Үй қояндарында жүннің бояуы бойынша көп аллелділіктің болатыны анықталған. Доминантты С гені бүкіл денесіне қара түс беретін пигменттің түзілуін қуаттайды. Оның рецессивті аллелі с альбинизмді тудырады. Сонымен қатар гималай түсті қоянның (құлақтары, аяқтарының басы мен құйрығының ұшы қара, денесінің басқа жерлері ақ) пайда болуына ықпал ететін Сhаллелі бар. Сh гені С геніне қарағанда рецессивті, с геніне доминантты. Мынадай генотиптері бар үй қояндарының түстерін анықтаңыздар: ССh; Сhс; Сс; сс; СС.
Мынадай будандастырудан алынатын ұрпақтардың түстерін анықтаңыздар: ССh х ССh; СhСhхСс; СhС hх сс; сс х ССh; Сс х сс; С hсhх Сhс.
Екі гималай қоянын будандастырғанда алынған ұрпақтың 3/4-і гималай, 1/4-і альбиностар болып шықкан. Ата-аналарының генотиптерін анықтаңыздар.
Гетерозиготалы қара және гималай қояндары будандастырылған. Алынған үрпақтардың генотиптері мен фенотиптерін анықтандар.
Екі қара қоянды будандастырғанда алынған ұрпақтың 3/4-і қара, 1/4-і гималай түсті болған. Ата-аналарының генотиптерін анықтаңыздар.
Гетерозиготалы гималай қояны альбинос қоянмен будандастырылған. Алынған ұрпактардың генотиптері мен фенотиптерін анықтаңыздар.
Екі гималай қоянын будандастырғанда алынған ұрпактардың барлығы да гималай түсті болған. Сонда олардың ата-аналарының генотиптерінің қандай болғаны?