Санжар Керімбай. Уақытты жеңген Бейсен бейсен



бет3/14
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#118928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Уақытты жеңген адам

БОЛМЫСТЫҢ АШЫЛУЫ. DASEIN
Осы кездесуде мен мүлде басқа Бейсенді көрдім. Бұл баяғы ортанқол журналист емес еді.
- Талдықорғанда тұратын болсаң Алматыда не істеп жүрсің?
- «Айтуға оңайға» келем.
- Оның саған не керегі бар, бастық болсаң? Құр босқа уақытыңды алады.
- Маған қазір елге тез танылып алу керек боп тұр.
- Оның не керегі бар? Ақылды адам атақ пен даңқтан қашпай ма қайта?
- Дұрыс айтасың, маған атақтың түкке керегі жоқ.
- Онда?
- Маған танымалдық арманымды жүзеге асыру үшін ғана керек.
- Қандай арман?
- Сәке, ТВ-да жүріп елдің ахуалын беске біліп алдым. Билікке де жақын барып көрдім. Мен бармаған ел қалмады. Әбден тәжірибе жинадым. Осының бәрін қорытып бір ойға бекідім. Халықтың жауы надандық екен. Рухани ілімнің сәулесі болмаса, жұртымыз құр мал-дәулетпен ел боп кете алмайды екен. Қара басымның қамын жасап болған адаммын. Материалдық жағдайым толық шешілген. Есі дұрыс еркек елдің қамын жеу керек екен. Жас болса 40-тан асып кетті. Қартайып барамыз. Өлгенше бір істі тындырып кету керек болып тұр. Жастардан ерік-жігері мықты жаңа буын жасап шыққым келеді. Жоспарын миымда түзіп қойдым. Бірақ қазір қоғам қараңғы. Танымал адамды ғана тыңдайды екен. Көрмейсің бе, қалың бұқара ғұлама ғалымды емес, атағы шыққан дилетант әншіні тыңдап, соған табынып жатыр. Бұл өте қауіпті тенденция. Сондықтан жұртқа танылып алайын, сосын надандыққа қарсы майдан ашамын. Үміті жіңішкеріп, жігері мұқала бастаған елге қайрат сыйлайтын бір істі бастаймын.
- Сонда қалай майдан ашасың? Рухани концепцияң бар ма?
- Бар. Ең әуелі былай етемін. Кітап жазамын. Ол кітапта мынадай нәрсе болады,-деп кітабының мазмұны туралы айта бастады. Үнсіз тыңдап отырмын. Шыны керек, бұл жарамсыз жоспар болатын. Практикалық жағынан мүлде жарамсыз кітап болғалы тұр. Ал, ол кезде бұл істі адвокат Абзал Құспан қолға алып, жұмыс жүріп жатқан. Бейсен сөйлеп болғасын:
- Бейсеке, ниетіңіз тамаша. Бірақ идеяңыз нашар,-дедім.
- Неге? Несі жарамайды?
- Себебі ол олай емес, былай болуы керек,- деп сары кітаптың концепциясы жайлы айтып бердім. (Ол кезде ең бірінші кітап енді қолға алынған) Ол тапжылмастан екі сағат мені мұқият тыңдады. Сосын бірнеше минут үнсіз отырып қалды. Бір кезде:
- Дұрыс, Сәке! Сенің вариантың ұнады. Қашан қолға аласыңдар?-деді.
- Қолға алғанымызға 15 күн болды. Материал жинап жатырмыз.
Қасымдағы екі жігіт келсе жолықтырып, материалдармен таныстырайын.
- Келістік.
Осылайша қол алысып тарастық. Бұл бұрынғы DASMAN емес еді. Бұл ашылған БОЛМЫС болатын. Мұны экзистенция ғылымында болмыстың «DASEIN» түрге ауысуы деп аталады. Яғни адам болмысының аутентикалық формаға ауысуы. Нағыз, шынайы, Құдай қалаған иләһи сипаттағы түрінің тысқа жарқырап шығуы. Болмыс мұндай құдіретті түріне ену үшін міндетті түрде өзін өзі трансценденция жасауы керек. Яғни, өз мүддесін, қара басының қамын шетке ысырып, елдің қамын жеуге бел байлап, соның жолында ЖАУАПКЕРШІЛІК арқалағанда болмыс автоматты түрде DASEIN формасына ауысады. Болмыстың мұндай түрі кез келген оқиғаға жан-жүрегімен, бүкіл жұлын-жүйкесімен, денесіндегі әр тал клеткасына шейін шынайы араласады. Сол кезде қараңғы аспанда жаңа жұлдыз жанғандай қоғамда қызық құбылыс басталады. (Ол құбылыс кейін Айтуға оңай және ҚАРЕКЕТ деген атпен тарихта көрінді) Осылайша мен DASMAN (көптің бірі) Бейсенмен емес, DASEIN БЕЙСЕНМЕН танысып, үйіме көңілді оралдым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет