49
үлгілерінде заттық детальдар жеке тұлғаның белгілі бір ортаға, топқа немесе
мамандыққа қатысын, әл-ауқатын, қоғамдағы орнын ғана білдіретін. Мысалы,
батырлардың қару-жарағы – қол шоқпары, өткір семсері, садақ-жебесі,
қалқаны, дулығасы т.б., байдың сыртқы тұрқы – құндыз бөркі, жібек шапаны,
саптама етігі, т.б., сұлудың сән-салтанаты – күміс шолпысы, қамзолы, бүрмелі
көйлегі т.б. Бұл заттар кейіпкердің характерін ашуға емес, оның кескін-
кейіптемесін, сырт келбетін, портреттік сипаттамасын суреттеуге ғана
жұмсалды. Уақыт өте келе заттық деталь психологиялық детальға айналып,
адамның жеке мінез ерекшелігін, ішкі әлеміндегі сезімдік иірімдерді, көңіл-
күйлерді бейнелейтін болды» [96,115] деп ғалым Қ.Жанұзақова заттық
детальдың тағы бірнеше қыры мен қызметін көрсетіп береді.
Біз талдайтын новеллалардағы образдар – әртүрлі әлеуметтік деңгейдегі
жандар. Суреткерлер олардың айтқан сөз, ойлаған ой, жүріс-тұрыс, қоршаған
заттық әлемін сәйкес алуға аса сақтықпен қарайды, оған елеулі көркемдік мән
береді. Б.Кабдуловтың «деталь – бұл сирек кездесетін сый, үлкен шеберлік.
Шынайы шебер, сөз зергерлері ғана бұл қасиетке ие бола алады» [3,7] деген
пікірін ескерсек, кез келген новеллистің туындысынан деталь іздеу әурешілік
екені түсінікті. Қазақ әдебиетінде заттық детальдарды пайдаланудың ерен
үлгісін көрсеткен, жасай алған бірден-бір жазушы – Бейімбет Майлин.
Орыс әдебиетінде деталь табиғатын түсініп білудің ең оңай, ең тиімді жолы
Чехов туындыларын оқу деген түсінік қалыптасқан. Сол сияқты қазақ
әдебиетіндегі деталь табиғаты мен қызметін білу үшін Б.Майлин
шығармаларын оқу керек деп ойлаймыз. Әсіресе, заттық, тұрмыстық,
портреттік детальдарды беруде жазушы
шеберлігі ерекше,
ешкімге ұқсамайтын,
ешкімді қайталамайтын өзіндік қолтаңбасы бар. Б.Майлин заманында деталь,
оның көркемдік қызметі деген мәселенің басын ашып, айырып алу күн
тәртібінде тұрмағандығы, яғни автор оны саналы түрде әдейілеп жасап,
дайындап, қолданбағаны белгілі. Сондықтан Майлин детальдары – шынайы
талант тудырған табиғи детальдар қатарынан саналады.
Б.Майлин новеллаларындағы деталь қолданысын сөз еткенде Конфуцийдің
«Ретсіз жерде сөйлесең – сөзің жоғалады. Ретті жерде сөйлемесең – өзің
жоғаласың. Хас сөз зергері өзін де, сөзін де жоғалтпайды» деген сөздері ойға
оралады. Әрбір сөзі қаққан қазықтай өз орнында келетін жазушы новеллаларын
оқығанда, бірде-бір деталін орнын өзгертіп, не алып, не қосуға болмайтыны
білінеді. Автор қолданысындағы заттық детальдар бір-бірімен жымдаса
өрілген. Хас сөз зергері Б.Майлиннің сөзін де, сөздің мәнін де жоғалтпағанына
куә боламыз. Сөйлемдері мірдің оғындай шымыр, келтірген детальдары дәл,
орын-орнында. Қаламгер детальдарды кейіпкерлердің характерін кеңінен ашып
көрсету, жалпы қазақ халқының кедей тұрмысының панорамасын беру үшін
қолданғанын байқадық. Автор қолданған детальдар арқылы суреткердің
көркемдік әлеміне дендей еніп, кейіпкердің рухани әлеміне үңіліп, жан
дүниесіндегі құбылыстарға психологиялық талдау жасауға болады. Автор
новеллаларында заттық деталь мол кездеседі. Жиі пайдаланған тұрмыстық
заттары: киген киімі, пайдаланатын тұрмыстық бұйымдары, тұрып жатқан
51
екі дәуір (судья кезі мен одан түскен кезі) аралығындағы қарама-қайшылықтағы
сезімін, оның көңіл-күйін, психологиялық жағдайын еске түсіретін зат [22,284].
Кейіпкер бейнесін сомдауға сүбелі үлес қосқан бұл үстел – шығарма сюжетінің
дамуына да өзіндік әсерін тигізбей қалған жоқ. Әңгімедегі әрбір зат, тұрмыстық
деталь оқиғаға деген автордың көзқарасын білдіріп отыр» [22,284]. Оның үстіне
бұл үстел – заттық деталь арқылы автор кейіпкердің әлеуметтік тұрмысын тап
басып, қай тапқа жататынын көрсетеді. Демек, бұл заттық деталь кейіпкердің
Достарыңызбен бөлісу: