
деңгейін  анықтауға  тест  жүргізуді,  кәсіби  білім  деңгейін  анықтауды,  сонымен  бірге 
Конкурстық комиссияның сұхбаттасып, әңгімелесу өткізуін қарастырады.    
Мұнда  бос  орынды  иеленуге  өздерінің  мінездемелері  бойынша  үміткерлерге 
қойылатын талаптарға сәйкес келетін қызметкерлер басым құқыққа ие болады.    
Сөйтіп,  ағымдағы  жылы  Қоғамның  компаниялар  тобы  бойынша  460  бос  орын 
ашылды, оның 419-ы үміткерлерді конкурстық іріктеу арқылы жабылды.   
Корпоративтік  басқару  тиімділігін  арттыру  мақсатында  Қоғамның  еншілес 
ұйымдарында  басқарушы  және  басшылық  лауазымдарды  иелену  үшін  үміткерлерді 
еншілес  ұйымдардың/Қоғамның  Директорлар  кеңесі  мен  Қоғам  Басқармасы  арқылы 
келісу және тағайындау тәжірибесі енгізілді.   
 

 
128 
 
 
 
Сотрудники – Қызметкерлер 
Контролируемые работники – Бақыланатын қызметкерлер 
 
 
 
Неограниченный/постоянный договор – Шектеусіз/тұрақты шарт 
Временный  договор/договор  на  определенный  срок  –  Уақытша  шарт/белгілі  бір 
мерзімге жасалған шарт 
22 650
248
2015 ЖЫЛЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ ТҮРІ 
БОЙЫНША ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ЖАЛПЫ САНЫ
Сотрудники
Контролируемые работники
20063
2587
2015 ЖЫЛ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 
ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРІНЕ БӨЛГЕНДЕГІ 
ЖАЛПЫ САНЫ
Неограниченный/постоянный договор
Временный договор/договор на определенный срок

 
129 
 
 
 
Южный – Оңтүстік 
Западный – Батыс 
Северный – Солтүстік 
Восточный - Шығыс 
 
 
 
 
Мужчины – Ер адамдар 
8 306
1 316
9 847
3 429
2015 ЖЫЛ БОЙЫНША ЖҰМЫС КҮШІНІҢ 
ӨҢІРЛЕР БОЙЫНША БӨЛГЕНДЕГІ ЖАЛПЫ 
САНЫ
Южный
Западный
Северный
Восточный
16 606
6 292
ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ЖЫНЫСҚА ҚАРАЙ 
БӨЛГЕНДЕГІ ЖАЛПЫ САНЫ
Мужчины
Женщины 
6,9%
3,3%
2015 ЖЫЛ БОЙЫНША ЖЫНЫСЫ БОЙЫНША 
БӨЛГЕНДЕГІ ЖАҢАДАН ЖАЛДАНҒАН 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
мужчины 
женщины

 
130 
 
Женщины - Әйелдер 
 
 
 
 
Младше 30 лет – 30-ға толмағандар 
От 30 до 50 лет – 30-дан 50-ге дейінгілер 
Старше 50 лет – 50-ден асқандар 
 
Южный... см. выше 
 
 
Данные по текучести персонала – Пресоналдың тұрақтамаушылығы бойынша деректер 
5,5%
3,7%
1,0%
2015 ЖЫЛ БОЙЫНША ЖАСЫНА ҚАРАЙ 
БӨЛГЕНДЕГІ ЖАҢАДАН ЖАЛДАНҒАН 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
младше 30 лет
от 30 до 50 лет
старше 50 лет
3,5%
0,7%
3,7%
2,2%
2015 ЖЫЛ БОЙЫНША ӨҢІРЛЕРГЕ ҚАРАЙ 
БӨЛГЕНДЕГІ ЖАҢАДАН ЖАЛДАНҒАН 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
Южный
Западный
Северный
Восточный

 
131 
 
 
год - жыл 
 
 
 
 
 
 
7,80%
3,87%
2015 ЖЫЛ БОЙЫНША ЖЫНЫСЫНА ҚАРАЙ 
БӨЛГЕНДЕГІ КАДРЛАР ТҰРАҚТАМАУШЫЛЫҒЫ
мужчины 
женщины
3,93%
4,04%
3,70%
2015 ЖЫЛ БОЙЫНША ЖАСЫНА ҚАРАЙ 
БӨЛГЕНДЕГІ КАДРЛАР ТҰРАҚТАМАУШЫЛЫҒЫ
младше 30 лет
от 30 до 50 лет
старше 50 лет
3,80%
0,68%
5,10%
2,08%
2015 ЖЫЛ БОЙЫНША ӨҢІРЛЕРГЕ БӨЛГЕНДЕГІ 
КАДРЛАР ТҰРАҚТАМАУШЫЛЫҒЫ
Южный
Западный
Северный
Восточный

 
132 
 
 
 
Численность персонала АО «Самрук-Энерго в разрезе категорий – «Самұрық-Энерго» 
АҚ тобының санаттарға бөлгендегі персонал саны 
Топ-менеджмент және руководители – Топ менеджмент және басшылар 
Специалисты – Мамандар 
Служащие – Қызметшілер 
Рабочие - Жұмысшылар  
 
 
*«Самұрық-Энерго» АҚ КО-ны есепке алмағанда 
 
Численность  персонала  АО  «Самрук-Энерго  в  разбивке  по  видам  деятельности  – 
«Самұрық-Энерго» АҚ тобының қызмет түрлеріне бөлгендегі персонал саны 
Генерация – Өндіру 
ГЭС и ВИЭ, Распределение и сбыт – СЭС және ЖЭК, Тарату және өткізу 
Топливо и сервис – Отын және сервис 

 
133 
 
 
Данные  по  стажу  персонала  АО  «Самрук-Энерго»  -  «Самұрық-Энерго»  АҚ 
персоналының өтілі бойынша деректер 
Более 10 10 лет – 10 жылдан астам 
От 5 до 10 лет – 5 жылдан 10 жылға дейін 
От 1 года до 5 лет – 1 жылдан 5 жылға дейін 
До 1 года – 1 жылға дейін 
 
LA12: Ұйым қызметкерлерінің жынысы, жасы бойынша бөлінген және аз ұлттардың өкілдері көрсетілген 
құрамы 
№ 
Көрсеткіш 
Қызметкерлер 
Үлесі 
1.  Жынысы 
22650 

1.1.  Ерлер 
16461 
72,7% 
1.2.  Әйелдер 
6189 
27,3% 
2. 
Аз ұлттар топтары (нәсілдік/этникалық, діни, мүмкіндіктері 
шектеулі) 
22650 

2.1.  Қазақтар 
12552 
55,4% 
2.2.  Орыстар 
7407 
32,7% 
2.3.  Украиндар 
876 
3,9% 
2.4.  Ұйғырлар 
352 
1,6% 
2.5.  Татарлар 
413 
1,8% 
2.6.  Немістер 
359 
1,6% 
2.7.  Белорустар 
153 
0,7% 
2.8.  Корейлер 
82 
0,4% 
2.9.  Басқалар 
456 
2,0% 
3.  Жасына байланысты топтар 
22650 

31.  30-ға дейінгілер 
5265 
23,2% 
3.2.  30-дан 50 жасқа дейінгілер 
10388 
45,9% 
3.3.  50-ден асқандар 
6997 
30,9% 
 
LA12: Ұйымның басқарушы органдарының жынысы, жасы бойынша және аз ұлт өкілдері көрсетілген 
құрамы 

 
134 
 
№ 
Көрсеткіш 
Үлесі 
1.  Жынысы 

1.1.  Ерлер 
93,5% 
1.2.  Әйелдер 
6,5% 
2.  Аз ұлттар топтары (нәсілдік/этникалық, діни, мүмкіндіктері шектеулі) 
 
2.1.  Қазақтар 
82,3% 
2.2.  Орыстар 
9,7% 
2.3.  Украиндар 
1,6% 
2.4.  Ұйғырлар 
0,0% 
2.5.  Татарлар 
0,0% 
2.6.  Немістер 
0,0% 
2.7.  Белорустар 
1,6% 
2.8.  Корейлер 
4,8% 
2.9.  Басқалар 
0,0% 
3.  Жасына байланысты топтар 
 
31.  30-ға дейінгілер 
1,6% 
3.2.  30-дан 50 жасқа дейінгілер 
56,5% 
3.3.  50-ден асқандар 
41,9% 
 
3.
 
Персоналды даярлау және оқыту 
Персоналды  басқару  саясаты  Компанияның  ұзақ  мерзімді  және  қысқа  мерзімді 
мақсаттарын,  оларға  қол  жеткізу    жолдарын  және  негізгі  көрсеткіштерін  белгілейтін 
бизнес-стратегияның  ережелеріне  сүйенеді.  Кадр  саясатында  еңбек  ресуртсарының 
сапасын арттыруға, персоналды ұзақ мерзімді болжамдауға, біліктілік талаптары мен 
кәсіби стандарттарды арттыруға, оқу орталықтарының жаңғыртылуына және қосарлы 
оқыту  жүйесіне  басым  мән  беріледі.  Кадрлық  резервінің  жасақталуына  және  басшы 
ұстанымына  сабақтастықты  жоспарлауға  баса  назар  аударылады.  Қызметті  бағалау, 
қызметкерлерді  жоғарылату  және  ынталандыру  жүйесі  арасындағы  байланыс 
күшейтіледі.  
Персоналды басқару саясатындағы негізгі бағыттардың бірі Қоғамның персоналын 
дамыту, оның бліктілігін арттыру, басқарушылық дағдыларын  дамыту, сала бойынша 
жаңа білім алу болып қала береді. 
Трансформацияның Жол картасын іске асыру аясында 2015 жылы қызметкерлерді 
дамытудың  бағыттары  тарнсформациялауда  көшбасшыларды  дамытуға  бағытталған 
оқыту  шаралары,  жобаларды  басқару,  ситуациялық  көшбасшылық  және  тиімді 
командаларды құру болды.  
 
Осылайша, ағымдағы жылы басшылар үшін Адизес әдістемесі бойынша «Синдаг» 
курстары,  сондай-ақ  «Көшбасшылық  трансформациясы»  модульдік  бағдарламасы 
бойынша оқу курстары ұйымдастырылды. 
Бизнесті  трансформациялау  командасының  мүшелері  болып  табылатын  Қоғам 
тобының  қызметкерлері  АРИС  жүйесінде  модельдеу  негіздері  бойынша  оқудан  және 
Cobit 5 сертификаттау бағдарламасынан өтті және New кеңесіне қатысты. 
Сондай-ақ, Қоғам трансформациясының Жол картасына сәйкес 2015 жылдың 1-ші 
жартыжылдығында жобалар, жауапкершіліктің жаңа салалары арқылы жұмыс орнында 

 
135 
 
оқыту шараларының 70%-ын, консультациялау мен тәлімгерлік арқылы 20%-ын және 
сыртқы оқыту  арқылы  10%-ын  іске  асыруды болжайтын 70/20/10  қағидаты  бойынша 
жаңа нысандағы Қоғам қызметкерлерін дамытудың 2015-2016 жылдарға арналған жеке 
жоспарлары әзірленді. 
«Самұрық-Қазына»  АҚ  қаржы-экономикалық  блогы  қызметкерлері  біліктілігінің 
деңгейін  жоғарылату  жөніндегі  бастамаларды  іске  асыру  мақсатында  Қоғам  тобы 
бойынша  қызметкерлердің  біліктілігін  арттырудағы  басым  бағыты  қаржы-
экономикалық блогының қызметкерлерін сертификаттау болып қала береді. 
Осылайша, 
Қоғамның 
компаниялар 
тобының 
ҚЭБ 
қызметкерлерінің 
сертификатталған  қызметкерлерінің  пайызы  ағымдығы  жылы  52%-ды  құрады  және 
Қордың  2015  жылдың  соңына  дейін  сертификатталған  қызметкерлерінің  50%-ын 
қамтамасыз ету талабына сәйкес келеді. 
Қызметкерлердің  кәсіби  деңгейін  тұрақты  түрде  көтеру  мақсатында  Қоғам 
компанияларының  тобында  ішкі  және  сырты  жаттықтырушыларды  тарта  отырып, 
«Алматы  электр  станциялары»  АҚ-ның,  «Алматы  Жарық  Компаниясы»  АҚ-ның, 
«Богатырь  Көмір»  ЖШС-ның  меншікті  оқу  орталықтары  негізінде  оқыту,  сондай-ақ 
өндірістік  үдерістерді  жетілдіру  және  жаңа  технологияларды  игеру  үшін  Қоғам 
тобының ішіндегі білімді жинақтауға, жүйелендіруге, сақтауға және беруге мүмкіндік 
беретін жұмыс орнында оқыту іске асырылуда. 
Қызметкерлердің ағылшын тілін білу деңгейін арттыру үшін Қоғамда топтық және 
жеке нысанда тіл курстары іске асырылады. 
Қоғамның  еншілес  ұйымдарында  мемлекеттік  тілді  оқыту  бойынша  курстар 
табысты жүргізілуде.  
Соған қоса, Қоғам қызметкерлердің Қоғамның стратегиялық даму талаптары мен 
перспективаларын  ескере  отырып,  техникалық  тағылымдамаларға,  семинарларға, 
тренингтерге,  конференцияларға,  форумдарға  қатысуды  қарастыратын  Қоғамның 
басшы және басқарушы қызметкерлерін дамытуға айрықша назар аударады. 
Жыл  сайынғы  шаралар  аясында  Қоғам  қызметкерлерінің  Еуразиялық  бизнес 
форумына,  Астана  экономикалық  форумына  қатысуы,  Ресей  делегациясының 
құрамында Шанхай қаласында өтетін Қытай энергетикалық аптасына, сондай-ақ Париж 
қаласында  өтетін 
Ішкі 
аудит  институттары 
Еуропа  конфедерациясының 
конференциясына және т.б. қатысуы қамтамасыз етілді.  
Осылайша, 2015 жылы Қоғамның компаниялар тобында 14 866 қызметкер оқудан 
өтті,  шығындардың  жалпы  сомасы  377 700  мыңнан  аса  теңгені  құрады,  2015  жылы 
еңбекке ақы төлеу қорынан компания тобы бойынша персоналады оқыту мен дамытуға 
бөлінген инвестициялар 0,9%-ды құрады. 
Қоғамның мақсаттарына тиімділікпен жету үшін «Самұрық-Энерго» компаниялар 
тобында персоналдың нәтижелілігін бағалау жүйесі ендірілді.  
Қоғамда  2015  жылы  Қоғамды  трансформациялаудың  Жол  картасына  сәйкес 
Көшбасшылық құзыреттер моделін ескере отырып, қызметке жылдық бағалау жүргізу 
үдерісін,  қорытынды  рейтингтер  шығаруды  және  қызметкерлерді  Таланттар  картасы 
бойынша  (9box)  үйлестіруді  қарастыратын  қызметкерлерді  жұмысын  бағалау  жүйесі 
жетілдірілді.  
Қоғам мен еншілес компаниялардың басшы және басқарушы қызметкерлері үшін 
НҚК бойнша қызметті бағалау қолданылады. 
 

 
136 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет