Сауат ашу кезеңіндегі оқу-жазу сабақтарының ерекшелігін түсіндіріңіз.
Сауат ашу кезінде ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға келесі талаптар қойылады
1)Ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы
2)әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі.
3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі
4) әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды
5) дағды мен біліктіліктің толық қалыптасын бітуі оны басқа ситуацияларда өздіктерінен қолдана алуларынан көрінеді.
Сауат ашу кезіндегі мұғалімдер балаларды оқу-жазу әрекетіне үйретуде осы көрсетілген «сатылы қалыптастыру» жүйесін сақтауға тиіс.
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек.
«Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) графикалық сызба арқылы «оқу»;
2) кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;
3) мәтіннен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздерді тауып оқу;
4) мәнерлеп оқу;
5) рөлге бөліп оқу;
Ал жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) ақпаратты сурет, пиктограммалар арқылы беру;
2) сөздердің дұрыс жазылуын меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;
3) мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жазу;
4) сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрап жазу;
5) шағын хат жазу;
6) есте сақтау арқылы жазу;
7) сурет бойынша жазу;
8) өзі құраған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.
2
Әңгімеге, жаттығу жұмыстарының әрбір кезеңіне арналған видеофильм көрсетуде қолайлы жағдай жасау қажеттігі мен оны көрстеу кезеңдеріне түсініктеме беріңіз