Саяси элиталар және саяси көшбасшылық



бет7/28
Дата02.12.2023
өлшемі2,43 Mb.
#131628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Баизбаева Нуркешов МД-20-2

Басқарушы элитаның ел алдында тұрған міндеттерге сай келмеуі, ұлт­тық-мәдени ортадан қол үзуі және олардың компрадорлық сипаты ұлттың құл­ды­рауы мен мемлекеттің іріп-шіруіне әке­леді. Халықтың кедейленуі мен елдің ойсырай қирауының басты себебі де осында жатыр.

2011 жылы Ярославь форумында сөз сөйлеген американдық саясаттанушы З.Бжезинский реселік қатысушыларға қарата мынадай бір пікір айтқан екен: егер, сіздің элиталарыңыз ақшаларын біздің банкілерде сақтайтын болса, онда ол енді біздің элита (яғни, батысшыл) болып табылады. Демек, әрбір ұлттық элита ең әуелі өз ұлты үшін қызмет етуі тиіс.

Бүгінгі Қазақстанның ұлттық элитасының алдында тұрған маңызды бір мәселе – өз Отанына азаматтық-мемлекеттік тұрғыдан қызмет ету және осы қызмет аясында елдің экономикалық-материалдық және рухани-мәдени ресурстарын сақтау, дамыту, ұлғайту. Қазақстан келешегі ұлттық элитаның дайындығына, кәсіптілігіне және патриотизміне тікелей байланысты.

Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар: 1. Еңбектік бөлінуі; 2. Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы; 3. Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі; 4. Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы. 5. Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар: 6. Жоғарғы элита; 7. Ортаңғы элита; 8. Әкімшілік элита.

Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан: Гильдий және антрепренерлік. Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды. Гильдий жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін. Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет