Сауат ашу пәніндегі әліппе кезеңінің ерекшеліктері


«Жағымды, жағымсыз, даулы»



бет5/5
Дата27.03.2023
өлшемі62 Kb.
#76347
1   2   3   4   5
«Жағымды, жағымсыз, даулы»
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ оқылған әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын) айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.
«Неге? Неге? Неге?»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту.
Сипаттамасы: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың түйінді тұстарымен ой бөліседі.
«Қол белгісі»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.
Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.
«Бағдаршам»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.

Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әр бөлім өз кезегінде әрі қарай бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелерде оқу мақсаттары белгіленген, олар білім немесе түсінік, дағды немесе білік бойынша күтілетін нәтижелер түрінде берілген. Әрбір кіші бөлімшенің ішінде бірізділікпен орналастырылған және сол арқылы мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың еңбегін бағалауға оқытудың келесі кезеңі туралы ақ параттандыруға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары бірізділікпен орналастырылған.


Сонымен қатар төмендегі суреттердегі тапсырмалар әр әріпті өткеннен кейін тақырыптың мазмұнына сәйкес беріліп отыр.

Әдебиеттер:

  1. Тұрдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007

  2. Қазыбайұлы С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту. – Алматы, 1997

  3. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2018. – 145 б.

  4. Қасабекова Қ. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары. - А., 1984

  5. Жұмабаева Ә. Сауат ашу І бөлім. Жазу дәптері, №3

  6. Ақжолова А., Жекеева А. Сауат ашу ІІ бөлім. Жұмыс дәптері, №1, 2016


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет