Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып
олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік 
береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның 
негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің 
әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, 
жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің 
озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ. 
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі 
ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын
қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді. 
Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік 
құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. 
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай
бұрынғы, қазіргі және болашақтың| байланысын айқындай отырып 
қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың 
болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді. 
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси 
жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. 
Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-
әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. 
Норамативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті 
ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи 
құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін 
іздейді. 
Саясаттану реттеушілік басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі 
— қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысына. Соған орай ол адамдардың 
саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді.. Саяси 
дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды 
тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер
хаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс-әрекеттері 
басшылыққа алынады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет