«Самұрық–Энерго» АҚ біріктірілген жылдық есебі



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата30.03.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10597
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Газ өндіру  
Газ өндіруде НҚК деңгейінің жоғары және көмірқышқыл газы мен зиянды заттар 
шығарындыларының деңгейі төмен болып келетін бу-газ циклын қолдану көзделеді. 
Мына жобаны іске асыру жоспарланып отыр: 

 
Придорожное  газ  кен  орны  базасында  газ-турбиналық  электр  станциясын 
(ГТЭС)  салу.  Жоба  Қызылорда  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарын  қосымша 
энергиямен қамтамасыз ету үшін салу жоспарланған қуаты 175,6 МВт  ГТЭС-ті отынмен 
қамтамасыз  ету    мақсатында  газ  кен  орнын  әзірлеуді,  кейіннен  онда  газ  өндіруді 
көздейді. Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2019 жылдар. 
 
Электр  энергиясын  жеткізу,  тарату және  сату  саласындағы    инновациялық 
қызмет  
Инновациялық жобаларды іске асыру мақсатында электр желілерінде мынадай ең 
заманауи жабдықтар қолданылады: 

 
жарылыстар  мен  өрттің  алдын  алуға  арналған  жабдықтармен  жарақталған 
электр энергиясын аз жұмсайтын жаңа буындағы қуаттық трансформаторлар; 

 
өрт  туындау  қаупі  мене  пайдалану  шығындарын  азайтатын,  орналасқан 
алаңын  айтарлықтай  төмендететін    ЭКТҚ  110-220  кВ  (элегазды  оқшаулағышы  бар 
комплектілі тарату құрылғылары); 

 
релелік  қорғаныш,  автоматика  мен  телемеханика  құрылғылары  заманауи 
микропроцессорлық техниканы қолдану негізінде орындалған; 

 
тұтынушыларды  қосу  бойынша  жедел-қатынау  бригадаларының  қатынау 
шығындарын  айтарлықтай  азайтуға  көмектесетін  апат  жағдайларын  тіркеуге  және 
жоюға, электр желілеріндегі жедел ауыстыру өндірісіне жұмсалатын уақытты азайтуға 
мүмкіндік  беретін  ақпаратты  басқару,  жинау  және  өңдеу  жүйесінің  құрылғысы 
(SCADA);  

 
79 
 

 
электр  желілік  компанияларда  электр  энергиясын  коммерциялық  есепке 
алатын автоматтандырылған жүйені кезең-кезеңмен енгізу (ЭРБЕАЖ) жалғасуда; 

 
сенімділігі  жоғары,  өткізгіштік  қабілеті  зор,  жоғалтымы  аз,  қауіпсіз  және 
пайдалану  шығындары  аз  болуымен  ерекшеленетін,  полиэтиленнен  тігілген 
оқшаулағышы бар 35-110-220 кВ кабельдік желілер пайдаланылды; 

 
коммерциялық  жоғалтымдары  мен  пайдалану  шығындарын  азайту 
мақсатында  0,4 кВ ӘЖ-дегі жалаңаш сымды өз салмағын ұстап тұратын оқшауланған 
сымға (ӨОС)  ауыстыру; 

 
өрт қауіпсіздігін арттыру және пайдалану шығындарын азайту мақсатында 6-
10 кВ май  ажыратқыштарын  вакуум ажыратқыштарға ауыстыру; 

 
өткізгіштік қабілетін ұлғайту үшін 110 кВ ӘЖ-де композиттік сымды қолдану; 

 
энергиямен  жабдықтаушы  ұйымдарда  тұтынушылармен  есеп  айырысу 
бойынша міндеттерді автоматтандыру үшін биллингтік жүйелер енгізіледі; 

 
реактивтік қуат және кернеу деңгейлері бойынша желі жұмысының режимін 
оңтайландыру  мүмкіндіктерін  бағалау  мақсатында  реактивтік  қуатты  өтейтін 
техникалық құралдарды енгізу бойынша ТЭН әзірлеу.   
Жиынтығында барлық осы шаралар жаңа буынның біріктірілген интеллектуалдық 
жүйе құраушы және таратушы  электр желілерін (SmartGrid) кезең-кезеңмен енгізуге, 
электр  желілерін  динамикалық  басқаруға,  қауіпсіздікті  арттыруға  және  шығындарды 
үнемдеуге  мүмкіндік береді.  
 
 
 
 

 
80 
 
Корпоративтік басқару 
«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік басқару жүйесі Қоғам қызметін басқару мен 
оған бақылау жасауды қамтамасыз ететін үдерістер жиынтығын, сондай-ақ атқарушы 
органның,  Директорлар  кеңесінің,  жалғыз  акционер  мен  мүдделі  тараптардың 
арасындағы  өзара  қарым-қатынас  жүйесін  білдіреді.  Органдардың  құзыреті  мен 
шешімдер  қабылдау  тәртібі  Жарғыда  белгіленіп,  бекітілген.  2013  жылы  16  ақпанда 
Жалғыз акционер бекіткен Қоғамның Жарғысына сәйкес Қоғамның органдары мыналар 
болып табылады: 
 
1.
 
Жоғары орган – Акционерлердің жалпы жиналысы. 
2.
 
Басқару органы – Директорлар кеңесі 
3.
 
Атқарушы орган - Басқарма 
4.
 
Ішкі аудит қызметі. 
 
 
«Самұрық - Энерго» АҚ корпоративтік басқару құрылымы 
Жалғыз акционер 
 
 
 
 
Директорлар кеңесі 
 
 
 
Басқарма 
 
 
 
 
Акционерлер туралы ақпарат 
2012  жылы  29  тамызда  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  №1103  қаулысымен 
Қоғамның «ҚазТрансГаз» АҚ-ға тиесілі  акциясы акциялары «Самұрық-Қазына» ұлттық 
Директорлар кеңесінің комитеттері 
Аудит комитеті; 
Тағайындаулар және сыйақы комитеті; 
Стратегиялық жоспарлау комитеті 
Ішкі аудит қызметі 
Корпоративтік хатшы
 
 
Басқарма жанындағы комитеттер 
Тәуекелдер және менеджмент жүйесі жөніндегі 
комитет; 
Қызметті жоспарлау және бағалау комитеті; 
Кредит комитеті; 
Стратегиялық жоспарлау комитеті; 
Инвестициялық-инновациялық кеңес. 
 

 
81 
 
әл-ауқат қоры» АҚ-ға берілді. Осылайша, қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-
ауқат қоры» АҚ Қоғамның жалғыз акционері болып табылады. 
 
Компанияның веб-сайты: www.sk.kz 
Қор акционердің функцияларын іске асыру, сондай-ақ Директорлар кеңесі арқылы 
Жарғы мен Корпоративтік басқару кодексінде белгіленген тәртіпте Қоғамды басқаруға 
қатысады.  Қордың  жекелеген  мәселелер  бойынша  ұстанымы  Қор  өкілдері  арқылы 
Қоғамның Директорлар кеңесіне жеткізіледі. Жалғыз акционер жыл сайын Директорлар 
кеңесінің төрағасына алдағы қаржылық жылға акционердің үміттерін жолдайды.   
 
Директорлар кеңесі 
Директорлар  кеңесі  Қоғамға  стратегиялық  басшылық  жасауды  қамтамасыз  етеді 
және  Қоғамның  атқарушы  органының  қызметіне  бақылау  жасауды  жүзеге  асырады. 
Директорлар  кеңесі  акционердің  алдында  Самұрық-Энергоның  бүкіл  компаниялар 
тобын тиімді басқаруға, ұзақ мерзімді құнының өсуіне, орнықты дамуына және жұмыс 
істеуіне  жауап  береді,  топты  басқарумен  байланысты  шешімдер  қабылдайды. 
Директорлар кеңесі өз функцияларын Жарғыға, Корпоративтік басқару кодексіне және 
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес атқарады.    
Қоғамның Директорлар кеңесі  төрт директордан тұрады. Қоғамның Директорлар 
кеңесінің мүшелерін Жалғыз  акционер сайлайды. 
2015  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдай  бойынша  Директорлар  кеңесінің 
құрамы: 
Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы 
«Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қоры»  АҚ  активтерді  басқару  жөніндегі 
басқарушы директор, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 
Бірінші  сайланған  уақыты:  31.01.2012  («Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат 
қоры» АҚ Басқармасының 2012 жылғы 31 қаңтардағы  № 08/12  хаттамасы). 
Директорлар кеңесінің төрағасы болып 2015 жылы 15 маусымда қайта сайланды 
(«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 2015ж. 15.06. № 26/15 
хаттамасы).   
Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлының қызмет тізімі: 
1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген, физик. 
2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірді, инженер-электрик. 
2009-2010 жылдары – «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары, бірінші 
орынбасары.
 
2011-2012 жылдары – «Астанаэнергоконтракт» Бас директоры. 
2012 жылғы қаңтардан – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарушы 
директоры. 
2014 жылдан – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Активтерді басқару 
жөніндегі бас директоры. 

 
82 
 
2003  жылы  Талдықорған  қаласының  мәслихат  депутаты  болып  сайланған,  «ҚР 
электр  энергетикасы  саласын  дамытуға  қосқан  үлесі  үшін»  ҚР  Энергетика  және 
минералдық  ресурстар  министрінің  грамотасымен,  «Қазақстан  Республикасының 
құрметті энергетигі» төсбелгісімен, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен 
марапатталған.  
Өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларын иеленбейді. 
 
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы 
Қоғамның  Басқарма  төрағасы,  «Самұрық-Энерго»  АҚ  Директорлар  кеңесінің 
мүшесі.  
Бірінші  сайланған  уақыты:  04.07.2007ж.  («Самұрық»  холдингі»  АҚ  Басқарма 
Төрағасының 2007 жылғы 4 шілдедегі №79-ө бұйрығы). «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-
ауқат  қоры»  АҚ  Басқармасының  15.06.2011ж.  шешімімен  (№26/11  хаттама) 
Директорлар кеңесінің мүшесі және Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. 
2015 жылы 15 маусымда Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.  
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлының қызмет тізімі: 
1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университетін бітірген, механик, 
қолданбалы-математик. 
2002 жылы экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация 
қорғады.  
2013  жылы  -  РФ  Президенті  жанындағы  Ресей  халық  шаруашылығы  және 
мемлекеттік  қызмет  академиясының  Мемлекеттік  қызмет  және  басқару  халықаралық 
институтын бітірді, экономика магистрі 
В  2015  жылы  Назарбаев  Университет  Жоғары  бизнес  мектебі  Executive  MBA  
бағдарламасын (Duke University's Fuqua School of Business-пен бірлескен бағдарлама) 
бітірді  
2015 жылы экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация 
қорғады.  
Қазақстан Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2015ж.) 
ТМД-ға еңбек сіңірген энергетик (2011ж.). «Парасат» орденінің иегері (2014ж.) 
Экономика ғылымдарының кандидаты. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі. 
2009 жылғы желтоқсаннан – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы. 
2011  жылғы  маусымнан  –  «Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қоры»  АҚ 
Басқарушы директоры. 
       2012 жылғы қаңтардан – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы. 
Өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларын иеленбейді. 
 
Лука Сутера 

 
83 
 
Global  Power  &  Water  Division  тобының  вице-президенті  және  қаржы  директоры 
(CFO).    Nebras  Power  (Катар  мемлекеттік  халықаралық  энергетикалық  компаниясы) 
Басқарма  мүшесі,  «Самұрық-Энерго»  АҚ  Директорлар  кеңесінің  тәуелсіз  директоры, 
Аудит комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақы комитетінің, Стратегиялық 
жоспарлау комитетінің мүшесі.  
Бірінші  сайланған  уақыты:    «Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қоры»  АҚ 
Басқармасының  08.05.2012ж.  шешімімен  (№21/12  хаттама)  Директорлар  кеңесінің 
тәуелсіз мүшесі болып сайланды. 
Тәуелсіз  директор  ретінде  2015  жылы  15  маусымда  қайта  сайланды  («Самұрық-
Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 2015ж. 15.06. № 26/15 хаттамасы). 
Лука Сутераның қызмет тізімі:
 
1996  жылы  –  Милан  қаласындағы  «Л.Боккони»  университетін  бітірген,  іскери 
әкімгерлік  саласындағы шебер дәрежесін алған, мамандығы – қаржыгер. 
2012  жылы  Мадрид  қаласындағы  IE  Бизнес-мектебінде  Executive  MBA 
(стратегиялық басқарма) халықаралық бағдарламасын тәмамдады. 
2011  жылғы  сәуірден  –  Сутера  мырза  Ресей  Тәуелсіз  директорлар 
қауымдастығының мүшесі. 
2014  жылғы  сәуірден  Британ  директорлар  институтының  (IOD)  мүшесі  болып 
табылады.  
Лука Сутера халықаралық бухгалтерлік біліктілігінн (CPA UK) ие. 
Лука Сутера (Dip. IoD) Британ директорлар институтының директорлар кеңесінің 
мүшелеріне арналған халықаралық дипломын алған.
 
Лука Сутераның энергетика секторында 17 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. 
Өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларын иеленбейді. 
 
Спицын Анатолий Тихонович 
Ресей  Жаратылыстану  ғылымдары  академиясының  вице-президенті,  экономика 
ғылымдарының  докторы,  профессор,  Ресей  жаратылыстану  ғылымдары  академиясы  
(РЖҒА)  Президиумының  толық  мүшесі,  КСРО  және  РФ  Архитекторлар  одағының 
мүшесі,  Халықаралық  инвестициялар  академиясының  бірінші  вице-президенті, 
ЕурАзЭҚ интеграциялық мәселелерін стратегиялық зерттеу институтының директоры, 
«Самұрық-Энерго»  АҚ  Директорлар  кеңесінің  тәуелсіз  директоры,  Стратегиялық 
жоспарлау  комитетінің  төрағасы,  Тағайындаулар  және  сыйақы  комитетінің  мүшесі, 
Аудит комитетінің мүшесі. 
       Бірінші  сайланған  уақыты:  «Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қоры»  АҚ 
Басқармасының  08.05.2012ж.    шешімімен  (№21/12  хаттама)  Директорлар  кеңесінің 
тәуелсіз мүшесі болып сайланды. 
Тәуелсіз  директор  ретінде  2015  жылы  15  маусымда  қайта  сайланды  («Самұрық-
Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 2015ж. 15.06. № 26/15 хаттамасы). 
Спицын Анатолий Тихоновичтің қызмет тізімі: 

 
84 
 
1962  жылы  Одесса  инженерлік-құрылыс  институтын  құрылысшы  инженер 
мамандығы бойынша бітірген. 
1972 жылы – Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты. 
2009 жылы Вашингтон университетінде арнайы курстан өтті (АҚШ). 
Қазіргі кезде РФ Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет және халық 
шаруашылығы  академиясының  қоғамдық  сектордың  экономика  және  қаржы 
профессоры,  Еуразия  Экономикалық  Бірлестігі  Интеграциялық  мәселелерді 
стратегиялық зерттеу институтының директоры. 
Өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларын иеленбейді. 
 
Директорлар кеңесінің құрамына іріктеу критерийлері 
Қазіргі  кезде  Қоғамда  «Самұрық-Энерго»  АҚ  Директорлар  кеңесінің  мүшелерін 
іріктеу және оларға сыйақы беру қағидасы бекітілді. Директорлар кеңесінің мүшелерін 
сайлау  үміткерлердің  біліктілігі,  дағдылары,  іскерлік  беделі  мен  кәсіби  тәжірибесі 
ескеріле  отырып,  айқын  және  ашық  рәсімдер  негізінде  жүргізіледі.    Директорлар 
кеңесінің  жекелеген  мүшелерін  немесе  оның  толық  құрамын  жаңа  мерзімге  қайта 
сайлаған кезде олардың Қоғамның Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігіне қосқан   
үлесі назарға алынады.  
Директорлар  кеңесінің  төрағасы  жалғыз  акционердің  шешімімен  сайланады. 
Директорлар  кеңесінің  құрамына  үміткерлерді  іздеу  және  іріктеу  үдерісін  Қор 
Директорлар  кеңесінің  төрағасымен  және  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің 
Тағайындаулар және сыйақы комитетінің төрағасымен бірлесіп іздейді.  
Үкімет  мүшелерінің,  мемлекеттік  органдардың  лауазымды  тұлғаларының 
Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына қатысуына жол берілмейді. 
Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінде ұйым мен акционер мүдделері үшін 
тәуелсіз,  объективті  және  тиімді  шешімдер  қабылдауды  қамтамасыз  ететін 
дағдылардың, тәжірибенің және білімінің, сондай-ақ Қоғамның ұзақ мерзімді құнының 
өсуі  мен  орнықты  дамуын  қамтамасыз  ету  теңгерімі  сақталуы  тиіс.  Директорлар 
кеңесінің құрамына мінсіз іскерлік және жеке беделге ие тұлғалар кіруі тиіс. 
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, Директорлар кеңесінің құрамына 
мыналар кірді: 

 
Экономика, қаржы және аудит саласындағы сарапшы –Global Power & Water 
Division  тобының  вице-президенті  және  қаржы  директоры,  Nebras  Power  (Катар 
мемлекеттік халықаралық энергетикалық компаниясы) Басқарма мүшесі Лука Сутера; 

 
Корпоративтік  әлеуметтік  жауапкершілік  саласындағы  сарапшы  –  Басқарма 
төрағасы Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев. 
 
Директорлар кеңесі мүшелерінің тәуелсіздік критерийлері 
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға сәйкес, тәуелсіз директорлар Директорлар 
кеңесі мүшелерінің үштен бір бөлігінен кем болмауы тиіс. 

 
85 
 
Тәуелсіздік критерийлері Қазақстан Республикасының заңнамаларында, Қоғамның 
Жарғысында және Директорлар кеңесі туралы ережесінде белгіленген, соларға сәйкес: 
тәуелсіз директор Қоғамның Директорлар кеңесінің: 
1)
 
Қоғамның Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы бес жыл ішінде Қоғам 
қызметкері немесе Қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмаған; 
2) Қоғамның Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы бес жыл бойында Қоғам 
қызметкерлерімен жақын туыстығы (ата-анасы, ағасы, қарындасы, ұлы, қызы) болмауы, 
некеге тұрмаған, сондай-ақ жекжаттығы (әйелінің ата-анасы, ағасы, сіңілісі, ұлы, қызы) 
болмаған; 
3)  Қоғамнан  немесе  Қоғамның  үлестес  тұлғаларынан  қаржыландыру  алып 
тұратын коммерциялық емес ұйымның үлестес тұлғасы болып табылмаған; 
4) Қоғамға және Қоғамның үлестес тұлғаларына ешқандай ақылы негіздегі қызмет 
көрсетпеген; 
5)  Қоғамның  қызметкері  Директорлар  кеңесінің  мүшесі  болып  келетін  заңды 
тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылмаған; 
6)  Қоғамның  Директорлар  кеңесіне  сайланар  алдындағы  бес  жыл  бойында 
Қоғамның  үлестес  тұлғасы  немесе  Қоғамның  аудитін  өткізетін  не  өткізген  ұйымның 
қызметкері,  болмаса  аталған  ұйымның  үлестес  тұлғаларының  қызметкері  болып 
табылмаған; 
7) Қоғам қабылдайтын шешімдерді белгілеуге немесе сол шешімдерді белгілеуге 
мүмкіндігі  бар  тұлғаның  жақын  туысы,  мұрагері,  құқық  мирасқоры,  өкілі  болып 
табылмаған; 
8) Қоғам акционерінің үлестес тұлғасы болып табылмаған; 
9)  Шетел  мемлекетінің  заң  шығарушы,  атқару,  әкімшілік  немесе  сот  органында 
қандай да бір лауазымды орынға тағайындалатын немесе сайланатын тұлға, сондай-ақ 
шетел мемлекеті үшін қандай да бір жария функцияны атқарушы болып табылмаған; 
10) 7 жылдан көп мерзімге Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі болмаған; 
11)  Акционерлердің  жалпы  жиналысы  бекіткен  басқа  да  критерийлерге  сәйкес 
келген мүшесі болып табылады. 
Қоғамның  тәуелсіз  директорлары  есептік  кезеңдегі  тәуелсіздік  критерийлеріне 
толығымен сәйкес келді. 
 
Директорлар Кеңесі отырыстарының саны 
 
2015 
2014 
2013 
2012 
Отырыстар саны 

11 
13 
13 
Тікелей 


11 

Сырттай  




Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуы 
 
2015 
2014 
2013 
2012 
Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы 
100% 
100 % 
100 % 
100 % 
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы 
100% 
100 % 
100 % 
100 % 
Лука Сутера 
100% 
100 % 
92 %. 
92 % 
Спицын Анатолий Тихонович 
100% 
100 % 
92 % 
100 % 
2015  жылы  Қоғамның  Директорлар  кеңесі  тікелей  нысанда  8  отырыс  өткізді. 
Отырыстар аясында 141 мәселе қаралды. 

 
86 
 
 Атап айтқанда, мынадай мәселелер қаралды: 
1.
 
Қоғамның 2015-2019  жылдарға  арналған  даму  жоспарын  түзетулерді  ескере 
отырып бекіту туралы; 
2. 
 
Қоғамның  басшы  және  басқарушы  қызметкерлерінің  қызметін  бағалау  және 
сыйақы беру қағидасын жаңа редакцияда бекіту туралы. 
3.  «Т.И  Батуров  атындағы  Жамбыл  ГРЭС»  АҚ-ның  50%  мөлшерінде  акциялар 
топтамасын сату туралы. 
4.  Қоғам  Басқармасы  мүшелерінің  өкілеттік  мерзімін  белгілеу  және  оның 
мүшелерін сайлау туралы. 
5.
 
Қоғам Жарғысына өзгерістер мен толықтыраларды алдын ала келісу туралы. 
6.  Қоғамның  2014  жылғы  әлеуметтік  жауапкершілік  жоспарының  орындалуын 
бағалау нәтижелері.  
7. Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген тізілімге сәйкес Қоғам 
Басқармасы  мүшелерінің  және  өзге  қызметкерлердің  2015-2020  жылдарға  арналған 
Сабақтастық бағдарламасын бекіту туралы.   
8.  Қоғамның  Трансформациялау  бағдарламасын  іске  асырудың  Жол  картасын 
бекіту туралы. 
9.  Қоғамның  2015-2025  жылдарға  арналған  Даму  стратегиясын  өзектендіру 
жөніндегі жұмыстарының барысы жөніндегі есепті қарау туралы.  
10. Қоғамның «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның 100% акциясын сатып алуы туралы. 
11. Қоғамның ашықтығы және ақпаратты ашу үдерістерінің тиімділігі.             2015 
жылғы бедел аудиті жөніндегі есеп. 
12.  Қоғамның  өзін-өзі  бағалау  нәтижелерінің  жаңа  Корпоративтік  басқару 
кодексінің ережелерінің ағымдағы тәжірибесіне сәйкестігіне шолу (Gap-талдау). 
 
 
 
 
 
 
 
Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру 
Директорлар кеңесінің  құрамындағы Жалғыз акционердің өкілдері мен Басқарма 
төрағасы сыйақы алмайды. 
Қоғамның  Директорлар  кеңесі  мүшесінің  міндетін  оырндағаны  үшін  тәуелсіз 
директорлар  жылдық  тіркелген  сыйақы  алады,  сондай-ақ  комитет  мүшесі  ретінде 
Қоғамның  Директорлар  кеңесі  комитетінің  әрбір  тікелей  отырыстарына  қатысқаны 
үшін қосымша сыйақы алады. 
Ауырып  қалуына,  еңбек  демалысында,  іссапарда  болуына  байланысты  тікелей 
отырыстарға  қатыспаған  жағдайларын  есептемегенде,  тәуелсіз  директор  Қоғамның 
Директорлар  кеңесінің  есептік  кезеңінде  өткізілген  тікелей  және  сырттай 
отырыстарының жартысынан азына қатысқан жағдайда оған сыйақы төленбейді. 
Тәуелсіз  директордың  тұрғылықты  жерінен  тыс  жерлерде  өтетін  Қоғамның 
Директорлар  кеңесінің  және  Қоғамның  Директорлар  кеңесі  комитеттерінің 
отырыстарына баруына байланысты (жол жүру, қонақүйде тұру, тәуліктік) шығындары 
өтеледі  
Салықтарды қоса есептегенде, жылдық тіркелген сыйақыны және Комитеттердің тікелей 
отырыстарына қатысқаны үшін сыйақыны есептеу, теңгемен  
 
Комитеттердің тікелей отырыстарына қатысқаны үшін салықтарды қоса 
есептегендегі жылдық тіркелген сыйақыны 

 
87 
 
 
жылдық тіркелген 
сыйақы 
тікелей отырыстарға 
қатысқаны үшін 
сыйақы 
барлығы 
Лука Сутера 
9 959 164 тг 
9 292 276 тг 
19 251 440 тг 
Спицын Анатолий 
Тихонович  
9 959 164 тг 
9 292 276 тг 
19 251 440 тг 
Директорлар 
кеңесі 
Төрағасының 
және 
Басқарма 
Төрағасының 
лауазымдарын қоса атқару 
Жарғыға  және  ішкі  нормативтік  құжаттарға  сәйкес,  өкілеттіктерді  шектеу  және 
мүдделер  тартысын  болдырмау  мақсатында  Директорлар  кеңесінің  Төрағасы  мен 
Басқарма Төрағасының лауазымдары қоса атқарылмайды. 
 2015  жылы  «Самұрық-Энерго»  АҚ  Директорлар  кеңесінің  төрағасы  Бектеміров 
Қуаныш Әбдіғалиұлы, Басқарма төрағасы – Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы болды. 
Директорлар Кеңесінің комитеттері 
Директорлар кеңесінің қызметіне қолдау көрсету мақсатында Қоғамда міндеттеріне 
мәселелерді  талқылау  және  өзінің  функционалдық  міндеттері  аясында  белгілі  бір 
мәселелер бойынша ұсыным әзірлеу жататын мынадай комитеттер құрылды: 

 
Аудит комитеті. 

 
Тағайындаулар және сыйақы комитеті; 

 
Стратегиялық жоспарлау комитеті. 
Директорлар  кеңесінің  жанындағы  комитеттер  туралы  ережелерге  сәйкес,  әрбір 
комитет Директорлар кеңесіне жыл сайын атқарылған жұмыстары туралы есеп береді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет