«Самұрық–Энерго» АҚ біріктірілген жылдық есебі


LA4: Ұйым қызметіндегі маңызды өзгерістерге қатысты хабарлама жасаудың



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата30.03.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10597
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

LA4: Ұйым қызметіндегі маңызды өзгерістерге қатысты хабарлама жасаудың 
ең аз мерзімі, сонымен қатар ол ұжымдық келісімде көрсетілген бе 
 
Қазақстан Республикасы Еңбек  кодексінің 48-бабы 2-тармағына сәйкес, Қоғам мен 
оның ЕТҰ басшылығы қызметкерді және/немесе оның өкілін еңбек шартының өзгергені 
туралы кемінде бір ай бұрын жазбаша түрде ескертеді. Аталған тармақ ұжымдық шартта 
көрсетілген және Қоғамның компаниялар тобының әр ұйымында мүлтіксіз сақталады. 
G11: Ұжымдық шарттарда қамтылған қызметкерлердің үлесі 
 
№ 
Көрсеткіш 
Мәні (2015) 
Өлшем бірлігі  
1. 
2015 жылдың соңындағы қызметкерлердің (тізімдік) жалпы саны  
22 650 
адам 
2. 
Оның ішінде 2014 жылға арналған ұжымдық шартта қамтылған 
қызметкерлер саны: 
21 825 
адам 
3. 
Ұжымдық шартта қамтылған қызметкерлердің жалпы санының 
үлесі: 
96% 

 

 
144 
 
№ 
Көрсеткіш 
Жұмыспен толық 
қамтылған 
қызметкерлер үшін 
Жұмыспен толық 
қамтылмаған 
немесе уақытша 
қамтылған 
қызметкерлер үшін 
1. 
Қызметкерлерге төленетін төлемдер мен 
жеңілдіктер 
  
  
1.1.  Өмірді сақтандыру 
Беріледі 
Беріледі 
1.2.  Денсаулық сақтау (медициналық сақтандыру) 
Беріледі 
Беріледі 
1.3.  Жұмысқа жарамсыздық/мүгедектік бойынша 
өтемақылар 
Беріледі 
Беріледі 
1.4.  Ана болуға/әке болуға байланысты демалыс 
Беріледі 
Беріледі 
1.5.  Зейнетақы беру (зейнеткерлікке шыққан кездегі 
біржолғы төлем) 
Беріледі 
Берілмейді 
1.6.  Компанияның акцияларын меншікке беру 
Берілмейді 
Берілмейді 
1.7.  Өзге (шипажай-курорттық емделу, баланың 
тууына байланысты материалдық көмек, отбасы 
мүшелерін емдеуге материалдық көмек, 
сауықтыруға арналған материалдық көмек) 
Беріледі 
Беріледі 
 
7.
 
Адам құқықтары  
 
Әлеуметтік нормалардың сақталуының негізгі кепілі адамның өмір сүруге, қадір-
қасиетіне    қол  сұғылмауына,  сөз  бен  ар-ождан  бостандығына,  бірлесу  еркіндігіне 
құқықтары бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.  
 
Қоғамның компаниялар тобының кәсіпорындары ерікті түрде әрбір қызметкердің 
жынысыны,  нәсіліне,  ұлтына,  шығу  тегіне,  мүліктік,  әлеуметтік  және  лауазымдық 
жағдайына, дінге қарым-қатынасына және саяси наным-сеніміне қарамастан өздерінің 
еңбек  құқықтарын  іске  асыруына  тең  мүмкіндіктері  бар  екенін  ескере  отырып, 
кемсітушілік  пен  мәжбүрлі  еңбектің  кез  келген  түріне  жол  бермеу  бойынша  өзіне 
міндеттемелер алады.    
2015 жылдың ішінде Қоғам зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында 18 
жасқа  толмаған  адамдардың  еңбегін  пайдалануға  тыйым  салатын  талаптарды  қатаң 
сақтады, сондай-ақ қызметкерлер мен іскер серіктестерге қатысты қандай да болмасын 
кемсітушілкке жол берген жоқ. 
 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сәйкес,  Қоғамның  компаниялар 
тобында  әйелдердің  әлеуметтік  құқықтары,  бостандықтары  мен  міндеттері  іске 
асырылады, ол ер адамдармен тең мүмкіндіктердің берілуінен көрінеді.  
2015  жылы  Қоғамның  компаниялар  тобында  байырғы  және  саны  аз  халықтың 
құқықтарын  бұзатын  бірде-бір  оқиға  тіркелген  жоқ.  Қоғам  тең  құқықтар  мен 
мүмкіндіктер қағидатын таниды. Қызметкерлердің қолданыстағы заңнамалар аясында 
қауымдастықтарға бірігуге және ұжымдық келіссөздер жүргізуге құқықтары бар.  
 
Қазіргі кезде Қоғамның компаниялар тобында  16 кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді, 
Қоғамның компаниялар  тобы 80  %-дан  астам  қызметкері  (18  000  адам) оның  мүшесі 
болып табылады.  
Әлеуметтік  шиеленіс  деңгейін  төмендетіп,  еңбек  дауларын  реттеу  және 
қызметкерлердің  құқықтарын  қорғау  мақсатында  Қоғамның  компаниялар  тобында 
медиаторлар  институты  құрылды,  2015  жылдың  соңында  оның  құрамы  423
 
адамға 

 
145 
 
жетті,  олардың  5-еуі  «Әлеуметтік  серіктестік  орталығы»  КФ  комиссиясы  өткізген 
әңгімелесу мен тестілеу нәтижелері бойынша кәсіби медиатор мәртебесін алды.  
 
Сонымен  қатар,  2015  жылы  Қоғам  бойынша  еңбек  қатынастары  тәжірибесі 
бойынша 34 арыз тіркелді.Арыздардың құрылымына жасалған талдау 34 арыздың 23-і 
еңбек  ұжымдарының  еңбек  ұжымының  өз  ішінде  қарауға,  7  арыз  құқық  қорғау 
органдарына және 4-еуі мемлекеттік органдарға жолданғанын көрсетті, бұл арыздардың 
құрылымында оң өзгерістер болғанын және қызметкерлердің басшылық пен кәсіподақ 
ұйымдарына деген сенімінің арта түскенін білдіреді. 
Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу шеңберінде Қоғамның тобында кәсіподақ 
ұйымдарымен  қатар  Әлеуметтік-еңбек  дауларын  реттеу  жөніндегі  тұрақты  жұмыс 
істейтін комиссиялар құрылған. 
Қоғамның  компаниялар  тобы  қызметкерлерінің  ішкі  шағымдарын  тіркеу  үшін 
«қаурыт  желі»  телефонын,  арыздар  мен  шағымдарға  арналған  арнайы  жәшік  орнату 
тәжірибесі енгізілген және ұйым басшыларының дербес блогы құрылып, жұмыс істейді.  
Бұған  қоса,  Қоғамның  компаниялар  тобында  омбудсмен  институты  құрылуда, 
Омбудсмен туралы ереже мен Іскерлік  этика кодексі бекітілді. 
Бүгінгі күні Қоғам компаниялары тобында 13 омбудсмен жұмыс істейді. 
LA16: Еңбек қатынастары практикасы бойынша шағым берудің ресми тетіктері арқылы берілген, өңделген 
және реттелген шағымдар саны 
№ 
Көрсеткіш 
Мәні 
1. 
2015 жыл ішінде еңбек қатынастары практикасы бойынша шағым берудің ресми 
тетіктері арқылы берілген, шағымдардың жалпы  саны, оның ішінде 
34 
1.1.  есепті мерзім ішінде өңделгені 
34 
1.2.  есепті мерзім ішінде реттелгені 
34 
2. 
Есепті мерзім басталғанға дейін берілген және есепті мерзім ішінде реттелген 
еңбек қатынастары практикасы бойынша берілген шағымдардың жалпы  санын 
көрсетіңіз 

 
LA8: Кәсіподақтармен жасалған ресми келісімдерде денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің көрініс табуы 
№ 
Көрсеткіш 
Мәні 
1. 
Кәсіподақтармен жасалған (жаһандық немесе жергілікті деңгейде) ресми 
келісімдерде  денсаулық және қауіпсіздік мәселелері қозғала ма 
Иә 
2. 
Егер көрсетілсе,  денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің ұйым қол қойған 
жергілікті келісімдерде қамтылу деңгейіне қатысты мәліметтер. Жергілікті 
деңгейдегі келісімдер, әдетте, мынадай сұрақтарды қамтиды: 
  
2.1.  Дербес қорғаныс құралдары 
Иә
 
2.2. 
Басшылық өкілдері мен қызметкерлердің қатысуымен құрылған Денсаулық және 
қауіпсіздік жөніндегі бірлескен комитеттер 
Иә
 
2.3. 
Қызметкерлер өкілдерінің денсаулық және қауіпсіздік жөніндегі инспекцияларға, 
аудитке, жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуы 
Иә
 
2.4.  Білім беру және оқыту 
Иә
 
2.5.  Шағым беру тетігі 
Иә
 
2.6.  Қауіпті жұмыстардан бас тарту құқығы 
Иә
 
2.7.  Мерзімді инспекциялар 
Иә
 
3. 
Егер болса,  денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің ұйым қол қойған 
жаһандық келісімдерде қамтылу деңгейіне қатысты мәліметтер. Жаһандық  
деңгейдегі келісімдер, әдетте, мынадай сұрақтарды қамтиды: 
Иә
 
3.1.  Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынымдарына сәйкестік 
Иә
 

 
146 
 
3.2.  Мәселелерді шешу жөніндегі шаралар немесе  құрылымдар 
Иә
 
3.3. 
Қолданылып жүрген практикалық тәсілдердің мақсатты стандарттарының 
нәтижелілігіне  немесе деңгейіне қатысты міндеттемелер 
Иә
 
 
 
 
 
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік көрсеткіштері  
 
 
Корпоративтік  әлеуметтік  жауапкершілік  саласындағы  іс-шараларды  тиімді  іске 
асыру  мақсатында  Қоғам  әлеуметтік  жауапкершілік  саласындағы  қызметтің  негізгі 
көрсеткіштері  бойынша  қойылған  мақсаттар  бойынша  қол  жеткізілген  жетістіктерге 
мониторинг жүргізеді.  
 
№ 
НҚК атауы 
Өлшем 
бірл. 
Нақты 
2014 
Жоспар  
2015 
Нақты  
2015 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ҚР 
бойынша жалпы өндірудегі үлесі 

30,0 
26 
24,6 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ҚР 
бойынша көмір өндірудегі  үлесі  

35 
33,7 
35,6 

Негізгі қызметтен түсетін кіріс  
млн. теңге 
178 085 
194 442 
228 865 

Компанияның түсіміндегі 
инновациялық жобаларға салынған 
инвестицияның үлесі  

14,8 
12,6 
5,3 

Компанияның жалпы таза 
пайдасындағы инновациялық 
жобаларды іске асырудан түскен 
пайданың үлесі 

2,39 
0,80 
-11,9 

Апаттық жағдайлардан келген 
шығынның көлемі  
млн. теңге 
14,04 
6,30 
4,12 

Еңбекті және қоршаған ортаны 
қорғауға жұмсалған шығын 
млн. теңге 
1 430 
5547,68 
7937,99 

Әлеуметтік тұрақтылық рейтингі 

69 
64 
72 

Кадр тұрақтамаушылығы 

8,6 
12,0 
11,9 
10 
Қатыстырылу деңгейі 

65 
65 
65 
11 
Қызметкерлердің орташа тізімдік 
саны, барлығы 
адам 
18 203 
18 754 
 18 169 
12 
Жылына 1 адамды оқытуға 
жұмсалатын шығын  
мың 
20,28 
22,62 
25,18 
13 
ЕАҚ-дан оқуға жұмсалатын шығын  


1,13 
1,30 
0,9 
14 
Өндірістегі жазатайым оқиғалар 
саны, мың адам 
саны/1000 
адам 
0,2 
Не 
планируется 
0,5 
15 
Демеушілік және қайырымдылық 
көмекке жұмсалған шығын  
млн. 
теңге 
1 170,9 
215,664 
214,93 
16 
Төлеуге есептелген салықтар мен 
басқа да міндетті аударымдар  
млн. 
теңге 
1085,9 
1978,5 
1 418,6 
17 
Тауарлардағы, жұмыстар мен қызмет 
түрлеріндегі жергілікті қамтудың 
үлесі 

76,0 
70 
74 
 
* Көрсеткіштер деректері «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Даму жоспарына сәйкес келтірілді.  

 
147 
 
 
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік 
«Денсаулық және жұмыс орнындағы қауіпсіздік» аспектісі 
1) G4-LA5 Мониторингке қатысатын және жұмыс орнындағы денсаулық пен 
қауіпсіздік  жөніндегі  бағдарламаға  қатысты  нұсқаулықтарды  әзірлейтін   
басшылық өкілдері мен қызметкерлердің қатысуымен құрылған денсаулық және 
қауіпсіздік  жөніндегі  бірлескен  ресми  комитеттерде  көрсетілген  барлық 
персоналдың үлесі 
a.
 
Ұйымда  басшылардың  және  қызметкерлердің  денсаулығы  мен  қауіпсіздігі 
жөніндегі әрбір бірлескен комитеттің әдеттегі жұмыс жасау деңгейін көрсетіңіз. 
Қоғамның  барлық  еншілес  және  тәуелді  ұйымдарында  (ЕТҰ)  Қазақстан 
Республикасы Еңбек кодексінің 339-бабына сәйкес, Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау 
жөніндегі  комитеттер  (комиссиялар)  (ЕҚжҚК)  құрылған.  ЕҚжҚК  құрамына  жұмыс 
берушілердің  өкілдері,  кәсіподақ  ұйымдары  мен  өзге  уәкілетті  қызметкерлердің 
өкілдері тепе-тең негізде кіреді. 
 
b.
 
Басшылардың  және  қызметкерлердің  денсаулығы  мен  қауіпсіздігі  жөніндегі 
бірлескен комитеттерге ұсынылған қызметкерлердің пайызын көрсетіңіз.  
Еңбек  қауіпсіздігі  және  оны  қорғау  жөніндегі  комитеттерде  Қоғамның  ЕТҰ 
қызметкерлерінің орта есеппен алғанда 2,8 %-ы қамтылған. 
 
2)  G4-LA6  Өңірлер  мен  жынысына  шаққандағы,  өндірістік  жарақаттану 
түрлері мен деңгейі, кәсітік  аурулар деңгейі, жоғалтқан күндер коэффициенті және 
жұмыс орнында болмау  коэффициенті, сондай-ақ  жұмыспен  байланысты  өлімге 
әкеп соққан жазатайым оқиғалардың жалпы саны 
a.
 
Штаттан  тыс  қызметкерлерді  қоса  алғанда,  бүкіл  персонал  бойынша 
өндірістік  жарақаттану  түрлері,  жарақаттану  коэффициенті  (ЖК),  кәсіптік  
аурулар  коэффициенті  (КАК),  жоғалтқан  күндер  коэффициенті  (ЖКК),  жұмыс 
орнында болмау коэффициенті (ЖОБК), сондай-ақ жұмыспен байланысты өлімге әкеп 
соққан жазатайым оқиғалардың жалпы саны бойынша деректер келтіріңіз 
2015 жылы, 2014 жылмен (4 оқиға) салыстырғанда өндірістік жарақаттану саны (11 
оқиға,  оның  біреуі  –  топтық)  артқан,  мұнда  алдыңғы  5  жылдағы  (16  оқиға)  орташа 
көрсеткішке  қатысты  жазатайым  жағдайлар  санының  жалпы  30%-ға  азаю  үрдісі 
байқалады. 2015 жылы өлімге әкеп соққан 1 жазатайым оқиға фактісінің орын алғанын 
атап өту қажет. 
 
Жарақат түрлері 
2013г. 
2014г. 
2015г. 
Химиялық күйік 



Соғып алу 




 
148 
 
Травматикалық ампутация 



Электр жарақаттары 



Сынықтар 



Бірнеше  жарақат  (сынықтар,  соғып  алу,  ішкі 
органдардың жыртылуы) 



Барлығы 
12 

12 
  
Көрсеткіштер 
2013ж. 
2014ж. 
2015ж. 
Жарақаттану коэффициенті (ЖК) 
0,06 
0,02 
0,07 
Кәсіптік аурулар коэффициенті (КАК) 



Жоғалтқан күндер коэффициенті (ЖКК) 
6,24 
1,0 
4,7 
Жұмыс орнында болмау коэффициенті (ЖОБК) 
9,8 
20,5 
9,2 
Өлімге әкеп соққан жазатайым оқиғалар саны 



Ескерту: 
Жарақаттану коэффициенті (ЖК) –  
ЖК = Жарақаттанудың жалпы саны * 200 000 / Өтелген сағаттардың жалпы саны; 
Жоғалтқан күндер коэффициенті (ЖКК) –  
ЖКК = Жоғалтқан күндердің жалпы саны * 200 000 / Өтелген сағаттардың жалпы саны; 
Жұмыс орнында болмау коэффициенті (ЖОБК) –  
ЖБК = мерзім ішіндегі босатқан (болмаған) күндердің жалпы саны * 200 000 / Осы уақыт ішіндегі 
өтелген сағаттардың жалпы саны. 
 
b.
 
Өндірістегі жазатайым жағдайларды тіркеу және тиісті есептілікті жасау 
кезінде пайдаланылатын қағидалар жүйесі туралы деректерді келтіріңіз.  
Өндірістегі  жазатайым  оқиғаларды  тіркеу,  хабарлау  тәртібі  және  есепке  алу 
Қазақстан  Республикасы  (ҚР)  Еңбек  кодексінің  «Еңбек  қызметімен  байланысты 
жазатайым  оқиғалар  мен  қызметкерлер  денсаулығының  өзге  де  зақымдануларын 
тексеру және оларды есепке алу» тақырыбындағы 37-тарауына және ҚР-ның басқа да 
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылды. Ай сайын еңбек қауіпсіздігі 
мен  оны  қорғау  және  өндірістік  жарақаттану  саласында  жүргізілген  мониторинг 
бойынша  есеп  жасалып,  ол  ҚР  еңбек  жөніндегі  уәкілетті  органға  ұсынылады.  Жыл 
қорытындысы  бойынша,  ҚР  Статистика  агенттігіне  еңбек  қызметімен  байланысты 
жарақаттану туралы «7-ЖКС» нысанында есеп беріледі. 
3) G4-LA7 Жұмыс ерекшелігіне байланысты жарақаттану және ауруға 
шалдығу тәуекелі жоғары қызметкерлер 
a.
 
Компаниядағы  жарақаттану  қаупі  жоғары  немесе  белгілі  бір  аурулармен 
ауыру тәуекелі жоғары кәсіби қызметпен айналысатын қызметкерлерді көрсетіңіз.  

 
149 
 
 
Қоғамның  барлық  еншілес  және  тәуелді  ұйымдарында  жұмыс  орындарындағы 
еңбек жағдайларына аттестация өткізілді. Жұмыс орындарының аттестациясына сәйкес, 
еңбек  жағдайы  зиянды  және  қауіпті  жұмыс  орындары  айқындалды.  Сонымен  қатар, 
барлық қызметкерлер тиісті жеңілдіктермен қамтамасыз етіліп,  оларға дербес қорғаныс 
құралдары  мен  арнайы  киім-кешектер  берілді.  (Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
2011  жылғы  5  желтоқсандағы  №  1458  «Жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен 
қызметкерлерге  сүт,  емдік-профилактикалық  тағам,  арнайы  киім,  арнайы  аяқ  киім 
және  басқа  да  жеке  қорғану  құралдарын  беру,  ұжымдық  қорғану  құралдарымен, 
санитариялық-тұрмыстық  үй-жайлармен  және  құрылғылармен  қамтамасыз  ету 
қағидаларын;  жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  қызметкерлерге  сүт  беру 
нормаларын;  жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  қызметкерлерге  емдік-
профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы»). 
 
Қоғамның ЕТҰ-лары 
Саны 
«Алматы электр станциялары» АҚ 
2 109 
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ 
307 
«Екібастұз ГРЭС-2» АҚ 
1 101 
«Жамбылская ГРЭС-і» АҚ 
379 
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 
926 
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 
164 
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ 
744 
«Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ 
25 
«Шардара СЭС» АҚ 
119 
«Мойнақ СЭС» АҚ 
55 
«Богатырь Көмір» ЖШС 
5
 
929 
  
Қоғамның  барлық  ЕТҰ-ларында  зиянды  және  қауіпті  жағдайда  еңбек  ететін 
қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.  
Қоғамның  барлық  ЕТҰ-ларында  өндірісте  жазатайым  жағдайларды 
болдырмау үшін  қолданылатын шаралар: 
Өндірістік жарақаттануды азайту үшін Қоғамның барлық ЕТҰ-ларында мынадай 
шаралар қолданылады. 
1.  Жазатайым  оқиғалардың  мән-жайлары  мен  себептері  барлық  қызметкерлерге 
хабарланады. 
2. Барлық өндірістік персоналға жоспардан тыс нұсқама жүргізіледі. 
3. Жазатайым оқиға орын алған бөлімшелердің барлық қызметкерлерінің ТПЕ, ҚТЕ 
және  еңбек  қауіпсіздігі  мен  оны  қорғау  туралы  нұсқаулықтар  бойынша  білімдеріне  
кезектен тыс тексеру жүргізіледі.   

 
150 
 
4.  Ай  сайын  кәсіпорынның  бірінші  басшысының  қатысуымен  Қауіпсіздік 
техникасы  күні  өткізіледі.  Өткізілген  Қауіпсіздік  техникасы  күнінің  нәтижелері 
бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар әзірленеді. 
5. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қызметтері қондырғыларға, ғимараттар мен 
құрылғыларға,  жұмыс  орындарына  кешенді  түрде  тексерістер  жүргізеді.  Кешенді 
тексеріс  қорытындылары  бойынша  орындау  мерзімдері  мен  жауапты  тұлғалар 
көрсетіліп, іс-шаралар жоспары әзірленеді. 
6. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту, 
нұсқамалар  беру  және  білімдерін  тексеру  ережелеріне  сәйкес,  барлық  өндірістік 
қызметкерлерге оқыту жүргізіледі. 
7. Жөндеу  науқаны алдында барлық ЕТҰ-да құрылымдық бөлімшелердің  наряд 
беруге,  жұмыс  басында  басшы  және  өндіруші  болуға  құқығы  бар  инженерлік-
техникалық  қызметкерлеріне  жасақты  өндірістік  жұмыстарға  жіберу  мен  нарядты 
ресімдеуді  дұрыс  атқару  бойынша  практикалық  сабақтары  бар  семинар-кеңестер 
өткізіледі. 
8.  Кәсіпорындарда  ең  кемі  бес  жылда  бір  рет  жұмыс  орындарында  еңбек 
жағдайлары бойынша аттестация жүргізіледі. 
9.  Пайдаланылу  ресурсын  тауысқан  және  өндірістік  персонал  үшін  айтарлықтай 
қауіп тудыратын жабдықтар жоспарлы түрде ауыстырылады. 
10.  Қоғамның  барлық  дерлік  ЕТҰ-ларында  «Денсулықты  қорғау  және  еңбек 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  менеджментінің  OHSAS-18001  жүйесі»  халықаралық 
стандарты енгізілді. 
11.  Өндірістік  жарақаттанудың  әрбір  оқиғасы  Қоғам  ЕТҰ-ларының 
Директорлар/Байқаушы кеңестерінің отырыстарының қарауына шығарылады.  
12.  Өндірістегі  жазатайым  оқиғалар  санының  өсуіне  байланысты  «Самұрық-
Энерго» АҚ-да  2016 жылға арналған өндірістік жарақаттану деңгейін азайту жөніндегі 
іс-шаралар жоспары әзірленді.  
6
 
G4-LA8  Кәсіподақтармен  жасалған  ресми  келісімдерде  денсаулық  және 
қауіпсіздік мәселелерінің көрініс табуы. 
a.
 
Кәсіподақтармен  жасалған  ресми  келісімдер  (жаһандық  немесе  жергілікті 
деңгейдегі) денсаулық және қауіпсіздік мәселелерін қозғай ма, көрсетіңіз. 
 
Қоғамның  барлық  ЕТҰ-ларында  жұмыс  берушілер  мен  қызметкерлер  мүддесін 
көздейтін кәсіподақтар арасында ұжымдық шарттар жасалған. Ұжымдық шарттар жасау 
тәртібі  Қазақстан Республикасы Еңбек  кодексінің  (ҚР ЕК) 31-тарауымен реттеледі. ҚР 
ЕК-нің 284-бабымен белгіленген ұжымдық шарттардың мазмұны мен құрылымы, оның 
ішінде  «…саламатты  әрі  қауіпсіз  еңбек  және  тұрмыс  жағдайларын  жасау,  еңбек 
қауіпсіздігі  пен  оны  қорғау  жөніндегі  шараларды  қаржыландыру  көлемі  туралы, 
денсаулықты қорғауды жақсарту туралы...» қарастырады. 
b.
 
Егер бар болса, онда ұйым қол қойған жергілікті және жаһандық келісімдерде 
денсаулық пен қауіпсіздік мәселелері қандай деңгейде (пайызбен) екенін көрсетіңіз.  
 

 
151 
 
Ұжымдық шарттар қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі мәселелерін 100 
% қамтиды. 
 
7
 
G4-LA5-7  Ауыр  сырқаттары  бар  қызметкерлерге,  олардың  отбасы 
мүшелеріне және халық өкілдеріне көмек көрсету мақсатында білім беру, оқыту, 
консультациялар  беру,  жазатайым  оқиғалардың  алдын  алу  және  тәуекелді 
бақылау бағдарламалары. 
 
Қоғам  ЕТҰ-ларында  нақты  бір  сырқат  түріне  шалдығуға  айтарлықтай  немесе 
жоғары  тәуекел  бар  жағдайда  жұмыс  істейтін  қызметкерлер  жоқ.  Қазақстан 
Республикасы  Ұлттық  экономика  министрінің  2015  жылғы  28  ақпандағы  №  175 
«Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторларлардың, 
кәсіптердің  тізбесін  бекіту  туралы»  бұйрығына,    Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 
экономика  министрінің  м.а.  2015  жылғы  24  ақпандағы  №128  бұйрығымен  бекітілген 
«Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидасына» сәйкес (одан әрі – Қаулы), 
«Самұрық-Энерго»  компаниялар  тобының  қызметкерлері  алдын  ала  және  мерзімді 
медициналық  тексерістерден  өтеді.  Медициналық  тексерістерді  денсаулық  жағдайы 
бойынша  кәсіби  жарамдылықты  бағалау  жөніндегі    медициналық  қызметті  жүзеге 
асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау институттары жүзеге асырады.  Алдын ала 
және  мерзімді  медициналық  тексерістердің  нәтижелері  бойынша,    комиссия 
қызметкерді сауықтыруға бағытталған шаралар кешенін, атап айтқанда, стационарлық 
тексерістен  өту  және  емделу,  оңалту,  шипажайлық-курорттық  емдеуді  ұсынуға  және 
оған шипажай-профилакторийге жолдама беруге кеңес береді. 
Қазақстан  Республикасы  Еңбек  кодексінің  312-бабына  сәйкес,  қызметкерлердің 
белгілі бір тобы күн сайын ауысым алдында медициналық куәландырудан өтеді. 
Қоғамның  компаниялар  тобы  тұрақты  түрде  өз  қызметкерлері  үшін  вакцина  егу 
шарасын  өткізеді,  сонымен  бірге  аурулардың  алдын  алу  мақсатында  иммунитетті 
көтермелеуге арналған басқа да шаралар түрлерін пайдаланады.  
Қызметкерлердің  отбасы  мүшелерімен  және  халықтың  өкілдерімен  ауыр 
сырқаттарға қатысты жұмыстар жүргізілмейді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет