Санитарная микробиология Санитариялық микробиология зерттейді


Ауыз қуысында Коплик-Филатов дақтары қай ауруда пайда болады



бет3/34
Дата02.06.2023
өлшемі215,5 Kb.
#98124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
ответ микро

Ауыз қуысында Коплик-Филатов дақтары қай ауруда пайда болады:


Қызылша
Дифтерия
Тұмау
Қызамық
Құтыру

Қызылшамен ауырғаннан кейін сауыққан адамдарда қалыптасады:


тұрақты иммунитет
жиі рецидив болады
иммунологиялық толеранттылық
бейспецификалық иммунитет
жасушалардың ареактивтілігі

Балалар бақшасына баратын сәби қызылшамен ауырды. Қатынаста болған балаларды қорғау үшін қандай препарат тағайындалады?


қызылшаға қарсы вакцина
қызылшаға қарсы иммуноглобулин
иммундыстимулятор
антибиотик
ацикловир

Қызылшаға қарсы арнайы сақтандыру міндетті егу жоспарына енгізілген. Бұл қандай вакцина?


Аттенуацияланған
Инактивацияланған
Химиялық
Анатоксин
Антиидиотипті

Қызамық вирусының тұқымдасы:


Togavіrіdae
Pіcornavіrіdae
Paramyxovіrіdae
Нerpesvіrіdae
Ortomyxovіrіdae

Қызамықтың алдын алуына қандай тиімді вакциналар қолданылады?


Рудивакс және Тримовакс
Солк және Сэбин
Ассоциациялық
Химиялық
Суббірліктік

Аденовирустар капсиді симметрия типі:


кубты
оқ тәрізді
икосаэдрлы
сфералы
жіп тәрізді

«Жоғарғы тыныс жолдарының вирусты аурулары» диагнозымен сәбиді ауруханаға жатқызды. Қандай тұқымдастың вирустары "қос әсерлі вирустар", яғни бір мезетте онкогенді вирустар бола отырып жұқпалы ауруларды туындатуға қабілетті?


Adenoviridae
Rhabdoviridae
Picornaviridae
Orthomyxoviridae
Coronaviridae
Эпидемиялық паротит вирусы зақымдайды:
Құлақ маны безін
Көкбауырды
Бүйректі
Қуықты
Бауырды

Науқас бала 5 жаста, тексеруден кейін «эпидемиялық паротит» клиникалық диагнозы қойылды. Осы ауру қандай жолмен жұғады?


Ауа-тамшылы
Трансмиссивті
Вертикалды
Алиментарлы
Парентералды
Эпидемиялық паротит диагностикасы негізделген:
Сілекейден вирусты бөлу және қос сарысумен КБР, ПГАР антиденелерді анықтау
Нәжістен вирусты табу және қос сарысумен КБР, ПГАР антиденелерді анықтау
Жұқтырған зертхана тышқандары қанынан вирусты бөліп алу
Тері-аллергиялық сынама қою
Қоректік ортаға ми-жұлын сұйықтығын себу арқылы вирусты бөліп алу

Вирустан сақтандыру үшін санитариялық-эпидемиологиялық станция оқу орындарындағы балалар мен жасөспірімдерге алдын-алу екпелерін жүргізуі қажет. Төменде берілген преператтардың қайсысын белсенді иммундау үшін қолдануға болады?


Вакцинаны
Иммуноглабулинді
Ремантадинді
Оксолинді
Интерферонды
Энтеровирустардың тұқымдастығы:
пикорнавирус
тогавирус
реовирус
ортомиксовирус
парамиксовирус

Полиомиелит вирусының туыстығы:


энтеровирус
арбовирус
флавивирус
рубивирус
реовирус

Полиомиелит вирусының құрамында бар:


РНҚ, капсид
ДНҚ
суперкапсид, ДНҚ
гемаглютинин
нейроминидаза

Полиомиелит вирусының капсиді құралған:


ақуыздардан
көмірсулардан
қышқылдардан
липидтерден
кальцийден

Полиомиелит вирусы зақымдайды:


қозғалғыш нейрондарды
бауыр жасушаларын
бүйрек жасушаларын
көкбауыр жасушаларын
ұйқы безінің жасушаларын

Вирусологиялық зертханада полиомелитпен түскен науқастан алынған материалдар зерттелді. Ол үшін дәрігер-лаборант қандай қоректік ортаны қолданады?


Игла ортасы
Хэнкс ортасы
Чистович ортасы
Эрла ортасы
Бұзау сарысуы
Ауру басталғаннан кейінгі 2-3 апта ішінде қандай вирусты науқастың нәжісінен анықтауға болады?
Полиомиелит
Тұмау
Гепатит В
Қызылша
Қызамық

Зертханаға полиомиелитпен ауыратын науқастың материалы жеткізілді. Вирусолог вирусты қалай бөліп алады?


Вирусты синтетикалық 199 ортаға себу арқылы
Вирусты жасушалар ортасына себу арқылы
Вирусты дифференциальды-диагностикалық ортаға себу арқылы
Вирусты элективті ортаға себу арқылы
Вирусты арнайы ортаға себу арқылы

Вирусолог полиомиелиттің серологиялық диагностикасы кезінде науқастың қос сарысуын зерттеді. Вирусолог бейтараптау реакциясын қою кезінде антигеннің сапасын анықтау үшін не қолдану қажет?


Үш типті тірі вирусты
Вирустың комплемент байланыстырушы антигенін
Формалинмен инактивацияланған антигендерді
Гемагглютинин-антигендерді
Вирустағы капсид белоктарының антигендерін

Полиомиелиттің арнайы сақтандыруында қандай препарат қолданылады?


Аттенуациялық вакцина
АКДС вакцинасы
Анатоксин
Бактериофаг
Химиялық вакцина

Үндістанға барып келген науқасқа дәрігер «полиомиелит» деген болжамды диагноз қойды. Вирусолог диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізуі қажет?


Нәжістен вирусты бөліп алу, идентификациялау, қанның қос сарысуын серологиялық зерттеу
Электронды микроскоп әдісімен нәжістен вирусты индикациялау және идентификациялау
Қанды «жаншылған» және «ілінген» тамшы әдісімен микроскопиялау, қоректік орталарға себу
Иммундыфлюоресценция реакциясының көмегімен асқазанның шайынды суын зерттеу
Қоздырғышты жинақтау үшін нәжісті қоректік ортаға себу, серологиялық зерттеу

Балалар бақшасында бірнеше күннің ішінде 5 бала ауырды. Балалар «полиомиелит» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Инфекциямен зақымданған балалардағы механизмді атаңыз.


Фекальді-оральді
Аэрогенді
Қарым қатынас арқылы
Парентералды
Трансмиссивті

Полиомиелиттен арнайы сақтандыру үшін әртүрлі биологиялық препараттар қолданылуы мүмкін. Қандай препарат ішектің сілемейлі қабығында ұзақ жергілікті иммунитетті қалыптастырады?


Аттенуацияланған вакцинаны тамшы түрінде қабылдау
Инактивацияланған вакцинаны парентералды енгізу
Полиовирусты иммуноглобулинді ауызға тамшылату
Аттенуацияланған вакцинаны парентералды енгізу
Донор иммуноглобулинін парентералды енгізу

Полиомиелитке қарсы қандай вакцина гуморалды және жергілікті иммунитетті қалыптастырады?


Аттенуациялық вакцина
Суббірліктік вакцина
Химиялық вакцина
Инактивациялық вакцина
Векторлы вакцина

ЕСНО вирусы қай тұқымдастыққа кіреді:
пикорнавирус
тогавирус
ортомиксовирус
реовирус
парамиксовирус

Коксаки А вирусында бар:


24 серотип
6 серотип
10 серотип
20 серотип
30 серотип

Коксаки А вирусы қандай тінге тропизмі бар:


бұлшықетке
нерв тініне
көк бауырға
бауырға
бүйрекке

Коксаки В вирусы қандай тінге тропизмі бар:


нерв тініне
бұлшықетке
көкбауырға
бауырға
бүйрекке

Гепатит А вирусының тұқымдастығы:


Pіcornavіrіdae
Нepadnavіrіdea
Rhabdovіrіdae
Paramіxovіrіdae
Нerpesvіrіdae

Гепатит А вирусын жұқтыру механизмі:


фекальді-оральды
ауа-тамшылы
трансмиссивті
парентералды
жыныстық

Қандай вирусты гепатиттің эпидемиологиясында маусымдық (мезгілдік) байқалады?


Гепатит А
Гепатит В
Гепатит С
Гепатит D
Гепатит G
А гепатитін жұқтырудың негізгі жолы:
Алиментарлы
Ауа-тамшылы
Тұрмыстық-қатынас
Парентералды
Трансмиссивті
Қандай вирусты гепатитке қарсы эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша вакцина егу жүргізіледі:
гепатит А№
гепатит С
гепатит D
гепатит Е
гепатит G

Фекалді-оралды механизммен жұғатын вирусты гепатиттер:


гепатит A, Е
гепатит B
гепатит G
гепатит E және В
гепатит D

Сумен қамтамасыз ету жүйесінде болған апаттан кейін тұрғындардың арасында жедел ішек инфекциясымен аурушылдық артқан. Аурудың клиникалық көрінісі мен эпидемиологиялық жағдайлардың нәтижесі бойынша науқастарды жұқпалы ауруханаға жатқызған дәрігер «гепатит А» диагнозын қойды. Дәрігер диагнозды нақтылау үшін науқастан алынған қандай материалды зерттеуге жіберді?


нәжісті
қанды
зәрді
жара бөліндісін
ми-жұлын сұйықтығын

Елді мекенде эпидемиолог су арқылы берілетін гепатит инфекциясының бұрқ етуін тіркеді. Инфекцияның көзі гепатит вирусының қандай түрі?


Е гепатитінің вирусы
D гепатитінің вирусы
C гепатитінің вирусы
B гепатитінің вирусы
G гепатитінің вирусы
Гепатит В вирусының тұқымдастығы:
Hepadnavіrіdаe
Pіcornavіrіdae
Rhabdovіrіdae
Paramіxovіrіdae
Herpesvіrіdae

Вирусты гепатит В диагностикасында анықталатын негізгі маркерге жатпайды:


ДНҚ- полимераза ферменті
HBc жүрекшелі антиген
HBe жүрекшелік антиген
HBs беткейлік антиген
Беткейлік және жүрекшелік антигендерге түзілген антиденелер

Гепатит В вирусы туындатқан созылмалы инфекцияның негізгі көрсеткіші:


НВs антигенді тасымалдаушы
НВс антигенді тасымалдаушы
қан сарысуында НВе антигенді табу
қанда АЛаТ, АсаТ деңгейлері жоғары
қанда барлық вирустық антигендерді табу

Қандай вирусты гепатитке қарсы жоспарлы вакцина егу жүргізіледі:


гепатит В
гепатит А
гепатит С
гепатит D
гепатит Е

Хирургиялық операция кезінде науқасқа қан құйылды. Дәрігер науқастың қанын қандай қоздырғыштың антигеніне тексерді?


Вирусты гепатит В
Аденовирус
Вирусты гепатит А
Вирусты гепатит Е
Энтеровирус
Қандай аурудың қоздырғышы химиялық және физикалық факторларға ең төзімді?
Гепатит В
Қызамық
Полиомиелит
Тұмау
Эпидемиялық паротит
Зертханаға үш қан сарысуы жеткізілді: созылмалы В гепатиті бар науқастың, В гепатитімен бұрын ауырған науқастың және ағымы көрініссіз В гепатиті бар науқастың сарысулары. Сарысуларда қандай антиген анықталады?
HВsAg
HВeAg
HВcAg
HBcAg мен HВeAg
HBcAg мен HВsAg
Гепатит В вирусын нақтылау немесе жоққа шығару үшін зерттеуге қандай материал алынады?
Қан
Нәжіс
Қақырық
Өт
Зәр
Гепатитпен ешқашан ауырмаған студентке донор болуға тыйым салынды. Себебі оның қанында организмнің вируспен зақымданғанын көрсететін серологиялық маркер анықталды. Ол қандай маркер?
HBsAg
HBcAg
HBeAg
HBcIg
HBsIg
Донордың қанын зерттеу кезінде гепатит В вирусының маркері анықталды. Қандай маркер донор қанын гемотрансфузияға қолдануға рұқсат бермейді?
HBs -антиген
HBc -антиген
HAV
HBe-антитела
HBe -антиген
Гендік инженерия жолымен алынған вакцинаны қандай вирусты инфекцияда қолданады?
Гепатит В
Полиомиелит
Қызамық
Эпидемиялық паротит
Аденовирусты инфекция
Гепатит В профилактикасы ретінде хирургиялық бөлімшеде вакцинация жүргізілді. Иммунизациядан кейін қандай маркерлерді анықтайды?
Анти-HBs
Анти-HВe
ДНК ВГВ
HВcAg
HВsAg
Гепатит В вирусының зертханалық диагностикасын өткізу кезінде науқастың қанынан вирустық ДНҚ анықталды. Төменде берілген реакциялардың қайсысының көмегімен мұны анықтауға болады?
Тізбекті полимеразды реакциясы
Пассивті гемагглютинация реакциясы
Комплементті байланыстыру реакциясы
Иммундыферментті талдау
Гемагглютинацияны тежеу реакциясы
Операция кезінде науқасқа қан құйылды. Бұл қанды қандай қоздырғыштың антигеніне тексеру қажет?
Гепатит В вирусы
Гепатит Е вирусы
Гепатит А вирусы
Энтеровирустар
Аденовирустар

Гепатит С вирусы қандай тұқымдастыққа жатады:


Тогавирус
Герпесвирус
Гепаднавирус
Пикорнавирус
Ретровирус

Гепатит С вирусының туыстығы:


Флавивирустар
Герпесвирустар
Пикорнавирустар
Гепаднавируста р
Ретровирустар

Қандай гепатитте ауру жиі созылмалы түріне ауысады:


гепатит С
гепатит G
гепатит А
гепатит D
гепатит Е

Парентералды жолмен жұғатын вирустық гепатиттер:


гепатит B, С
гепатит A, В
гепатит А, G
гепатит E
гепатит С, А

Гепатит Д вирусының сипаттамасы (дельта-вирус):


ақаулы РНҚ вирус, патогендігіне гепатит В вирусының НВs қолданады
ДНҚ-лы күрделі вирус, гепатоциттерге троптылығы байқалады
өздігімен ауыр гепатит формасын туындатады
парентералды жұқтыру механизмі қолайлы емес
Гепатит Д вирусы геномына австралиялық антиген синтезі кодталған

Вирусты D (дельта) гепатиті ақаулы вирус болып табылады және тек төмендегі вируспен жұқтырылған жасушаларда көбейеді:


Гепатит В
Гепатит А
Гепатит Е
Эпстайн-Барр
АИТВ
Гепатит вирустарының арасында симбиоз байқалады:
В және D
В және С
Е және G
G және С
С және Е

Жұқпалы ауруханаға вирусты гепатитпен ауырған науқас жеткізілді. Қоздырғыштың әсеріне қарсы жауап ретінде қай антиденелер бірінші болып өндіріледі?


IgM
IgG
IgA
IgD
IgE
Құтыру вирусы вирионының пішіні:
оқ тәрізді
сфера тәрізді
куб пішінді
икосаэдр тәрізді
таяқша пішінді
Науқас организмінде құтыру вирусы орналасады:
ОЖЖ-де
ішекте
паренхиматозды ағзаларда
бұлшықет тінінде
сөл бездерінде
Құтыру вирусының диагностикасы үшін қолданылады:
Бабеш-Негри денешігін анықтау
Тауық ұрығына жұқтыру
Каудри денешігін анықтау
Агглютинация реакциясы
Биосынама өткізу
Антирабиялық вакцинаны тапқан кім:
Пастер
Кох
Мечников
Эндрюс
Фрош

Емханаға ит тістеген науқас қаралды. Итті ұстап алды және ол ит құтырған болып шықты. Құтыру вирусының арнайы сақтандыруы үшін қандай вакцинаны пайдаланады?


Аттенуациялық
Анатоксин
Химиялық
Рекомбинантты
Синтетикалық
ҒЗИ вирусологтары антирабиялық вакцина шығарды. Вакцинаны алу үшін құтыру вирусының қандай штаммы қолданылды?
Бекітілген вирус
Инактивацияланған вирус
Ультракүлгін сәулелердің әсерінен зиянсызданған вирус
Гендік инженерия әдісінің көмегімен синтезделген вирус
Иттерден бөлінген вирус

Құтырудың экспресс-диагностикасында не табылады:


Бабеш-Негри денешіктері
Гварниери денешіктері
Пашен денешіктері
Каудри денешіктері
Анатоксиндер
Бекітілген құтыру вирусының жабайы вирустан айырмашылығы:
Вируленттік дәрежесінде
Антигендік құрылымында
Өлшемінде
Жасырын кезеңінің ұзақтығында
Жануар сілекейінде болуында
Құтырған иттің бас ми кесіндісінен дайындалған жағындыны ИФР-мен зерттегенде вирусолог жарқырауды байқады. Бұл зерттеу нені көрсетеді?
Антигендер мен антиденелер кешенін
Вирустар белоктарын
Антиденелерді
Бабеш-Негри денешіктерін
Пашен денешіктерін
Қала маңында ұсталған түлкінің миынан вирусолог Бабеш-Негри денешігін тапты. Бұл қандай инфекция?
Құтыру
Кенелік энцефалит
Қызылша
Эпидемиялық паротит
Жұқпалы мононуклеоз
Жабайы аңдар бар ауданда эпидемиолог құтырудың эпидорталығын тіркеді, емханаға қанғыған ит тістеген ер кісі қаралды. Профилактикалық мақсатта науқасқа антирабиялық вакцина енгізді. Бұл препарат қандай вакцина тобына жатады?
Аттенуациялық
Инактивациялық
Молекулалық
Синтетикалық
Анатоксин
Дәрігер 8-жастағы баладан кенелік энцефалиттің белгілерін анықтады. Кененің шағуынан басқа, науқасқа қандай жол арқылы инфекция берілуі мүмкін?
Алиментарлы
Контактылы
Артифициалды
Ауа-тамшылы
Ауа-шаңды

Төмендегі факторлардың қайсысы арқылы АИВ-инфекциясы адамға жұқпайды?


Несеп
Сілекей
Қан
Қынап бөліндісі
Сперма

Вирионның құрамында РНҚ-тәуелді ДНҚ-полимеразасы бар вирус қандай тұқымдастыққа жатады?


Retroviridae
Adenoviridae
Orthomyxoviridae
Rhabdoviridae
Reoviridae

Retroviridae тұқымдастығына жататын адамның иммунды тапшылық вирусын сипаттайтын басты белгіні анықтаңыз:
Кері-транскриптаза ферментінің болуы
«Теріс РНҚ» болуы
Адамда ғана ауру тудыратын қарапайым вирус
Нуклеин қышқылы иесі геномымен интеграцияланбайды
Созылмалы инфекцияның себебі болатын ДНҚ-құрамды вирус

Иммуноблоттинг кезінде вирусолог науқастың қан сарысуынан gp120 гликопротеинін анықтаған. Бұл қандай ауру?
АИВ-инфекция
Вирусты гепатит В
Туберкулез
Мерез
Полиомиелит

Иммундытапшылық белгісі бар науқас қанының сарысуын зерттеу кезінде gp41, gp 120 ақуыздарына антиденелер табылған. Бұл нәтижелер науқаста қандай ауруды айғақтайды?
АИВ-инфекция
НLTV-1- инфекция
TORCH- инфекция
НВ - инфекция
ЕСНО-инфекция

Жас жігітті тексеруде АИВ-қа оң антидене анықталды. Науқас қосымша зерттеулер арқылы АИВ инфекциясының қоздырғышын анықтауды талап етті. Қандай зерттеу науқастан АИВ инфекциясына қарсы антиденені анықтайды?


Иммуноблоттинг
ПГАР
ИФР
ПТP
ГАТР

АИВ/ЖИТС инфекциясы кезіндегі оппортунистік пневмонияның жиі кездесетін қоздырғышы?
Пневмоцисттер
Стафилококктар
Стрептококктар
Цитомегаловирустар
Клебсиеллалар

Жүре пайда болған иммундытапшылық кезінде қоздырғыш тікелей иммунды жүйе жасушаларында көбейеді және оларды бұзады. Осы сипаттама төменде берілген аурулардың қайсысына тән?
ЖИТС
Дифтерия
Полиомиелит
Тырысқақ
Бөртпе сүзегі
Вирусолог науқастың материалынан онкогенді қасиетке ие РНҚ геномды вирусты анықтады. Бөлінген вирус қандай тұқымдастыққа жатады?
Retroviridae
Picornaviridae
Rhabdoviridae
Coronaviridae
Orthomyxoviridae

АИВ-инфекциясының қай сатысында адам инфекция көзі болып табылады?


АИВ-инфекциясының барлық сатыларында
Жедел АИВ-инфекциясында
Созылмалы (латенттік) АИВ-инфекциясында
Персистенцияланған жайылымды АИВ-инфекциясында
ЖИТС – ассоциацияланған кезеңде
Герпесвирустардың репродукциясы қожайын жасушасында қайда жүреді:
ядрода
цитоплазмада
митохондрияда
жасуша мембранасында
лизосомада

Қарапайым герпестің көрінісі:


везикула
папула
пустула
гумма
фурункул
Қарапайым герпес вирусының 1-түрінде қожайын жасушасы ішінде кездесетін қосындылары:
Каудри денешіктері
Бабеш-Негри денешіктері
Пашен денешіктері
Волютин дәндері
Гварниери денешіктері
Науқастағы жайылмалы герпесвирусты инфекцияның диагностикасы үшін вирусолог белгілі бір класқа жататын спецификалық антиденені анықтау үшін қан сарысуын зерттеді. Антидененің қандай класы вирусты инфекцияның жедел кезеңін көрсетеді?
IgM
IgA
IgE
IgG
IgD

Науқас организмінде қарапайым герпес вирусы бар екенін қандай зерттеу әдістері арқылы анықтауға болады?


Вирусологиялық және серологиялық
Вирусологиялық және биологиялық
Серологиялық және биологиялық
Микроскопиялық және биологиялық
Микроскопиялық және аллергиялық
Дәрігер Африка студентінен Беркит лимфомасын тапты. Осы ауруды туындататын герпес вирусының түрі?
Эпстайн-Барр вирусы
Белдемшелі герпес вирусы
Қарапайым герпес вирусы, тип I
Қарапайым герпес вирусы, тип II
Адамның цитомегаловирусы

Саңыруқұлақтар қандай патшалыққа жатады:
эукариот
прокариот
бактерия
қарапайымдылар
вирустар

Саңырауқұлақтардың негізгі құрылымдық компоненттін атаңыз:


мицелия
капсула
спора
конидия
стеригма

Микроскопиялық саңырауқұлақтар көбейеді:


спора түзумен
дизьюнктивті жолмен
бинарлы бөліну
конъюгация
репликация

S.aureus-тің стафилококкты инфекция патогенезіндегі тұрақты фермент:


Плазмокоагулаза
Оксидаза
Протеинкиназа
Фосфотаза
Муромидаза
Стафилококк үшін дифференциалды-диагностикалық маңызы бар тест:
Анаэробты жағдайда маниттің ыдырауы
Мочевинаның ыдырауы
Нативті ақуызбен бірге өсу
Крахмалдың ферментациясы
Уреазалық белсенділік

Бөлініп алынған алтын түсті стафилококктың идентификациясы үшін қолданылатын ерекшелік:


Плазмокоагулазаны анықтау
Глицериннің ашуы
Эндо ортасында өсу
Оксидазаны анықтау
Глюкозаның ферментациясы

Төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы ұрықтың туу жолында инфекциямен зақымданып, нәрестелердегі менинигиттің дамуына әкеледі:


Streptococcus agalactiae
Staphylococcus aureus
Staphylococcus pyogenes
Staphylococcus epidermidis
Stretococcus pneumoniae
Стрептококктар эритрогенді токсин бөледі, ол ненің туындауына себепші:
скарлатина
созылмалы тонзиллит
тілме
терінің іріңді зақымдануы
флегмона
Стрептококктар туындататын инфекциялардың ішінде аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасатын ауру:
скарлатина
созылмалы тонзилит
гломерулонефрит
ревматизм
флегмона
Менингококк қоздырғышы қандай ортада өседі:
Сарысу қосылған орта
Раппопорт ортасы
Плоскирева ортасы
Сабуро ортасы
ВСА ортасы
Жедел соз диагностикасы:
бактериоскопиялық
биологиялық
аллергиялық
бактериологиялық
агглютинация реакциясы
Энтеробактериялардың дифференциясын қандай қоректік орталардың көмегімен анықтауға болады:
Эндо, Плоскиров, Левин
Сарыуызды-тұзды агар
Эндо, Левин, Клауберг
Гисс және Китта-Тароцци
Казеинді-көмірлі агар
Эшерихияның патогенді факторлары:
энтеротоксин
плазмокоагулаза
лецитиназа
каталаза
лейкоцидин
Патогенді ішек таяқшасын патогенді еместен қалай ажыратады:
ОК сарысулармен қойылатын агглютинация реакциясы бойынша
АВСДЕ сарысулармен қойылатын агглютинация реакциясы бойынша
Эндо ортасында өсуі бойынша
көмірсуларды ыдыратуы бойынша
индолды түзуі бойынша
Ішек таяқшасының О-антигені:
серологиялық топты анықтайды
талшықтарда орналасады
термостабильді
ақуызды зат
бактерия түрін анықтайды
Шигелланың резистенттілігі:
Суда және сүтте, азық-түліктерде ұзақ сақталады
Дезинфекциялық заттарға сезімтал емес
Асқазан сөлінің әсеріне сезімтал емес
Қайнату кезінде сақталады
Нәжісте ұзақ сақталады
Шигелланың антибиотикке резистенттілігі байланысты:
R-плазмидамен
Организм реактивтілігінің төмендеуі
Генетикалық рекомбинациямен
Мутуализммен
РНҚ-ның берілуімен
Сальмонеллезді токсикоинфекция қоздырғыштарының биохимиялық қасиеттері:
пептонды ыдырата отырып күкіртсутек түзеді
лактозаны ыдыратады
желатинді ыдыратады
глюкозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады
қанттарды қышқыл мен газға дейін ыдыратады
Іш сүзегі қоздырғышының антигендері:
О, Н, Vi антигендер
М-ақуыз
О және Кантигендер
Гемагглютининдер
Пептидогликан
Тырысқақ қоздырғышының патогенділігі:
Энтероктоксин
Капсула
Эритрогенді токсин
Летальді токсин
Некротоксин
Тырысқақтың алдын алуда қолданылады:
Холероген-анатоксин
СТИ вакцина
АКДС
Антитоксикалық сарысу
Тірі вакцина
Тырысқақ қоздырғышын басқа вибриондардан идентификациясы қалай жүргізіледі:
О1 мен О139- сарысулармен агглютинациялау
Холероген әсерінен эритроциттерді лизиске ұшырату
Лактозаны ыдыратуы мен индолды түзуі
Морфологиясы мен қозғалғыштығын анықтау
Сілтілі агарда және 1% пептонды суда өсуі
Патогенді туберкулез бактериясының негізгі патогендік факторы:
корд фактор
энтеротоксин
капсула
экзотоксин
F-фактор
Туберкулезден арнайы сақтандыру:
аттенуациялық вакцина
инактивациялық вакцина
химиялық вакцина
арнайы сақтандыру жоқ
гумoральді қорғаныш туындатады
БЦЖ вакцинасы:
Кальмен пен Герен ұзақ уақыт пассаждау арқылы алған
өлі вакцина, нәтижесінде өмірлік иммунитет қалыптасады
туберкулезбен ауыратын балаларға ревакцинация түрінде енгізу
тірі вакцина, балаларға ауызға тамшылата енгізіледі
әлсіреген жануарға салынған тірі бактериялар
Mycobacterium tuberculosis-ті басқа микобактериялардан ажыратуда қандай зертханалық сынама негізгі болып саналады:
Ниацин түзуі
Микол қышқылының гидролизі
Жарықта пигмент түзу
Эритрол ферментациясы
Циль-Нильсен әдісімен бояу

Clostridium botulinum спорасының өсуі кезінде асқазан-ішек жолында дамитын ботулизм түрі:


Нәрестедегі ботулизм
Некрозды энтерит
Сіреспе
Псевдомембранозды колит
Күріш қайнатпасы түріндегі диарея
Ботулизмнің негізгі патогендік факторына жатады:
Нейротоксин
Инвазивті ферменттер
Эндотоксин
Спора түзуі
Энтеротоксин
Ботулизм қоздырғышы токсиндерінің 8 типке бөлінуі неге негізделген:
Антигендік қасиеттерге
Антитоксиндерді түзу қабілетіне
Протеолитикалық қасиеттерге
Әсер ету механизміне
Әсер ету нысаны бойынша
Сыртқы қоршаған орта факторларына ботулизм қоздырғышының резистенттілігі сипатталады:
Спора түзуімен
Капсула түзуімен
Анаэробты тыныс алумен
Липидті қабаттарының болуымен
Аяқталмаған фагoцитозбен
Clostridium perfringens-тің 6 серотипке жіктелуі неге негізделген:
Экзотоксиннің спецификалығына
О-антигенінің спецификалығына
К-антигеннің спецификалығына
Н-антигеннің спецификалығына
Патогендік факторлардың жиынтығына
Clostridium perfringens бактериясы бар клиникалық материалды лакмусты сүтке еңгізгеннен соң 2-4 сағат инкубацияда байқалады:
Қоныр-қызыл түсті, ірімшік тәрізді іріткі көпіршіктер
Казеин шоғырланып қоректік орта қара түске боялады
Шектен тыс газ бөлінеді, жағымсыз иіс шығады
Нәтижесінде шектен тыс газ бөлінеді
Түссіз казеин іріткісі мен түссіз сары су бөлінеді
Газды гангренаның жедел диагностикасында патологиялық материалды қандай қоректік ортаға себеді:
Вильсон-Блер ортасына
Китта-Тароцци ортасына
Қанды және өтті агарға
Жоғары бағанды қантты агарға
Блаурокк ортасына

Сіреспе қоздырғышының патогендік факторы:


нейротоксин
инвазивтілік
гистотоксин
ісіктік фактор
энтеротоксин
Дифтерия қоздырғышын қайда өсіреді:
Қанды-теллуритті агарда
Құрамында өті бар қоректік орталарда
Эндо ортасында
Етті-пептонды агарда
Саруызды-тұзды аграда
Жүрек бұлшықетін, нерв ганглиилерін және бүйректерді зақымдайтын дифтерияның негізгі патогендік факторы:
Экзотоксин
Эндотоксин
Гиалуронидаза
Нейроминидаза
Корд-фактор

C.diphteria биоварлары - Gravis және Mitis бір-бірінен қалай ажыратылады:


Дақылдық және биохимиялық қасиеттері бойынша
Антигендік қасиеттері бойынша
Экзотоксин түзуі бойынша
Морфологиялық қасиеттері бойынша
Гемолиз түзетін қасиеті бойынша
C.diphteriae ыдыратпайды:
Мочевинаны
Галактозаны
Крахмалды
Глюкозаны
Сахарозаны
C.diphteriae-ның анилинді бояулармен толығымен боялмауы байланысты:
Волютин дәндерінің болуымен
Капсула түзуімен
Талшықтардың болуымен
Липидтердің көп мөлшерде болуымен
Спора түзуімен
C.diphteriae-ның негізгі патогенді факторы:
Гистотоксин
ЛПС
Гемолизин
Фтион қышқылы
А ақуызы
Дифтеряға қарсы белсенді иммунитет қалыптастыруда қолданады:
Анатоксин
Тірі вакцина
Химиялық вакцина
Антитоксикалық сарысу
Интреферон
Көкжөтел патогенезінде ең басты рөлді атқарады:
термолабилді экзотоксин
инвазия ферменттері
Ent-плазмида
капсула түзуі
А ақуызы
Bordetella бактерия тұқымдастығының антигендік құрылымы сипатталады:
О-антигеннің болуымен
Vi-антигеннің болуымен
К-антигеннің болуымен
Н-антигеннің болуымен
А-антигеннің болуымен
Обаның арнайы сақтандыруында қолданады:
ЕV тірі вакцинасы
Сарысу
Анатоксин
Гамма-глобулин
Бактериофаг
Оба қоздырғышының негізгі патогендік факторы:
«Тышқандық токсин»
О-антиген
Жасуша қабырғасының май қышқылдары
Спора түзуі
Гистамин сенсибилизациялық фактор
Бубон – бұл:
Лимфа түйіндерінің іріңді қабынуы
Іріңдеген абсцесс
Жақ-сүйек бөлігіндегі флегмона
Гиперсезімталдық кезіндегі жасушалық инфильтрат
Панариций
Сібір күйдіргісі қоздырғышының дақылдық қасиеттеріне жатады:
Факультативті анаэробтар
Қатаң аэробтар
Қоректік орталарға талғамды
Қатаң анаэробтар
1% пептонды суда үлбір түзеді
Сібір күйдіргісінің арнайы сақтандыруында қолданады:
СТИ тірі вакцинасын
Сібір күйдіргісіне қарсы фагты
Сібір күйдірігісінің анатоксинін
Бактериолизинді
Антифагиндарды
Сібір күйдіргісі қоздырғышының жедел алдын алуында қолданады:
Сібір күйдіргісінің иммуноглобулині
СТИ тірі вакцинасы
Бактериофаг
Өлі вакцина
Химиялық вакцина
Сібір күйдіргісінің патогенділігі байланысты:
экзотоксинмен, протективті, ісіктік және летальды факторлармен
адгезиямен, коллонизациялаумен, энтреотоксинді түзумен
инвазивтілікпен, гистаминсинсибилздеуші фактормен
эндотоксинмен, жасуша қабырғасының майлы қабатымен
микроколонизациялаумен, тетаноспазминмен және тетанолизинмен

Хеддельсон реакциясы қолданылатын жұқпалы ауру:


Бруцеллез
Іш сүзегі
Дизентерия
Тубереркулез
Бөртпе сүзегі
Райт реакциясын қандай аурудың диагностикасында қолданады:
бруцеллездің
дизентерияның
бөртпе сүзектің
іш сүзегінің
туберкулездің
Бруцеллалардың резистенттілігі:
Төменгі температурада ұзақ сақталады
Қайнату кезінде де сақталады
Дезинфекциялық препараттарға сезімтал емес
Жоғары температураға тұрақты
УКС-не сезімтал емес
Бруцеллез диагностикасы кезіндегі аллергиялық әдіс:
Бюрне сынамасы
Шик сынамасы
Дик сынамасы
Туляринмен сынама
Антраксинмен сынама

Бруцеллез диагностикасында Хеддельсон реакциясының қойылу мақсаты:


Жаппай жұқтыруды анықтау
Бактерия тасымалдаушылықты анықтау
Аллергияны анықтау
Түрлерді фаготиптеу
Токсинді бейтараптау

Туляремия қоздырғышының тыныс алуы:


Аэроб
Капнофил
Микроаэрофил
Факультативті анаэроб
Анаэроб
Туляремияның микробиологиялық диагностикасында қолданады:
биосынама
қан жағындысын микроскоптау
Видаль реакциясы
Бюрне сынамасы
Дик сынамасы
Туляремияны қалай жұқтырады:
Трансмиссивті жолмен
Науқаспен тікелей қатынас жасауда
Жыныстық жолмен
Трансплацентарлы жолмен
Алиментарлы жолмен
Бозғылт трепонемаларды дақылдандыру қоректік орталардың құрамында ненің болуын қажет етеді:
ми тіндері
фуксин
глюкоза
висмут-сульфит
өт

Хламидияларға жұқпалылық сипат беретін қандай құрылым:


Элементарлы денешіктер
Гликогенді денешіктері
Қосындылар денешіктері
Агрегациялық денешіктер
Инициальды денешіктер
Хламидиялардың негізгі патогендік факторы:
Жасуша қабырғасының липополисахариді
Қышқылға тұрықтылық
Антифагоцитарлы белседілік
Мембрананы зақымдайтын токсин
Энтеротоксин
Сарысуда C.trachomatis-ке қарсы М және G иммуноглобулиндер класының анықталуы нені айқындайды:
Аурудың асқынуын
Созылмалы инфекцияны
Тасымалдаушыны
Вакцинадан кейінгі иммунитетті
Реконвалесценцияны
Микоплазмалар тыныс алу типі бойынша:
факультативті анаэробтар
облигатты анаэробтар
облигатты аэробтар
микроаэрофилдер
капнофильдер
Ureaplasma туысы Mycoplasma туысынан қай қабілеттілігі бойынша ажыратылады:
Мочевинадан аммиак түзу
Көмірсуларды ыдыратуы
Жасуша қабырғасын түзу
Грам бойынша боялады
Қоректік орталарда өсу
Микоплазмаларды дақылдандыру үшін қоректік ортаға қосады:
β-лактамды антибиотикті
аминогликозидтерді
макролидтерді
тетрациклиндерді
гликопептидтерді
Микоплазма тыныс алу типі бойынша:
факультативті анаэробтар
облигатты анаэробтар
облигатты аэробтар
микроаэрофильдер
капнофильдер
Вирустық зертханаға «ЖРВИ» мен ауыратын науқастан алынған материал жеткізілді.Бұл зерттеу қандай мақсатта жүргізіледі?
Вирустық инфекцияның этиологиялық диагностикасы үшін
Вирустардың биологиялық құрылымын анықтау үшін
Вирустардың физикалық-химиялық құрылымын зерттеу үшін
Бейспецификалық сақтандыру үшін препарат дайындау
Вирустардың қоршаған ортаға резистенттілігін анықтау үшін
Дәрігер гриптан сақтандыру үшін науқасқа лейкоцитарлық интерферон тағайындады. Интерферонның әсер ету механизмін көрсетіңіз:
вирусты қабықша мен жасуша мембранасының бірігуін тоқтату
кері транскриптаза белсенділігін басу
вирустық белоктардың синтезін тоқтату
вириондар депротеинизациясын тоқтату
вирус нуклеокапсидінің жасуша цитоплазмасына енуін тоқтату
Вирусологиялық зертханада жедел респираторлық инфекциямен ауырған науқастың мұрын-жұтқыншағынан алынған жағындыны тауық ұрығына жұқтырды. Вирусолог тауық эритроциттерінің 1% суспезиясын агглютинациялаған вирусты бөліп алды. Вирусолог қандай вирусты бөліп алды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет