15.Б. Спинозаның саяси көзқарастары Бенедикт Спиноза – материалистік, пантеистік көзқарастағы Нидерланд философы.Спинозаның философиялық көзқарасы ең алдымен ортағасырлық еврей философиясының ықпалында қалыптаса бастағанымен Дж. Бруноның пантеистік-материалистік көзқарасын, Декарттың рационалистік методын, Т.Гоббстың философиясын игеруі оның пантеистік-материалистік көзқарасқа көшуіне себеп болды. Ол пантеистік дәстүрдегі табиғат пен құдай біртұтас субстанция деген қағиданы өзінің онтологиясына негіз етіп алды. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды. Оның ілімін рационалды интуитивті гносеология, пантеистік метафизика, табиғат жайлы натуралистік көзқарас құрады. Спиноза діни-телеологиялық қағиданы жоққа шығарып, механикалық детерменизмді жақтады. “Көне өсиетті” тарихи-рационалистік тұрғыда сынап, діни нанымды надандыққа балады.
Амстердам қаласында еврей жанұясында дуниеге келедi. Ең алдымен ол дiни училищеде оқиды, бiрақ оны әкесi саудаға тартып, ол оқу орнын бiтiре алмай қалады. Сондықтан, ол өз бiлiмiн дербес өзiндiк дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшiн оны жергiлiктi еврей қауымы өз қатарынын шығарып, оған лағнат атады. Сондықтан, ол жеке басын асырау үшiн өмiр бойы көзiлдiрiк шыныларын өңдеп өте ауыр жағдайда өмiр сүредi. 45 жасқа келгенде өкпе ауруына шалдығып өмiрден ерте кетедi.
16. Қытай саяси ойының дамуы, оның бағыттары Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы б.з.б VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты еңбегі «Дао және дэ туралы кутапта» («Дао дэ цзин») Аспан астындағы күштер туралы дәстүрлі діни түсініктерден даосизмнің айырмашылығы – астындағы билеушіден тәуелсіз заттардың табиғи дамуы мен табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берілуінде. Яғни, даосизм ілімі «дао» ұғымына негізделеді, ал «дао» түсінігі тура мағынасында «дұрыс жол» деген мағынаны, кейінірек «алғашқы түп негіз», «болмыстың мәні», «идея» ұғымдардың аясындағы дүниетанымдық категорияны білдіреді.
Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лаоцзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататына сенеді.
Лао –цзы даоны аспан және адам даосы деп екіге бөлді. Оның айтуынша , аспан даосы байлардың артық дүниелерін алып, кедейлерге береді, ал жердегі дао кедейлердің керек затын алып, байларға береді.
Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцийшілдік ілімі маңызды рөл атқарады. Оның негізін қалаған б.з.б. 551-479 жылдары өмірсүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций (Кун фу цзы) болды. Конфуцийдің көзқарастары оның шәкірттері құрастырған «Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер») кітабында жинақталған. Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі мен көзқарасына, тәлім-тәрбиесіне едәуір ықпал етті. Оны балалар жатқа айтты, отбасылық және саяси істерде үлкендер беделге ие болды. Оның даналық туралы өсиеттері әлі күнге дейін мәнін жоған жоқ. Ол «даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол - санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол – тәжірибеден тәлім алу» деді.
Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды – патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет – үлкен отбасы. Патшаның қол астындағыларға билігі әкенің балаға билігі ретінде көрсетіледі. Патшаның билігі отбасындағы жасы кішілердің ересектерге бағыныштылығымен теңестіріледі. Конфуций суреттеген әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі, «қараңғы адамдар», «төменгі адамдар», «құрметті адамдар», «жоғары шенді адамдар», «лауазымды адамдар» ретінде көрсетіледі.Конфуций барлық нәрсе үнемі өзгерісте болады, уақыт тоқтамайды, әрбір нәрсенің басталуы мен аяқталуы, болады дейді. «Адамның ісі де солай, бас-аяғынсыз бірде-бір іс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуын анық түсінген адам ақиқатқа жақын тұрады».
Ежелгі Қытайдағы легизм (заңгерлер мектебі) идеялары б.з.б. IV ғасырда жарық көрген «Шан цзюн шу» («Шан облысы билеушісінің кітабы») трактатында баяндалған. Бұл трактаттың негізгі бөлімдерін Шан Янь деген атпен белгілі болған Гуньсунь Янь жазды. Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Янь заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады.Шан Яньның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқылы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді. Легистер ілімін Шан Яньннан басқа да Цзын Чань, Шэн Бу-хэй, Ханфэй және т.б. одан әрі дамытты.