ISSN 2520-2634 Journal of Educational Sciences. №3 (56). 2018
eISSN 2520-2650
63
Сатова А.К., Ингайбекова Т.А.
психикалық жетілмеу дәрежесі әртүрлі. Оны
түзетудің табыстылығы аталған факторға және
олардың дамуын түзету мақсатында осындай
балаларға қатысты қабылданатын шараларға
байланысты.
4. Мінез-құлықтың психопатиялық форма-
лары бар балалар. Адамдар темперамент, мінез-
құлық, зияты және т.б. қасиеттері бойынша бір-
бірінен ерекшеленеді. Жанжалсыз ұзақ уақыт
өмір сүре алмайтын және күнделікті міндеттерді
орындай алмайтын адамдар психопатиялық фор-
маларына жатады (Мудрик, 2000).
Зияты зақымданған бастауыш сынып оқу-
шылары үшін ритмика музыкалық даму және
психикалық функцияларды қайта қалпына кел-
тіру құралы іспеттес. Қозғалыстың жетіспеу-
шілігі, бұлшық ет тонустарының әлсіздігі немесе,
керісінше, гипертонус, қозғалыс ыңғайсыздығы
музыкалық-ырғақтық жаттығулар жүйесі арқы-
лы біртіндеп өтеді; қозғалыста өзін-өзі басқару
қалыптасады. «Гүлдерді жинаймыз», «Су-
мен ойнаймыз», «Доппен ойнаймыз» сияқты
кес кінді композициялар қиялды жетілдіреді.
Кес кінді-ритмдік және би-қозғалыстық жат-
ты ғулар осы категориядағы балалардың қоз ға-
лысын дұрыс қалыптастырады. Сабақта оқу-
шылардың физикалық және эмоциялық жағдайы
ескеріледі; оның қозғалысын реттеу мақсатында
сабақтың өзінде де, оны аяқтағаннан кейін
де шағын релаксациямен үйлеседі. Ритми-
ка сабағының қалыпты эмоционалды фоны
балалармен «сәттілік жағдайын» құрайды:
тұлғалық қасиеттерін, өзіне деген сенімділікті,
белсенділікті, бастамаларын сурет салуға де-
ген мотивацияларын қалыптастырады. Ритмика
сабағы балаларға кез келген іс-әрекет түрлеріне
жұмылдыруға көмектеседі. Көбіне басты дұрыс
ұстау жаттығуы, дұрыс рефлекстерді дамыту,
примитивті рефлекстерді басу, бұлшық еттерді
босаңсыту және патологиялық синергия мен
синкинезияны басу, деформацияны түзету
жаттығуларынан тұрады. Сабақ балалардың
мүмкіндігіне қарай балеттік тұру, отыру, жату
қимылдары арқылы жүзеге асады. Оқушылар
бір-бірінің қолынан ұстау арқылы, әр түрлі
хореографиялық үнді, орыс, өзбек билерін
әуенімен билеп үйренеді. Бұл категориядағы
балалардың хореографиялық сабақпен айна-
лысуы олардың эмоционалды күйін қалпына
келтіріп, сау балалардай билеуге деген
қызығушылығын оятады. Түзету бағыттаушы
ұйымдар оқушылардың түрлі факультативтер
мен сурет салу үйірмелеріне, театр, хор ұйымы,
изостудиялар, би үйірмелеріне қатысуды дұрыс
деп санайды. Бастауыш сынып оқушылары
әртүрлі өнер туындылары, олардың бейнелеу
сипаты, көркемдік-ауызша, театрландырылған,
вокалдық белсенділік, музыкалық аспаптар-
ды енгізу, көркем және қолмен жұмыс істеуді
үйрету арқылы бейнелеудің «қозғалыстар тілін»
үйретіп, дамытамыз. Мұндай баланың көркемдік
сезімі, көркемдік талғамы, өз көкжиегін
кеңейтеді, біз моральдық-эстетикалық негіздерді
қалаймыз, осылайша оны көркем мәдениетпен
таныстырамыз (Медведева, 2001).
Бастауыш сынып оқушыларының проблема-
лары бар осы үдерістің табыстылығы көптеген
факторлармен қамтамасыз етілген, олардың
ішінде ең маңыздысы:
– баланың тұтастық, үйлесімді дамуы мен
оның әлеуметтік бейімделуінің факторы ретінде
өнер әлемімен таныстыру;
– балаға өнер туындыларының әдемі,
сиқырлы әлеміне енуіне, сезінуіне, білуге, айна-
ласындағы адамдар арасында лайықты орынға
ие болуына көмектесу;
– әртүрлі проблемалары бар баланың көркем
мәдениетін қалыптастырудың когнитивтік,
эмоционалды-коммуникативті, жеке іс-әрекет
бағытын қамтамасыз ететін полиграфиялық-
түзету-дамушы ортаны құру;
– әр түрлі өнер туындыларымен (музы-
калық, әдебиет, кескіндеме, театр) байланысты
көркемдік іс-әрекеттегі практикалық дағдыларды
меңгеру, көркем қолмен жұмыс жасау және өнер
туындыларына баға беруді қалыптастыру;
– тәрбиешілермен және құрдастарымен
бірлесе отырып, мектепте әртүрлі өнер нысан-
дарында баланың шығармашылық көріністерін
жандандыру.
Достарыңызбен бөлісу: