Жазуға үйрету жүйесіндегі әдістер мен принциптерін ашып талау жасаңыз (Көшіріп жазу әдісі. Сызықтық әдіс. Генетикалық әдіс. Тактикалық немесе ритмикалық әдіс. Карстер әдісі.)
Көшіріп жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді. Ал, оқушылар оның үстінен басып жазады. XIX ғасырда бұл әдіс мектептерге енгізілді.
Сызықтық әдіс арқылы оқушы әріптің көлемін, пішінін, арақашықтығын, көлбеулігін дұрыс жазуды үйренеді. Әріптің біркелкілігін сақтау үшін арнай торкөздер пайдаланылды.
Генетикалық әдіс оқушылар алдымен оңай әріптердің элементтерін, сосын жазылуы күрделі әріп элементтерін жазып үйренеді. И.Е. Евсеев бұл әдісті XVI ғасырда неміс суретшісі Дюрер қолданғанын жазды
Тактикалық немесе ритмикалық әдіс – жазу элементтерінің дұрыстығы, қозғалысты бір қалыпты жетілдіреді. Бірақ үнемі қолдану арқылы оқушыларды жалықтырады
Карстер әдісі қолдың қозғалысын дамыту үшін дамыту үшін жасалынатын жаттығулар жатады. XIX ғасырдың басында ағылшын Карстер енгізген. Бұл әдіс бойынша ең алдымен 19 элементті, одан кейін жазылуы қиын штрихтары бар әріптерді, сөздерді жазуға үйретеді
Если время есть! Міне, бұл көркем жазудың дәстүрлі әдісі болып табылады. Бұл әдістерді жекеше қолдану нәтиже бермейтіндігін байқап отырмыз. Нәтиже барлық әдісті қолдану ретімен пайдаланғанда ғана болады.
ЭТО НАДО ТОЧНО
Көрнекілік принцип-яғни сабақта түрлі таблицалар тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне т.б. жазуды сабақта пайдалану. Осы принцип негізінде Я А Коменский алғашұы оқытудың методикасын жазды.
Қайталау принципі бойынша жаттығулар жазу арқылы жазу дағдылары автоматтандырылады. Осы принципті демалыстан келген кезде қолданған пайдалы
Қарапайымнан күрделіге қарай жүру принципі. Оңайдан қиынға қарай жүру әріптің формасымен жұмыс істеу барысында қалыптасады. Әріптерді жазу элементтеріне қарай оңай және қиын деп бөлу арқылы жазу гигиеналық принцип болып табылады