Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық жағдайың жалпы сипаттамасы
Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды.
Қазақстан халқының саны 19 125 620 миллион адамнан асады. 2022 жылдың басында қоғамның этникалық құрамы төмендегідей болды: қазақтар - 68,51%, орыстар - 18,85%, өзбектер - 3,25%, ұйғырлар - 1,47%, украиндар - 1,42%, татарлар - 1,08%, немістер - 0,95%, өзге ұлттар - 4,47%.
Бүгінгі таңда республикада 130 этнос өкілі өмір сүреді, ұлтаралық қарым-қатынастардың үйлесімділігі жөніндегі консультативтік-кеңесшілік орган – Қазақстан халқы Ассамблеясы табысты жұмыс жасауда. Нұр-Сұлтанда тұрақты негізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтеді.
Қазақстанда ұлтаралық жанжалдарға жол берілмейді. Қазақстан қоғамыныңбұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъекті ретіндегі жəне оның əрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін жоғары қоюында болып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының алғашқы кезеңнен бастап зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, өз конституциясында республика территориясында тұратын кез-келгеназаматтың толық құқықтылығына кепіл болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған.
Түсті революциялар: түсінігі, мазмұны және әдістері
«Түсті революция» – саяси күрестің бейбіт құралдарын қолдану (бұқараның көшедегі наразылық акциялары – ереуіл, митинг, демонстрация) арқылы жүзеге асырылатын билеуші режимдердің ауысу процесі. Зерттеушілер «түсті революциялар (төңкерістер)» деп 2001 жылы Сербиядағы, 2003 ж. Грузиядағы «розовая революция», 2005 ж. Қырғызстандағы «тюльпановая революция», 2004, 2013-2014 жж.-ғы Украинадағы «Оранжевая революция» және «Еуромайдан» бұқаралық наразылық пен биліктің бейбіт түрде ауысуын қарастырады. «Түсті революцияларға» 2011 ж. «Араб көктемі» оқиғаларын да жатқызады. Түрлі елдерде түсті революциялар бір сценарий бойынша жасалады. Жалпы бұл «түсті революцияларды» революцияға жатқызуға бола ма деген пікір де бар.
Түсті революциялар технологиясы (әдістері): демонстрация мен ереуілдерге шығу үшін ақша төленген және шетелдік елшілер мен агенттердің тарапынан түрлі арандатулар мен болып жатқан оқиғаларға белсенді араласу әрекеттері, түсті революцияны жасау үшін ақпараттық ресурстарды тарту (ТВ, баспасөз, ғаламтор); Пиар науқандар; бұқараға, тобырға психологиялық әсер ету әдістері.