Сепаратизм түрлері Сецессия- қандай да бір этникалық немесе этноконфессионалдық топтардың мемлекеттен территориялық бөлініс арқылы өз егемендігін алу мақсатында талаптар қоятын саяси қозғалыс. Бұл жағдайда мемлекеттік басқарудың және халықтың бірлігі бұзылады.
Иррердентизм – халықтық бір бөлшегінің көрші мемлекетке қосылу мақсатында бөлінуі. Мысалы, 90-жылдардың басындағы Абхазияның грузияның құрамынан шығып Ресейге қосылуға ұмтылуы.
Энозис- халықтың кіші бөлігінің мемлекеттен көп бөлігі орналасқан мемлекетке көшу мақсатында бөлінуі. Мысалға, Таулы Қарабахтың армян халқының Грузиядан бөлініп Арменияға қосылуды талап етуі.
Ирредентизм және энозисте мемлекетішілік қақтығыстан мемлекетаралық қақтығысқа трансформациялану орын алады.
Қазақстандық патриотизм және оны қалыптастырудың проблемалары, жағдайлары мен факторлары
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын , Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.
Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н.Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай.
Қазақстандағы патриотизмнің басты проблемалары болып қазақ тілі қолдану аясының тарлығы, жастардың шетелге ауып кетуі, Батыс құндылықтарына шамадан тыс еліктеу сияқты мәселелерді айтуға болады.