Қорытынды
Зияты зақымданған сөйлеу бұзылыстары
бар оқушыларға ритмика, музыкалық дамула-
ры үшін өте маңызды, және де ол психикалық
дамуының ауытқуларын, эмоционалдық әрі
моторлық сфераны коррекциялаушы құралы
ретінде пайдаланылады.
Музыкалық және ритмикалық жаттығулар
жүйесі арқасында қозғалыс сферасының
жетіспеушілігі, бұлшықет тонусының әлсіздігі
немесе керісінше, гипертония, үйлесімсіздік,
қозғалыстардың нашарлығы біртіндеп қалыпқа
келеді; қозғалысты өздігінен басқару, ерікті
көңіл бөлу жолдары қалыптасады.
Мүсіндік объектілермен әрекеттер, сюжеттік
композициялар «Гүлдерді жинау», «Сумен
ойнау», «Балмен ойнау» қиялдың дамуын
белсендіреді. Фигуральды-ырғақты және би-
моторлы жаттығулар осы санаттағы балалар
қозғалысының тұтастығын қалыптастырады, ал
музыкалық аспаптармен ырғақты жаттығулар
ISSN 2520-2634 Journal of Educational Sciences. №3 (56). 2018
eISSN 2520-2650
67
Сатова А.К., Ингайбекова Т.А.
балаларға тек ырғақты үлгіні беруді ғана
үйретпейді.
Сабақтарда
оқушылардың
физикалық және эмоционалдық жағдайы
ескеріледі; оны реттеу мақсатында қозғалыстар
сыныптың өзінде де, оны тоқтатқаннан кейін
де пайдалануға болатын шағын релаксациямен
біріктіріледі. Балалармен өтетін ритмикалық
сабақтың жағымды эмоционалдық фоны,
жеке қасиеттерін қалыптастыру, өзін-өзі
қамтамасыз ету, белсенділік, бастамашылық,
шығармашылық іс-әрекеттерге ынталандыру
үшін қолайлы «табысты жағдайды» тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |