«Самұрық–Энерго» АҚ біріктірілген жылдық есебі



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата30.03.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10597
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

8
 
Мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар қызметкерлерінің денсаулығын 
сақтау мен қауіпсіздігіне қатысты саясат пен талаптар 
Қоғамның  Жұмыс  тобының  ұсынымдарына  сәйкес,  барлық  ЕТҰ-да  мердігер 
таңдаудың талаптары қарастырылған ішкі нормативтік құжаттар әзірленген, мердігер 
ҚР-ның  еңбек  қауіпсіздігі  және  оны  қорғау,  өндірістік  және  өрт  қауіпсіздігі 
саласындағы  нормативтік-құқықтық  актілері  талаптарының  сақталуына,  сондай-ақ 
мердігерде  сапа,  экологиялық  қауіпсіздік,  еңбек  қауіпсіздігі  және  оны  қорғау 
саласындағы халықаралық стандарттар сертификатының болуына сүйеніп  таңдалады. 
Мысалы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да мердігер және 
қосалқы  мердігер  ұйымдарының  қызметкерлерін  кәсіпорын  аумағына  кіруге  рұқсат 
беру жүйесі әзірленді және қызмет етуде, атап айтқанда:  03.004.1.05.016-11 «Кәсіпорын 
аумағында  мердігер  ұйымдарының  жұмысын  ұйымдастыру  туралы  ереже»  СТП
 
кәсіпорнының  стандарты  әзірленді.  Жоғарыда  көрсетілген  стандартқа  сәйкес  барлық 
мердігер  және  қосалқы  мердігер  ұйымдар  жұмыстарды  бастар  алдында  қауіпсіздік 
талаптарына сәйкестік тексерісінен өтеді, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС аумағына кіруге 

 
152 
 
рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізіліміне» сәйкес ЕҚ қызметіне құжаттарды, соның 
ішінде  медициналық  тексеруден  өткен  қызметкерлердің  тізімін  тапсырады. 
Құжаттардың сәйкестігін тексергеннен кейін мердігер ұйым «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 
аумағында  жұмыстарды  атқару  үшін  рұқсаттаманы  ала  отырып,  кәсіпорын  бойынша 
нұсқауларын  одан  әрі  ресімдеу  үшін  еңбекті  қорғау  қызметіне  жасақтар  бойынша 
(соның ішінде жалпы және аралық) жетекші, өндіруші және мүшелері болуға құқығы 
бар қызметкерлердің тізімін жолдайды.  
 
9
 
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша тиісті оқудан өткен 
мердігерлер мен қосалқы мердігерлер қызметкерлерінің пайызы 
Мердігер ұйымдардың қызметкерлерін шарт міндеттемелеріне сай жұмыс жүргізу 
үшін  жұмыс  орындарына  жіберу  қауіпсіздік  техникасы  мен  еңбекті  қорғау 
нормаларының  ережелеріне  сәйкес  жүргізіледі.  Жіберер  алдында  кіріспе,  бастапқы 
және  мақсатты  нұсқаулықтар  жасалып,  еңбекті  қорғау  және  қауіпсіздік  техникасы 
жөніндегі оқудан, сондай-ақ медициналық тексерістен өткендігі көрсетілген біліктілік 
куәлігінің болуы тексеріледі.  
Жоғарыда  айталғандарға  сәйкес,  мердігер  ұйымдардың  еңбекті  қорғау  және 
қауіпсіздік техникасы жөніндегі тиісті оқудан өткен қызметкерлері 100 %-ды құрайды. 
 
Қайырымдылық және демеушілік 
 
Мемлекет  бизнестің  әлеуметтік  жауапкершілігі  бойынша  теңгермелі  саясатты 
ұстау  жөніндегі  жұмыстарды  жүргізуде.  2011  жылы  Қоғам  БҰҰ  Жаһандық  шартына 
қосылып, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясын бекітті, оның мақсаты 
әлеуметтік бағдарламаларды жүйелеу, жетілдіру және жүзеге асыру болып табылады. 
2015 жылы акционер өтініш берушілердің өтініштерін 209 млн. теңге сомаға демеушілік 
көмек,  5,931  млн.  теңгеге  қайырымдылық  көмекті  қарап,  мақұлдады.  «Самұрық-
Қазына»  АҚ  Басқармасының  шешімі  бойынша  «Самұрық-Энерго»  АҚ  компаниялар 
тобы жобаларды 215 млн. теңге сомасына қаржыландырды. Спорт федерацияларының, 
клубтардың жұмысын қаржыландыруға және спорттық шараларды ұйымдастыруға 144 
000 000 теңге бөлінді.  
«Астана  Арланс» КСК 2015 жылдың WSB маусымында бірінші орынды иеленді. 
Компанияның  жоғары  деңгейдегі  қолдауымен  «KAZENERGY»  Х  Еуразия  форумы 
өткізілді.  Сонымен  қатар  ардагерлер,  мүгедектер  ұйымдарына,  балалар  үйлері  мен 
орталықтарға  көмек  көрсетіліп,    Серебрянск  қаласында  Ұлы  Отан  соғысындағы 
жеңістің 70 жылдығын мерекелеу шаралары өткізілді. «Шардара СЭС» АҚ ҰОС және 
Ауған  ардагерлеріне  электр  энергиясына  жеңілдіктер  беру  бойынша  көп  жылғы 
дәстүрді жалғастырды.  
Бүкіләлемдік  тәжірибе  көрсеткендей,  корпоративтік  әлеуметтік  жауапкершілік, 
оның  ішінде,  қайырымдылық  –  кез  келген  ірі  компанияның  қоғамның  дамуына, 
әлеуметтік және экологиялық саланы жақсартуға ерікті түрде қосқан үлесін көрсететін 
тұрақты бағыттарының бірі.  
 
 
Орнықты даму – Экономикалық факторлар 

 
153 
 
Жергілікті қамту үлесін дамыту 
Жергілікті қамту үлесін дамыту саласындағы миссия 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің    2010  жылғы  29  қазандағы  қаулысымен 
бекітілген  жергілікті  қамту  үлесін  (одан  әрі  -  ЖҚҮ)  дамыту  жөніндегі  мемлекеттік 
бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Қоғам жұмыс істеп тұрған өндіруші қуаттарды 
жаңғырту  және  жаңаларын  іске  қосу  барысында  жергілікті  қамту  үлесін  дамытуды 
жоспарлы түрде қамтамасыз етіп, сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің (одан әрі - 
ОТӨ) жаңа өндіріс орындарын салу кезінде электр энергетикасы саласындағы өндірістік 
және перспективті жобаларды жүзеге асыруға ат салысуға шақырады.  
 
Жергілікті қамту үлесін дамыту  саласындағы пайымдау 
Қоғам өзін энергетика саласындағы отандық тауар өндірушілер үшін  ОТӨ-нің ел 
экономикасының  электр  энергетикалық  сегментіне  қатысуы  мен  оны  дамыту 
саласындағы, оның ішінде «жасыл» экономика стратегиясының негізін құрып,  жүзеге 
асыру,  ЖЭК-ті  дамыту,  өндірістің  ресурстық,  сондай-ақ  энергия  тиімділігін  арттыру 
бойынша жұмыстар аясындағы көшбасшы ретінде сезінеді. 
Жергілікті қамту үлесін дамытудың жолдары мен әдіс-тәсілдері 
Қоғам жергілікті қамту үлесін дамыту саласындағы миссияны орындау және ОТӨ-
нің  барлық  диалогтық  алаңдардағы  салалық  жобаларды  жүзеге  асыруға  қатысуын 
қамтамасыз ету  мақсатында,  Жергілікті қамту үлесін дамыту жөніндегі бағдарламаны 
орындау үшін: 

 
импортталатын тауарлар тізбесін ұсыну; 

 
ұзақ мерзімді шарттар жасау; 

 
инвестициялық жобаларды іске асыруға Қазақстан кадрларын тарту;  

 
ОТӨ-ні  жұмыс  істеп  жатқан  энергетика  нысандарын  жаңғырту  және 
жаңаларын салу ісіне тарту; 

 
маркетингтік  зерттеулер  жүргізген  кезде  ОТӨ-нің  болуын  ескеру  сияқты
 
бірқатар жүйелі шараларды ұсынады және оларды өз қызметіне сәйкес жүзеге асырады.  
 
Күтілетін нәтижелер 
Аталған шаралар кешенін жүзеге асыру ОТӨ-нің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, 
отандық бизнесті  электр энергетикасына барынша кешенді әрі жүйелі түрде тартуға, 
саланың  жалпы  тиімділігі  мен  инновациялылығын  арттыруға  мүмкіндік  береді. 
Осылайша,  жаңа  өндірістерді  құруға,  жеткізілетін  қондырғылардың  қосалқы 
бөлшектерін  жасап  шығару  барысындағы  жергілікті  қамтудың  үлесін  арттыруға, 
әлемдік  алдыңғы  қатарлы  құқық  иеленушілердің  технологияларды  беру  шарттарын 
алуға  және  жеткізілетін  қондырғыларға  сервистік  күтім  жасау  сегментін  дамытуға 
жағдайлар  жасалатын  болады.  Жоғарыда  аталған  шаралар  нәтижесінде  жаңа  жұмыс 
орындарының  құрылуы  мен  жергілікті  персоналдың  жеткізілетін  және  өндірілетін 
қондырғыларды  пайдалану,  сервис  және  жөндеу  саласындағы  біліктілігін  арттыруға 
қажетті жағдайлар туғызудың өзінің өз алдына бөлек оң әсері болмақ. ОТӨ-мен ұзақ 
мерзімді шарттар жасасу арқылы өнімдерді кепілдендірілген түрде өткізу мәселелері де 
шешілетін болады. 
 

 
154 
 
2014-2015  жылдары  отандық  тауар  өндірушілермен  жасалған  шарттардың 
саны бойынша ақпарат 
2014  жылы  Қоғам  тауарлар  бойынша  151,54  млрд  теңге  сомасына  3669шарт 
жасады, оның ішінде ОТӨ-мен 136,63 млрд теңгеге 766 шарт жасалды. 
2015 жылы Қоғам тауарлар бойынша барлығы 121 млрд теңгеге 3 140 шарт жасады,   
оның ішінде ОТӨ-мен 110,57  млрд теңгеге 835 шарт жасады. 
Біз отандық тауар өндірушілермен шарттардың жасалуынан оң серпінді көреміз.  
 
2014-2015  жылдарда  жасалған  ұзақ  мерзімді  шарттардың  саны  туралы 
ақпарат  
2014 жылы отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 2,48 млрд теңге болатын  
63 ұзақ мерзімді шарт жасалды. 
2015  жылы  отандық  тауар  өндірушілермен  жалпы  сомасы  214,45  млрд  теңге 
болатын  87 ұзақ мерзімді шарт жасалды.  
 
2013-2015  жылдардағы  сатып  алулардағы  жергілікті  қамту  үлесі  бойынша 
ақпарат, мың теңгемен
 *
  
 
 
2013 нақты 
2014 нақты 
2015 нақты 
  
Жасалған 
шарттард
ың жалпы 
сомасы 
ЖҚ 
сомасы 
Ж
Қ 
%  
Нақты 
жеткізілге
н ТЖҚ 
жалпы 
сомасы 
ЖҚ 
сомасы 
ЖҚ 
%  
Нақты 
жеткізілге
н ТЖҚ 
жалпы 
сомасы 
ЖҚ 
сомасы 
ЖҚ 
%  
тауа
рлар 
166 114 048 
123 164 229 
74 

157 966 728 
125 853 121 
80% 
134 371 841 
112 279 782 
84% 
жұм
ыста
р 
127 069 408 
57 398 008 
45% 
99 769 397 
49 652 585 
50% 
99 091 016 
37 149 447 
37% 
қызм
еттер 
80 782 171 
78 555 575 
97% 
99 018 102 
97 399 442 
98% 
92 663 066 
91 230 497 
98% 
барл
ығы 
373 965 627 
259 117 812 
69% 
356 754 227 
272 905 148 
76% 
326 125 923 
240 659 726 
74% 
*
Ескерту: «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның мәліметтері. 
 
Жергілікті қамтуды дамыту бойынша өңірлік көрмелерге қатысу 
Қоғам  өткен  жылы  Астана  қаласында  «NADLOC»  жергілікті  қамтуды  дамыту 
жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер 
палатасы  ұйымдастырған  отандық  өнеркәсіпті  дамыту  және  қазақстандық  тауар 
өндірушілерді  қолдау  бойынша  диалог  алаңына;  Алматы  қаласы  әкімдігінің 
ұйымдастыруымен  жыл  сайын  Алматы  қаласында  қала  әкімі  мен  «Самұрық-Қазына» 
ҰӘҚ»  АҚ  Басқарма  төрағасының  қатысуымен  өтетін  «Мемтапсырыс  –  2016» 
акциясына;  Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрі  бірінші  орынбасарының 
тапсырмасы  аясында  өтетін  Астана,  Өскемен,  Шымкент,  Петропавл,  Павлодар  және 
Алматы  қалаларының  өнеркәсіптік  кәсіпорындарына  қолдау  көрсету  шаралары 
бойынша  кеңестерге  қатысты.  «Самұрық-Өазына  Контракт»  ЖШС,  «NADLoC» 
жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, Қазақстан Республикасы 

 
155 
 
Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасының  ұйымдастыруымен  отандық  тауар  өндірушілермен 
өткен кеңестерге қатысты. 
 
Отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттар бойынша ақпарат: 
1. «Кентау трансформатор зауыты» акционерлік қоғамы: 166 млн теңге сомаға 
тауар жеткізу: айырғыштар, трансформаторлар, қосқыштарқосқыштардың жетектері.  
2. «Азия Авто» АҚ: 73 млн теңгеге автокөлік жеткізу. 
3. «Казэнергокабель» АҚ: 122 млн теңгеге кабель өнімдерін жеткізу. 
4.  «Казцентрэлектропровод»  ЖШС:  34  млн  теңгеге  өткізгіш  кабель  өнімдерін, 
муфталарды, шкафтарды жеткізу. 
5.  «HighIndustrialLubricants&LiquidsCorporation»  («HILL»)  ЖШС:  242  млн 
теңгеге тауар жеткізу: майлар мен майлайтын майлар. 
6. «Орика-Казахстан» АҚ: тауар жеткізу: 453 млн теңгеге өндірістік жарылғыш 
заттар; 
7.  «Темір-бетон  комбинаты»  ЖШС:  тауар  жеткізу:  65  млн  теңгеге  тіреуіштер, 
іргетас блогы, темір-бетонды құрылғылар. 
8. «Kagaz Shahary SEZ» ЖШС: тауар жеткізу: 2 млн теңгеге қағаз. 
9.  «Жаңа  Семей  шпал  зауыты»  АҚ:  тауар  жеткізу:  53  млн  теңгеге  аудармалы 
арқалық тақтайлар. 
10. «ҚАЗЭЛЕКТРМАШ» ЖШС: тауар жеткізу: 204 млн. теңгеге өткізгіш кабель 
өнімдері. 
11.  «КЭМОНТ»  АҚ:  тауар  жеткізу:  7  млн.  теңгеге  трансформаторлық  қосалқы 
станция. 
 
Біз  тапсырыс  беруші  ретінде  жаңа  отандық  өнімдерді  өндіруге  үлкен 
қызығушылық  танытудамыз,  сонымен  қатар,  отандық  тауар  өндірушілермен  ұзақ 
мерзімді  шарт  жасау  бойынша  жұмысты  жалғастырамыз.  Бұл  өндірілетін  өнімге 
сұраныстың  тұрақты  болуын,  сәйкесінше,  өндіріске  ұзақ  мерзімді  инвестиция  тарту 
үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. 
Өз  кезегінде,  «Самұрық-Энерго»  АҚ  компаниялар  тобы  іске  асыратын 
инвестициялық  жобалар,  қуатты  кеңейту,  өндірісті  жаңғырту  жөніндегі  жобалар, 
сондай-ақ,  ағымдағы  күрделі  шығындар  отандық  тауар  өндірушілерді  шығарылатын 
өнім түрлерінің тізбесін кеңейтуге ынталандыруы тиіс. 
Сатып алуларды басқару: 
а) материалдық ресурстарға қажеттілікті анықтау: 
Материалдық  ресурстарға  қажеттілік  Қоғамның  құрылымдық  бөлімшелерінің 
қызметтік  және  өндірістік  қажеттіліктеріне  сүйене  отырып  берген  тапсырыстары 
бойынша жасалған Қоғамның даму жоспары негізінде айқындалады.  
б) жеткізушіні таңдау: 
Жеткізушіні  таңдау  Қордың  сатып  алулар  ережесіне  сәйкес,  баға  ұсыныстарына 
сұраныс және бір көзден сатып алу бойынша жүргізілген тендер нәтижелері бойынша 
анықталады.  
в) сатып алуларды жүзеге асыру: 
Қоғамдағы  сатып  алуларды  жүзеге  асыру  «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ»  АҚ  және 
дауыс  беруші  акцияларының  (қатысу  үлестерінің)  елу  және  одан  да  көп  пайызы 
меншіктік  және  сенімгерлікпен  басқару  құқығында  тікелей  және  жанама  түрде 

 
156 
 
«Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ»  АҚ-ға  тиесілі  ұйымдардың  «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ»  АҚ 
Директорлар  кеңесінің  212  жылғы  26  мамырдағы  №80  шешімімен  бекітілген 
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ережесіне 
сәйкес іске асырылады.   
 
Барлық сатып алулар 
http://tender.sk.kz
 сайтындағы Электронды сатып алулардың 
ақпараттық жүйесінде жүргізіледі. 
Тікелей емес экономикалық әсер 
Қоғам басшылығы мен Директорлар кеңесі өздерінің алдына орнықты компания 
құруды  мақсат  етіп  қояды.  «Орнықты»  термині  «Самұрық-Энерго»  компаниялар 
тобының ресурстарын да, сонымен қатар қоғамдық ресурстарды да тиімді қолдануды 
білдіреді.  
Осы  мақсатта,  жекелеген  кәсіпорындарда  менеджменттің  кіріктірілген  жүйесі 
енгізіліп,  станцияларды техникалық қайта жарақтандыру жүргізілуде және  персонал 
мен  өнім  берушілерге  қойылатын  талап  та  күшеюде.  Бұл  орайда  экономикалық 
аспектілерге  де  көп  көңіл  бөлінеді,  өйткені  корпоративтік  әлеуметтік  жауапкершілік, 
экологиялық  жағдайды  жақсарту  салаларындағы  жобалар  «Самұрық-Энерго» 
компаниялар тобының меншікті операциялық табысынан қаржыландырылады. 
Жоғарыда  айтылғандарға  сәйкес,  басшылық  орнықты  дамудың  барлық  
аспектілеріне  экономикалық  тиімділік  тұрғысынан  талдау  жасайды.  Мысалы,  еңбек 
өнімділігі, пайдаланылатын шикізат (қоршаған ортаға әсері) және басқа да  аспектілер 
Қоғамның компаниялар тобының жұмысын жоспарлау барысында ескерілетін болады. 
Осылайша,  2015  жылдың  қорытындысы  бойынша,  электр  энергиясын  өндіру 
саласындағы  өнімділік  2014  жылмен  салыстырғанда    14,7%  -ға  азайып,  адам  басына 
3 191 мың кВтсағ.құрады. 2016 жылға арналған жоспарда бұл көрсеткішті адам басына 
3 285 мың кВтсағ., 2017 жылға қарай адам басына 3 681 мың кВтсағ. және 2019 жылға 
қарай адам басына 7 242 мың кВтсағ. дейін ұлғайту көзделуде.  
Орнықты  даму  және  тиімділік  философиясы  экономикалық  ғылым  тұрғысынан 
қарастырылмауы тиіс болып көрінетін қайырымдылық сияқты аспектілерден де көрініс 
табады. Дей тұрғанмен, сөз болып отырған өзгерістердің тиімділігі мен ауқымдылығы 
басым әлеуметтік жобаларды айқындау барысында да ескеріледі.  
Қоғаммен өзара іс-қимыл 
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл  
Қоғам  өзінің  мүдделі  тараптарын  Компания  қызметіне  ықпал  ететін  немесе 
Компания қызметінің ықпал тиетін тұлғалар тобы немесе ұйым ретінде қарастырады. 
Төмендегі кестеде негізгі мүдделі тараптар көрсетілген. 
Мүдделі тараптар 
Мәселелер аясы 
Өзара іс-қимыл әдістері 
Акционерлер 

 
Жұмыс тиімділігі; 

 
Дивидендтер; 

 
Ашықтық және ақпаратты 
ашу. 

 
Акционерлердің жалпы 
жиналысы; 

 
Жылдық есеп; 

 
Кездесулер мен келіссөздер; 

 
Интернет-сайт; 

 
Хат алмасу және сұраныстар; 

 
Көрмелер, форумдар мен 
таныстырылымдар. 

 
157 
 
Еншілес және тәуелді 
ұйымдар 

 
Компанияның табыстылығы; 

 
Зиянды шығарындыларды 
азайту; 

 
Су ресурстарын тиімді 
пайдалану; 

 
Жоғары технологияларды 
қолдану. 

 
Кездесулер мен отырыстар; 

 
Интернет-сайт; 

 
Сатып алулар; 

 
Қаржылық емес есептер; 

 
Жұмыс сапарлары; 

 
Дөңгелек үстелдер, саммиттер. 
 
Қызметкерлер 

 
Еңбекке ақы төлеу; 

 
Әлеуметтік топтама; 

 
Қауіпсіз еңбек шарты; 

 
Кәсіби өсу. 

 
Департаменттер жетекшілері 
арқылы жеткізілетін пікірлер 
мен тілектер; 

 
Интернет-сайт; 

 
Сауалнама; 

 
БАҚ. 

 
Басқарма отырысы. 
Мемлекеттік органдар 

 
Салалық даму 
бағдарламалары; 

 
Әлеуметтік мәселелер; 

 
Тарифтер. 
 

 
Үкіметтік жұмыс топтарына 
қатысу; 

 
Салалық ұйымдар арқылы 
өзара іс-қимыл; 

 
Электр энергетикасы 
саласындағы уәкілетті 
мемлекеттік органдармен 
консультациялар. 
Тұтынушылар 

 
Электр және жылу 
энергиясына өсіп отырған 
сұранысты қанағаттандыру; 

 
Көрсетілетін қызметтің 
сапасы; 

 
Энергия үнемдеу. 

 
Сауалнама; 

 
БАҚ; 

 
Интернет-сайт; 

 
Қаржылық емес есептілік. 
 
Банктер мен басқа да 
қаржылық ұйымдар 

 
Кредиттік желі; 

 
Банктік шоттар; 

 
Жобаны жүзеге асыру 
бойынша ынтымақтастық. 

 
Интернет-сайт; 

 
Хат алмасу және сұраныстар; 

 
Көрмелер, форумдар және 
таныстырылымдар; 

 
Қаржылық шоттар. 
Басқа да үлестес 
тұлғалар 

 
Кемсітушілікке жол бермеу; 

 
Адам құқықтарын сақтау; 

 
Жұмыспен тұрақты 
қамтылу. 

 
Қаржылық емес есептілік; 

 
Интернет-сайт. 
Бәсекелестер 

 
Салалық тиімділікті 
арттыру; 

 
Жүктеме шамадан тыс көп 
кезде қолдау көрсету. 

 
Салалық ұйымдар арқылы 
өзара іс-қимыл. 
Жұртшылық, оның 
ішінде БАҚ 

 
Қоғам жұмыс істейтін 
аймақтардың әлеуметтік –
экономикалық дамуына 
көмектесу; 

 
Табиғатты пайдалану 
тиімділігі; 

 
Қоршаған ортаны қорғау. 

 
Интернет-сайт; 

 
Қаржылық емес есептілік; 

 
Баспасөз хабарламасы; 

 
Корпоративтік оқиғалар; 

 
Баспасөз конференциясы. 
Өнім берушілер 

 
Ұзақ мерзімді 
ынтымақтастық; 

 
Жергілікті қамту; 

 
Зиянды шығарындыларды 
азайту. 

 
Жасалған шарттар мен  
меморандумдар. 

 
158 
 
Серіктестер 

 
Қондырғылардың 
сенімділігі; 

 
Қоғамның даму жоспары; 

 
Келісім-шарт 
міндеттемелерін сақтау. 

 
Қаржылық емес есептілік; 

 
Жұмыс сапарлары; 

 
Іскерлік кездесулері 

 
Интернет-сайт; 

 
Жарнама. 
Қоғаммен  өзара  іс-қимыл  жасау  мақсатында  және  корпоративтік  әлеуметтік 
жауапкершілік ұстанымдарына сәйкес «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы басым өз 
қызметіндегі  бағыттарды  белгіледі,  бұл  бағыт  бойынша  демеушілік  және 
қайырымдылық көмек көрсетіледі. 
Қоғам бұл үдерісті Даму стратегиясы мен Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік 
стратегиясында  да  бекітті.  Көмек  көрсетудің  критерийлері  қала  мен  ауыл  халқы 
барынша  көп  пайдалана  алатын  жаңа  мүмкіндіктер  жасау,  сондай-ақ  халықтың  өмір 
сүру сапасын жақсарту болып табылады.  
Мемлекет  адал  бәсекелестік  мәселесіне  өті  жіті  қарайды.  Бәсекелестікті  қорғау 
агенттігі мен оның өңірлердегі басқармалары өндірушілердің өзара сөз байласуы мен 
жосықсыз бәкелестіктің жолын кесу үшін нарықты ұдайы қадағалап отырады.  
Қоғам  өз  бизнесін  ең  үздік  әлемдік  тәжірибеге  сай  жүргізуге  ұмтылады.  Нарық 
үлесінің  артуы  мен    операциялық  түсімнің  ұлғаюына  таза  және  бәсекелестік 
тәжірибелер  есебінен  қол  жеткізілуде.  2015  «Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобына 
қадағалаушы органдар тарапынан бәсекелестікке кедергі келтіргені туралы хабарлама 
түскен жоқ. 
Жемқорлыққа байланысты тәуекелдерге қатысты бизнес-бірліктерді талдау 
 Директорлар  кеңесінің  2013  жылғы  28  наурыздағы  шешімімен  бекітілген  
«Самұрық-Энерго»  АҚ  корпоративтік  басқаруды  жетілдіру  жөніндегі  іс-шаралар 
жоспарының 37-тармағына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ –да алаяқтық пен сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы әрекет ету саясаты әзірленіп, бекітілді.  
Саясат  Қоғам  қызметкерлері  мен  басқа  да  тұлғалардың,  сондай-ақ  басқа 
тұлғалардың Қоғамның алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрлері мен 
көріністерін  қабылдамайтыны  жайлы  бірегей  түсінік  тудыру  мақсатында,  сондай-ақ 
алаяқтық тәуекелі мен Қоғамды сыбайлас жемқорлыққа тартуды барынша азайту үшін 
әзірленді. 
Саясатта  алаяқтық  пен  сыбайластық  жемқорлыққа  қарсы  тұрудың,  сондай-ақ 
алаяқтық пен  сыбайластық  жемқорлықтың  алдын  алу  және онымен  күресу,  алаяқтық 
әрекеттер мен сыбайластық құқық бұзушылықтың салдарын азайту және (немесе) жою 
жөніндегі   негізгі қағидаттары белгіленген.  
Саясат  ережелері  Қоғамның  және  оның  еншілес  ұйымдарының  лауазымды 
тұлғаларына,  қызметкерлеріне,  сондай-ақ  шарттық  негізде  жұмыс  жасайтын  үшінші 
контрагент-тұлғаларға (аудиторлар, консультанттар және т.б.) қолданылады. 
2015  жылы  Қоғамның  Корпоративтік  орталығы  мен  ЕТҰ-ларының  барлық 
қызметкерлері  Алаяқтық  пен  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  әрекет  ету  саясатымен 
таныстырылды. Жыл сайын қызметкерлердің Саясатты білуіне тестілеу жүргізіледі.  
 «Самұрық-Энерго» 
АҚ  мен  ЕТҰ-ларының  лауазымды  тұлғалары  мен 
қызметкерлеріне қатысты алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық деректері бойынша БАҚ-

 
159 
 
тарда жарық көрген жағымсыз жарияланымдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп 
отырады.  
2015  жылдың  қорытындысы  бойынша,  «Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобында 
алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық деректері байқалған жоқ. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет