Саясаттану сөзі гректің «саясат» және «ілім» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Саясаттану курсының мақсаты – студенттерге қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп-білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік беру.
Саясаттану курсы барысында:
студенттердің саяси санасы қалыптасады;
адамзат дамуының баламалы жолдары бар екендігін түсінеді;
Демократиялық саяси мәдениеттің құндылықтары мен ережелерін бойларына сіңіреді.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын ерте заманнан түсініп білгісі келді.
Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың жақсысы қандай деген сауалдарға жауап іздеді.
Аристотель Платон Конфуций Ежелгі заман философтары Орта ғасырлардағы саяси ілім Фома Аквинский Никколо Макиавелли Жаңа заман саяси теориялары Джон Локк Ш.Л. Монтескье Ж.Ж.Руссо И. Кант