Компания туралы
Өндіруші қуаттардың жұмыс істеп тұрғандарын жаңарту және жаңаларын іске қосу
жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мақсатында 2007
жылы 18 сәуірде құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен «Самұрық-
Энерго» акционерлік қоғамы құрылды. Қоғамның құрылған кездегі құрылтайшылары
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ және
«Қазтрансгаз» АҚ болып табылды. Қоғам 2007 жылы 10 мамырда тіркелді.
2008 жылы 3 қарашада «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі» АҚ мен «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ны қосу арқылы
қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі» АҚ-ның құқықтық мирасқоры болып табылатын «Самұрық-
Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қоғамның акционері болды.
Қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында
энергетикалық және көмір өндіруші кәсіпорындарды басқаратын холдингтік
компания болып табылады.
Қоғам активтерінің құрамында ірі қуат өндіруші компаниялар, оның ішінде
Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станциялары сияқты ұлттық маңызы бар станциялар,
сондай-ақ Алматы өңірінде және Ақтөбе қаласында жылу мен электр энергиясын
өндіретін басқа да станциялар бар; республиканың Ертіс ГЭС каскадының құрамына
кіретін негізгі су электр станциялары, сонымен бірге еліміздің оңтүстік аймағындағы
СЭС-тер (Шардара СЭС пен Мойнақ СЭС) солардың қатарында. Сондай-ақ Қоғам
активтерінің құрамына Алматы өңірі, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының
аймақтық бөлу желілері мен өткізу компаниялары және Қазақстандағы ең ірі көмір
өндіруші кәсіпорын – «Богатырь Көмір» ЖШС кіреді. Кәсіпорын Топтың қуат өндіруші
объектілеріне және Қазақстанда, Ресей Федерациясында орналасқан үшінші тараптарға
көмір жеткізеді.
Миссия, пайымдау және құндылықтар
Миссия
11
Қоршаған ортаға қамқорлық пен ұқыпты өндіру қағидаттарын басшылыққа ала
отырып, Еуразия жеткізушісі және Қазақстанды энергиямен жабдықтаудың жоғары
технологиялық кепілі ретінде акционерлер, қызметкерлер және қоғам үшін
құндылықтарды жасау.
Пайымдау
Еуразиялық маңызы бар тиімді операциялық энергетикалық холдинг – Қазақстан
нарығының көшбасшысы.
Құндылықтар
1) Меритократия: әркімнің үлесі мен жетістіктерін бағалаудағы әділдік пен
объективтілік.
2) Құрмет: команданың басқа мүшелеріне құрметпен қарау.
3) Адалдық: Қоғам ішінде және өз серіктестеріне адалдық.
4) Ашықтық: серіктестермен қарым-қатынас жасау және ынтымақтастықта жұмыс
істеу барысындағы ашықтық пен мөлдірлік.
5) Командалық рух: қызметте неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін
ұжымдық жауапкершіліктің болуы.
6) Сенім: өзара көмек және сенім мәдениетін ұстанушылық.
Жұмыс қағидаттары
1-қағидат. Энергия көздерінің сенімділігі мен қолжетімділігі
Өсіп келе жатқан әлем халқының сұранысын қанағаттандыру үшін энергия
көздерінің сенімділігін әрі қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Біз бұл
мәселе бойынша бізге қызметімізді жүзеге асыруға лицензия мен өкілеттік беретін,
энергетикаға салынатын инвестицияның тұрақтылығына кепілдік беретін реттегіш
құқықтық базаның күнілгері болжағыштығын қамтамасыз ететін мемлекеттік
құрылымдармен және азаматтық қоғаммен жұмыс істегіміз келеді.
2-қағидат. Тиімді энергия жүйелері
Энергияны тиімді өндіруге, беруге және жеткізуге ұмтыламыз, қоршаған орта мен
климатқа тигізетін жағымсыз әсерлерді мейлінше азайта отырып, тұтынушылардың
энергия тұтынуды тиімді басқару мәселесін ілгері бастыруына ықпал етеміз, сонымен
бірге іс-әрекеттеріміздің келешек ұрпаққа тигізетін салдарларын үнемі ескеріп
отырамыз.
3-қағидат. Жауапты азаматтық мінез-құлық
Қоғамның қажеттіліктері мен ұмтылыстары туралы түсінігімізді тереңдетуге,
азаматтық қоғам және үкіметтермен ынтымақтастық пен ашықтық негізінде өзара іс-
қимыл жасайтын жауапты корпоративтік азаматтар мен сындарлы серіктестер болуға
ұмтыламыз.
12
4-қағидат. Экономикалық дамуға үлес қосу
Энергетика секторының жұмысымен байланысты қоғамдастықтарды нығайтуға
айырықша көңіл бөле отырып, өзіміз жұмыс істейтін қоғамдастықтардағы
экономикалық өсімге, жұмыспен қамтуды арттыруға, оларға инновацияларды енгізуге
ықпал етеміз.
5-қағидат. Энергетикалық сауаттылықты арттыру
Энергетикалық сауаттылықты арттыруға, деректерге негізделген және сенімді әрі
объективті ақпаратты ескере отырып әзірленген саясатты жүргізуге атсалысамыз.
Бизнес моделі
Қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасы аумағындағы
энергетикалық
және
көмір
кәсіпорындарын
басқаратын
тігінен
интеграцияланған холдинг болып табылады.
Қызметтің басым бағыттары және негізгі өндірілетін өнім:
•
Электр энергиясын өндіру;
•
Жылу энергиясын өндіру;
•
Электр энергиясын тарату және бөлу;
•
Электр энергиясын сату;
•
Энергетикалық көмір өндіру;
•
Жаңартылатын көздерден энергия өндіру;
•
Желілердегі электр энергиясының шығынын азайту;
•
Қоршаған ортаға шығарылатын зиянды әсерді барынша азайту;
•
Отынның үлестік шығынын азайту, жабдықтардың жұмыс режимін
оңтайландыру;
•
Қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес энергетикалық жабдықтардың
пайдаланылуын қамтамасыз ету;
•
Қолданыстағы энергетикалық қуатты қалпына келтіру, жаңғырту және қайта
құру, сондай-ақ жаңа энергетикалық қуаттарды салу.
2015 жылы Қазақстан Республикасындағы электр энергиясын өндіру 90 796,6 млн
кВт/сағ. құрады, мұның өзі 2014 жылмен салыстырғанда 3138,6 млн кВт/сағатқа немесе
3,4 %-ға жоғары (93 935,2 млн кВт/сағ.).
Аталған көрсеткіш бойынша Қоғам алдыңғы орынға ие және ERG (19 521
млн.кВтсағ.) мен Kazakhmys Energy (6 843 млн.кВтсағ.) құрылымына кіретін электр
энергиясын өндіруші ірі компанияларды басып озады.
Қоғамның электр станциялары (ГРЭС-1, ГРЭС-2, АлЭС, Ақтөбе ЖЭО, Шардара
СЭС және Мойнақ СЭС) 22 318 млн. кВтсағ. электр энергиясын немесе Қазақстанда
өндірілетін электр энергиясының 25 %-ын өндірді.
13
Қоғамның неғұрлым ірі тұтынушылары - «KEGOC» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт»
ЖШС, «ҚазФосфат» ЖШС, «Теміржолэнерго» ЖШС, «Қостанай Энергоорталық»
ЖШС, «Оңтүстік Жарық» ЖШС, «Көкшетау Энергоорталық» ЖШС, «Жетісу
Энерготрейд» ЖШС.
Электр энергиясы Қазақстанның БЭЖ Батыс өңірін қоспағанда (электр
байланыстарының жоқтығынан), республиканың барлық өңірлеріне жеткізілді.
Қазақстан БЭЖ солтүстік өңірінің тұтынушыларына электр энергиясын жеткізу
үлесі энергия тұтынудың жалпы көлемінің 12%-ын, ал БЭЖ оңтүстік өңірінің
тұтынушыларына электр энергиясын жеткізу 67%-ды құрады. Мұнда облыстар
арасында электрді тұтыну көлемі бойынша жеткізілім көлемі үлесінің мейлінше жоғары
көрсеткіші - Алматы облысы бойынша (83%), Жамбыл облысы бойынша (65%),
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша (45%), Қостанай облысы бойынша (31%).
Қырғыз Республикасының электр энергиясына мұқтаждығын жабу үшін Қоғамның
электр станциялары 401 млн.кВтсағ. көлемінде электр энергиясын экспорттады.
Бизнес моделі
Бизнес сегменттері бойынша операциялық пайда
Көмір өндіру
және сату
• «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасындағы ірі көмір өндіруші компания «Богатырь-Көмір» ЖШС (50%), сонымен қатар Ресей Федерациясына экспорттық
жеткізілімдерді жүзеге асыратын «Ресурс Энерго Уголь» ЖШС трейдингтік компаниясының иесі болып табылады. Компания өндіретін көмірдің қомақты бөлігі
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіретін электр станцияларға, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының өзге де электр станцияларына,
сонымен қатар өңірдің коммуналдық кәсіпорындарына жеткізіледі.
Өндіру
• Компаниялар тобы ҚР-дағы жарамды қуаттың 31,8%-ына иелік етеді. Топқа «ЕГРЭС-1», ЖШС, «ЕГРЭС-2» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ,
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «New Light Energy» ЖШС және жиынтығында Қазақстан Республикасындағы жалпы өндірілген электр
энергиясының 30%-дан астамын құраған басқа да өндіруші кәсіпорындар кіреді. «Самұрық-Энерго» АҚ өндірген электр энергиясының жалпы көлемі 22,3 млрд
кВт/сағ. құрайды.
Көтерме сату
• Электр энергиясының көтерме сауда нарығына ұлттық маңызы бар энергия өндіруші компаниялар, сондай-ақ ірі тұтынушылар, оның ішінде: «KEGOC» АҚ,
«АстанаЭнергоСбыт» ЖШС, «Теміржолэнерго» ЖШС, «Қостанай Энергоорталық» ЖШС,»Оңтүстік Жарық» ЖШС, «Көкшетау Энергоорталық» ЖШС, «Богатырь Көмір»
ЖШС, «Жетісу Энерготрейд» ЖШС, сонымен қатар басқа да ірі тұтынушылар қатысады.
Тарату, бөлу
• Электр энергиясын беру және тарату негізінен «KEGOC» АҚ магистарльдық желілері арқылы және аймақтық энергетикалық компаниялар (АЭК) желілері арқылы
жүзеге асырылады. "Самұрық-Энерго" АҚ тобына «АЖК» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ, «МЭБК» АҚ сияқты бірқатар өңірлік компаниялар кіреді.
Бөлшек
сауда
• Электр энергиясының бөлшек саудасымен энергия таратушы ұйымдар (ЭТҰ) айналысады. ЭТҰ электр энергиясын халыққа, ОШБ-ға, сонымен қатар өзге де бюджеттік,
өнеркәсіптік және институционалдық тұтынушыларға өткізеді. Екіжақты шарт жасасу арқылы ЭТҰ өндіруші компаниялардан электр энергиясын сатып алып, оны
бөлшек тұтынушылармен дәл осылай екіжақты шарт жасай отырып сатады. "Самұрық-Энерго" АҚ тобына екі ЭТҰ кіреді: «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және
«Шығысэнерготрейд» ЖШС.
Тұтыну
• «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және «Шығысэнерготрейд» ЖШС бойынша тұрмыстық, өндірістік және институционалдық тұтынушылар 1 229 376 дербес шотты құрайды,
оның ішінде: 1 182 705 дербес шот - тұрмыстық тұтынушылардікі, 2 763 дербес шот - өндірістік тұтынушылардікі, 3 255 дербес шот - бюджеттік тұтынушылардікі және
40 653 дербес шот -өзге (соның ішінде, коммерциялық) тұтынушылардікі.
14
Даму стратегиясы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформациялау аясында, сондай-ақ өзгерген
нарық талаптары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің электр энергетикасы
саласындағы басымдықтарына байланысты Қоғам өзінің ұзақ мерзімді Даму
стратегиясын өзектендіру жөніндегі жұмысын бастады. Стратегияны өзектендіру
жөніндегі жұмыс Boston Consulting Group халықаралық консалтингтік компанияны
тарта отырып өткізілді және Қоғамның Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 15 қазандағы
шешімімен бекітілді. Стратегиямен қатар 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияны
іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленді.
15
2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер
Өз миссиясын орындау және Қоғамның талап етілетін нәтижелеріне қол жеткізу
аясында бірінші деңгейдің үш стратегиялық мақсатын іске асыру болжанады:
1.
Энергия ресурстарының қатысу нарықтарына сенімді және бәсекеге қабілетті
жеткізілімдерін қамтамасыз ету.
2.
Акционерлік капиталының құнын арттыру.
3.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін, орнықты дамуды қаматмасыз ету.
Бірінші деңгейдің стратегиялық мақсаттары жұмыс істеп жатқан бизнес-бағыттар
үшін мынадай мақсатты бағдарларды алға қояды:
дәстүрлі қуат өндіру – жоғары технологиялық даму, Қазақстан
Республикасында көшбасшылық және экспортқа шығарылатын артық қуатты тиімді
монеталау;
ЖЭК – Қазақстан Республикасында ЖЭК-қуат өндіру технологияларын
белсенді ендіру және дамыту;
көмір бизнесі – жоғары технологиялық көмір бизнесін дамыту, өсудің жаңа
орындарын іске асыру;
тарату және сату – Қоғамның тобы бойынша Жекешелендірудің 2014-
2016 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында активтерді сату;
1)
«Дәстүрлі қуат өндірудегі жоғары технологиялық даму» бизнес-бағыты
аясындағы екінші деңгейдің стратегиялық мақсаттары мыналар болып табылады:
Сауда үйі базасында сатуды, коммерциялық оңтайландыру мен трейдингті
күшейту;
Инвестициялық бағдарламаны тиімді іске асыру (өндіруші қуаттардың оңтайлы
теңгерімі);
Бос қуаттардың талап етілетін өнімділік деңгейін қамтамасыз ету;
Реттеушімен өзара іс-қимыл жасау қызметін күшейту;
Жаңа бизнестер мен қызметтерді дамыту, сатуды ұлғайту және экологиялық
тиімділікті арттыру үшін шектес бизнестерге әртараптандыру;
Ішкі нарықта қосымша сату арналарын дамыту;
Сыртқы нарықта қосымша сату арналарын дамыту;
Таза көмірдің инновациялары мен технологияларын дамыту, көміртекті тұту
және сақтау.
2)
«ЖЭК-қуат өндірісін дамтыу» бизнес-бағыты аясында екінші деңгейдің
стратегиялық мақсаттары мыналар болып табылады:
Жоспарланған жобаларды тиімді іске асыру және ЖЭК-тің қарқынды дамуын
қамтамасыз ететін жаңа жобаларды анықтау арқылы ҚР-да ЖЭК-ті дамыту бойынша
көшбасшылықты қаматмасыз ету;
Электр энергиян сақтау технологияларын дамыту.
3)
«Жоғары технологиялық көмір бизнесін дамыту» бизнес-бағыты аясында
екінші деңгейдің стратегиялық мақсаттары мыналар болып табылады:
ҚР-да байытылмаған көмір бизнесін дамыту;
РФ-да байытылмаған көмір бизнесін дамыту;
Көмір бизнесінің операциялық тиімділігін жоғарылату;
16
Көмір қыртысын байыту, дамыту бойынша бизнестің жоғары технологиялық
бағыттарын дамыту;
Инновацияларды және ҒЗТКЖ-ны дамыту.
4)
«Тарату және сату» бизнес-бағыты аясында екінші деңгейдің стратегиялық
мақсаттары мыналар болып табылады:
Жекешелендіру жоспары бойынша активтерді сату.
5)
«Жалпы корпоративтік даму» аясындағы екінші деңгейдің стратегиялық
мақсаттары мыналар болып табылады:
Корпоративтік орталықта қызметтерді ішінара орталықтандыра отырып,
операциялық холдингті басқару қағидаттарына өту;
Компанияның трансформациялау бағдарламасын іске асыру;
Акционерлердің мүдделерін қорғау және акцияларды тиімді бастапқы
орналастыру;
Үздік тәжірибелерді қолдана отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
бойынша міндеттемелерді орындау;
Инновациялық даму;
Инвестициялық жоспарлау және жобаларды басқару үдерісін жетілдіру.
Бизнесті трансформациялау – Стратегияны іске асырудың негізгі құралы
Бағдарлама 2015 жылғы 4 шілдеде ресми түрде басталды. Бастапқы кеңес электр
энергетикалық холдингтің еншілес және тәуелді кәсіпорындарының ұжымымен
телекөпір режиминде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасының
қатысуымен өтті.
Трансформациялау жобасы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның әдістнамасы бойынша
жүргізіледі және 3 негізгі бағыттан тұрады: Адамдар, Үдерістер және Технологиялар.
17
Трансформациялау бағдарламасын іске асыру Қоғамның стратегиялық
мақсаттарына қол жеткізудің негізгі құралы болып табылады.
(Актуализация Стратегии – Стратегияны өзектендіру)
(Актуализация целевой орг. структуры КЦ и ДЗО – КО мен ЕТҰ мақсатты
ұйымдық құрылымын өзектендіру)
(Процесс и результат преобразований – Үдеріс және өзгерістер нәтижелері)
(Устойчивое развитие – Орнықты даму)
Стратегический холдинг – Стратегиялық холдинг)
(Приватизация активов, проведение ІРО – Активтерді жекешелендіру. ІРОөткізу)
(Реинжиниринг и автоматизауия бизнес процессов и систем управления – Бизнес
үдерістер мен басқару жүйелерін реинжинирингілеу және автоматтандыру)
Трансформациялау жобасының аясында жаңа бизнестерді дамыту
18
(Функции Торгового Дома – Сауда Үйінің функциялары)
(Золошлаковые отходы как строительное сырье – Құрылыс шикізаты ретіндегі күл-
қож қалдықтары)
(Золошлаковые отходы как сырье для обогащения – Байытуға арналған шикізат
ретіндегі күл-қож қалдықтары)
(распределенная генерация и программы энергоэффективности – таратылған
генерация және энергия тиімділігі бағдарламалары)
Трансформациялау бағдарламасының негізгі мақсаты – озық әлемдік
тәжірибелерді қолдана отырып, корпоративтік басқару, қаржылық және операциялық
тиімділік деңгейі жоғары бәсекелес және орнықты компания құру. Осы бастамаларды
іске асыру:
1) Еңбек өнімділігін 40%-ға арттыруға;
2) 2020 жылға қарай экономикалық қосылған құн көрсеткіштерінің оң мәніне
шығуға (EVA) мүмкіндік береді.
Қоғам өз миссиясын қоршаған ортаны қорғау туралы қамқорлық және үнемді
өндіру қағидаттарын басшылыққа ала отырып, акционерлер, қызметкерлер, қоғам үшін
құндылық жасау деп біледі. «Самұрық-Энерго» АҚ-дағы трансформация Қоғамның
жаңа бәсекелес әрі орнықты холдинг құруына, өз миссиясы мен даму стратегиясын
толығымен іске асыруыңа мүмкіндік береді.
2015 жылдың негізгі оқиғалары
Негізгі нәтижелер
19
2015 жылы Қоғамның қызметінде мынадай бизнестегі маңызды оқиғалар мен
өзгерістер болды.
Күні
Оқиға
1 ақпан
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ
электр энергиясына босату бағасының төмендеуі
20 ақпан
Қоғам Standard & Poor's рейтингін «ВВ/В» және «kzA+»-ға дейін
төмендетуі, болжам – «Тұрақты»
27 ақпан
ОКҚ-да «2014 жылы энергетикадағы және Қоғамның қызметіндегі
МҮИИДБ жобаларын іске асыру туралы» брифингі
2 наурыз
Қоғам 2015 жылға жоспарланған күрделі шығындарды 23%-ға азайтты
10 сәуір
Алматы қ. негізгі тұтынушылары үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
тарифінің төмендеуі
27 сәуір
Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес «IN GOOD STANDING»
сертификатын тапсыра отырып, ДЭК Қазақстан ұлттық комитетінің
қызметін жоғары бағалады
18 мамыр
«Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ-ның 50% акциясы
сатылды
19 мамыр
Инвестициялық жобалар мен шығындардың қымбаттауына байланысты
«Мойнақ СЭС» АҚ жеке тарифін көбейту
22 мамыр
АЭФ аясында Қоғамның «Stanford University» жеке зерттеу
университетінің Primus Power Corporation компаниясымен және
Калифорнияның Беркли университетімен инновациялық
технологияларын дамыту бойынша келісімдерге қол қойылды
20 маусым
ОКҚ-да «KAZENERGY Еуразиялық Форумы: «Энергетиканың жаңа
көкжиектері, ынтымақтастық келешектері және инвестициялар»
брифингі
4 шілде
Қоғамның Трансформациялау бағдарламасының бастау алуы
14 тамыз
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС жел электр станциясының
құрылысын аяқтау/іске қосу
17
қыркүйек
Қоғам «Шардара СЭС-ін жаңғырту» жобасы бойынша Кредиттік
келісімде көзделген қаржылық ковенант бойынша Еуропа қайта құру
және даму банкінен вейвер (келісімхат) алды
20
23 қараша
Қоғам 3 млрд. теңге мөлшеріндегі жергілікті облигацияларды өтеді
2
желтоқсан
ЕҚДБ кредиттік қаражатына рұқсат берілді және «Шардара СЭС-ін
жаңғырту» жобасын іске асыру аясында алғашқы іріктеу жасалды
15
желтоқсан
Standard & Poor's агенттігінің «ВВ/B» және «kzA+» «Тұрақты»
болжамы деңгейінде рейтингтерді растауы
21
желтоқсан
2015 жылы станцияны жаңғыртуға арналған жабдықтардың құнының
өсуіне байланысты «Шардара СЭС» АҚ үшін жобасы үшін 9,50
теңге/кВтсағ. мөлшерінде (қолданыстағы мөлшерге 211%-ға өсіре
отырып) жеке тарифтің бекітілуі. Тариф 2016 жылдан 2022 жылға
дейінгі кезеңге бекітілді.
23
желтоқсан
Fitch Ratings агенттігінің компанияның рейтингін растауы, болжам –
«Тұрақты»
Халықаралық ынтымақтастық
2015 жылы мамырда VIIІ Астана экономикалық форумы (бұдан әрі - АЭФ)
аясында
Қоғам мен
Primus Power Corporation арасында Стратегиялық серіктестік туралы
келісімге қол қойылды, ол Қазақстандағы аккумуляторлық технологиялар саласындағы
бизнесті ұйымдастырудың мейлінше өзара тиімді мүмкіндіктері мен ынтымақтастықты
дамытуға жол ашады. Аталған ынтымақтастық аясында EnergyPod энергия жинақтау
жүйесін ендіру бойынша пилоттық жоба іске қосылды, ол энергетикалық жүйенің
резервтік қуатын арттыруға және икемділігін жақсартуға, халық көп қоныстанған
аудандарға қосымша қуаттарды салуға, баламалы және жаңартылатын энергия
көздерінің үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар АЭФ аясында
Қоғам мен
АҚШ университеттері арасында, атап
айтқанда, «Stanford University» жеке зерттеу университетімен Өзара түсіністік туралы
меморандумға қол қойылды, оның аясында тараптар ғылыми-зерттеу, білім беру және
инновациялық қызмет саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуды жоспарлап
отыр. Сондай-ақ Калифорнияның Беркли университетімен ынтымақтастық орнатуды,
оның аясында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер мен
инновациялық технологияларды әзірлеу мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуды
жоспарлайды.
Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық аясында 2015 жылы Қоғам мен
ҚХР кәсіпорындарының арасында бірқатар Меморандумдар мен Келісімдерге қол
қойылды.
2015 жылы 21 қаңтарда Қоғам мен
Қытай халықаралық су шаруашылығы және
энергетика корпорациясы (бұдан әрі - ҚХСШжЭК) арасында
«
Шелек дәлізінде
келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейту көзделген қуаты 60 МВт ЖЭС салу
»
жобасын іске
асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
21
2015 жылы 20 наурызда Қоғам мен Sinohydro Corporation Limited арасында
«Ерейментау қ. ауданында қуаты 205 МВт ЖЭС салу, ІІІ кезең.» жобасын қоса алғанда,
дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы ынтымақтастық
туралы меморандумға қол қойылды.
ҚР Премьер-Министрінің 2015 жылы 27 наурыздағы ҚХР-ға сапары аясында
Қоғам мен
ҚХСШжЭК
арасында «Іле өзенінде контрреттеуші Кербұлақ СЭС-ін салу»
жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды.
2015 жылы 1 қыркүйекте ҚР Президентінің ҚХР-ға сапары аясында Қоғам, Қытай
Мемлекеттік Даму Банкі және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ арасында «
Шелек дәлізінде
келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейту көзделген қуаты 60 МВт ЖЭС салу
»
жобасы
бойынша қаржыландыруды ұйымдастыру туралы үшжақты келісімге қол қойылды.
2015 жылы қазанда «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені
ұйымдары қауымдастығының мерейтойлық X Еуразия форумына қатысу аясында
Қоғам қуаты 45 МВт Ерейментау жел электр станциясының жобасын таныстырды.
Қоғам дайындаған стенд «Diploma of the Best Audience Choice» - «Аудиторияның үздік
таңдауы» дипломымен марапатталды.
2015 жылы 3 қарашада Мемлекет басшысы ресми сапармен Ұлыбританияға барды,
оның аясында Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің құрылтай отырысы және Қазақстан-
Британ Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық
жөніндегі үкіметаралық комиссияның екінші отырысы өткізілді. Қазақстан-Британ
Іскерлік Кеңесі аясында 3 құжатқа қол қойылды:
1.
Қоғам мен Еуропа қайта құру және даму банкінің арасында Кредиттік
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісім.
2.
Қоғам мен «Enzen Global Ltd» арасындағы Өзара түсіністік туралы
меморандум, ол электр энергиясын өндіру, тарату, оның ішінде жаңартылатын энергия
көздері саласындағы операциялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған
басқарудың модельдері мен қолданбалы құралдарын әзірлеу мен қолдану мақсатындағы
ұзақ мерзімді ынтымақтастықты көздейді.
3.
Қоғам мен Innovator Capital Limited (бұдан әрі - ICL) инвестициялық
компаниясының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, оның аясында ICL
күлі көп көмірді өндіру мен байытудың, көмірді газдандыру технологиясын ендірудің
озық технологиялары, СО2 тұту технологиясы, СО2-ні өнімділігі жоғары химиялық
заттарға айналдыру технологиясы бойынша серіктестер іздеуге жәрдемдеседі.
|