Хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. №3 (56). 2018
62
Зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын ...
дардың ұштасуының анықталған ерекше лігі
психикалық ауытқуларды анықтау мен емдеудің
нозологиялық бағыттарының негізін қалаушы
психолог Э. Крепелин болды (Аксенова,
2001). Адам дамуындағы ауытқулар көптеген
құбылыс тарды
қамтиды:
мінез-құлықтың
қалыпты әдеттерінен, тұлғааралық қарым-
қатынас тың жеткіліксіздігінен, эмоционалдық
бұзылыстардан, зияты зақымданудан және
т.б. Балалар психиатриясы балалық шақтағы
психикалық ауытқуларды зерттеуге қатысты
көптеген пікірлер ұсынады. Баланың дамуының
онтогенезі сатысында психикалық аурулардың
этиологиясын, клиникасын және патогенезін
зерттейді. Бірақ ақыл-ойдың дамуын зерттеу тек
медициналық-биологиялық емес, әлеуметтік-
психологиялық аспектілерде де маңызды.
Бұрын дамудың ауытқуы анықталғаны белгілі,
медициналық-педагогикалық араласудың тезі-
рек жүргізілетіні, бар кемістіктің ықтимал
зардаптары аз болады.
Психикалық патологиясы бар балалардың
негізгі санаттары:
– Ақыл-есі артта қалған балалар;
– Эндогендік психикалық аурулары бар ба-
лалар;
– Реактивті күйдегі балалар, қақтығыс
оқиғалары, астения;
– Психикалық дамуында тежелу белгілері
бар балалар;
– Психопатия белгілері бар балалар.
Балаларда жоғарыда аталған психикалық
патологиялар пайда болу себептеріне және
ақаулық көрінісіне байланысты әлеуметтік
қаты настардың қалыптасуына, когнитивтік мүм-
кіндіктерге, еңбек белсенділігіне және әртүрлі
жолмен тұлғаның дамуына әсер етеді. Осы
психикалық аурулардың кейбір ерекшеліктері
балалардың жеке дамуына әсерін тигізеді. Даму-
ында психологиялық патологиясы бар балалар
арасында ең көбі ақыл-есі кем балалар. Олардың
көпшілігі олигофрендер болып табылады.
Олигофрения – бұл орталық жүйке жүйесінің,
бірінші кезекте, перинатальды, босанған не-
месе босанғаннан кейінгі кезеңдердегі бас ми
қыртыстың зақымдалу нәтижесінде пайда бо-
лады. Ақаудың тереңдігіне сәйкес, олигофрени-
яда ақыл-ойдың артта қалуы дәстүрлі түрде үш
дәрежеге бөлінеді: идиотия, имбецильді және
дебилъдық.
Өмірдің алғашқы күндерінен бастап зи-
яты зақымданған баланың дамуы қалыпты
балалардың дамуынан ерекшеленеді. Олар-
дың физикалық дамуының кешігуі, жалпы
психологиялық инерттылық, айналасындағы-
ларға қызығушылығының аздығы және басқа
жеткіліксіз даму белгілері көрінеді. Ондай
балалардың визуалды-әрекеттік және ауызша-
логикалық ойлауын дамытуда қарым-қатынас
танытпайды. Көптеген зияты зақымданған ба-
лалар кеш сөйлейді, негізгі функционалды
коммуникациялық қызметін атқара алмайды.
Бұндай балалар жүру, сөйлеу, ұқыптылық
дағдылары, ойын іс-әрекетінің кезеңдері қалып-
тасуының кешеуілдеуінен көрінеді. Жетілмеу-
шілік патологиялық және патологиялық емес
болып бөлінеді. Патологиялық нысан – психиа-
трия саласында емделеді. Ал патологиялық емес
формасы мектеп жасындағы балалар арасында
кең таралған. Аталған психикалық жетілмеу ны-
санын түзетумен педагогтар, психологтар, от-
басы, мектеп айналысады. Жеке тұлға қалыпты
немесе тіпті жылдам физикалық және зияттың
дамуы кезінде инфантилизм байқалады, ең алды-
мен, эмоциялық-ерік саласының жетілмеуімен
ерекшеленеді. Бұл ерекшелік шешімдердің
дәрменсіздігінен, қорғансыздық сезімінен, өзін-
өзі бағалауынан, ата-аналар тарапынан өзіне
қамқорлық жасаудың жоғары талапшылығынан,
қиялдау, эгоцентризм және т.б. түрінде әртүрлі
компенсаторлық реакциялардан көрінеді.
Г.Е. Сухарева, М.И. Буянов балалардың
тұлғалық жетілмеуінің екі түрін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: