Әдебиеттік оқу түрлері. Оқу дағдысына сипаттама 1. Әдебиеттік оқудың екі түрі бар. Олар: дауыстап оқу және іштей оқу. Оқудың бұл екеуі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.
Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу іске асырылады. Ол 1-2-сынып оқушыларына тән. Іштен оқу да қолданылады. Бірақ іштен оқу 1-сынып оқушыларының оқу деңгейін тексеруге, олардың жіберген қателерін түзетуге мүмкіндік бермейді. Ал дауыстап оқыту арқылы олардың оқу сапаларын байқауға болады. Сондықтан сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу қолданылады.
Әліппеден кейінгі кезеңде іштен оқуға дағдыландыра бастау қажет. Іштен оқуға үйрету маңызды. Себебі, дауыстап қана оқып үйренген бала орта буынға көшкен кезде қиыншылыққа ұшырайды:
1. Ол оқуы үшін жеке өзі ғана болуды қажет етеді. Дауыстап оқыса, басқаларға кедергі жасайды.Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі.
2. Оқу шапшаңдығы дамымайды. Себебі оқу жылдамдығы іштен оқу барысында қалыптасады. Мысалы: 2-сыныпта оқу жылдамдығы дауыстап оқуда минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда 60-75 сөз болса, іштен оқығанда 80-100 сөз болады.
2,3,4-сыныптарда оқудың екі түрі де қатар қолданылады. Ал 3,4-сыныптарда көбіне іштен оқуға көңіл бөлінуі қажет. Мұғалім оқудың екі түрін де іске асыру барысында оқу сапаларына да баса назар аударуы қажет.
Оқу дағдысының негізгі сипаттамалары:
Түсініп оқу (мәтіннің мазмұнын дұрыс түсіну).Мәтін мазмұнын, шығарманың идеялық бағыттылығын, кейіпкерлерін, әдеби тәсілдерді түсініп оқумен ерекшеленеді.Оқудың түсініктілік жағы – бұл оқырманның төмендегі заттарды біртұтас түсінуі:
Мәтінде қолданылған сөздердің көпшілігін тура және ауыспалы мағыналарында да түсінуі;
Мәтін құрамындағы сөйлемдердің әрқайсысын жеке және басқа сөйлемдермен байланыста түсіну;
Пропорционал шамаларға байланысты есептер 2. Бастауыш сыныптарда пропорционал шамалармен байланысты: төртінші пропорционал шаманы табуға берілген, пропорционал бөлуге және екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептер қарастырылады.
Бұл есептерді шығару негізгі процесстерді және оларды сипаттайтын шамалармен олардың арасындағы сәйкес байланыстар туралы білімге негізделеді.
Мысалы, есептегі процесс алып/сату болса, онда ол бағасы, саны, құны деген шамалармен сипатталады.
Баға – бір зат (бір килограмм, бір қорап) қанша тұратынын көрсететін шама.
Саны – қанша зат (қанша килограмм, қанша қорап) сатып алғанын көрсететін сан.
Құны – барлық сатып алынған қанша тұратынын көрсететін шама.
Бір заттың бағасын табу үшін құнын санына бөлу керек.
Құнын табу үшін заттың бағасын оның санына көбейту керек.
Заттың санын табу үшін құнын заттың бағасына бөлу керек.
Демек, осы түрдегі есептерді шығару жұмысын жақсы орындау үшін дайындық жұмысында шамалармен таныстыру және олардың арасындағы байланыстарды ашып көрсету жағы алдын ала ескерлуі тиіс. Осы есептермен жұмыс істеу әдістемесін қарастырамыз.
Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептер
Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептерде тура және кері пропорционал тәуелділіктегі үш шама берілген, олардың екеуі айнымалы, біреуі тұрақты шама, мұнда бір айнымалы шаманың екі мәні және екінші айнымалы шаманың сәйкес мәндерінің бірі берілген, ал бұл шаманың екінші мәні белгісіз болып табылады. Пропорционал тәуелділік арқылы байланысқан кез келген үш шаманы пайдалана отырып, төртінші пропорционалдық шаманы табуға берілген есептердің алты түрін құруға болады. Таблицада нәрсенің бағасы, саны, құны шамалары бойынша төртінші пропорционалдық шаманы табуға берілген есептердің классификациясы берілген.
Есеппен жұмыс
1. Түрін анықта.
(4-ші пропорционал шаманы табуға берілген есеп)
2. Дайындық жұмысы.
Тұрақты шаманы табуға есеп құрастыру.
2 қалам 10 теңге тұрады, бір қалам канша теңге тұрады?
3. Мазмұнын талдау.
Есепте не туралы айтылған? (Дәптер туралы).
Есепте не белгілі? (6 тор дәптер 42 теңге тұратыны).
Есепте не белгісіз? (1 дәптердің қанша теңге тұратыны).
Есеп не сұрайды? (9 жолды дәптердің қанша теңге түратыны).
4. Талдау:
Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? (Болмайды).
Неліктен? (Себебі 1 дәптердің канша теңге тұратынын білмейміз).
Ал оны табуға бола ма? (Болады).
Қандай амал қолданамыз? (Бөлу).
Енді есептің сұрағына жауап беруге бола ма? (Болады).
Қандай амал қолданамыз? (Көбейту).