Комитеттер бойынша отырыстарда қарастырылған мәселелер саны
2015
2014
2013
2012
Аудит комитеті
45
47
31
38
Тағайындаулар және сыйақы комитеті
28
32
28
29
Стратегиялық жоспарлау комитеті
16
15
8
10
Аудит комитеті
Аудит комитеті Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңесші органы болып
табылады, ол ішкі және сыртқы аудит мәселелері, ішкі бақылау жүйесі, сондай-ақ
тәуекелдерді басқару жүйесі мәселелері бойынша ұсынымдарды дайындау және оларға
талдау жасау үшін құрылған.
2015 жылы Аудит комитетінің отырыстарында қарастырылған негізгі
мәселелер:
1) «Самұрық-Энерго» АҚ-ның шоғырланыдырылған жылдық қаржылық
есептілігін алдын ала мақұлдау туралы.
88
2) «Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін тағайындау және
оларға лауазымдық жалақы белгілеу туралы.
3) «Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметінің жылдық аудиторлық жоспарын
және бюджетін алдын ала мақұлдау туралы.
4) Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметінің есебі және оның тоқсандар мен жыл
бойынша қызметінің тиімділігін бағалау.
5) «Самұрық-Энерго» АҚ-ның шоғырландырылған Тәуекелдер тізілімін, әрбір
негізгі тәуекелге қатысты төзімділік деңгейлерін анықтай отырып, шоғырландырылған
Тәуекелдер картасын, Негізгі тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын,
Негізгі тәуекелдер көрсеткіштерінің паспорттарын алдын ала мақұлдау туралы.
6) «Самұрық-Энерго» АҚ сыртқы аудиторының тәуелсіздігін және объективтілігін
бағалау.
Директорлар кеңесінің Аудит комитеті мына құрамда құрылған:
Лука Сутера – тәуелсіз директор, Аудит комитетінің төрағасы;
Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор, Аудит комитетінің мүшесі,
Тағайындаулар және сыйақы комитетінің мүшесі;
Аудит комитеті өткізген отырыстардың саны
2015
2014
2013
2012
Отырыстар саны
10
10
10
10
Тікелей
10
10
10
8
Сырттай
0
0
0
2
Комитеттің дауыс беру құқығы бар
мүшелерінің қатысуы
100%
100 %
100 %
100 %
Тағайындаулар және сыйақы комитеті
Тағайындаулар және сыйақы комитеті Директорлар кеңесінің консультативтік-
кеңесші органы болып табылады және Директорлар кеңесінің мүшелерін тағайындау,
Директорлар кеңесі мүшелерінің, Басқарма мүшелерінің және корпоративтік хатшының
еңбегіне ақы төлеу және оларға сыйақы беру мөлшері мен шарттарын белгілеу, сондай-
ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне, Басқарма мүшелеріне және корпоративтік
хатшыға біліктілік талаптары бойынша ұсынымдар беру үшін құрылған.
Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақы комитеті мына құрамда
құрылған:
Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор, Тағайындаулар және сыйақы
комитетінің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі, Аудит комитетінің
мүшесі.
Лука Сутера – тәуелсіз директор, Тағайындаулар және сыйақы комитетінің
мүшесі.
89
Тағайындаулар және сыйақы комитеті өткізген отырыстардың саны
2015
2014
2013
2012
Отырыстар саны
9
9
10
6
Тікелей
9
9
10
6
Сырттай
0
0
0
0
Комитеттің дауыс беру құқығы бар
мүшелерінің қатысуы
100%
100 %
100 %
100 %
Тағайындаулар және сыйақы комитетінің отырыстарында қарастырылған
негізгі мәселелер:
1) «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы Басқармасының сандық құрамын
белгілеу, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесін сайлау, оның
өкілетілік мерзімі мен лауазымдық жалақысын белгілеу туралы;
2) Жалғыз акционерге «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы
бойынша ұсынымдар беру туралы.
3) Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің,
«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік хатшысының лауазымдық жалақы сызбасын
бекіту мәселелері бойынша ұсынымдар беру туралы.
4) «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелеріне және «Самұрық-Энерго» АҚ
еншілес және тәуелді ұйымдарының атқарушы органдарының басшыларына қойылатын
критерийлерді белгілеу туралы.
5) «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін іріктеу және оларға
сыйақы беру қағидасын бекіту туралы» мәселе бойынша Директорлар кеңесіне
ұсынымдар беру туралы.
Стратегиялық жоспарлау комитеті
Стратегиялық жоспарлау комитеті Директорлар кеңесінің консультативтік-
кеңесші органы болып табылады және Қоғам қызметінің стратегиялық мәселелері
бойынша ұсыныдар беру үшін құрылған.
Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитеті мына құрамда
құрылған:
Спицын Анатолий Тихонович – тәуелсіз директор, Стратегиялық жоспарлау
комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақы комитетінің мүшесі.
Лука Сутера – тәуелсіз директор, Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.
Стратегиялық жоспарлау комитеті өткізген отырыстардың саны
2015
2014
2013
2012
Отырыстар саны
9
8
6
2
Тікелей
9
8
6
2
Сырттай
0
0
0
0
Комитеттің дауыс беру құқығы бар мүшелерінің
қатысуы
100%
100 %
100 %
100 %
90
Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстарында қарастырылған
негізгі мәселелер:
1.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның бизнесті трансформациялау жағдайында сыртқы,
ішкі ортаға және стейкхолдерлермен өзара іс-қимылға стратегиялық талдау жасауды
әзірлеу бойынша сатып алынатын қызметтердің техникалық айырықшалауларын
мақұлдау.
2.
2014 жылғы қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2012-2022
жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
орындалуы туралы есепті мақұлдау.
3.
«Самұрық-Энерго» АҚ ұзақ мерзімді даму стратегиясына «Самұрық-Энерго»
ҰӘҚ» АҚ-ның түсіндірмелері ескеріле отырып, пысықталған қаржылық модель назарға
алынды.
4.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2015-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясын
өзектендіру жөніндегі жұмыс барысы туралы есеп мәліметке алынды.
5.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2015-2025 жылдарға арналған ұзақ мерзімді Даму
стратегиясы және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2015-2025 жылдарға арналған ұзақ
мерзімді Даму стратегиясын іске асыру бойынша Жол картасы алдын ала мақұлданды.
Директорлар кеңесінің қызметін бағалау нәтижелері
2016 жылы халықаралық корпоративтік басқарудың озық әлемдік тәжірибесіне
сәйкес Директорлар кеңесінің қызметіне кезекті тәуелсіз бағалау жүргізілді. Бағалау
тәуелсіз консультантты тарта отырып жүргізілді, бұл корпоративтік басқарудың
тиімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі үздік талаптарға сәйкес келеді.
«ARG Group Ltd» ЖШС компаниясы тәуелсіз консультант ретінде таңдалды, ол
Қазақстандағы ұлттық холдингтер және бизнес-секторы үшін стратегиялық консалтинг
және корпоративтік басқару саласындағы жетекші кмпанияларының бірі болып
табылады. 2013 жылдан бергі кезең үшін «ARG Group Ltd» ЖШС Қоғамға менеджмент
жүйелері саласында және корпоративтік менеджмент жүйесінің байқаушы аудитін
жүргізу бойынша консалтингтік қызмет көрсетті, сондай-ақ Қорда бизнес-үдерістерді
жетілдіру мақсатындағы өзгерістерді қолдау бойынша жоба іске асырылды.
Бағалау Директорлар кеңесінің қызметін бағалаудың бекітілген әдістемесі
негізінде, сондай-ақ Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінің талаптары мен
корпоративтік басқарудың озық әлемдік тәжірибелерін, атап айтқанда ЭЫДҰ-ның
корпоративтік басқарудың қағидаттарын және Ұлыбританияның корпоративтік басқару
кодексін ескере отырып жүргізілді. Бағалау Директорлар кеңесінің 2015 жылғы
қызметінің талдауын, 2012 жылдан 2014 жылғы кезеңдегі бағалау нәтижелерінің тарихи
талдауын, Директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне арналған сауалнаманы, тәуелсіз
консультанттың Директорлар кеңесінің Төрғасымен, Директорлар кеңесінің
мүшелерімен, Басқарма Төрағасымен және корпоративтік хатшымен жүргізген
сұхбатты қамтиды.
Тәуелсіз бағалау нәтижелері Директорлар кеңесі жұмысының сапасы барынша
артқанын және тиімді болғанын көрсетті, бұл Қоғамның корпоративтік басқару
рейтингінің өсуімен де расталады. Қоғамның корпоративтік басқару тәжірибесін одан
91
әрі дамытуды жоспарлау үшін Директорлар кеңесінің сабақтастық жүйесін дамытуға
қатысуда, Директорлар кеңесінің жұмысын жетілдірудегі озық әлемдік тәжірибелерді
қолдануда, Акционер мен Директорлар кеңесінің арасындағы өкілеттіктерді оңтайлы
бөлуде Директорлар кеңесі Төрағасының прогрессивтік рөлін күшейту сияқты дамудың
басым бағыттары белгіленді.
Ішкі аудит қызметі
1)
қызметтің мақсаты, сандық құрамы, функциялары:
Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесіне және Атқарушы органға Қоғам мен оның
ЕТҰ-ларының стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне қатысты міндеттерін
орындауына қажетті көмек көрсетеді.
Ішкі аудит қызметінің негізгі мақсаты – Директорлар кеңесіне Қоғамдағы және
ЕТҰ-дағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін
жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар
беру.
Ішкі аудит қызметінің жетекшісі мен қызметкерлерін Директорлар кеңесі
тағайындайды. Ішкі аудит қызметін Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит комитеті
қадағалайды.
2015 жылы Ішкі аудит қызметінің нақты саны 7 адамнан болды. Қызмет жетекшісі
– Сейдіғалиева Ақмарал Кәкімқызы.
Ішкі аудит қызметінің жұмысы Халықаралық ішкі аудиттің кәсіи стандарттарына
сәйкес келеді.
Ішкі аудит Қызметінің негізгі функциялары мыналар:
Қоғам мен оның ЕТҰ-ларының, сондай-ақ олардың ақпараттық жүйелерінің
корпоративтік басқару, операциялық қызмет (өндірістік және қаржылық) саласындағы
тәуекелдеріне төнетін қауіп-қатерлерді, ішкі бақылаудың адекваттылығы мен
тиімділігін бағалау;
Қоғам мен ЕТҰ-ның корпоративтік басқару, операциялық (өндірістік және
қаржылық) қызмет салаларындағы, сондай-ақ олардың ақпараттық жүйелеріндегі
тәуекелдердің ішкі бақылаудың адекваттылығы мен тиімділігін бағалау;
белгіленген тәртіпте Қоғам мен оның ЕТҰ-ларында тиісті этикалық
стандарттар мен құндылықтарға сәйкес келетін қабылданған корпоративтік басқару
қағидаттарын ендіру мен оларды сақтауды бағалауды қоса алғанда, Қоғам мен оның
ЕТҰ-ларында корпоративтік басқару жүйесін бағалау (диагностикалау);
Қазақстан Республикасы заңнамаларының, халықаралық келісімдердің, Қоғам
мен оның ЕТҰ ішкі құжаттары талаптарының сақталуын, сондай-ақ уәкілетті және
қадағалау органдарының нұсқауларының, Қоғам мен оның ЕТҰ органдарының
шешімдерінің орындалуын тексеру, сондай-ақ осы талаптарды сақтау мақсатында
құрылған жүйелерді бағалау;
Қоғам мен оның ЕТҰ-ның стратегиялық мақсаттары аясында олардың алдына
қойылған мақсаттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Қоғам мен оның ЕТҰ
бөлімшелері қолданатын шаралардың адекваттылығын бағалау.
2)
Есептік кезеңдегі жоспарлардың орындалуы;
92
Есеп беру жылында Ішкі аудит қызметі 29 жоспарлы және 8 жоспардан тыс
аудиторлық тапсырманы орындады. Ішкі аудит қызметінің тексеріс нәтижелері
бойынша ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерін
жетілдіруге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.
3)
Ішкі аудит қызметі мен оның жетекшісінің жұмысының тиімділігін
бағалау үдерісі;
Қоғамның Директорлар кеңесі Қызмет пен оның жетекшісінің белгіленген НҚК-ні
орындауына тоқсан сайын және жылдық бағалау жүргізеді.
Қызмет пен оның жетекшісінің НҚК Қоғамның стратегиялық мақсаттары ескеріле
отырып белгіленеді.
4)
ІАҚ жұмысын бағалау нәтижелері
Қызметтің тоқсандар мен 2015 жылдың қорытындысы бойынша жұмысын
Қоғамның Директорлар кеңесі «Тиімді» деп бағалады.
2015 жылы «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС консультанттары Ішкі аудит
қызметінің жұмысына тәуелсіз бағалау жүргізді.
Нәтижесінде Ішкі аудит қызметінің жұмысы Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби
стандарттарына және озық әлемдік тәжірибеге 100% «Сәйкес келеді» деген баға алды.
Басқарма
Қоғамның ағымдағы қызметіне Басқарма төрағасы басқаратын Басқарма
нысанындағы алқалы орган басшылық жасайды. Басқарманың қызметі акционерлердің
мүдделерін барынша сақтауға, сондай-ақ Қоғамның міндеттерін орындауға және оның
стратегияларын іске асыруға бағытталған.
Қоғам Басқармасының жұмысын ұйымдастыру, оның отырыстарын шақыру мен
өткізу, шешім қабылдау тәртібі Қоғамның Директорлар кеңесі 2015 жылы 20 наурызда
бекіткен Қоғам Басқармасы туралы ережеде белгіленген (жаңа редакция).
Басқарма қызметінің негізгі қағидаттары: адалдық, тазалық, ақылдылық, сақтық,
жүйелілік болып табылады.
Басқарма қызметі акционер мүдделерін сақтау негізінде құрылады және
Директорлар кеңесі мен акционерге толық есеп береді.
Басқарма жүйелі түрде өтетін отырыстарын тікелей дауыс беру түрінде өткізеді.
Қоғамда басшы және басқарушы лауазымдарға үміткерлерді тиімді іріктеу, оларды
жайғастыру мен бекіту, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Қоғам қызметкерлерінің
жоғарыда аталған санаттары мен Басқарма мүшелігіне үміткерлерге қойылатын
біліктілік критерийлері мен талаптарының тізбесі белгіленді.
Біліктілік критерийлерінің қатарына кәсіби білімінің деңгейіне, мамандығы
бойынша жұмыс (тәжірибе) өтіліне, басшы лауазымындағы жұмыс тәжірибесіне, нақты
лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті кәсіби білімдері мен дағдыларына,
Қоғамның
өндірістік-шаруашылық
және
қаржы-экономикалық
қызметін
регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуіне,
сондай-ақ
Қоғамның
техникалық,
экономикалық
және
әлеуметтік
даму
перспективаларын, стратегияларын, басымдықтарын білуіне қойылатын талаптар
кіреді.
93
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Басқарма құрамы:
Сәтқалиев Алмасадам
Майданұлы
Молдабаев Қаныш
Тәңірбергенұлы
Максұтов Қайрат
Берікұлы
Огай Алексей
Владимирович
Сәлімжуаров Ғани
Ғалиоллаұлы
Ли Валерий
Константинович
Шонаева Салтанат
Аманғосқызы
Әуезова Мира
Жақсылыққызы
Басқарма Төрағасы
Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары
Басқарма Төрағасының орынбасары
Басқарма Төрағасының орынбасары
«СЭС және ЖЭК, Бөлу және Өткізу» дивизионының
басқарушысы
Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы
директор
Инвестициялар жөніндегі бас директор
Құқықтық мәселелер жөніндегі бас директор
2015 жылы Басқарманың 18 тікелей отырысы өткізілді, 356 мәселе қаралды.
Барлық шешімдерді Басқарма мүшелері бірауыздан қабылдады.
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы
Қоғамның Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
Экономика ғылымдарының кандидаты. ТМД-ның еңбек сіңріген энергетигі.
1970 жылы 31 қазанда туған.
Азамттығы: Қазақстан Республикасы.
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлының қызмет тізімі:
1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген, механик,
қолданбалы-математик.
2009 жылғы желтоқсаннан – «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы.
2011 жылғы маусымнан – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Басқарушы директоры.
94
2012 жылғы қаңтардан – Қоғамның Басқарма Төрағасы.
2013 жылы - РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және
мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік қызмет және басқару халықаралық
институтын бітірген, экономика магистрі
2014 жылы - Executive MBA бағдарламасы бойынша Назарбаев Университеті
Жоғары бизнес мектебін бітірген
1992 жылғы тамыздан – «ТаССат» ЖШС директоры.
1997 жылғы қыркүйектен – «ҚазТрансОйл» ҰМТК» АҚ менеджері, клиринг
департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы.
1998 жылғы тамыздан – «ҚазТрансОйл» ҰМТК» АҚ басқарушы директоры,
экономика жөніндегі вице-президент.
2001 жылдың қаңтар айынан бастап – «KEGOC» АҚ-да қаржы директоры,
экономика жөніндегі вице-президенті.
2003 жылғы қарашадан – «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті.
2006 жылғы мамырдан – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі» АҚ «КЕGOC» АҚ бойынша директоры-топ жетекшісі
2006 жылғы желтоқсаннан – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі» АҚ Электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі
директоры.
2007 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің орынбасары.
2007 жылғы қыркүйектен – «KEGOC» АҚ Президенті, 2008 жылғы қазаннан –
«KEGOC» АҚ вице-президенті.
2009 жылғы желтоқсаннан – «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы.
2011 жылғы маусымнан – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Басқарушы директоры.
2012 жылғы қаңтардан – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы.
Мақсұтов Қайрат Берікұлы
Қоғамның Басқарма төрағасының орынбасары.
1970 жылы 16 мамырда туған.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Мақсұтов Қайрат Берікұлының қызмет тізімі:
1991 жылы Қазтұтынушылародағы Қарағанды кооперативтік институтын бітірген,
ревизор экономист.
1991-1992 жж. – Қарағанды облтұтынушылародағының Бақылау және есеп
басқармасының ревизоры.
1992-1997 жж. – «Игілік-Банк» АКБ Қарағанды филиалының инвестиция және
инновация бөлімінің жетекші маманы, халықаралық есептер және валюталық
операциялар бөлімінің бастығы, директордың орынбасары;
1997-1999 жж. – Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы, АЭА-ның
Әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары, Қаражал қаласы әкімінің орынбасары;
1999-2004 жж. – «Альфа-Банк» ЕБ ААҚ-ның Қарағанды филиалы директорының
орынбасары, директор.
95
2004-2009 жж. – «Гефест» тау-кен салалық холдингінің экономика және қаржы
жөніндегі вице-президенті.
2009-2012 жж. – Қоғамның Басқарма Төрағасының экономика және қаржы
жөніндегі орынбасары.
2012-2013 жж. – Қоғамның басқарушы директоры, корпоративтік басқару
жөніндегі басқарушы директор.
2013 жылғы қараша айынан бастап – Қоғамның Басқарма Төрағасының
орынбасары
Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы
Қоғамның Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.
1963 жылы 23 қазанда туған.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлының қызмет тізімі:
1987 жылы – Павлодар индустриалдық институтын бітірген, электр инженері.
2002 жылы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін экономист-заңгер
мамандығы бойынша бітірді.
2004 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
қызмет академиясын бітірді, мемлекеттік қызмет менеджері.
1987-1997 жж. – «Баянауыл аудандық электр желілері» ААҚ электр слесарі, шебері,
диспетчері, бас инженері, бастығы.
1997-1999 жж. – «Баянауыл аудандық электр желілері» ААҚ президенті.
1999-2004 жж. – Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары.
2004-2007 жж. – Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің электр
энергетикасы басқармасының бастығы.
2007-2009 жж. – «KEGOC» АҚ-ның «Солтүстік ЖЭЖ» филиалының директоры.
2009-2011 жж. – «KEGOC» АҚ-ның ҰЭЖ дамыту департаментінің директоры.
2011-2012 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ индустриялық
активтерді басқару жөніндегі директоры.
2012ж. наурыз айы – 2012ж. қараша айы – Қоғамның инновациялық-технологиялық
саясат және даму департаментінің директоры.
2012ж. қараша айы – Қоғамның даму жөніндегі басқарушы директоры.
2014 жылғы сәуірден бастап - Басқарма Төрағасының орынбасары.
2015 жылғы ақпан айынан бастап – Қоғамның Басқарма Төрағасының бірінші
орынбасары.
Огай Алексей Владимирович
Қоғамның Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі.
1970 жылы 1 желтоқсанда туған.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Огай Алексей Владимировичтің қызмет тізімі:
1995 жылы Алма-Ата энергетикалық институтын бітірген, электр инженері.
1995-1998 жж. – «Қазақстанның ОЭК проблемаларын зерттеу лабораториясы»
ЖШС ғылыми қызметкері.
96
1998-2002 жж. - «KEGOC» АҚ Экономика департаментінің маманы, жетекші
маманы, бас маманы.
2002-2006 жж. - «KEGOC» АҚ Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті
экономикалық талдау бөлімінің бастығы.
2006ж. маусым айы – 2006ж. желтоқсан айы – «Самұрық» холдингі» АҚ, «KEGOC»
АҚ тобының бас сарапшысы.
2006-2008 жж. - «Самұрық» холдингі» АҚ электр энергетикалық активтерді
басқару тобының бас сарапшысы.
2008ж. қыркүйек айы – 2008ж. қараша айы - «Самұрық» холдингі» АҚ электр
энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директорының орынбасары.
2008-2011 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ электр
энергетикалық активтер дирекциясының бас сарапшысы.
2011-2014 жж. - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ электр
энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры
2014-2015 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның активтерді
басқару жөніндегі бас директорының орынбасары.
2015 жылғы ақпан айынан бастап – Қоғамның Басқарма Төрағасының
орынбасары.
Достарыңызбен бөлісу: |