5
М.Жұмабаев [12], т.б. педагогтар оқытудағы пәндерді бір-біріне интеграциялау
мәселесін өз еңбектерінде атап өткен.
Бастауыш мектепте пәнаралық байланыс бірқатар педагогикалық
ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезеңде пәнаралық
байланыс педагогикалық-психологиялық жағынан да зерттелуімен қатар,
философиялық тұрғыдан да көптеген ғалымдар еңбектерінде қарастырылған.
Пәнаралық байланысты дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен-
бірінің өзара байланыстылығы туралы философиялық деңгейден қарастырған
шетелдік ғалымдар В.В.Давыдов [13], И.Д.Зверев [14], Р.Г.Лемберг [15],
В.Н.Максимова [16]
, В.Н.Малахов [17] т.б. болды. Ал, отандық ғалымдардан
А.А. Бейсенбаева [18], Ә. Мұханбетжанова [19], Г.К. Шолпанқұлова [20], Т.Б.
Байназарова [21], М.Абдрасилов [22], Д.Ж.Кішібаева [23], А.А.Куралбаева [24],
т.б. ғалымдар осы бағыттағы мәселе бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп,
еңбектер арнады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту,
жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-
бірінен өз
алдына оқшауланып, бөлектенбейді.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім
мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептелгендіктен оқыту
үдерісіндегі пәнаралық және пәнішілік байланыстылық ұстанымының өзіндік
маңызы бар.
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен
іскерліктерді игеруі – оқу үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру
үшін алғы шарт.
Бастауыш
сынып
оқушыларына
жаңартылған
білім
мазмұны
бағдарламасы жүйесінде бөлім мен оқулықтарға негізделген ортақ тақырыптар
бойынша педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың теориялық негізін
нақтылау; бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес төл
оқытуларды тәжірибеден өткізуді іске асыру; сабақ және сыныптан тыс
жұмыстарда пәнаралық байланыс құру – бұлар жаңартылған білім мазмұнының
міндеттері болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту – қазіргі оқушы тұлғасының
болмыс бітімі мен санасының дамуындағы ғылыми танымды дамытудың
қарқынды жүзеге асатын ерекше құнды, қайталанбас кезең. Бастауыш
сыныптардағы пәнаралық байланыс негізіндегі педагогикалық үдерісті жүргізу
– жаңа білім мазмұнын оқытуды теориялық жағынан негіздеп, мазмұны мен
шарттарын анықтап, әдістемесімен қамтамасыз ету болып табылады. Осының
нәтижесінде еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіліп, білім мазмұны
жаңа бағдарламалар аясында жүзеге асырылуда. Бүгінгі қазақстандық қоғам
дамуында
жаңартылған
білім
мазмұнының
мектеп
тәжірибесіндегі
педагогикалық үдеріске енуі – қазіргі кездегі ел экономикасының дамуымен
тікелей байланысты болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік жаңартылған бағдарламасы
6
бекітілді. 2016 жылдан бастап 1-сыныптар жаңартылған білім беру
бағдарламасымен оқытыла бастады. Осыған орай бастауыш сыныпқа арналған
оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы өзекті
мәселелерді анықтап, зерттей білуді талап етеді. Мұнда бастауыш білім беру
кезеңінде пәнаралық байланыс сабақтарын жеке пәндердің оқу материалдары
арқылы өзара байланыстырып, кіріктіру арқылы ұйымдастырылатын
педагогикалық үдерістің мүмкіндіктері және оны оқу-тәрбиеде пайдаланудың
қазіргі жағдайының арасында, мәселен, бүгінгі ұрпақтың білім-таным
сұранысындағы талап-тілектер мен оқушылардың ғылыми дүниетанымын
қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындаудың өзектілігі,
бұған қоса, жаңартылған білім мазмұндағы оқу бағдарламасын педагогикалық
тәжірибеге ендірудің ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жеткіліксіздігі арасында
Достарыңызбен бөлісу: