Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


ж. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы идеялық және ұлттық бірлестік мәселелері



бет16/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

21. 2007 ж. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы идеялық және ұлттық бірлестік мәселелері
22. Ф. Аквинский ілімі. Билік қосақтылығы туралы
Фома Аквинский (Аквинат, 1225–1274 жж.). Фома Аквинскийдің еңбектері сол замандағы шіркеу билігінің ресми идеологиясына айналған еді.Негізгі еңбектері «Билеушінің басқаруы туралы» (1265–1266 жж.), «Теология жиынтығы» (1266–1274 жж.).Фома Аквинский өз саяси доктринасының негізі етіп Аристотельдің идеяларын қабылдады. Әсіресе, оған Аристотельдің мемлекет туралы идеясы құба-құп келді.Аквинский Аристотельдің «адам саяси хайуан» ұғымын басты назарға ала отырып, адамдардың әу бастан бірігіпмемлекет құруға ұмтылысы олардың табиғатынан, өйткені адамдар жеке-жеке жүріп өз қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да олар мемлекет құруға ынталы болды дейді. Мемлекеттің пайда болуы құдайдың әлемді жаратқанымен пара-пар. Әлемді жаратпастан бұрын құдай жерде тәртіп пен біркелкілікті орнатты. Монархта осы жолды қайталайды. Әуелі мемлекеттің құрылымын анықтап алғаннан кейін, тәртіп пен басқаруды жүзеге асырады деп тұжырымдайды.Мемлекеттің мақсаты – «жалпыға жайлы» адамдарға лайықты өмір сүру мүмкіндігін қалыптастыру.
Аквинат билікті айқындауда үш: 1) биліктің мәніне; 2) формасына(пайда болуына); 3) билікті қолдану элементіне назараударады.Биліктің мәні – басқару мен бағындыру, соның ішінде жоғарғы сословие төменгі сословиеге өз билігін жүргізуге тиісті деген қорытындыға келеді. Осылайша, ол биліктің құдайдан келген әмір екенін тағы да бір тұжырымдайды.Бірақ Аквинат билікті теріс мақсатта пайдаланатын билеушілер де бар деп ескертеді.Аристотельдің мемлекетті басқаруын (аристократия,олигархия, демократия) саралай келе, Аквинат, басқарудың ең жоғарғы жетілген формасы ретінде монархияны қолдайды. Ол монархияның екі түрін ұсынады: абсолюттік және саяси монархия. Аквинат абсолюттік монархияға қарағанда, саяси монархияға үлкен ықыласпен қараған.Өйткені ол кезде, яғни саяси монархия жағдайында ірі феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің мүдделері қарастырылып, олар билікке ықпал ете алатын еді.Фома Аквинский өз заманының нағыз идеологы болды. Әсіресе ол католиктік шіркеу мен ірі феодалдар мүддесін қорғаушы ретінде жасаған еңбегі католиктік шіркеу тарапынан жоғары бағаланып, Аквинатқа «періштелер докторы» деген жоғарғы титул берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет