Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Оқу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар (толық, ықшам, іріктеп, сөзбен айту, сурет салу, диафильм жасау, дарамалау)



бет42/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Оқу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар (толық, ықшам, іріктеп, сөзбен айту, сурет салу, диафильм жасау, дарамалау)
1. Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды қолдау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу бүгінгі күн талабы. Қазіргі кезде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Мұндай әдістемелер арқылы оқушылар есте сақтау, қайталап айту ғана қабілеттерін дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Мұғалім оқушының бұрыңғы сабақтарда дайын күйінде берілген материалда қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды.Осы негізде оқушының шығармашылық қабілеттері ескерілмей қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін дамыта отырып оқыту әдістерін қарастырып, ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
Шығармашыл оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал, мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волков оқушылардың жаңадан бір нәтиже алуы жалпы білімдермен қатар, олардың осы нәтиже алуы жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тақырыптарына және т.б. себептерге байланысты болатындығын айтады[1].
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс және ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділіктерін шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер, оқушылардың ізденіс қабілеттерін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет