Ішкі тәуекел факторлары:
маркетингтің әлсіз болуы;
кадрлардың тұрақтамауы.
2.
Көмірдің өзіндің құнын
төмендетуге бағытталған
шараларды жүзеге асыру;
3.
Көмір сату және жылдық
жөндеу бағдарламасын
орындау жоспарының
орындалуына мониторинг
жасау.
Электр
энегиясын
сату
жоспарын
орындамау
тәуекелі
Сыртқы тәуекел
факторлары: қаржы-
экономикалық дағдарыс
нәтижесінде сұраныстың
азаюы; нарықтағы
бәсекелестік нәтижесінде
тұтынушылардан айырылу;
табиғи катаклизмдер және
табиғи апат.
Ішкі тәуекел факторлары:
технологиялық бұзылу;
Жабдықтардың моральдық
және физикалық тозуының
салдарынан қолданымдағы
қуатының азаюы; кадрлар
тұрақтамаушылығы; әлсіз
маркетинг.
1.
Электр энергиясын сатуда
ішкі және сыртқы нарықта
өткізудің қосымша
каналдарын дамыту,
қолданыстағы
тұтынушыларды сақтау;
2.
Графикте белгіленген
мерзімде күрделі,
ағымдағы кеңейтілген
жөндеулердің
орындалуына бақылау
жасау;
3.
Электр энергиясын сату
және жылдық жөндеу
бағдарламасын орындау
жоспарының іске
асырылуына мониторинг
жүргізу;
4.
Берілген электр
жүктемелерін әзірлікте
ұстап тұруға техникалық
дайындықты қамтамасыз
ету.
Трансформац
иялау
бағдарламасы
н іске асыруға
байланысты
тәуекел
Сыртқы тәуекел
факторлары: заңнамада
қажетті өзгерістердің
болмауы;
консультанттармен және
акционерлермен
трансформациялау
бағдарламасын іске асыру
үдерістері көзқарасындағы
қайшылық.
Ішкі тәуекел факторлары:
қызметкерлер мен
басшылықтың
қатыстырылмауы;
1.
Барлық деңгейдегі
басшыларды бизнесті
трансформациялау
бағдарламасын іске
асыруға белсенді
қатыстыру;
2.
Трансформациялау
бағдарламасының
бекітілген Жол картасында
қарастырылған шараларды
орындау;
3.
Трансформациялау
бағдарламасының Жол
картасын іске асыру
115
қызметкерлердің
жоспарланған өзгерістерге
қарсыласуы; бағдарламаны
іске асыруға арналған
ресурстардың
жетіспеушілігі; 2-ші кезең
кезінде тиімділікті қате
есептеу.
барысы туралы есепті
басшылыққа беру;
4.
Трансформациялау
орталық командасының
әдістемесін және
референстік модельдерін
қолдану.
Консультанттарды тарту;
5.
Трансформацияның
жобалау командасы үшін
оқу өткізу.
ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР (қаржы қызметімен байланысты тәуекелдер)
Валюталық
тәуекел
Сыртқы тәуекел
факторлары:
макроэкономикалық
көрсеткіштердің нашарлауы;
ұлттық валютаның
құнсыздануы.
Ішкі тәуекел факторлары:
валюталық міндеттемелер
көлемінің айтарлықтай
артуы. Жоғары
инвестициялық жүктеме
және нәтижесінде шетел
валютасындағы қарыз
деңгейінің өсуі.
1.
«Тәуекелдерді хеджирлеу
қағидалары» құжатын
әзірлеу және бекіту;
2.
Ұлттық валютамен
келісімшарттар жасау
жөніндегі талаптардың
сақталуы;
3.
Ашық валюталық
ұстанымға және VaR-ға
шектемелер қою;
4.
Ашық валюталық
ұстанымға мониторинг
жүргізу.
Кредиттік
тәуекел
Сыртқы тәуекел
факторлары: банк-
контрагенттердің дефолты;
мемлекетте қаржы-
экономикалық ереженің
нашарлауы.
Ішкі тәуекел факторлары:
кредиттік рейтингі төмен
ЕДБ-да қаржатты
орналастыру; сенімсіз
компаниялардың бағалы
қағаздарын сатып алу;
Қоғамның ішкі кредиттік
саясатын сақтамау.
1.
Қазынашылық портфелінің
негізгі параметрлерінің
талаптарына сәйкес
салынған уақытша бос
ақшаларды қаржы
құралдарына
әртараптандыру;
2.
УБА-ны орналастыру
бойынша контрагенттің
тәуекелдеріне сараптама
жүргізу;
3.
Банк-контрагенттерге
шектемелер сақтау
Тариф
белгілеу
тәуекелі
Сыртқы тәуекел
факторлары: ҰЭМ
ТМРБҚК-тің тарифтерді
көтеруінен бас тарту
(тарифтің өсуін тежеу);
ҰЭМ ТМРБҚК тарапынан
1.
Тарифтерді бекіту (келісу)
бойынша субъектінің
тарифтік кампаниясын
сапалы дайындау;
2.
ЕТҰ-лар үшін өтімдік
(төмендетілген) тарифтерді
116
өтелетін тариф пен
сараланған тарифті енгізу;
тарифтерді заңнамалық
дәрежеде төмендету;
заңнаманы өзгерту.
Ішкі тәуекел факторлары:
тариф саясатын сақтамау.
енгізуді болдырмау үшін
ҰЭМ ТМРБҚК-нің
тарифтік сметаны және
инвестициялық
бағдарламаларды
уақытылы түзетуі;
3.
Тарифтік саясатты
мониторингілеу; ЕТҰ-ның
тарифтік саясатының
проблемалары бойынша
апта сайынғы есеп;
4.
Реттелетін нарықтардың
және бәсекелестік
нарықтың табиғи
монополиялар
субъектілерінің тарифтерін
реттеу бойынша ҚР
заңнамасына тиісті
өзгерістер енгізу қажеттігі
жөніндегі ұсыныстарды
енгізу
Сыртқы
кредиттердің
ковенантын
және
листингтік
талаптарын
бұзу.
Сыртқы тәуекел
факторлары: ұлттық
валютаның құнсыздануы,
мұнайға, уранға бағалардың
азаюы.
Геосаясат шарттарының
өзгеруі (мысалы:
серіктестерге қатысты
санкциялар).
Ішкі тәуекел факторлары:
кредиттік шарттардың
талаптарын сақтамау;
бюджеттік кіріс-шығыс
бөлігін қате жоспарлау.
1.
Қаржылық тұрақтылық
және қарызды басқару
жөніндегі саясатқа сәйкес
ковенанттың сақталуына
мониторинг жүргізу
(қаржылық және қаржылық
емес);
2.
Қарыз және қаржылық
тұрақтылық бойынша есеп
дайындау;
3.
Контрагенттерден келісу
хатын алуға бағытталған
шараларды уақытылы
жүргізу (ковенантты бұзу
кауіп-қатері кезінде) (letter
of waiver).
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР
Өндірістегі
авариялар
мен апаттар
тәуекелі
Сыртқы тәуекел
факторлары: табиғи
апаттар; үшінші
тұлғалардың қаскөйлік,
соның ішінде лаңкестік
шабуылдары.
Ішкі тәуекел факторлары:
қызметкерлердің қаскөйлігі;
1.
Техникалық жағдайды
анықтау мақсатында
жабдыққа уақытылы
дигностика жүргізу;
2.
Жабдыққа қажетті
жөндеуді уақытылы
жүргізу;
117
күзет ұйымына қойылатын
біліктілік талаптарының
төмен болуы; рұқсат
қағазының және объект
ішілік режимінің болмауы
немесе сәйкес келмеуі;
өндірістік жабдықты
пайдалану режимін
сақтамау.
3.
Өндірістік объектілерді
қорғау жөніндегі
шараларды күшейту;
4.
Өндірістік объектілердің
қауіпсіздігі үшін күзет
ұйымдарымен шарт жасау.
Тәуекелдерді іске асыру ықтималдығы
2015 жылы теңгенің айтарлықтай құнсыздануы салдарынан «Валюталық
тәуекелді» іске асырумен байланысты Қоғам тәуекелдерінің сыни аймағына «Іске
асырылатын/перспективті инвестициялық жобалардың тәуекелдері» және «Сыртқы
кредиторлардың ковенанты мен листингтік талаптарын бұзу» жобалары көшті.
Қоғамның компаниялар тобында жоғарыда көрсетілген тәуекелдерді мейілінше азайту
үшін мына шаралар қабылданды:
Инвестициялық бағдарламаларды оңтайландару бойынша жұмыс жүргізілді;
Ковенанттың сақталуына мониторинг тұрақты негізді жүзеге асырылады;
Кредиторлармен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде;
Қоғамның ашық валюталық ұстанымдары мен VaR бойынша шектелімдері
бекітілді;
118
Қоғамның «Тәуекелдерді хеджирлеу қағидасы» дайындалды;
Мүмкіндігіне қарай шарттарды ұлттық валютамен жасау мақсатында
жасалатын келісімшарттарға тұрақты мониторинг жүзеге асырылуда.
Сапаны басқару
Корпоративтік менеджмент жүйесі (бұдан әрі – КМЖ) – әлемдік стандарттарға
сәйкес келетін өндіріс деңгейіне шығу мақсатымен ұйымға ендірілетін стандарттар
жүйесі. КМЖ – бұл өндіріс пен қызмет сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс
Қоғамның жалпы басқару жүйесінің құрамдас бөлігі. Әдістемелік жағынан қарағанда,
КМЖ – бұл Қоғамның қызмет сапасын басқаруға бағытталған шаралар жүйесі.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі - Қоғам) Корпоративтік менеджмент жүйесі
саласындағы саясытына сәйкес (Басқарманың 29.07.2011ж. №17 хаттамасы) Қоғам
Басқармасы ISO 9001:2008 «Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар» халықаралық
стандарт талаптарына сәйкес КМЖ-ны енгізу туралы стратегиялық шешім қабылдап,
тұрақты негізде қолданылатын заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкес келуін
қамтамасыз етуге кепілдік берілді.
ISO 9001:2008 халықаралық стандарттарына және Қоғам Басқармасының
28.11.2014ж. (№17 хаттама) «Корпоративтік менеджмент жүйесінің нұсқаулығы»
бекітілген шешіміне сәйкес 2015 жылғы қараша айында Қоғам КМЖ-нің ISO 9001:2008
халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне Сыртқы Қадағалаушы аудиттен
табысты өтті. Сертификат аудитін энергетикалық активтерді корпоративтік басқару
жөніндегі қызметтер бөлігінде саланы қолдана отырып, TUV Rheinland сертификат
орталығы өткізді.
Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Қоғамда КМЖ-ны дамыту мен оның
қолданылуының жағымды тұстары атап өтілді:
- Қоғам басшылығының әзірленген КМЖ-ны жетілдіру мен дамытуға деген ниеті.
Отырыстарында КМЖ-ның тиімділік мәселелері қарастырылатын Тәуекелдер және
менеджмент жүйесі комитетінің Төрағасы Қоғамның Басқарма Төрағасы болып
табылады;
- теңгерімді көрсеткіштер жүйесін ендіру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
- тәуекелдерді басқару моделі әзірленіп, белсенді қолданылуда, бұл Қоғамның
шығыстарын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Оны талдау бойынша тұрақты жұмыс
жүргізілуде;
- түпкілікті тұтынушылардың компанияны қабылдауын бағалау мақсатында Қоғам
мен еншілес компаниялар үшін бедел аудитінің өтуін ұйымдастыру бойынша жұмыс
жүргізілуде;
- пресоналдың біліктілігін қамтамасыз ету бойынша тиісті құжаттармен расталған
егжей-тегжейлі шаралар кешені әзірленді (іріктеу, тестілеу, кадр резерві және т.б.).
Персоналды оқытуды бағалау жүйесі пысықталып, іс жүзінді қолданылуда;
- тест режимінде жобаларды онлайн басқару жүйесі енгізілді;
- персоналдың біліктілігі мен КМЖ-ны жетілдіру деңгейі жоғары болуы.
КМЖ қызметтің әрбір бизнес-бағыты бойынша қызметті нақты бөлді, бұл
Қоғамның компаниялар тобында корпоративтік орталық деңгейінде операциялық
бақылауды
күшейтуді
және
негізгі
шешімдерді
қабылдау
үдерістерінің
ортылқтандырылуын қамтамасыз етеді.
119
Сонымен қатар, Қоғам қызметкерлері «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 29.04.2014ж.
(№6 хаттама) шешімімен бекітілген «Корпоративтік менеджмент жүйесін ұйымдастыру
және оған талдау жүргізу қағидаларына» сәйкес КМЖ-ға баға берді, 2015 жылғы
мамырда менеджмент жүйесі бойынша басшылықтың өкілі бекіткен «Самұрық-Энерго»
АҚ-дағы 2014 жылғы ISO 9001:2008 стандарттарының талаптарына сәйкес
корпоративтік менеджмент жүйесінің жұмысы туралы есепке» баға берілді. Жоғары
басшылық тарапынан КМЖ-ге талдау жүргізу Қоғам басшылығының КЖМ-нің ISO
9001:2008 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігін тұрақты бағалау,
сондай-ақ оны жақсарту бойынша мүмкіндікті іздеу мақсатында өткізіледі. Осы
талдауда Қоғамның әрбір үдерісіне баға берілді, нәтижелері бойынша тиісті шешімдер
қабылданды.
Менеджмент жүйелерін халықаралық стандарттар негізінде жетілдіру еліміздің
энергетикалық нарықтағы ұстанымын серпінді дамыту мен күшейтудің маңызды
факторы болып табылады.
Орнықты даму
Орнықты даму
–
Экологиялық факторлар
Қоршаған ортаны қорғау
1)
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сапа менеджменті жүйесі.
Қазақстандағы ірі электр энергетикалық компаниялардың бірі бола отырып,
«Самұрық-Энерго» АҚ қоғам үшін орнықты дамуы үдерісіндегі өзінің айтарлықтай
рөлін түсінеді. Қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды тиімді пайдалану Қоғам мен
оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметінде маңызды рөл атқарады. Қазіргі
кезде Компанияның ұзақ мерзімді Даму стратегиясы мен Экологиялық саясатынан
көрініс тапқан Компанияның табиғатты қорғау саласындағы қызметінің басым даму
бағыттары мен мақсаттары анықталуда.
Компания жаңа технологияларды енгізу және жаңартылатын энергия көздерін
қолдану арқылы өндірістік қызметтің қоршаған ортаға етер әсерін біртіндеп азайтуды
жоспарлайды.
Төменде менеджменттің экология саласындағы әр аспект бойынша тәсілдемесіне
қатысты қысқаша мәліметтер сипатталған.
2)
Материалдарды, энергияны, суды тиімді пайдалану, биоәртүрлілікті
сақтау, оның ішінде:
G4-EN1.
САЛМАҒЫ
МЕН
КӨЛЕМІНЕ
ҚАРАЙ
ЖҰМСАЛҒАН
МАТЕРИАЛДАР
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде әрі
қарай электр немесе жылу энергиясына айналдыру үшін қолданылатын табиғи
ресурстар сатып алынады. Табиғи ресурстармен қатар, «Самұрық-Энерго» компаниялар
тобы тұтыну көлемі жағынан маңызы едәуір төмен химиялық өнімдерді, жағармайлар
мен салқындататын сұйықтықтарды да пайдаланады.
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобының бірқатар еншілес және тәуелді
ұйымдарында күні бүгінге дейін құрамында полихлорланған дифенилдер (одан әрі –
120
«ПХД») бар қондырғылар қолданылады. ПХД трансформаторлардағы, конденсаторлар
мен басқа да электр қондырғыларындағы диэлектрлік сұйықтық ретінде
пайдаланылады, олар адам денсаулығына қауіп-қатер тудырады. ПХД-мен улану
қаупінің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында «Орнықты органикалық
ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына» (одан әрі – «ООЛ») қол қойылды.
Аталған құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Конвенцияның бір тарапы бола
отырып, мынадай іс-шараларды іске асыруға тиісті болады:
- Қазақстан Республикасында құрамында ООЛ бар заттарды экспорттауға,
импорттауға, өндіруге тыйым салу;
-
2025
жылға қарай құрамында ПХД бар қондырғыларды (яғни,
трансформаторларды, конденсаторларды немесе құрамында заттектердің сұйық
қалдықтары бар басқа да қабылдағыштарды) қолдануды тоқтату;
- ООЛ-дың әдейі тасталмаған шығарындыларын азайту бойынша шаралар
қабылдау;
- ООЛ-мен уланған учаскелерді анықтау бойынша арнайы стратегия әзірлеуге күш
салу;
- ООЛ-дың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға төндіретін қаупі туралы
жұртшылықты хабардар ету.
Қолданылатын материалдардың қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайту үшін
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобы жаңартылатын энергия көздерін, атап айтқанда
күн және жел энергиясын молынан пайдалануды жоспарлауда, бұл атмосфераға
бөлінетін зиянды шығарындыларды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
Конвенция бойынша жоғарыда аталған іс-шараларды орындау нәтижесі
экологиялық жағдайдың жақсаруы болмақ, ол жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулығына оң әсер етеді.
G4-EN8. СУ КӨЗДЕРІНЕ БӨЛГЕНДЕГІ АЛЫНАТЫН СУДЫҢ ЖАЛПЫ
КӨЛЕМІ
Су
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобы бойынша су бірінші кезекте су электр
станцияларындағы, жылу және мемлекеттік аудандық электр станцияларындағы электр
қондырғыларын, циркуляциялық жүйелерді және айналымды сумен қамтамасыз етудің
қосалқы технологиялық үдерістерін суыту үшін қолданылады. Алынған судың біраз
бөлігі технологиялық үдерісте қолданылған кезде буланып кетеді. Судың негізгі бөлігі
өндіріс үдерістерінде қолданылған соң және механикалық, физика-химиялық және
биологиялық тазартулардан өткеннен кейін табиғи ортаға қайтарылады.
Су ресурстары және экология жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар су жинауға
қатысты мәселелерді реттейді, атап айтқанда, еншілес және тәуелді ұйымдар қатысатын
өңірлердің экожүйелеріндегі судың деңгейіне ерекше көңіл бөлінеді. Технологиялық
үдерісте пайдаланылған суды жоғалту көлемінің азаюы орта мерзімді перспективадағы
басым бағыт болып табылады.
G4-EN9. СУ БӨГЕТІ АЙТАРЛЫҚТАЙ ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН СУ КӨЗДЕРІ
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының су көздеріне тигізетін айтарлықтай
әсері жоқ. Су көздерінен алынатын су бірнеше қайтара әрі зиянды шығарындыларсыз
пайдаланылады.
121
EN10 БІРНЕШЕ РЕТ ЖӘНЕ ЕКІНШІ ҚАЙТАРА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН
СУДЫҢ ҮЛЕСІ МЕН ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ
Бірнеше рет және екінші қайтара пайдаланылатын судың үлесі және жалпы көлемі
Өлшем бірлігі
Көлемі
Алынатын судың жалпы көлемі
мың м³
60 887 587
Бірнеше рет немесе екінші қайтара
пайдаланылатын судың көлемі
мың м³
76 883
Бірнеше рет немесе екінші қайтара
пайдаланылатын судың үлесі
%
1
G4-EN11. Биоәртүрлілік
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобы өз қызметінің өсімдіктер мен жануарлар
әлеміне тигізер әсерін барынша азайтады. «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының
электр энергетикалық активтері орналасқан ұлттық табиғи парктер мен қорықтары бар
өңірлерге айырықша назар аударылады.
Қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» компаниялар тобында биоәртүрлілікті басқару
саласындағы реттеуші құжаттар әзірленбеген. Биоәртүрлілікті басқару жөніндегі
құжаттардың болмауына қарамастан, «Самұрық-Энерго» тобының әр компаниясы
үнемді өндіріс үдерісін қолдану және жануарлар мен өсімдіктер әлемінің қауіпсіздігін
арттыратын жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығын түсінеді. Қазақстанда да,
әлемдегі сияқты орнықты даму аспектілерінің күн санап өсіп келе жатқан маңызын
ескере отырып, «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы өздері орналасқан және жұмыс
істейтін өңірлерде биоәртүрлілікке бақылау жасау мен оны басқаруды жақсартуды
жоспарлайды.
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобының ұйымның меншігіндегі, жалға немесе
басқаруына берілген және қорғалатын табиғи аумақтарға, сондай-ақ сондай-ақ табиғи
аумақтар шегінен тыс аумақтардағы немесе мұндай аумақтарға жапсарлас жатқан
биоәртүрлілігінің құндылығы жоғары аумақтарда орналасқан өндіріс алаңдары бар.
Іле Алатауы табиғи паркінде «АлЭС» АҚ СЭС каскадының өндірістік
объектілеріне 48,4 га жер жалға берілген.
G4-EN12. ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР МЕН ТАБИҒИ АУМАҚТАР
ШЕГІНЕН
ТЫС
АУМАҚТАРДАҒЫ
БИОӘРТҮРЛІЛІГІ
ЖОҒАРЫ
БАҒАЛАНАТЫН АУМАҚТАРДАҒЫ БИОӘРТҮРЛІЛІККЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ
ӘСЕР ЕТЕТІН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ, ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ
СИПАТТАМАСЫ
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік нысандары қорғалатын табиғи аумақтар мен
табиғи аумақтар шегінен тыс аумақтардағы биоәртүрлілігі жоғары бағаланатын
аумақтардағы биоәртүрлілікке айтарлықтай әсер етпейді.
G4-EN14.
ТҮРЛЕРДІҢ ӨМІР СҮРУІНЕ ҚАУІП ТӨНУ ДЕҢГЕЙІ
БОЙЫНША БӨЛГЕНДЕ, ХТҚО ТІЗІМІНЕ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАЛАТЫН
122
ТҮРЛЕР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН, ҰЙЫМ ОРНАЛАСҚАН АУМАҚТАРДА
ТІРШІЛІК ЕТЕТІН ТҮРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ САНЫ
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы орналасқан аумақтарда ХТҚО-ның
қызыл тізіміне және Ұлттық қорғалатын түрлердің тізіміне енгізілген түрлер жоқ.
3)
Санкция салынбаған және нормативтен тыс шығарындылардың,
қалдықтардың алдын алу
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2015 жылы санкция салынбаған
және нормативтен тыс қалдықтарының шығарындылары болған жоқ.
G4-EN15. ПАРНИКТІК ГАЗДАРДЫҢ ТІКЕЛЕЙ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ (1-
ҚАМТУ АЙМАҒЫ)
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында «Самрұрық-Энерго» компаниялар
тобының жұмысы нәтижесінде атмосфераға шығарылатын реттелетін парниктік газ
жылу және электр энергиясын, сондай-ақ көмір өндіру арқылы пайда болатын көмір
қышқыл газы (CO
2
) болып табылады. «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының өндіру
деңгейінің өсуі атмосфераға шығарылатын парниктік газ шығарындыларының
артатынын көрсетеді.
Биосалмақты сұйылту немесе оның іріп ағуы салдарынан пайда болатын CO
2
шығарындылары жоқ.
Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің Ұлттық жоспарына сәйкес,
2014-2015 жылдарға үшін базалық жылдар ретінде 2012-2013 жылдар таңдап алынған.
Базалық жылы шығарындылар 33 799 290 мың тоннаны құрады, 2015 жылы парниктік
газдардың шығарындыларын қысқарту көзделмеген.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 2015 жыл бойында Ұлттық
жоспарда белгіленген парниктік газдар нормативтен тыс шығарылған жоқ.
Сондай-ақ, экологиялық заңнамаларда талаптардың болмауы салдарынан
парниктік газдардың қарқындылығына есеп жүргізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |