Хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. №3 (56). 2018
64
Зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын ...
тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп,
қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырады.
Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым,
сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оя-
тады. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын
дамыта отырып, оқушылардың тілді меңгеруіне
деген сүйіспеншілікті арттырады.
Театр әр балаға қуаныш ұмытылмас әсер
сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі
мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке
басының қасиеттері жастайынан қалыптасады.
Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы
үшін оқушының бойына жақсы, жағымды
қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге
құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында бо-
лып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды
сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып,
жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын
театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге
болады. 2 сынып оқушыларымен жүргізілетін
жұмыс жоспары (1-кестеде) құрылды.
Білім беру тақырыптық жоспарынан кейін
оқушылардың әлеуметтік-коммникативтік дағ -
дыларын қалыптастыруда оқу-тақырыптық жо-
спары (2-кесте) жасалды. Осы жоспар негізінде
балалармен көптеген жұмыстар жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: