Бүгінгі таңда элитаны кәсіби біліктілік жағынан анықтауға қатысты зерттеулердің ішінде ағылшын әлеуметтанушысы М.Янг енгізген меритократия идеясы басым ұстанымдардың біріне айналуда. «Меритократия» ұғымы бюрократияны, технократияны және жалпы қоғамның таптық құрылымын өзгерте алатын қоғамды басқарудың жаңа қағидасы ретінде қаралуда.
Ұлттық мүдде тұрғысынан элитаны патриоттық-өнімді және компродорлық деп бөліп қарастыруға болады. Элитаның бір бөлігі ұлттық құндылықтар өндіріп, елдің ұлттық байлығын көбейту үшін жұмыс істеп жатса, екінші біреулері бұрын жасалып жиналған дүниені шашумен, ұрлаумен шұғылданады. Алғашқысын өз ұлтының нағыз элитасы десек, екіншілерін «квазиэлита» немесе жалған элита деуге болады. Ресей президенті В.В.Путин экономикаға қатысты бір мақаласында мынадай бір ой айтады: капиталдары бар, инвестициялық шешім қабылдай алатын экономикалық және қаржы элитасы осы елде (Ресейде) тұруы, өз балаларының тағдырын осы мемлекеттің мүдделері мен ұзақ мерзімді дамуымен байланыстыруы тиіс. Ресейлік тағы бір саясаткер, философ әрі дін маманы, халық депутаты Виктор Аксючиц өзінің бір сұхбатында былай: «Ресей элитасы тек өз елінде ғана басқарушы топ, элита бола алатынын енді түсінді. Егер, Ресей өмір сүруін тоқтататын болса, онда бұл элитаның капиталдарын тартып алады және өздерін түрмеге отырғызады. Сол себепті, олар Ресейдің мемлекет ретінде сақталуы үшін күресуде» дейді.