Қозғалыс есептерін шығаруға үйрету Қозғалысқа байланысты есептер, яғни жылдамдық, уақыт, қашықтық шамаларына қатысты есептер төртінші сыныпта қарастырылады.
Жылдамдық –уақыт- қашықтық шамалары арасындағы байланыстарды анықтау басқа пропорционал шамалар арасындағы байланыстарды анықтау әдістемесімен жүргізіледі. Осы жұмыстың нәтижесінде балалар мынадай байланыстарды ұғынулары тиіс: егер қашықтық пен жүрілген уақыт белгісі болса, онда жылдамдықты бөлу амалы бойынша табуға болады; егер жылдамдық пен жүрілген уақыт белгілі болса, онда қашықтықты көбейту амалымен табуға болады; егер қашықтық пен жылдамдық белгілі болса,онда жүрілген уақытты бөлу амалымен табуға болады.
Бұдан әрі қарай, осы білімдерге сүйене отырып, балалар құрама есептерді, соның ішінде төртінші пропорционал шаманы табуға, пропорционал бөлуге, жылдамдық пен уақыт шамаларын және екі айырма бойынша белгісіз шамаларды табуға берілген есептерді шығарады.
Осы есептермен жұмыс жасағанда сызба түрінде иллюстрацияны жиірек пайдалану керек, өйткені сызба есепте айтылған өмірде болатын жағдайды адамның көз алдына келтіруге көмектеседі.
Аталған есептерді шығарумен қатар төртінші сыныпта кездесу қозғалысына және қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған есептер енгізіледі. Осы есептердің әрқайсысы берілген мәліметтер мен ізделінді шамаларға байланысты үш түрлі болады:
Бірінші түрі — денелердің әрқайсысының жылдамдығы және қозғалыс уақыты берілген, ізделінді шама-қашықтық;
Екінші түрі — денелердің әрқайсысының жылдамдығы және қашықтық берілген, ізделінді шама-қозғалыс уақыты;
Үшінші түрі – қашықтық, қозғалыс, уақыты және денелердің біреуінің жылдамдығы берілген, ізделінді шама –екіншісінің жылдамдығы.
Дүниетану пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 3. Дүниетану пәнін оқыту барысында бағалау сабақ кезеңіндегі үрдісте қолданылатын тәсілдермен тікелей байланысты. Оқу материалын меңгеруде мұғалімнің қолдау көрсетуімен алға жылжып, нақты мақсатқа жетуге орай жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл жұмыс тапсырмаға қойылған критерийге байланысты. Басты мақсат білім алушыларды кез келген жағдайда критерийлер қойып, сол арқылы өзін-өзі бағалауға жаттығады. «Мен қойылған критерийлерге сәйкес жұмыс жасай алдым ба? Тапсырманы қай деңгейде орындадым?» деген сауалдарға жауап іздеп жақсы жетістікке қол жеткізеді, алға қарай ілгерілеуге ұмтылады.
Дүниетану пәнін оқытуда критериалды бағалау білім алушының идеясы, ойын нақты жеткізе алуы, сөз мәнері т.б. қарастыра отырып, бірін –бірі бағалаған сәтте өз сыныптастарының айтқан жауаптарының қаншалықты дұрыс-бұрыстығына, ұсынылған бағалау критерийлерге сүйене отырып бағалаған жағдайда білім алушы өзіне түскен жауапкершілікті сезінумен қатар, жетіспейтін қырын да аңғарып түзетуге тырысады. Өз ісіне талдау жасауды, өз білімінің қай деңгейде екенін анықтай отырып, салыстыра алады. Білім алу барысында шешім қабылдауға үйреніп дағдыланады.
«Дүниетану» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.