Қорытынды(6-тапсырманың 7 – 10-есептері үшін): Барлық эукариоттарда ген болып ДНҚ саналады, олардың ген жұмысының басты принциптері прокариоттардағыдай – транскрипция және трансляция кезеңдерінен тұрады. Бірақ айырмашылықтар бар: геномы үзілмелі – кәдімгі гендер (экзондар) интрондармен бөлінген;
Ең алдымен РНҚ-полимераза ядрода өз функцияларын атқаруға дайын емес РНҚ тiзбегiн синтездейдi және ол ДНҚ-ға толық сәйкес синтезделедi. Демек, мұндай иРНҚ әр түрлi гетерогендi тiзбектерден – экзон және интрондардан құралған, осыған байланысты ол гетерогендi ядролық РНҚ гяРНҚ деп аталады.
яРНҚ-дан интрон бөлiктерi үзiлгеннен кейiн, тек экзондардан құралған және цитоплазмада рибосомада трансляция процесiнде өз қызметiн атқара алатын, жетiлген иРНҚ пайда болады. Бiрнеше ферменттiк жүйелер арқылы гяРНҚ-ның жетiлген иРНҚ-ға айналуы процессинг деп, ал ондағы интрон бөлiктерiнiң арнайы ферменттер арқылы үзiлуi сплайсинг деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
Эукариоттар онтогенезі генетикасы дегеніміз не?
Эукариоттар геномы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2011.
Асылбек Р., Божбанов Б.Ж. Биометрия. -Шымкент: 2010.
Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2002.
Бегімбеков Қ.Н., т.б. Мал өсіру және селекция. -Алматы 2006.
Мухамеджанов Қ.Н., Биғалиев А.Б. Молекулалық биология мен генетикалық инженерия. -Қарағанды, ҚарМУ, 1991.